«Абай әлемі» сериясымен шыққан Көкей Сақабаевтың «Көктас» атты кітабымен таныс болыңыздар.
Көкей Сақабаев еңбек жолын Жезқазған қаласындағы кен басқармасында бастап, кейін көптеген жылдар бойы Лениногорск (қазіргі Риддер) полиметалл комбинатында еңбек етті. Осы жылдар ішінде ол инженер конструктордың қызметін шығармашылық жұмыспен ұштастыра білді. Кітапқа атордың «Көктас» романы мен «Намыс повесі еніп отыр».
«Абай әлемі» сериясымен шыққан кітаптың бірі де бірегейі Ақтан Нұрбаевтың «Таңдамалы» өлеңдер жинағы.
Мыңдаған жылдар тарихы бар әйгілі Алтай, оның ішінде Қатонқарағай бір қазақтың ғана емес, бүкіл Түркі жұртының, түркі әлемінің алтын бесігі. Жер жаннатына айналған сұлу өңірдің атақты Мұзтауға иек артар тұсында көркіне, тамаша сұлу табиғатына кез келген адам тамсанатын Берел ауылы жатыр. Ол- дүниеге Ақтан Нұрбаевты әкелген өнерпаз ауыл.
Жырды сүйетін, бағалай білетін есті жұртты аузына қаратқан Ақтан өзіндік қолтаңбасы бар, ешкімге ұқсай бермейтін ерекше талантты еді.
Фестиваль аясында баспадан шыққан «Абай әлемі» кітаптар топтамасының 2024-жылғы шығарылымының тұсаукесер салтанаты өтті. 15 атаумен шыққан 7500 дана кітаптың ішінде «Алтайдың ақын арулары» атты жинақ баспадан шықты.
Бұл жинаққа әр жылдары жыр жазумен шұғылданып, әр жылдары сол жырларымен оқырмандарының жүрегінен жол тапқан ақын аруларымыздың жырлары топтастырылған. Әрине әр ақынның сөз саптауы, стилистикасы, лирикасы әр түрлі деңгейде. Десек те те баршасына ортақ дүние-барлығының бұл дүниеге өлердей ғашық екендіктері, өздерінің туып-өскен Алтайына деген өлшеусіз махаббаты.
Тұрсын Жұртбайдың «Құнанбай» атты кітабы кітапхана қорына келіп түсті.
Тұрсын Жұртбайдың бұл жинағындағы басты нысана-өмірлік шындық пен «Абай жолы» роман-эпопеясында бейнеленген көркем шындықты салыстыра отырып, қазақ тарихындағы жетекші тұлғаның бірі – Құнанбайдың ұлттық руханияттан алатын орнын саралау.
Балалар жазушысы Кульмай Сембаева «Көңіл толқындары» : Бестерек ауылы ақындарының өлеңдер жинағын кітапхана қорына сыйға тартты.
Қазақстан мемлекетінің киелі жерлерін, біздің жұмбақ жер Ақбауырды зерттеп сақ заманынан қалған ғажап жәдігерлерін, қазақ халқының салт дәстүрін әлемге танытып жүрген, Бестеректе ғылыми-археологиялық мұражайдың ашылуына ұйытқы болған, осы ауылдың тумасы археолог ғалым, профессор, елжанды тарихшы, Ұлан ауданының құрметті азаматы Зейнолла Самашевтың жерлес ақындардың жыр жинағын жинақтап кітап шығару туралы ой тастауы, ұсынысы, тікелей қолдау көрсетіп жол салуы жерлестеріне жақсы жаңалық болды.
20 февраля в библиотеке состоялась творческая встреча с поэтом и писателем Алиной Тайга (Галиной Николаевной Михайлиной) из Риддера. В течение часа в зале звучали стихи и проза, искренние размышления о слове, музыке и внутреннем пути автора. Встреча прошла в тёплой, камерной атмосфере — под музыку Людовико Эйнауди, с живым диалогом, аплодисментами и неподдельным интересом слушателей. Подробнее...
«Өткенді ұмыту-өшкендіктің белгісі,
Өткенін еске алу-өскендіктің белгісі...»
Кітапхана қорына «Ғибратты тұлға» атты кітапты Мешімбаев Ертөлеу ағамыз сыйға тартты.
«....Аш –жалаңаш дәуірді. Қырғын сүргінді, бірін бірі ұстатып, бірін-бірі оққа байлаған жосықсыз кезеңдерді ойы, санасы жүрегі арқылы өткізген, бір емес екі соғысты – неміс-фашист, фин соғыстарын көріп, тірі қайтқан ұрпақтың бірімін...» Шәмси Оразбаев.
Кітап өткен ғасырдың елең-алаң басында өмірге келіп, жиырмасыншы ғасырдың адамзат баласына ұсынған барлық күнгейлі-көлеңкелі тұстары ойы, санасы, жүрегі арқылы өткізе жүріп, ғұмыр кешкен Елағасы ұлағатты ұстаз, Ұлы Отан соғысының ардагері Оразбайұлы Шәмси туралы.
Өлең, сенің досыңмын, сырласыңмын
Күйін күйттеп жүрмедім бір басымның
Құпиясын іздеген дүниенің,
Бір қызы боп қалармын бұл ғасырдың
Жырым менің, Тәңір берген сыйым менің
Тілегімен үндескен дүйім елдің
Қайғысы бар, мұңы бар жүрегімнен
Шыққан ойдың ең нәрлі түйіні едің, -деп ақын жырлағандай Сарышева Фарида Батырбекқызы кітапхана қорына «Сырғамды қайық қылып» атты кітабының төрт данасын сыйға тартты.
Фарида Батырбекқызы ҚР оқу ісінің үздігі, Ақтөбе облысының екі дүркін «Облыстың ең үздік мұғалімі» грант иегері, «Басқару ойының дамуына қосқан үлесі үшін» Ф. Тейлор атындағы алтын медаль, «Ұлт ұстазы» төсбелгісі және «Еңбек ардагері», «Қазақстанның құрметті азаматы» медалінің иегері.