«20 жұлдызды күн – Тәуелсіздіктің 20 шыңы» акциясы аясында 5 желтоқсан күні А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында -Ғылым мен техника күні аталып өтілді. Осыған орай «Шығыс Қазақстан зерттеуші, ғалымдар еңбектеріндегі отандық тарих мәселесі» тақырыбындағы дөңгелек үстел мәжілісі ұйымдастырылды.
Отырыс барысында 2011 жылғы мерейтой иелері: Қ. Мұхамедханов, А. Егорина, Н. Алексеенко, Т. Жұртбаев, Е. Михаэлис, С. Игібаев В. Сапожников, Д. Серікбаев, К. Халиди сынды ғалымдар есімдері аталды. Кешке қатысушылар бүгінгі күні Шығыс Қазақстан өлкетануының «алтын қорынан» өзіндік орын алатын нағыз ғалымдар еңбектерін парақтап көре алды.
Мәжіліс барысында тәжірибелі өлкетанушылармен қатар жас өлке зерттеушілер де баяндама жасады. ШҚ сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорық қызметкері – Н.П.Петрованың «Ф.М.Достоевский және Қазақстан» тақырыбындағы дәрісі жазушының 190 жылдығына арналды. Жазушының шөбересі қатысқан «Ф.М.Достоевский және әлемдік мәдениет» (Семей қаласы, 2003 ж.) халықаралық конференциясының фотосуреттері мен ШҚ мұражай-қорығының сирек қоры басылымдары дәріске арқау болды.
№16 орта мектептің жас өлкетанушысы – Л. Сейітқасымова өз баяндамасын белгілі ғалым-абайтанушы – Қ.Мұхаметхановтың 95 жылдығына арнады.
Шығысқазақстандық тарихшылардың сіңірген еңбегі туралы қорытынды сөзді С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты – Л.П.Тұрова сөйледі.
Отырыс соңында Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.
ФОТОРЕПОРТАЖ
![]() |
![]() |