КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетінің оқытушысы Владимир Ильич Третьяковтың туғанына 85 жыл (1930-2005) Третьяков Владимир Ильич – суретші, еңбек ардагері. Көкшетау облысы Зеренді ауданы Троицкое ауылында дүниеге келген. Сегізжылдық білімнен кейін, Семей геологиялық-барлау техникумына түсіп, 1949 жылы тәмамдайды. 1954 жылы Владивосток әскери көркем студиясын бітірген.
Тарбағатай ауданының тумасы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР қоғам және тарих Академиясының академигі Ғани Мұқашұлы Қарасаевтың туғанына 60 жыл. (1955) Қарасаев Ғани Мұқашұлы-1955 жылы Тарбағатай ауданында туған. Тарих ғылымдарының докторы, профессор. Дәулет Серікбаев атындағы ШҚМТУ « Қазақстан тарихы және құқық» кафедрасының меңгерушісі болып істеген.
Бородулиха ауданының тумасы, Семей қаласының Құрметті азаматы, эколог-ғалым, биология ғылым. докторы, «әлемнің жетекші Ғалымы» - Михаил Семенович Паниннің туғанына 75 жыл (1940)
Михаил Панин 1940 жылы бұрынғы Семей облысы Бородулиха ауданы, Камышенка селосында туған. 1957 жылы Н. Островский атындағы орта мектепті бітіреді. 1963 жылы Семей педагогикалық институтының биология-химия факультетін үздік бітіріп, сол институтта қызметке қалады..
Зайсан ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Күләш Сакиеваның туғанына 95 жыл (1920) Қазақстанның Халық артисі Сәкиева Күләш Сырымбетқызы Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында 1920 жылы 15 ақпанда дүниеге келген. К. Сәкиева 1937 жылы Алматы мемлекеттік театр училищесіне түсіп, 1941 жылы училищені үздік бітіргеннен соң, Жамбыл облыстық музыкалы-драма театрына актриса болып орналасады.
Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл (1995) .
Ұлан ауданының тумасы, ұлттық ат спортының негізін қалаған жазушы Сәдібек Түгелдің туғанына 60 жыл (1955). Сәдібек Түгел 1955 жылдың 23-ші ақпанында Шығыс-Қазақстан облысының Ұлан ауданының Аманкелді ауылында дүниеге келді. Әкесі Түгел Құмаров қазақ жылқысының өсуіне зор үлес қосқан, есімі шығысқа танымал атбегі болған кісі. Ол жылқы шаруашылығы мен ат спортының жанкүйері болған еді.