7 ноября в Восточно-Казахстанской областной библиотеке имени А.С. Пушкина состоялась презентация книг местных авторов, выпущенных Восточно-Казахстанской полиграфической компанией «Арго» к 80-летию Великой Победы.
Эти издания — дань уважения героям и свидетелям военных лет, вклад в сохранение исторической памяти о подвиге народа. На страницах книг оживают голоса фронта и тыла, судьбы земляков, чья жизнь навсегда связана с великой историей Победы. Подробнее...
Кітапхана қорына кітап авторының баласы Аян Дәуренұлы әкесінің «Ақкөңіл» атты кітабын сыйға тартты. Ақын Дархан Қабдолданов небары 45 жасқа толарында өмірден өтті. Ақынның артына қалған өлеңдерін, жырларын, айтыстарын өзінің ұлы Аянның жинап, құрастырып кітап етіп шығаруы - әкеге деген үлкен құрмет. Дәуреннің жырлары туған жер, құтты мекен, оның адамдары, тәуелсіздік, тіл туралы. Өнер тақырыбына арналған өлеңдерден, арнаулардан тұрады. Айтыстағы ақынның сөз қағысулары да кітапқа енген.
Құрметті оқырман, жыл сайын дәстүрлі онлайн конкурстың нәтижесі бойынша жарық көретін "Алтын тұғырдың" үш томдығы оқырман қауымға жол тартты.
Қаламгерлер қауымы үшін ауыл тақырыбы түгесілмес қазына, таусылмас кен іспетті. Туған жердің топырағына кіндік қанымен байлаулы қазақ жазарманы ауыл тақырыбын толассыз толғай беретініне еш күмәніміз жоқ.
Кеше кітапханаға "Ауыл" партиясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша жетекшісі Ербол Көбентаев "Алтын тұғыр" кітабын сыйға тартты. Кітап үш томнан тұрады, драматургия, поэзия, проза.
14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні. Бұл мереке 2012 жылдың 14 ақпанынан бастау алған. Кітап сыйлау күнін белгілеп, өткізудің мән-мағынасы – адамдар бір-біріне, әсіресе ересектердің балаларға кітап сыйлау арқылы оларды кітап оқу дағдысына баулу және өзара мәдени сипаттағы жылы қарым-қатынасты дамыту болып саналады.
Аталған халықаралық мереке қарсаңында кітапханамызға Өскемендегі «Достық үйі-Қоғамдық келісім» орталығы жанындағы «Атамұра» ансамбліне жылдар бойы жетекшілік етіп келген жерлесіміз Ерболат Садуақасұлы «Ұлағат» атты кітабын сыйға тартты.
Айтқожин Қ. Тарбағатай-Барқытбел тарихыңды тани жүр / Қ. Б. Айтқожин. - Өскемен, АРГО ШҚПК, 2023. - 315 б.
Автор Қайрат Айтқожин "Тарбағатай-Барқытбел тарихыңды тани жүр" кітабын кітапхана қорына сыйға тартты.
Шежірелі Тарбағатай өңірінің тарихи тамыры тереңде жатыр. Тарихымызды көз жүгіртіп қарасақ, көк бөрілі түркі жұртының ту тіккен отаны еліміздің Шығысы болса, оның ұлттық рухын сақтаған өңірдің бірі Тарбағатай деп білеміз.
Бүгінде кітап оқитын оқырман азайып кеткен уақытта өзінің шығармаларын түрлі жанрда жазып, оқырмандарын қызықтырып, қазіргі ортаның кітап оқуға деген құлшынысын арттырып, өзіне оқырмандар жинаған авторлардың бірі де бірегейі Катонқарағайлық жерлес жазушы Назила Слямқызы. Автордың біздің кітапханада тұсауын кескізген «Мұзтау музам менің» атты кітабымен оқырмандар етене таныс.
22 қараша күні А. С. Пушкин атындағы кітапхана қорына Құмаш Нұрғалиев атындағы мектептің директоры болған Нұрғалиев Талант Құмашұлы «Еңбегі-ерен, тарихы-тағылым» атты гимназияның ғасырдан астам тарихынан сыр шертетін естелік эсселер жинағының үш данасын, мектеп гимназияны әр жылдары бітіріп кеткен әртүрлі буын өкілдерінің жыр-жауһарларынан тұратын «Тау тұлға» атты өлеңдер жинағының үш данасын сыйға тартты.