14 қыркүйек 2011 ж. А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында «Өр Алтай, Кербез Алтай» фотокөрмесінің тұсаукесері өтті. Аталған көрме ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алтай-Саян табиғи экологиялық аймағы территориясындағы ерекше қорғауға алынған табиғи трансшекаралық қызметтестік пен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының 10 жылдық мерейтойына (2001) орай ұйымдастырылған.
Кітапхана қонақтары мен оқырмандары Катун биосфералық, Алтай, Тигирек, табиғи қорықтары, «Белуха» табиғи саябағы, «Зона покоя «Укок» (Ресей) ұлттық саябағы, Батыс-Алтай, Марқакөл табиғи қорықтары мен Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (Қазақстан) және «Алтай-Таван-Богд» (Монғолия) ұлттық саябағы қызметкерлерінің фото суреттерін тамашалады.
Кітапхана залы: ғалымдар, зерттеушілер, оқу мекемелерінің студенттері мен оқытушылары, мұражай, облыс орталығы кітапханасы қызметкерлеріне толы болды. Катонқарағай ұлттық саябағының маманы Ринат Есқазыұлы әңгімелеген: ұлттық саябақтың құрылуы, оның ғылыми әрі шығармашылық жұмысы жайлы ақпарат, Көне Алтайдың қорық және ескерткіш орындары жөніндегі слайд-шоу мен бейнефильм де көрермендер көңілінен шықты.
Қонақтарымыз кітапханаға сыйлықтар тарту етті: қар барсы – ирбис туралы ағылшын тіліндегі басылымдар, екі томдық Марқакөл қорығы еңбектері, «Биотүрлілікті сақтау жөніндегі электронды кітапхана» дискі.
Кеш қонақтарын кітапхана холында Назарбаев зияткерлік мектебінің химия-биологиялық бағыты оқушылары музыкалық сәлеммен қарсы алды. Сонымен бірге, бұл жерде ұлттық саябақ жөнінде кітап көрмесі мен кәдесый өнімдерінің сатылымы ұйымдастырылды. Барлық қатысушыларға Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының жарнама баспа өнімі мен балқарағай жаңғақтары сыйға берілді.