Алты жыл бойы Alikhan Bokeikhan University (Абай облысы, Семей қаласы) филология кафедрасының оқытушылары Сейітова Ш. Б., Абдыханова Б. А., Гайнуллина Ф. А., Касымова А. А. Гранттық қаржыландыру ғылыми жоба негізінде Катонқарағай, Алтай, Глубокое аудандары материалдары негізінде кітаптар шығарып жүр. Биылғы жылы Глубокое ауданы жер–су атауларының сөздігін құрастырып кітапхана қорына бес данасын сыйға тартты.
Глубокое ауданы жер-су атауларының сөздігі-Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы жер-су атауларын жинау, топтастыру және кешенді зерттеу барысында әзірленген еңбек.
Айтқожин Қ. Қас жауына қарсы шапқан баһадүр / К. Б. Айтқожин. – Өскемен : Арго ШҚПК ЖШС, 2023. - 2014 б.
Автор кітапхана қорына екі кітабын сыйға тартты. Оралхан Бөкей атындағы лицейдің тарих пәні мұғалімі Айтқожин Қайрат Батханұлы білім және ғылым саласындағы ерен еңбегі үшін "Білім беру ісінің үздік педагогы" атты төсбелгімен, Абай медалімен марапатталған. «Қазақстанның мәртебелі ұстазы" атты Республикалық байқауына қатысып, I дәрежелі дипломның иегері.