····
24 ақпан 2011 жылы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қайым Мұхаметхановтың туғанына 95 жыл толуына арналған· «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» атты шығармашылық кеш өткізілді. Кешке болашақ филологтар, мұғалімдер, музей қызметкерлері, журналистер, жоғарғы класс оқушылары қатысты.
Өмірдің әрбір беті тарих, ал өткенге көз жіберіп, тарихымызды сараласақ, жарқырап өткен жасындар аз емес. Солардың бірі белгілі ғалым, абайтанушы Қайым Мұхаметханов. Кеш барысында ғалымның биік парасаты мен азаматтық тұлғасы сөз болды.
····· Қайым Мұхамедхановтың 95 жылдық мерейтойы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында тойланып отыр. Осының өзінде үлкен тарихи сабақтастық жатқан сияқты. Өйткені Қайым сияқты өр тұлғалы азаматтар қазақ тәуелсіздігінің алтын діңгегі, майыспас болаттай берік тұғыры.· Адамдықтың ең жоғарғы үлгісі, ар-ождан эталоны, зиялы ғалым, ғылыми шындықты ерінбей-жалықпай дәлелдеген, педагогтық таланты керемет, сонымен қатар өте қарапайым Қ. Мұхамедханов бірнеше мыңдаған шәкірт тәрбиелеген Ұстаз.· Жақсының аты өлмейді дейді аталарымыз
Өзіңнен білім алған жан-жақтағы,
Болып тұр сан шәкіртің ел мақтаны -· дегендей Қайым ағаның шәкірті – белгілі журналист Уалихан Тоқпатаев ой бөлісіп, ғалымның өмірінің соңғы жылдары туралы әңгімеледі.
···· Алматыдағы «Қ. Мұхамедханов атындағы білім мен мәдениет орталығының » ұйымдастыруымен желтоқсан айында өткен дөңгелек стол отырысына қатысып келген, психолог маман· З. Сабырқызы ғалымды басқа қырынан ашып көрсетті. ·
···· Облыстық этнографиялық мұражай қызметкері Әсел Карчалова Мұражайдағы Қайым жәдігерлері, ғалымның ұрпақтары туралы айтты.
··· Ғалымның ғылыми мұрасы, шығармашылықтағы соқпақты жолы туралы айтқан филология факультетінің 4 курс студенті Арайлым Батырбекованың сөзін жұртшылық зор ынтамен тыңдады.
··· Кездесуде Н. Айтовтың, Қ. Нұрқасымның Қайым Мұхаметхановқа арналған өлеңдерді оқылды.
«Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған...» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған отбасылық суреттер, жаңа тарихи деректер қойылды.
Оқырмандар назарына «Көзкөргендер» фильмінен үзінді көрсетілді.
·· Қазақтың қайсар Қайымының өмірі болашақ ұрпаққа үлгі, өнеге. Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы тәуелсіз Қазақстанның елжанды ұландарын арлы, намысты етіп тәрбиелеуге көмектесетін бірден бір үлгі, бірден бір жол.
·Кездесудің есте қаларлық сәттері фотосуреттерде
![]() |
||
![]() |