деген өлең жолдары 27 қаңтар күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана өткізіп отырған· «Туған өлке –тұнған тарих» атты дәстүрлі кездесуімізге - Кенді Алтай өңірінде өзіндік із қалдырған тарихи танымал тұлғаларға арналғандай.
Мерейтойларын атап өткелі отырған адамдардың артында қалдырған істері орасан. Олар ғалымдар, саяхатшылар, ақын-жазушылар, өнер адамдары.
Олардың қайсыбіреулері ел есінде болса, кейбіреулері жөнсіз ұмытыла бастаған. Туған өлке топырағында өзіндік із қалдырған ардақтылардың есімін жаңғырту, ұлықтап келер ұрпаққа· жеткізу үшін жыл сайын «атап өтілетін және еске алынатын айтулы күндердің тізбесінің»· тұсаукесерін өткізу дәстүрге айналған.

2011 жылдың басты оқиғасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы. Осы айтулы күнге орай біздің кітапханада үлкенді-кішілі, оның ішінде өлкеге де қатысты· бірнеше іс –шаралар өткізілмек.
Қаңтардағы кездесу бірнеше блок –парақтан тұрды: Жаңғырған жылдар жадымда; тарихи мерейтойлар; ғылымға үлес қосқандар; Өскемен тумалары.Үстіміздегі жылдың айтулы күндерін әріптестермен бірлесе отырып еске алдық. И.Б. Каланчина (С.Аманжолов атындағы ШҚМУ) ғалым -өлкетанушы Н.В. Алексеенко туралы әңгімелесе, О.М. Тарлыкова (ШҚ тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері) жазушы Е. Пермитиннің өмірі туралы жаңадан табылған деректермен таныстырып өтті.· И.В. Дурново ( облыстық мұрағат қызметкері ) Қазақстанға· еңбегі сіңген энергетик И.В. Бердустың жеке мұрағаттық қорымен таныстырды.

·
Жоңғар шапқыншылығына қарсы Ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы, әйгілі Қабанбай батыр Қожағұлұлы ұлтымыздың мақтанышы.· Биыл әйгілі батыр бабамыздың туғанына 320 жыл· толмақ. Қабанбай батыр (азан шақырып қойған аты – Ерасыл) қарапайым сарбаздан түменбасына дейін көтеріліп, қазақ хандығының астанасы – қасиетті Түркістан қаласын қорғаудың бас қолбасшысы болып тағайындалған. Абылайханның бас батыры болған. 1741 жылы Шыңғыстанудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауға шапқаны үшін «Дарабоз» атанған. Батыр бабамыздың есімі Өскемен қаласының· бір көшесіне беріліп, мемориалдық тақта орнатылған.
Жылдың мерейтой иелері - ағайынды Ришат пен Мүсілім Абдуллиндердің шығармашылығын еске алуға Абдуллиндер атындағы ШҚ өнер колледжінің оқушылары келіп өнер көрсетті. Азат Тоқаев Құрманғазының «Балбырауын» күйін шертсе, А. Барабаш Шуманның романсын орындап берді.··
Эсперантистер клубының негізін қалаған, Өскемен тумасы Н.А. Петровскийдің 120 жылдық мерейтойына орай оның өмірімен жақынырақ танысып, кітапхана қорында сақталған «Алтайский эсперантист» журналының сирек кездесетін санын тамашалады.
Кездесудің есте қаларлық сәттері фотосуреттерде