kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2026
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Бородулиха ауданы

 

1928 ж. Семей уезі Совет және Бородулиха болыстығының негізінде  Белағаш ауданы құрылған. Белағаш ауданының орталығы уақытша Зеньково селосы, кейіннен Белағаш кенті болған.

1932 жылы таратылған Семей ауданының бір бөлігін Белағаш ауданына әкеп қосып, аудан орталығы Семей қаласына ауыстырылды. 1935 жылдың 24 февралі күні жаңа жарлық бойынша аудан орталығы болып Бородулиха селосы бекітілді.

Орталық Атқару Комитет Президиумының Қаулысына сәйкес 1938 жылы 4-ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары болып бөлінді, ал 1939 жылы 14-қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы бойынша Шығыс Қазақстан облысынан орталығы Семей қаласы болып, Семей облысы бөлініп шықты. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласы болды.

1939 ж. Шығыс Қазақстан облысының Белағаш ауданы жаңа құрылған Семей облысының құрамына енді
 1944 ж. Белағаш ауданы Бородулиха ауданы деп аталды. Әкімшілік орталығы Бородулиха селосы болып белгіленді.  
 1962 ж. Новошульба ауданымен бірігуіне байланысты Бородулиха ауданы таратылды.
 1963 ж. Таратылған Новошульба және Новопокровка аудандарының бір бөліктері негізінде Бородулиха аудандық селосы құрылды.  
 1997 ж. Семей облысының таратылуына байланысты Бородулиха ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамына кіргізілді.  

Аудан аумағы Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде орналасқан. Аумағы 7 мың шаршы шақырым. Әкімшілік орталығы –   Бородулиха селосы. Халқы 39,5 мың адам. (2010 жылдың 1-қаңтарына) Ауданда 19 ауылдық округ, 66 елді мекен бар.  Аудан экономикасының басты бағыты – ауылшаруашылық өндірісі, тау-кен өнеркәсібі.

Бородулиха ауданы  солтүстігінде Ресейдің Алтай аймағымен шектеседі. Көптеген көлдер, қолдан жасалған су қоймалары, өзен аңғарлары, жайылымдықтар мен шабындықтар, Ертіс өңірінің көненің көзіндей қылқанды ормандары аудан көлемінің төрттен бірін алады.  Демалуға, саңырауқұлақ, жидек теріп, балық аулауға, аңшылық құруға таптырмайтын жер.

18 ғасырда бай мыс кен орын тапқан А. Демидов Орлов кенішінің негізін қалаған. 1974 жылы осы кеніш негізінде Жезкент тау-кен байыту комбинаты құрылған. Жаңа технологиямен қаруланып, мыс пен мырыштың өнімін еселей беріп отырған  комбинат  бүгінде аудан мақтанышы, әрі аудан экономикасының басты саласы. Шүлбі ГЭС-ң іске қосылуы – комбинаттың дамуына жаңа серпін берді.
Өнеркәсіп ырғағынан ауыл шаруашылығы да қалысып көрген жоқ. Ауданда 16 ауылшаруашылық кәсіпорны, 423 шаруа қожалығы, 10.2 мың қосалқы шаруашылық жұмыс істейді.
 

        Жезкент ТБК

 

Камышенка ауылында ҰОС жылдары

қаза болған жауынгерлер ескерткіші (2009)

Қарағай орманы

Есімі елге елеулі, ғұмыры мәнді, өмірі сәнді  азаматтар Белағаш өңірінің мақтаныштары.
Олар Социалистік Еңбек Ерлері В.В.Еременко, В.И.Панасевич, Н.И.Покатаева, М.К.Янушкин, П.В.Первак, әншілер Б.К.Сыбанов, М.Е.Ешекеев, жазушылар С.К.Машаков, С. Тәбәрікұлы, Т. Рымжанов, ғалым  М.С.Панин сынды азаматтар.
Ауданнан бірнеше Кеңес Одағының батырлары шыққан.

Танымал адамдар    http://www.akimvko.gov.kz/ru/rule1_8.htm
http://www.pushkinlibrary.kz/index.php?lang=kz

Интернет-ресуртар:

Бородулихинский район //   Аким ВКО. Структура власти. Исполнительная власть. - http://www.akimvko.gov.kz/ru/rule1_8.htm  (27.10.2010).
Бородулиха ауданы әкімінің ресми сайты: - http://www.boroduliha.vko.gov.kz/kz/
Бородулихинский район //  Архивная служба ВКО. Краеведение. - http://www.arhiv.vko.gov.kz/region_07.htm (27.10.2010).
Бородулихинский район // Планета приключений: отдых, туризм, активные туры в Восточном Казахстане. - http://www.adventa.kz/?page=borod (27.10.2010).
Бородулихинский район // Департамент статистики ВКО. Регионы. -   http://www.shygys.stat.kz/reg/bor.html (27.10.2010).
Мемлекеттік орман табиғи резерваты Семей орманы // Vizit Kazakhstan : ҚР  Туризм және Спорт министрлігі индустриясының ресми порталы. Жолкөрсеткіш. Семей. - http://visitkazakhstan.kz/ru/guide/places/view/437 (27.10.2010).
Памятники Бородулихинского района // Официальный сайт Управления культуры. Общая информация об ОУК. Памятники. - http://culturevko.gov.kz  (27.10.2010).
Жезкент.kz : неофициальный сайт поселка. - http://www.zhezkent.kz/node/30 (27.10.2010).

 

Библиография

Атаева М. Қайсар қазақ [Мәтін] : [жерлесіміз, Ржев қырғынының жауынгері  Ғ. Есімханов жайлы] / М. Атаева // Аудан тынысы. - 2010. - 7 мамыр.- Б.1.

Әбілқасымұлы С. Қарт сарбаз айтқан ақиқат [Мәтін] : [окоптағы озбырлық жайлы] / С. Әбілқасымұлы // Аудан тынысы. - 2010. - 23 сәуір.- Б.4.

Әділет жолында [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы соттарының құрылғанына 70 жыл / ред. басқарған Б. Д. Мақұлбеков ; ред. В. П. Алексеева. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2009. - 242 б.

Әліәкбар С. Спорт пен соғыс ардагері [Мәтін] / С. Әліәкбар // Аудан тынысы. - 2010. - 26 қаңтар.- Б.2.
Балабайқызы М. Тұңғыш олимпиада жүлдегері [Мәтін] / М. Балабайқызы // Аудан тынысы. - 2009. - 30 қазан. -  С. 5.

Бекпайқызы, Биби. Бір шаңырақтың тарихы [Мәтін] : [соғысқа аттанған ағайындылар жайлы] / Б. Бекпайқызы // Аудан тынысы. - 2010. - 7 мамыр.- Б.3.

Бородулиха қазақылана түсуде [Мәтін] : аудан әкімі Талғат Қасымовпен әңгіме / әңгімелеск. Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2010. - 22 қазан.- Б.9.

Ел жүрегінде мәңгіге сақталдың [Мәтін] : [соғыс құрбаны, жерлесіміз С. Рахымжанұлы жайлы] // Аудан тынысы. - 2010. - 7 мамыр.- Б.3.

Елубай О. Берекелі де бақуатты Бородулиха [Мәтін] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 2004. -  3 шілде.- Б.4

Жас ғалым [Мәтін] : [жерлесіміз, филология магистрі, аудармашы А. Н. Аманжол жайлы] // Аудан тынысы. - 2010. - 5 наурыз.- Б.3.

Исхаков Е. Аудан тынысы [Мәтін] : Қонысбай Түсіпжанұлы жайлы бір үзік сыр / Е. Исхаков // Аудан тынысы. - 2010. - 16 сәуір.- Б.3.

Иманғали , Мейрамтай. Ғибраттың шәкірттері Гран-при алып жүр [Мәтін] / М. Иманғали  // Дидар. - 2009. - 9 желтоқсан. -  С. 7.

Рымжанов, Таупық. Петропавловканың байырғы аты Ақсақал болатын [Мәтін] / Т. Рымжанов // Дидар. - 2009. - 3 қараша. -  С. 3.

Садырбаев А. Ахметжан Қозбағаров [Мәтін] / А. Садырбаев // Аудан тынысы. - 2009. - 4 желтоқсан. -  С. 3.; 11 желтоқсан. -  С. 3.; 18 желтоқсан. -  С. 3.; 8 қаңтар. -  С. 3.

Сансызбаева  А. Әлем таныған ғалым [Мәтін] : [даңқты жерлесіміз физика-математика ғылымдарының докторы Т. Омаров жайлы] / А. Сансызбаева  // Аудан тынысы. - 2010. - 30 сәуір.- Б.9.

Төлеуов С. Берекелі Бородулиха [Мәтін] : [Бородулиха ауданының бүгінгі тыныс-тіршілігі, экономикасы, әлеуметтік жағдайы. / Төлеуов С., Сабырбаев Қ. // Түркістан http://www.turkestan.kz. - 2001. - №43.- Б.3

Тютенова Р. Ж. Ұлы Жеңіс сарбаздары [Мәтін] : [бородулихалық соғыс құрбандары жайлы] / Р. Ж. Тютенова // Аудан тынысы. - 2010. - 11 маусым.- Б.3.

Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы [Мәтін]. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 136 б.

Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.

Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно - Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен; б. ж. : [б. и.], 2006. - 254 б.

Зайсан ауданы

Зайсан ауданы - Шығыс Қазақстан облысының қиыр шығысында орналасқан.

Батысында – Тарбағатай, солтүстігінде – Күршім, шығысымен мен оңтүстігінде – Қытай Халық Республикасының Синьцзян өлкесімен шекаралас орналасқан.  Жер аумағы 9,1 мың км2. Тұрғыны 38,9 мың адам, орташа тығыздығы 1 км2-ге 4,2 адамнан келеді (2008). Аудан құрамындағы 42 елді мекен 1 қалалық, 8 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. 
Аудан - ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейді. Мал, егін шаруашылықтарымен қоса, ірі бау – бақша мен жеміс – жидек дақылдарымен өркендеп, мол табыстарға ие болған өлке. Сонымен қатар, халық тұтынатын тауарлардың бірі – көмір мен минералды емдік су өндірумен айналысады.
 
Зайсан жерінде өзіндік сәулеткерлік нақышымен айшықталған, осы күнге дейін көрік беріп тұрған Татанов, Бекшентаев, Әбілханов, Мергенбаев, Манапов, Ерзин, Тоқсанбаев, Бобкин салдырған үйлердің салыну өрнегі ғажап-ақ, бір ғасырдан асса да әлі өңінберер емес.
1946 жылы Зайсанда кәсіби театр құрылып, оның бірінші директоры - Мейірман Спамбетов тағайындалды.
 
1960 жылы аудандық мәдениет үйінің жанынан халық театры құрылды, оған «Халық театры» деген атақ беріліп, ауданның бір топ талантты жастары Москвадағы Кремль сахнасында да өнерлерін көрсетіп қайтқан. 

Ауданның аумағы су ресурстарына бай.  Басқы су артериясы Қара Ертіс болып табылады. Оған Үйдене, Жеменей, Кендірлік және басқа тау өзендері келіп құяды. Бұдан басқа ұсақ көлдер, су қоймалары бар, оның ішінде ең үлкені Үйдене су қоймасы.
 
Аудан климаты тез континентальді, ауа температурасының маусымдық және орташа жылдық өзгерісі үлкен амплидулалы.

Зайсан - қазба байлықтардың таусылмас қоймасы. Соның бірі - 4 млрд. тонна мөлшерінде қоры бар Кендірлік көмір кені. Сонымен қатар сланцтың, газ, құрылыс материалдарын өндіруге қажетті шикізат қоры бар.
 
Аудан өміріндегі ең ауыр және жауапты болған кезең – Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Майданға – 6569 және еңбек армиясына – 1099 зайсандықтар аттанған. 2595 адам майданда қаза болды. Полковник В.Е.Головченко Кеңес Одағының Батыры атағын алса, сержант Манап Әубәкіров Даңқ орденінің толық иегері болды.
 
Зайсан жері дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал, бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар, Нұрлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр.
 
Зайсан – Ресей мен Қытай арасын жалғастыратын алтын көпір болған ұлы керуен жолы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен елімізде кеден қызметі жолға қойылған. 1992 жылдың мамыр айынан бастап, Шығыс аймақтық кеденіне қарасты «Майқапшағай» кеден бекеті құрылды. Сондай-ақ, 2006 жылдың сәуір айынан бастап, «Майқапшағай-Жеменей» шекара сауда орталығы ашылған.
 
2003 жылы Зайсан өңірінің Шілікті ауылында Қазақстан археологтарының қазба жұмыстарының негізінде, «Шілікті қорғаны»,  табылды. Онда ежелгі Сақ тайпасының «Алтын адамы» жауынгері табылды.


Интернет-ресуртар: 

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімінің ресми сайты -http://www.zaysan.vko.gov.kz/kaz/ (14.02.2012). 
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми сайты. Билік құрылымы. Атқарушы билік. - http://www.akimvko.gov.kz/ru/rule1_11.htm (14.022002).
Шығыс Қазақстан облысының мұрағаттық қызметі.Өлкетану -http://www.arhiv.vko.gov.kz/region_07.htm (14.02.2012).
Зайсан // Планета приключений: отдых, туризм, активные туры в Восточном Казахстане. –  http://www.adventa.kz/?page=borod (14.022002).
Зайсан ауданы // Департамент статистики ВКО. Регионы. -   http://www.shygys.stat.kz/reg/bor.html (14.02.2012).


Библиография:

Зайсан [Мәтін] : тарихи-танымдық фотоальбом. M-BOOK «Өлкетану» - Алматы : Елнұр, 2008. - 207 б.
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.
Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы [Мәтін]. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 136 б.
Алтыбаев Қ. Атамекен Зайсан [Мәтін] / Алтыбаев Қ. - Өскемен : Реклама-Дайджест, 2006. - 505 б.
Алтыбаев Қ. Зайсан өрнектері [Мәтін] : Сөзжұмбақтар: Т. 1. Т.1, 2000
Байбатыров Ғ. Зайсан тарихы [Мәтін] : Оқулыққа қосымша / Байбатыров Ғ. - Өскемен : Б.ж., 2003. - 180 б.
Байбатыров Ғ. Шежірелі шығыс өңірі [Мәтін] / Байбатыров Ғ. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 124 б.
Зайсан асулары [Мәтін] : (Зайсан ауданының құрылуына 70 жыл толуына арналған тарихи-публицистикалық очерктер). - Алматы : Баспа, 1998. - 190 б.
Қайсенов З. Шығыс Қазақстан облысының тарихи очерктері [Мәтін] / Қайсенов З. - Өскемен : [б.ж.], 2007. - 334 б.
Оспанова Р.Р. Зайсан қаласы мен аттас уезінің қалыптасуы және даму тарихы (1868-1917 ж.ж.) [Мәтін] / Оспанова Р.Р. - Алматы : Б.ж., 2004. - 31 б.
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно - Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен; б. ж. : [б. ж.], 2006. - 254 б.
Әділет жолында [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы соттарының құрылғанына 70 жыл / ред. басқарған Б. Д. Мақұлбеков ; ред. В. П. Алексеева. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2009. - 242 б.
Жеңсеханов , Манатбек. Шежірелі Зайсан [Электрондық  ресурс] : [Зайсан өңірінен шыққан батырлар мен балуандар, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, өнер иелері мен ақын -жазушылар туралы сөз қозғалады. ] / М. Жеңсеханов . - Семей : Азербаева К., 2004. - 158 б. с.
Ысқақова Г. Б. Зайсан ауданының географиясы [Электрондық ресурс] : [Жалпы білім беретін мектептің 8-9 сыныптарына арналған оқу құралы] / Г. Б. Ысқақова. - Алматы : [б. ж.], 2010. - 112 б. с.
Қазақтың құт қонған Зайсаны [Электрондық ресурс] : [кітап тәуелсіздіктің 20 жыл ішіндегі Зайсан ауданының тыныс тіршілігіне арналады.] / құраст. Б. Жапаров . - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2011. - 456 б. с.
Қазақстанның өзен-көлдері [Мәтін]. - Алматы : Аруна, 2003. - 10 б.
Сәбеков, Асылбек. Атадан ұл туса игі... [Электрондық ресурс] : [Ұзақ жылдар басшылық қызметте болған А. Сәбеков тұтас бір дәуірдің портретін жасауға ұмтылған. Зайсан, Күршім аудандарының өсу- өркендеу жолына тоқталады. ] / А. Сәбеков. - Өскемен : Медиа -Альянс, 2005. - 266 б. с.
"Мансарда" : поэт Евгений Курдаков. Зайсанские зарисовки : журналист вернулся из командировки  [Электронный ресурс] : документальное кино. - Усть-Каменогорск : ВКТВ, 2007

Шығыс Қазақстан табиғаты [Изоматериал]. - Өскемен : Автор-К, 2009. - 15 б.
Шығыс Қазақстан табиғаты [Альбом] : фотоальбом. - Өскемен : Digilife, 201?. - 72 б.

Глубокое ауданы
 
1963 жылдың 2 қаңтары күні шыққан Қаулыға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының   аудандары аграрлық және өнеркәсіптік деп «бөлінуі» қажет болды. 1963 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында Глубокое өнеркәсіптік ауданын құру туралы арнайы жарлық шықты. Оның аумағы таратылған Предгорный мен Киров аудандарының жерлерінен құралды. Глубокое өнеркәсіптік ауданының орталығы болып, Глубокое қалалық кенті белгіленді.

Сонымен қатар оның құрамына Белоусовка, Верх –Березовка, Первомайск, Пахотный  кенттері кірді.

1964 жылы 31 желтоқсанда облыс аудандарын өнеркәсіптік және ауылшаруашылық деп бөлу жүйесі алып тасталды.

Бұрынғы Шемонаиха ауылшаруашылық ауданынан біраз жерді қосып беріп, Глубокое ауданын бекітті.  Аудан құрамында 13 ауылдық, 4 кенттік округ,  бес жұмысшылар кенті, қырық елді мекен бар.

Аудан орталығы Глубокое кентінің тарихы әріден, 1761 жылдан басталады. Ортасынан Глубочанка өзені жарып ағатын шағын ауыл, 1937 жылы кент дәрежесіне ие болды. Ол кезде ауыл Предгорный ауданының құрамында болатын. 1963 жылы аудан орталығы болып белгіленді. Глубокоеның алғашқы тұрғындары қарапайым шаруалар болған. ХХ ғасырдың 20 жылдарынан Глубокое өнеркәсіп орталығы болып қалыптаса бастады. 1931 жылы 1 қыркүйекте Ертіс мыс балқыту  зауыты іске қосылып, 1945 жылы Ертіс полиметалл комбинат ының құрамына енді.

 

           
                 «IZOTERM» зауыты сілтеме:     
          «Восток-Универсал» (қыркүйек, 2007)
өнеркәсіптік-өндірістік кешен

(1999)

демалыс базасы
  
Глубокое ауданына табиғаттың бар байлығы: алтын мен күміс, қола мен мыс, қорғасын мен көмір, көк майсалы шабындық, толықсыған егін алқабы, терісі бағалы аңдар мен балықтың алуан түрі табылады. Ауданның кен байлығында Менделеев таблицасы  толығымен көрініс тапқан. Аудан аумағындағы селолар тарихы 18 ғасырдан басталады. 1730 жылы  тау-кен ісінің шебері И. Чупоршневтің Березовский  мыс кенішін ашуымен тікелей байланысты.  Келесі жылы өнеркәсіп иесі Демидов кеніш құрылысын бастау үшін алғашқы жұмысшыларды әкеле бастады. Сөйтіп, жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай орыс селолары бой көтерді.

1747 жылы Секисовка селосы,  1767 жылы . – Бобровка селосы, 1797 ж..  – Белоусовка және  Верх-Березовка кенттері пайда болды.

1760 жылы «Өскемен бекінісіндегі Ертіс өзенінің оң жағалауындағы Березовка, Глубокое, Үлбі өзендерінің бойындағы қолайлы жерлерге бекіністер салып 2000-дай орыстарды қоныстандыру» туралы Сібір жарлығы шыққан.

Бүгінгі күні Глубокое ауданында үш кен орны, екі байыту фабрикалары жұмыс істейді. Секисовка селосында тағы да бір рудник пен кен байыту фабрикасы салынуда. Глубокое селосында жылу өткізбейтін материалдар зауыты жұмыс істейді. Ауданда 344 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың 307 жеке меншіктікі. Ауданда тиірмен, май өңдеу , наубайхана, макарон цехы, ет-сүт өнімдерін өңдеу цехтары жұмыс істейді. Глубокое ауданында жеңіл өнеркәсіп пен қайта өңдеу кәсіпорындары, ауыл шаруашылығы да жақсы дамыған. Ағаш дайындаушылар кешені, құрылыс мекемелері, Қазақстандағы аса ірі Черемшанск құс фабрикасы жұмыс істейді.

Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 2011 жылдың қаңтар - наурыз айларына іс жүзіндегі бағамен 5668,4 млн. теңге немесе өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 115,6%-ды құрады.

Өнеркәсіп өнімінің табиғи көлемінің индексі 119,7%-ды құрады. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС (Белоусовка к.) филиалы және «Секисовка» ТКК ЕЖШС (Секисовка а.). «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС филиалымен (Юбилейно-Снигирихинский кенішімен бірге) алынған кен көлемі 2009 жылдың қаңтар-сәуір айларына 362,9 мың тоннаны құрады немесе 2008 жылға сәйкестендіргенде 154 пайыз. «Секисовское» ТКК ЕЖШС алынған кен көлемі -148,4 мың тонна, ол 2008 жылдан 4 есе көп.

Ауданның таңғажайып табиғаты мен ішкі құрылымының дамуы туризмді дамытуға қолайлы. Облыс орталығы Өскемен қаласынан 22 шақырым жерде орналасқан Таулы Үлбі - қарағай, қайың, терек өскен  аралас орманы бар таулы аймақта орналасқан. Жидек, саңырауқұлақтар, емдік қайнарлар адам игілігіне қызмет етеді. Осы жерде бүкіл елімізге танымал «Алтай Альпісі» орналасқан.

Глубокое ауданынан 19 Социалистік Еңбек Ері, 11 Кеңес Одағының Батыры,  шыққан. Фашизмге қарсы күрескен екі жарым мыңнан аса жауынгер ерлігі мен батылдығы үшін отан наградаларымен марапатталған. 14 адам «Ауданның құрметті азаматы» (2001жыл). Ауданда 110 Ауған соғысының ардагерлері тұрады.(сілтеме: Ақбұлақ. 2011. – 1 сәуір. – Б.1.  осы папкада «Ауған соғысы)» )

Глубокое ауданы – Кенді Алтайдағы омарта  шаруашылығының Отаны болып табылады.

Глубокое ауданы бүгінгі күні қуатты өнеркәсіп пен дамыған ауылшаруашылық орталығы. Түсті металлургия мен көмір өндіретін, ауылшаруашылығы өнімдерін,  өңдейтін туризмді дамыту мүмкіншілігі зор, болашаққа ұмтылған, әлеуетті  аймақ.

 

Интернет-ресурстар:
Глубокое ауданы// ШҚО әкімі. Билік құрылымы. Атқарушы билік. - http://www.akimvko.gov.kz/ru/rule1_9.htm (02.06.2011). 
Глубокое ауданы әкімінің ресми сайты . - http://glubokoe.gov.kz/ (02.06.2011). 
Глубокое ауданы // ШҚО мұрағат қызметі. Өлкетану. - http://www.arhiv.vko.gov.kz/region_05.htm  (02.06.2011).
Глубокое ауданы// ШҚО Мемлекеттік мұрағаты. - http://e-arhiv.vko.gov.kz/Page.aspx?id=1515 (02.06.2011).
Глубокое ауданы// Планета приключений: отдых, туризм, активные туры в Восточном Казахстане. - http://adventa.kz/?page=glubokoe (02.06.2011).
Глубокое ауданы // ШҚО статистика Департаменті. Өңірлері. -   http://www.shygys.stat.kz/reg/glub.html l (02.06.2011).
 "Глубокое аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі". - http://glubokoe.pushkinlibrary.kz (02.06.2011).
Изумрудный Алтай: Отдых в Восточном Казахстане - http://www.altay.kz/ (02.06.2011

 

Библиография кітаптар:
К63.3 ШҚ Г50
Глубокое ауданы. Шығыс Қазақстан облысы  = Глубоковский район. Восточно-Казахстанская область [Мәтін]. - Глубокое : Автор-К, ж. ж. - 18 б.
К38.96 ВКИ29
Идущие на огонь [Мәтін] : фотокнига . - Усть-Каменогорск : Казинпресс, 2007. - 308 б.
К 81.2ШҚ Ш 97
Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық атауларының көрсеткіш-анықтамалығы [Мәтін]. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 136 б.
К63.4ШҚ Ш 97
Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін]. - Өскемен : [б. ж.], 2006. - 264 б.   

 

Мақалалар:

Алдабергенов П. Шапшаң өркендеуде [Мәтін] / Алдабергенов П. // Коммунизм туы. - 1972. -  29 февр.- Б.

Әкірәмов М. Глубокоедай аудан Республикада жоқ [Мәтін] : [авт.аудан әкімі...сұхбат/сқхб. М.Алипинова] / Әкірәмов М. // Дидар. - 1997. - 4 желтоқсан

Әкірәмов М. Халықтың қамын ойласақ... [Мәтін] : [Глубокое ауд. әкімі.әңгіме.Әңгімелескен У.Тоқпатаев] / Әкірәмов М. // Дидар. - 1996. - 16 қараша.- Б.

Әкірәмов М. Экономикалық тұрақтылық керек [Мәтін] : [Авт. Глубокое ауданының әкімі] / Әкірәмов М. // Дидар. - 1994. - 25 қазан.- Б.

Әліпбаев С. Шаруаға бөгет жасама,көмегіңді аяма [Мәтін] : [Глубокое ауданында өткен кәсіпкерлікке байланысты дөңгелек стол ] / Әліпбаев С. // Дидар. - 2000. - 26ақпан

Береке- бірлікте [Мәтін] // Дидар. - 1999. -  26 қаңтар

Болвочев Ю. Табиғат тепе-теңдігін сақтайық [Мәтін] : [Авт.Глубокое ауд. аңшылар қоғамының төрағасы] / Болвочев Ю. // Дидар. - 1995. - 23 қараша.- Б.

Елубай О. Меншік иелері көбейе түсті [Мәтін] : [Глубокое ауд. жеке меншік иелерінің бүгінгі тыныс- тіршілігі] / Елубай О. // Егемен Қазақстан. - 1998. - 4 наурыз

Есімбек О. Крючковтың шаруашылығында. [Мәтін] : [Глубокое ауд. "Янго" шаруа қожалығының жұмысынан] / Есімбек О. // Дидар. - 1999. -  6 қараша.- Б.

Есімбек О. "Янконың" ұраны- елді асырау [Мәтін] / Есімбек О. // Дидар. - 1998. -  2 маусым

Жидяев В. Кәсіптерін кеңейте түспек [Мәтін] / Жидяев В. // Дидар. - 1998. -  1 қыркүйек

Игісінов Ж. Нарық және тауық [Мәтін] / Игісінов Ж. // Сарыарқа. - 1998. -  20 мамыр

Қабдоллаев Т. Мақсат-сапалы білім, саналы тәрбие [Мәтін] : [Авт. Глубокое кентінің О.Бөкеев атындағы қазақ мектебінің директоры] / Қабдоллаев Т. // Дидар. - 1998. - 14 наурыз

Қадылбекұлы, Әлімжан. Осы спорт түрлерін республикада дамытып отырғаныма 30 жылдай болды [Мәтін] / Ә. Қадылбекұлы // Дидар. - 2010. - 7 қыркүйек.- Б.5.

Қаңтарбаев Ә. Бөкей атындағы мектепте [Мәтін] : [Глубокое ауданындағы Бөкей атындағы мектептегі игі істер туралы] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2002. -  7 желтоқсан.- Б.6

Қаңтарбаев Ә. Спорт кешені ашылды [Мәтін] : [Глубокое ауданының Уварово ауылында спорт кешенінің ашылу салтанаты туралы ] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2000. - 23желтоқсан.- Б.1

Көш басында - Глубокое ауданы [Мәтін] // Дидар. - 2007. -  6 желтоқсан.- Б.1.

Мамаев  Қ. Қылқаламға жан бітірген Жанболат [Мәтін] / Қ. Мамаев  // Дидар. - 2009. - 8 маусым. -  С. 5.

Металлургтер қуанышы. [Мәтін] : [Глубокое кентіндегі Ертіс мыс балқыту заводынан хабарлама] // Дидар. - 1999. -  3 тамыз.- Б.

Нақтыбай Е. Ауған соғысы жайлы қазақша ән жазуды армандаймын [Мәтін] / Е. Нақтыбай // Ақ бұлақ. - 2011. - 1 сәуір.- Б.1

"Өлкемізді өндіріспен танытқан ел" [Мәтін] : ["Дидар"-Глубокое ауданында. Аудан тарихы, экономикасы, әлеуметтік жағдайы] // Дидар. - 2001. - 10 қараша.- Б.2

Тілеубайқызы Л. Жері - бай, көдесі - май, елі - жайсаң [Мәтін] / Тілеубайқызы Л. // Дидар. - 2007. -  1 желтоқсан.- Б.2.

Черных, Станислав. Өркенді өзгеріс [Мәтін] : [жұмысшы поселкасы тарихынан] / С. Черных // Коммунизм туы . - 1982. - 8 сентябрь

 

  (Материал 2011 жылдың  29 мамырында іріктелінді.)

Алтай ауданы

Алтай ауданы (2019 жылға дейін Зырян ауданы) 1928 жылы 17 қаңтарда Бұқтырма уезінің Зырян, Поздняков болысының бір бөлігінен және Өскемен уезінің Кеңес болысының бір бөлігінен құрылды.

Әкімшілік орталығы – Алтай қаласы (2019 жылға дейін Зырян қаласы). 1791 жылы – «Зырянкеніші» кенті,1937 жылдан Зырян кенті ,1941 жылдан - Зырян қаласы, 2019 жылдан – Алтай.

1 қаңтар 2023 жылға тұрғындар саны –61414 адамды құрады.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының ЕлтаңбасыАуданда 10 ауылдық округ, 4 кенттік және 2 қалалық әкімшілік бар, онда 47 ауылдық және 2 қалалық елдімекен бар.

Аудан Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында Риддер қаласының аумағымен, солтүстік-шығысында және шығысында Ресей Федерациясымен (Алтайөлкесі), оңтүстік-шығысында Катонқарағай ауданымен,оңтүстік-батысжағы Ұланмен, батыс жағы Глубокое ауданымен шектеседі.

Алтай ауданыКенді Алтайдың негізгі және көне тау-кен аудандарының бірі. Ауданда бір жарым жүзденастам полиметалл, колчедан-полиметалл,мыс-колчеданкен орындары, кен көріністері және минералдану нүктелері белгілі. Құрамында қорғасын, мырыш, мыс, алтын, күміс және басқа да құнды компоненттері бар кен орындарынан басқа, аудан табиғи құрылыс материалдарына бай: құм-қиыршық тас қоспасы, құрылыс құмдары, кірпіш саздақтары.

Аудан экономикасының негізі – өнеркәсіп болып табылады.

Пайдалы қазбалардың болуы өнеркәсіптің салалық бағытын анықтайды. Аймақтың негізгі саласы –тау-кен өндірісі. Осы саланың бас кәсіпорны Алтай қаласында орналасқан Зырян тау-кен байыту кешені – «Қазмырыш» ЖШС, оның үлесіне ауданның өнеркәсіптік өндіріс көлемінің шамамен 60%  тиесілі. Аудан аумағында республиканың ірі цемент өндірушісі «Бұқтырма цемент компаниясы» АҚ жұмыс істейді.Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының географиялық аумағы

Аудан ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде дәнді дақылдарды өндірушілер саласындағы негізгі аудандардың бірі болып табылады. Ауылшаруашылық жерлерінің болуы, табиғи жағдайлар ауылшаруашылық дақылдарының кең спектрін, негізінен дәнді және майлы дақылдарды өсіруге мүмкіндік береді. Жетекші сала – өсімдік шаруашылығы.

Ауданның белгілі тумалары: Кеңес Одағының Батырлары П. Брылин, П. Кольцов; Социалистік Еңбек Ерлері: А. Г. Суфиянов, Н. К. Жақсыбаев, Шығыс Қазақстан облысының бұрынғы басшысы В. Л. Метте; жазушылар: А. И. Егоров, А. Г. Лухтанов, А. Китляйн, В. Сметанин, В. Исламов, ең жас ақын - Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Азамат Тасқараұлы және т. б.

Алтай ауданының өткені мен бүгіні туралы А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының баспа және электрондық ресурстарынан таба аласыздар.  

Әдебиеттер тізімі - Список литературы


Алексеенко, Н.В. Бухтарминские были [Текст] / Н. В. Алексеенко. - Алма-Ата : Казахстан, 1981. - 128 с.

Город горняков и строителей (К 200-летию г. Зыряновска) [Текст] : Рекомендательный указатель литературы. - Зыряновск, 1991. - 25 с.

Города и села Восточного Казахстана [Текст] : Рек. указ. лит. - Усть-Каменогорск, 1995. - 58 с.

Двадцать пять лет Зыряновской геологоразведочной экспедиции [Текст]. - Усть-Каменогорск, 1958. - 23 с.

Зыряновск [Текст]. - Алма-Ата : Казахстан, 1991. - 192 с.

Зыряновск за годы Советской власти [Текст]. - Зыряновск, 1957. - 43 с.

Зыряновский свинцовый комбинат [Текст]. - Алма-Ата, 1970. - 8 с.

Идущие на огонь [Текст] : фотокнига . - Усть-Каменогорск : Казинпресс, 2007. - 308 с.

Инженерно-технические решения по борьбе с пылью на рудниках Зыряновского свинцового комбината [Текст]. - Алма-Ата, 1975. - 28 с.

Корж, В. Зырянға - 220 жыл=Зыряновску-220лет [Мәтін] = Зыряновску - 220 лет : исторический фотоальбом / В. Корж. - 2-е изд., перераб. и доп. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2012. - 400 с.

Кузьменко, Б. Ертіc өңірі = Прииртышье = Prііrtyshye [Текст] / Кузьменко Б. - Алма-Ата : Кайнар, 1982. - 184 с.

Лухтанов А. Г. Александр Гумбольдт в Восточном Казахстане [Текст] / Лухтанов А. Г. // Алтайское притяжениеочерки по истории Восточно-Казахстанской областиА. Г. Лухтанов / А. Г. Лухтанов. - Усть-Каменогорск : Медиа - Альянс, 2006. - С. 48

Немецкие исследователи в Казахстане [Текст]. - Алматы : Санат, 2006. - 407 с.

Попова К.И. Климат города Зыряновска и его окрестностей [Текст] / Попова К.И. - Усть-Каменогорск : ВГИ, 1999. - 52 с.

Зыряновск [Текст] / [фотоальбом]. - [Зыряновск] : Omela, 2009. - 34 с.

Корж, В. Зырян жерінде [Мәтін] : исторический фотоальбом / В. Корж. - Усть-Каменогорск : Шыгыс Полиграф, 2013. - 362 с.

Корж, В. Зыряндықтар - Отан қорғаушылар [Мәтін] : исторический фотоальбом / В. Корж. - Усть-Каменогорск : Рекламный Дайджест, 2015. - 365 с.

 

Қосымша әдебиеттерді Өлкетану кітапханасынан және Электронды каталогтан қараңыз.

Барлық сұрақтар бойынша Анықтама қызметіне хабарласыңыз.

Жарма ауданы
Жарма ауданы 1928 жылы құрылған. Әкімшілік орталығы Жарма (1928-1930) болғандықтан аудан атауы содан шыққан. 1930 жылы аудан орталығы  болған Георгиевка селосы  2008 жылы Қалбатау болып тарихи атауын қайтарып алды.
 
 

Аудан аумағы - 23,4 мың шаршы км. Аудан орталығы–Қалбатау (бұрынғы Георгиевка) селосы. Ауданда 1 қала, 21 22 әкімшілік-аумақтық бірлік, 66 елді мекен бар. Аудан халқы  саны 2010 жылдың 1 қаңтарында – 48,9 мың адамды құрайды.

    Ер Жәнібек Бердәулетұлына 
          ескерткіш (2009)
      Бақыршық тау-кен өндіру
            кәсіпорны (2009)
    Өскемен-Шар жаңа теміржол магистралі (2009)

Жармалықтар тоғыз жолдың торабында орналасқан өз өңірін Шығыстың жүрегі, орталығы деп есептейді.  Қазақстанды оңтүстігінде Орта Азиямен, солтүстігінде Ресеймен жалғастыратын теміржол магистралі осы ауданды басып өтеді.

Жармалықтар өздерінің бай тарихын мақтан етеді. Қола дәуірі кезінде-ақ  кеншілер кен қаза білген.  Жарма жері қазба байлықтарымен ғана емес, сонымен қатар археологтар үшін аса маңызды тарихи орындарымен де мақтана алады.

2008 жылы ауданда Германиядан келген археологиялық экспедиция қазба жұмыстарын жүргізді.  Ауданның болашағы мықты, жаңа ашуларды күтуде.  

Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте Жарма өңірінің талай батырларының есімі  аңызға айналған. Солардың бірі – Ер Жәнібек Бердәулетұлы

Жарма – ақындар мен әншілер өлкесі. Байғара Сыбан руынан Ақтайлақ би бастаған 17 ақын шыққан.  Өткен ғасырларда өмір сүрген Әріп Тәңірбергенов, Сапарғали Әлімбетов, Қалихан Алтынбаев,  Төлеу Көбдіков жерлестер мақтанышы.

Танымал жерлестер:  – http://garma.vko.gov.kz/ru/area1.htm

Интернет-ресурстар:

 

Жарма ауданы //  ШҚО әкімі. Билік құрылымы. - http://www.akimvko.gov.kz/ru/rule1_10.htm  (28.04.2011).
Жарма ауданы әкімінің ресми сайты:- http://garma.vko.gov.kz/ru/area1.htm (28.04.2011).
Жарма ауданы //Шығыс Қазақстан облысының мұрағатар және құжаттама басқармасы Өлкетану - http://www.arhiv.vko.gov.kz/region_03.htm (28.04.2011).
Жарма ауданы // ШҚО Мемлекеттік мұрағаты. - http://e-arhiv.vko.gov.kz/Page.aspx?id=1520 (28.04.2011)
Жарма ауданы // Планета приключений: отдых, туризм, активные туры в Восточном Казахстане. - http://adventa.kz/?page=jarma  (28.04.2011).
Жарма ауданы // ШҚО статистика департаменті. Өңір. -  http://www.shygys.stat.kz/reg/gar.html  (28.04.2011).
Жарма ауданының ескерткіштері // ШҚО Мәдениет басқармасының ресми сайты Ескерткіштер. - http://culturevko.gov.kz  (28.04.2011).

Библиография:

Боздақтар=Книга памяти [Текст] : Семей облысы. Семипалатинская область. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2000 - Т. 4. - 1000 с.
Селение Георгіевское Устькаменогорского уъезда Семипалатинской области [Электронный ресурс] : по даннымъ описанія 1911 года. - Семипалатинскъ : Тип.-лит. Торг. Дома "П. Плещеевъ и Ко", 1911 . - 15 с : вкл. л. . - Б. ц.
Справочник по истории административно-территориального деления Семипалатинской области 1939-1997 гг. / Управления архивами ВКО ; Центр документации новейшей истории ВКО. – Семипалатинск, 2006. - 238 с.
Абылқасымова Ж. Қалбатаудағы реформа қадамдары [Мәтін] : ["Қалбатау" акц. қоғамы туралы] / Абылқасымова Ж. // Дидар. - 1998. - 21 наурыз
Әділова Б. Менің әкем жармалық еді [Мәтін] / Әділова Б. // Рауан - Восход. - 2007. -  4 мамыр.- Б.2.
Әлімханова Г. Депо қайта құрылды [Мәтін] : [Шар жөндеу локомотив депосы туралы ] / Әлімханова Г. // Семей таңы. - 2000. - 3қараша.- Б.10
Әлімханова Г. Жетпіс жылдың жемісі [Мәтін] / Әлімханова Г. // Семей таңы. - 2005. -  5 тамыз.- Б.4
Әміренов М. Өркенді ауыл осындай [Мәтін] : ["Қалбатау ашық акционерлік қоғамына -70 жыл толуына орай] / Әміренов М. // Дидар. - 2002. - 19 қазан.- Б.2
Байғұт, Мархабат. Тасқынға тосқын [Мәтін] : [облыс әкімі Б. Сапарбаевтің су тасқыны болған аудандарға іссапары туралы] / М. Байғұт // Егемен Қазақстан. - 2010. - 18 маусым.- Б.8.; 22 маусым.- Б.7.
Ғайрат Сапарғалиұлы Сапарғалиев [Мәтін] // Қалба тынысы. - 2010. - 24 шілде.- Б.2.
Жарма [Мәтін] // Рауан - Восход. - 2003. -  14 ақпан.- Б.5
Жарма ауданы [Мәтін] : [Жарма ауданының 2000 жылдың 1-ші қыркүйегіне дейінгі экономикалық жағдайы ] // Дидар. - 2000. - 19қыркүйек
Жарма ауданының әлеуметтік және экономикалық дамуы туралы аудан әкімі Д. Мусиннің есебі [Мәтін] // Рауан - Восход. - 2005. -  10 қаңтар.- Б.1-2,5
Зүкенов М. Тұрмысы түзу ауыл [Мәтін] / Зүкенов М. // Дидар. - 1998. -  6 маусым
Қалқашбаев Т. Жарма [Мәтін] / Қалқашбаев Т. // Рауан - Восход. - 2003. -  17 қазан.-
Қаңтарбаев Ә. Жармадағы қос мереке [Мәтін] / Қаңтарбаев Ә. // Дидар. - 2003. -  2 тамыз.- Б.6
Қаңтарбаев , Әлібек. "Елбасы мұраттарын іске асыруға мүдделіміз," - дейді шарлықтар. [Мәтін] / Ә. Қаңтарбаев  // Дидар. - 2009. - 13 қаңтар. -  С. 2.
Құрмантайұлы М. Қалбатауда қаз қаңқылдап .. [Мәтін] : [Қалбатаудағы жабайы қаздар туралы, олардың тіршілігі, өмірі жайлы түсініктер] / Құрмантайұлы М. // Дидар. - 2002. -  7 қыркүйек.- Б.1
Мусин Д. Жайнаған, жасарған Жарма елі [Мәтін] / Мусин Д. // Дидар. - 2004. -   13 наурыз.- Б.1
Рахметова Ж. Жарма туралы толғау [Мәтін] / Рахметова Ж. // Қазақстан - Заман. - 2008. -  28 тамыз.- Б.3.
Оспанбаев М. Алға қойған мақсат айқын [Мәтін] / Оспанбаев М. // Рауан - Восход. - 2007. -  9 ақпан.- Б.1
Рахымбеков Қ. Жарма ауданының 75-жылдығына [Мәтін] / Рахымбеков Қ. // Рауан - Восход. - 2003. -   28 қараша
Сапарғалиева А. Жармадағы реформа барысы [Мәтін] / Сапарғалиева А. // Дидар. - 1999. -  13 қараша Б.1
Сатығұлов С.Ш. Қазақтың ақбас сиыр тұқымынан алынған зауыттық мұқыл типтің тұқымдық,өнімділік сапасы [Мәтін] / Сатығұлов С.Ш. // Жаршы. - 2000. - №1.- Б.22-25
Сергеева Н. Жарма ауданының куәгерлері [Мәтін] / Сергеева Н. // Рауан - Восход. - 2003. -  25 шілде.- Б.5
"Шар - Өскемен" темір жолының құрылысы басталды [Мәтін] // Дидар. - 2005. -  3 қыркүйек.- Б.1

Ұлы Отан соғысы тарихында партизан қозғалысы маңызды орын алады. Ұлы Отан соғысы кезінде Кеңес Одағының батыры атағы 11527 жауынгерлер, партизандар мен астыртын қимыл жасағандарға берілген екен. Оның 194-і осы атақты екі мәрте алғандар.

Партизандар жау гарнизондарына шабуыл жасап, соғыс техникасын, көпірлерді, қару-жарақ қоймаларын жарып, байланыс желілерін істен шығарды, жаудың әскери эшалондарын қиратты. Осының бәрі жаудың ілгері жылжуына мүмкіндік бермей, қыспаққа алды.

Партизан отрядтарымен қатар қалалар мен селоларда, аудан орталықтарында ірі теміржол станцияларында, кәсіпорындарда астыртын әскери топтар құрылды. Астыртын топтар алғашында үш-он адамнан құралса, кейін адам санының көбеюіне байланысты өзара бірігіп үлкен ұйымға айналды.

Соғыс жылдарында жау тылында 6200 партизан отряды мен астыртын әскери топ қимыл жасады, олардың құрамында 1,1 млн. аса партизан болды.

Ленинград облысындағы партизан отрядтарының құрамында 220 қазақстандық ерлікпен күресті. Белоруссияда шайқасқан 65 бригада мен отрядтар құрамында бір жарым мың қазақстандық болған. Кеңес Одағының екі мәрте батыры С.А. Ковпактың партизан құрамасында 70-тен астам қазақстандық болды.

Украинадағы партизандық құрамалар мен отрядтарда 1500 қазақ ерлікпен шайқасқан. Жаулап алынған аймақтарда қалып қойған шығысқазақстандықтар партизан отрядының құрамына кіріп, немесе өздері партизан қозғалысын ұйымдастырған. Партизандар қозғалысына 70 жерлесіміз қатысқан. Қасым Қайсенов - Шығыс Қазақстан облысының түлегі. 1941 жылдың қараша айында жау тылына жіберіліп, 1942 жылдың көктемінен партизан отрядын басқарған. Кейіннен Украинада шайқасқан Чапаев атындағы партизан құрамасын басқарған. Қасым Қайсенов пен оның отряды әсіресе, 1943 жылдың 20-22 қыркүйегінде Совет әскерлерінің Днепрді алу кезінде оң жағалауды ұстап тұруда ерекше көзге түскен. Қасым Қайсенов 1944 жылдың соңына дейін Молдавия, Чехословакия, Румыниядағы партизан жорықтарына қатысқан. Тарихта Полтава мен Киев облыстарында партизан қозғалысын ұйымдастырушы ретінде қалды. Қасым Қайсенов - "Халық қаһарманы" атағын алған. І дәрежелі Ұлы Отан соғысы, "Богдан Хмельницкий", "Ұлы Отан соғысы" ордендерімен, "Чехословакия партизаны" атағы, көптеген медалдармен марапатталған.

Тағы бір жерлесіміз Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының түлегі Григорий Гнидин Белоруссия өлкесіндегі кескілескен шайқастарға қатысқан. Төрт рет жараланса да қатарға қосылып отырған. Григорий Гнидин Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, бірінші дәрежелі “Отан соғысының партизаны” медалімен марапатталып, бригада командирінен 12 рет алғыс алған.

Партизан қозғалысына қатысқандар: лениногорлық Василий Яковлевич Абакумов, Марқакөлдің Орловка ауылынан Николай Павлович Устинов, Серебрянкадан Иван Дмитриевич Федоренко, Анна Никифоровна Пашкевич, Ұланнан Бұтабай Кентбаев, Жаңа Соградан Константин Яковлевич Трокин, Өскеменнен Иван Николаевич Павленко мен Павел Александрович Новиков, Катонқарағайдан Григорий Семенович Свинухов т.б.

Кеңес партизан қозғалысының штабы Польша, Чехословакия, Венгрия т.б. елдердің партизан қозғалысына үлкен көмек көрсетіп отырды. Біздің мыңдаған жерлестеріміз партизан қозғалысында өз парыздарын қаһармандықпен орындап, Жеңіс жолында жанқиярлықпен күресті.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений