kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық шежіресі: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС жеңісіне қосқан үлесі туралы.
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Халықтық Естелік кітабы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2026
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Алтыбаев Қалибек ҚизатұлыА. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасына журналист, сөзжұмбақшы, ҚазақстанБабадан қалған байтағым Журналистер одағының мүшесі, Зайсан ауданының Құрметті азаматы Алтыбаев Қалибек Қизатұлы «Бабадан қалған байтағым» атты 2 томдық кітабын сыйға тартты.
Қалибек Қизатұлы топонимика, ономастикамен шұғылданып, заманауи адамға жұмбақ әрі түсініксіз дүниелерді зерттеумен шұғылданады. Қолданбалы өнер, халық кәсібі тарихын зерттеп, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов әлемін тануға барынша үлес қосып келеді. Ауыз әдебиетіне жататын түрлі жұмбақ, айтыстарға жаны жақын қаламгер оларды сөзжұмбақ үлгісінде жасырып жазумен де шұғылданған. Қазақстан КИнЭС рекордтар кітабына енген сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың «Сан сұраққа саяхат», «Зайсан өрнектері», «Абай­дың алып айдыны­нан», «Шы­рағың мәңгі сөнбейді», «Сынаптай сырғыған жылдарым», «Атамекен Зайсан», «Үш­кемелдің шалқарынан» т.б. кітаптары бар. Бұл кітаптарының басым бөлігі сөзжұмбақтардан тұрады. Жай ғана сөзжұмбақ емес, ұлы Абай, Шәкәрім, Әуезовтің алып айдынын арқау еткен сөзжұмбақтар дүниесі.
Қаламгердің «Бабадан қалған байтағым» кітабында елін-жерін жан аямай қорғаған әйгілі батырлардың тұлғалары, Зайсан өңірінде рухани шырақ жаққан ерекше дарын иелері, еліне тұлға болған ел билеушілері, өнер адамдары сипатталған. Зайсан ауданының барлық елді мекендерінің тарихы, әр ауыл округы бойынша жер атаулары жеке-жеке берілген. Өлке тарихын танып, зерттеушілер үшін бұл туындының берері мол екені сөзсіз.
Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар!
Мұзтау-Музам меніңКатонқарағай ауданы, Қабырға ауылының тумасы Назым Слямқызының «Мұзтау-Музам менің» атты кітабы А. С. Пушкин атындағы кітапхана қорына келіп түсті.
Автордың бұл қолжазбасы - «Мұзтау-Музам менің»,- деп аталады. Назымның повесі Мұзтауға, Оралхан жырлаған киелі мекенге қызығушылықты, рухани ынтызарлықты оятады. Назымның туған жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігі орасан. Бұл кітапты оқыған адам өзінің кіндік қаны туған жері туралы ойланбай қалмайды. Санасы оянады. Қазіргі заманда жас буынның жүрегіне отаншылдық рухты сіңірудің маңыздылығын түсіндіреді.
Назымның туған өлкесі Катонқарағайдың әр түп ағашы, суы, тау-тасы тірі организм екенін бейнелеп берген стилі тартымды. Қазақтың қызы Мұзтауға барар жолын әдемі суреттейді.
Повесте Алтайды мекен еткен адамдардың қилы тағдырлары суреттеледі. Повестің негізгі кейіпкері-Мұзтау және Назым. Повесть туған жерді риясыз сүюге, қастерлеуге үйретеді.
Назым Слямқызының бұдан басқа баспадан 2018 жылы шыққан кітабы бар. «Қош бол қиындық» немесе «Өз-өзін жеңу майданы».
Катонқарағайдағы туризмді дамытуға өлкетану саласына Назым Слямқызы «Мұзтау-музам менің» атты көркем повесімен шынайы үлес қосты деп білемін!
Келіңіздер кітаппен таныс болыңыздар! 
 
 
 
Зайсанның жайсаң балуандары9 наурыз 2022 жылы. Зайсанның азаматы, балуан. кітап авторы Асқар Сәбитовтың ағасы Сәбитов Жалында кітапхана қорына «Зайсанның жайсаң балуандары» атты кітапты сыйға тартты.
Соңғы жылдары Зайсан ауданының өткені мен бүгіні, болашағы мен азаматтары жайлы энциклопедия да, бірталай кітап та жарық көрген. Енді бұл кітап солардың қатарын толықтыратын асыл қазына болатыны сөзсіз. Кейіпкерлердің балуандық тұлғалары ғана емес, көпшілігінің ішкі жан-дүниелерімен қатар адамдық, қоғамдық, отбасылық тұлғалары да көрсетіліпті. «Жайсаң» деген сөзге лайықты балуандар біршама жан-жақты жазылған.
Арғы бергі арадағы өткен мен кешегі марқұм балуандардың кітап бетінен орын алуы Зайсанның балуандар тарихын байыта түседі. Балуандардың жеке өміріне бір-бір кітап жазылса, оның қазақтың қара домалақ балаларына үлгі-өнегесі, ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымы мол болар еді.
Зайсан ауданы спортшы балуандардың кешегі бүгінгі тарихын Зайсан ауданының тарихынан еш бөліп қарауға болмйды. Спорттың тарихы бір балуандар кітабымен тоқталып қалмайды, спорттың басқа салаларын қамтыған кітаптар жарық көреді деп сенеміз.
Ең бір өкініштісі, кітап баспадан шығып жатқан кезде, кітап авторының кенеттен өмірден қайтуы. Сегіз қырлы, бір сырлы азамат, ақын, жазушы, журналист, сазгер, бар ғұмырында адамгершілік мұраттарды ардақ тұтудан айнымаған абзал жан - Асқар Жұмаханұлы Сәбитов құрастырған. Түгел дерлік өз қолымен жазып шыққан. Кітап өмірінің жалғасы, екінші өмірі басталды. Әрбір кітапты ашып оқыған ұрпақ авторды еске алатыны анық.
Қызықты мәліметтер молынан қамтылған жинақтың тілі жеңіл, көпшілік оқырманға арналған. Жалпы кітаптың тұсаукесері оқырмандар арасында өтсе, ұрпақ кітап туралы көптеген мағлұматтар алар еді. Ұрпақ сабақтастығы деген осы.
Келіңіз, кітаппен таныс болыңыз, кітап сіздің еншіңізде!
Сейітова Шынар БотайқызыБүгін 17 ақпан 2022 жылы, Әлихан Бөкейханов университетінің оқытушылары, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейітова Шынар Ботайқызы, филология ғылымдарының докторы, доцент Гайнуллина Фарида Ахметқызы «Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі» атты кітапты кітапханаға сыйға тартты.
Сөздік Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданының жер-су атауларын жинастыру барысында дайындалған. Жер-су атаулары –қазақ халқының ғасырлар бойы жүріп өткен жолының небір құндылықтарын бойына сіңірген тілдік жәдігері. Туған өлке тарихын түгендеу, келесі ұрпақтың зердесіне қонымды етіп, ақ-қарасын айқындай отырып, аманаттау келелі істің бастауында жүрген бүгінгі буын өкілдерінің парызы.
Катонқарағай өңірінің топонимикасы да туған елдің жертану, өлкетану әлемінің бір тарауы болып табылады.
Оқу құралын этнолингвистика, тарих, мәдениеттану , қазақ және орыс әдебиеті тарихы курстарында, ШҚО территориясының әдеби және тарихи туризмді дамыту бағдарламаларын жасауда, өлкенің виртуалді тарихи әдеби картасын жасауда пайдалануға болады.
Кітаптың электрондық нұсқасын өлкетану электронды катологынан оқи аласыздар. Құрметті оқырман кітап сіздің еншіңізде.Катонқарағай ауданы жер-су атауларының сөздігі

 

 

 

Kabulov12021 жылы 13 желтоқсан күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана қонағы ақын Қабылов Мырзабектің жұбайы Қабылова Райхан Халыққызы кітапхана қорына «Тау самалы», «Я с Алтая вечный зов услышу...», «Ашайын жан сырымды ашылмаған», «Земля родная ты мне колыбель», «Биікті жүрек аңсайды», «Мой отчий край-начало из начал», «Бір ұлыңмын өзіңді ұлықтаған» атты кітаптарын, «Алтайдың ақ сұңқары» бейнежазбаны сыйға тартты. Өкінішке орай, жерлесіміз Мырзабек Қабыловтың маңдайына жетпісті ғана жазыпты. Бір сәтте үн-түнсіз мәңгілікке кете барды. Қолдан келер жоқ.

Кітаптардың авторы Мырзабек Қабылов-инженер-механик. Катон-Қарағай өңірінде, алып Мұзтаудың етегінде Белқарағай ауылында дүниеге келген. Өрел орта мектебін алтын медальға бітірген. Қазақтың ауыл шаруашылық институтын үздік тәмамдаған инженер-механик.

Елімізде сирек кездесетін қос тілді ақындарымыздың бірі, бірі емес бірегейіKniga-Kabulov1.jpg десек қателеспейміз. Ана тіліндегі өлең шығармаларын былай қойғанда, орыс тіліндегі поэзиялары 2019 жылы Ресей Федерациясының Бунин атындағы сыйлығының лауреаты дәрежесін иеленді. Ондаған өлеңдерінің сөзіне Марат Қондыбаев, Болат Әшірбаев өлең жазды. Қазір бұл әндер кеңінен таралып, айтылып жүр. Мырзабек лирикасының бір ерекшелігі-қайталап айтуға да, ұғымға да қарапайымдылығы.

Сонымен қатар екінің біріне дари бермейтін үздік сынықшы. Қазақстанның халық емшісі қауымдастығының құрметті мүшесі.

Қара жердің өлгені-

Қар астында жатқаны.

Өлмегенде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,

Kabulov kniga1Ғалымның хаты өлмейді,-деп Бұқар жырау жырлағандай, Мырзабектің адамгершілігі, елжандылығы, оның атын көзі тірісінде шығарып еді, енді өміршең жырлары оның рухын, елге, табиғатқа деген сүйіспеншілігін ұзақ уақыттарға өлтіре қоймас.

Ақын Мырзабек Қабыловтың жыр жинақтары азаматтық үнімен, ақ адал сыршылдығымен, туған жерге деген шынайы іңкәрлігімен ерекшеленеді. Ақынның отаншылдыққа, адалдық пен арлылыққа шақыратын өлеңдері, дос жаран, ағайын-туыс мерейтойына арнаулары, әсем әндері енгізілген жинақ жырсүйер оқырманның көңілінен шығады деп сенеміз.

Кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі Уалханова Рақия Нұралықызы

Sarin KАқын, Қазақстан Республикасы «Дарын»мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімініңSarin kniga1 басшысы Қалқаман Сариннің «Ғазал-ғұмыр» атты өлеңдер жинағы кітапхана қорына келіп түсті. Кітап республикалық бюджет қаражаты есебінен әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару, тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көрді. Ақынның біздің кітапханада «Екеуіміз» атты өлеңдер жинағы ғана бар еді, енді мемлекеттік тапсырыспен облыстағы барлық кітапханалар алатын болды.

Қалқаман Айымғазыұлы Сарин – 1978 жылдың 2 қаңтарында қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданының Арқат ауылында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы. «Арманымның бейнесі», «Құс жолындағы керуен» атты жыр жинақтарының авторы.

Ақынның жинағына әр жылдары жазған лирикалық жырлары мен аудармалары енді. Ақынның жүрекжарды тебіренісі оқырманды да бей-жай қалдырмайды.

#Жаңакітап #ҚалқаманСарин #Ғазалғұмыр

Танымал есімдер -http://imena.pushkinlibrary.kz/.../pisateli-i.../261-.html

Kusanbaev1Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Байғыз», «Жырлаумен өткен 20 жыл» кітаптарының авторы, Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінің журналисі Серік Құсанбаев «Көк дауыл», «Дүбірге толы дүние» атты екі томдық жинағын кітапхана қорына сыйға тартты.
Автордың «Көкдауыл» атты бірінші кітабына эпикалық шығармалары, толғаулары, нақты тұлғалар жайлы көркем әңгімелері топтастырылған. Әңгімелері барынша жинақы, оқырманын бірден үйіріп әкетеді. Кітабын келер жылы 120 жыл толатын әкесінің құрметіне арнапты.
Автор әкесін былай деп еске алады : Ол кісі армандаған немерелерін көре алмады. Әкем жарықтық тіпті жылдар өте келе, сол «қара тентегінің» (өзі солай айтатын) күллі қазақ таныған айтыс ақыны болатындығын да білген жоқ.
«Дүбірге толы дүние» атты кітабы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады. Журналистің қаламынан туған кез келген туындының өзге көркем шығармалардан бір ерекшелігі - болса, ол шынайлылығы шығар. Оқиғаны боямасыз беру, кейіпкердің өмірін қаз-қалпында көрсету, айтар ойды бұрмаламай бүкпесіз жеткізу журналист қауымына тән қасиет. Бұл сөзімізге келіспеймін десеңіз ақын, жазушы, журналист Серік Құсанбаевтың «Дүбірге толы дүние» атты кітабын оқып шығыңыз.
Иә қолыңызға алып, парақтап отырған кітаптың іші толған қазына. Рухани жандүниеңізді байытқыңыз келсе, тегін жатқан байлықтан молырақ қамтуға тырысқан жөн. Өкінбейсіз...
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений