2011 ж. 25 ақпанда А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында алғашқы «Жидебай» жинағының тұсаукесері өтті. Аталған жылнама «Абай халықаралық клубы» қоғамдық ұйымының басшылығымен жарық көріп, 10 жылдан астам әлем әдебиетінен орын алып келген «AMANAT» әдеби журналына қосымша болып табылады.
Жаңа әдеби жинақты көрнекті қазақ жазушысы, Абай Халықаралық клубының негізін қалаушы әрі президенті, «AMANAT» журналы Халықаралық қоғамдық кеңесінің төрағасы – Роллан Сейсенбаев ұсынды. «AMANAT» журналы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көреді. Ол тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл ТМД елдеріне мәлім. Аталмыш журналды Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосібірмен бірге, Нью-Йорк, Лондон, Париж, Монреаль, Брюссель, Пекиндіктер де қызыға оқиды.
2011 жылғы «Жидебай» журналының алғашқы нөміріне қазақстандық авторлардың 2009-2010жж. басылымдарда жарық көрген философиялық, әдеби, саяси, өнер саласындағы таңдаулы мақалалары енді. Редакция алқасы Ресей, АҚШ, Еуропа өкілдері мен әйгілі қазақстандық прозаик, ақын, композитор мен суреткерлерден тұрады. «Сарын», «Алаш», «Арзу», «Үміт» т.б. бөлімдер проза, поэзия, философиялық ой-толғамдарға толы. Авторлар қатарында - әйгілі саясаткерлер, ғылыми қайраткерлер, әлем әдебиетінің классиктері, жас ақындар, жалпы ерекше жандар.
«Жидебай» жылнамасы Абай Халықаралық клубының баспа қызметінен маңызды орын алады. «Жидебай» жылнамасы – жас ақындарға өз шығармашылығын әлем әдебиетіне танытуға мүмкіндік беретін бірден-бір қазына.
Іс-шара репортажы...