16 қаңтар сағ.15.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада атақты жерлесіміз, цирк палуаны Василий Георгиевич Ярковтың (1911-1995 гг.)· 100 жылдық мерейтойына арналған кеш өтті. Кездесу биылғы жылдың аса ірі оқиғасы - Астана мен Алматыда өтетін жетінші қысқы Азия спорт ойындары қарсаңында өтті.· Осыған орай отандық спорттың дамуына өзіндік үлес қосқан ең үздік спортшыларымыз еске алынып, жас ұрпақтың жадында жаңғыртылды.
Цирк көрермені үшін В.Г. Ярков пір болатын. Аренаға шыққан бойы екі метрлік алыпты Кеңес Одағының барлық қалаларында жұртшылық аса үлкен салтанатпен ду қол шапалақтап қарсы алатын.
Ата тегіне сай Ярков мағыналы да жарқын өмір сүрді. Атақты палуан И. Поддубныйдың шәкірті, Қажымұқанның досы болып, қазақтың күрес спортының бастауында тұрды. Көптеген танымал палуандарды тәрбиеледі. Ярков тек атақты спортшы ғана емес, сонымен қатар, қарапайым, адал, еңбекқор адам болған.
Еске алу кешіне Өскемен қаласындағы· №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің
жас спортшылары, олардың жаттықтырушысы· Кеңес Одағының спорт шебері, еркін күрестен Қазақстан чемпионы В.В. Попов қатысты. В.В. Попов өзінің В.Г. Ярковпен кездесулерінен алған әсері туралы әңгімелеп берді.
Кездесудің басты баяндаушысы, ұзақ жылдар бойы атлетикалық спорт түрлерін, соның ішінде Шығыс Қазақстандағы спорттың дамуын· зерттеген жазушы-өлкетанушы Виктор Федорович Подрезов. В.Ф. Подрезов· «Герои фронта –герои спорта», «Атлеты Восточного Казахстан» кітаптарының авторы. В. П. Подрезов - облысымыздағы пауэрлифтинг, армреслинг, гир спорттарының, атлеттік гимнастиканың пионері, республикалық, облыстық жарыстардың жүлдегері. Василий Ярковтың спортты тағдырына арнап 34 мақала жазған, тұтас бір бөлімі В. Ярковқа арналған жаңа кітабы баспадан шығуға әзірленуде.
Еске алу кешіне төмендегі спорт ардагерлері: Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы А.А.Мелентьев, штангіден спорт шебері Р.Н.Малимонов, ауыр атлетика мен гірлік спорт ардагері Н.С.Кулешов қатысып, В.Г.Ярков жайында әңгімелеп, облысымызда· оның құрметіне өтетін жарыстар жайлы айтып өтті.
Қатысушылар В. Ф. Подрезовтың жеке мұрағатынан алынған· Кеңес Одағы цирк күресінің ·тарихы, өткен жылдардағы аңызға айналған жекпе-жек күрестер туралы бағалы құжаттармен, ·фотосуреттермен танысты.
Ярковтың өмірі - дене мен рухтың нағыз үндестігі,· болашақ ұрпаққа ·салауатты өмір сүрудің ·жарқын үлгісі.
Іс-шара туралы мына сайттарда:· (http://www.yk.kz/news/show/9271) ;· http://www.express-k.kz/ (http://www.express-k.kz/)
Іс-шара фотосуреттері
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |