kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

2011 жылдың 10 мамырында сағат 10.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Кеңес Одағының батыры, Таврия ауданының түлегі С.Н. Борозенецпен (1922 ж.т.) өзгеше кездесу өтті. Жүздесу онлайн тәртібінде Skype бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылды.

Кездесуге Батырдың Таврия ауданында тұратын немере іні- қарындастары, соғыс ардагерлері, мектеп оқушылары, әкімшілік қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мұражай қызметкерлері қатысты.

Интернет кездесудің  алдында қысқаша С .Н. Борозенецтің өмірімен  таныстырылды. С. Борозенец 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Семей аэроклуб мектебі, Оренбург қаласындағы авиация училищесін бітірген. 1944 жылдың қаңтар айынан бастап  1,2-ші Белорус майданында. Қызыл Жұлдыз, 3-дәрежелі Суворов орденді 569-шабуылшы   звено командирі  лейтенант Борозенец 94 рет ұшып, жаудың шоғырланған жеріне, теміржол магистраліне,  шабуыл жасаған. Ленин, Қызыл Жұлдыз, І,ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. 1945 жылы КСРО Президиумы Жоғарғы Кеңесінің жарлығымен Кеңес Одағы Батыры атағын алған. 1956 жылы Мәскеу қаласындағы Әскери-Әуе академиясын бітірген. ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін Шығыс Қазақстан облысында тұрған. Одан кейін Мәскеуге қоныс аударып,  1995 жылы АҚШ-на емделуге кетіп, сонда қалып қойған.  Бүгінде АҚШ-тың Чикаго қаласында тұрады.

2010 жылы 88 жастағы Степан Николаевич немересі Михаилдің көмегімен ұшақ штурвалына отырып, Чикаго қаласының үстінен бір айналып өткен.  http://public.fotki.com/AlexBorozenets/iiih5/

Кездесу тұңғыш рет онлайн тәртібінде Skype бағдарламасының көмегімен жүзеге асырылды. Барлығы 70 адам қатысты. Кездесуді ашқан кітапхана қызметкерлері қонақтарды Ұлы Жеңіс мерекесінің 66 жылдығымен құттықтап бүгінгі кездесудің ерекшелігіне, Батырды қалай іздестіріп тапқандары жайлы қысқаша әңгімелеп берді. Шығысқазақстандық 109 Кеңес Одағының Батырларының соңғысы, есімі ұмыт бола бастаған - Степан Николаевич Борозенецті іздестіріп тапқан өскемендік тарих пәнінің мұғалімі, өлкетанушы Виктор Борисович Типтюк.

 

Америка уақыты бойынша 9 мамыр, біздіңше 10 мамыр күні С.Борозенец өз Отанымен - Өскемен қаласымен бейнебайланысқа шықты.  Бұл бір ерекше тарихи күн болды.С.Н. Борозенец әлі тың көрінеді, жұбайы Лидия Семеновнамен, ұлы Александрмен экран алдына шықты. Бір қызығы –бізде уақыт таңертеңгі сағат онды көрсетіп тұса, оларды түн ортасы екен. Кітапхана залында  батырдың ең жақын туыстары отырды. Көп жылдар көріспеген туыстардың экран арқылы бір-бірін көргендегі қуаныштары ерекше еді.  Алдымен туыстарымен сөйлескен Батыр атамыз өз отбасы, өзінің жағдайы, өмірбаяны туралы қысқаша айтып берді.  Немересі өзінің жолын қуып, ұшқыш мамандығын меңгергенін мақтанышпен айтты. Залдағы қонақтар сұрақ қойып, Батырға жақсы тілектер тіледі. «Жеңіс мерекесі АҚШ-та қалай аталып өтеді?» - деген сұраққа «Ешқандай да аталмайды», - деп жауап берді.  9-мамыр, әдеттегі жұмыс күні, тек ардагерлер өздері жиналып, өткен-еткенді еске алысады екен, оларда ардагерлер ассоциациясы жұмыс істейтін көрінеді.Техниканың аты техника, жаңа технологияларды іске қосып, байланысты ретке келтірген-ше кешке келеген қонақтарға Ұлы Отан соғысының ардагері А.И. Егоров соғыс жайлы әңгіме айтып, өлеңдер оқыды. Ішкі саясат бөлімінің маманы Ж. Камбетов Кеңес Одағаның жеңіске жету себебі халықтар достығы мен бірлігенде болғандығын, бүгінгі қоғамдағы халықтар бірлігінің маңызына тоқталды. Жиналған қауым В.Б. Типтюктің С.Борозенецке арнаған «В аварийном режиме» деректі фильмін тамашалады.

Кездесуге келген қонақтар кітапхана қорын ашып көрсететін, Ұлы жеңістің 66 жылдығына арналған «Жеңіс –бізге ортақ» атты кітап көрмесін тамашалады.Онлайын кездесу тұңғыш рет өткізілді. Мұхиттың аржағындағы шығысқазақстандық батырмен  кездесуді ұйымдастырып үлкен патриоттық шараны жүзеге асырып отырған облыстық А.С.Пушкин атындағы кітапхананың өлкетану секторы мен жаңа технологиялар бөлімінің қызметкерлері екендігін айта кеткен жөн. Жаңа технологияның арқасында мұхиттың аржағындағы Чикаго қаласында тұратын Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз С.Н. Брозенецті көріп қана қоймай, даусын естіп, тілдесу жүректерге қуаныш, қимастық сезімін сыйлады.  Жерлестері Батырға үлкен алғыстарын, жүрекжарды лебіздерін білдірді.

Н. Крутова

 

Фоторепортаж

ОНЛАЙН-ОБЩЕНИЕ С ГЕРОЕМ СОВЕТСКОГО СОЮЗА  - С.Н. БОРОЗЕНЦОМ

 

10 мая 2011 г. в 10.00 утра в ВК областной библиотеке им. А.С. Пушкина состоялась необычная встреча с Героем Советского Союза – Степаном Николаевичем Борозенцом (1922 г.р.). Общение проходило в режиме онлайн при помощи программы Skype.

Перед началом интернет-общения прозвучала краткая информация из биографии С. Борозенца.

   

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений