Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнін тойлау қарсаңында, 26 қарашадан Шығыс Қазақстан облысында «Тәуелсіздіктің 20 шыңы – 20 жұлдызды күн» акциясы бастау алды. 29 қарашада облыс көлемінде - «Бейбітшілік белдеуі» - «Пояс мира» іс-шарасы өткізілді. Осыған орай кітапханамызда Семей полигоны тарихы мен антиядролық қозғалысқа арналған деректі фильм кеші («Қазақстан – бейбітшілік елі», «20 лет спустя») ұйымдастырылды.
Қатысушылар назарына Семей ядролық полигоны жайында түсірілген «Қазақстан – бейбітшілік елі» фильмі ұсынылды. Фильм барысында Елбасымыз ядросыз өмір үшін күреске шақырып, бейбіт даму үрдісі, өзге елдерді ядролық қарудан бас тартуға үндейді. Көрсетілім авторы – «Полигон – 29 тамыз» Халықаралық қоғамдық қоры Кеңесінің төрағасы, Семей өңірі бойынша мекемеаралық үкімет комиссиясының мүшесі, әкесі Кешірім Бозтаев ісін жалғастырушы – Нұрлан Бозтаев.
«Қазақстан – бейбітшілік елі» фильмінің тұңғыш тұсаукесері 2010 жыл 24 қыркүйекте Алматы қаласында БҰҰ өкілдері мен шетел мемлекеттері елшілерінің қатысуымен өтті. Фильмнің хронологиялық оқиғалары 2010 жылмен аяқталады. Ал, 2011 жылы еліміз жаңа бейбіт жобаларға қол жеткізді.
12-14 қазан аралығында Астана қаласы мен Шығыс Қазақстан облысында «Ядросыз өмір үшін» Халықаралық форумы ұйымдастырылды. Кездесуде қатысушылар ядролық талшықтар бар өзге елдерге қысқа мерзімде оны жою туралы үндеу тасталған декларация қабылдады. 2011 жылы полигон жабылуының 20 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Бұл семейліктер үшін әрі қуанышты, әрі қайғылы күн еді. Осыған орай Семей қаласында митингі өткізілді. Қатысушылар ол жайында толығырақ «20 лет спустя» деректі фильмінен тамашалай алды. Залдағы барлық қатысушылар орындарынан тұрып ядролық полигон құрбандарын еске алды. Фильмнің авторларының бірі, жерлесіміз, киножурналист, «Полигон – 29 тамыз» Халықаралық қоғамдық қорының операторы - Николай Трофимович Пермитин.
20 жыл бұрын Семей полигоны соңғы рет өз мақсатына қолданылды. Бұдан кейін елімізде ядролық жарылыс қасіреті болған емес.
Кездесуге №35, 36 39 қала мектептерінің, түрік лицейінің жоғары сынып оқушылары белсенді түрде қатысып, өз ойларымен бөлісіп, тақырыпқа байланысты өлең оқыды. Кеш соңында «ХХІ ғасыр – ядролық қарусыз» кітап көрмесіне түсініктеме жасалды.
![]() |
![]() |