kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Оралхан БөкейОралхан Бөкей – болмысы бөлек, еңceci ерек, қазақ әдебиетіне өзіндік қолтаңбасымен келген қайталанбас тұлға. Алтайда өскен өр ұлдың төгіле түскен шашын сілкіп тастап, қиықша қара көзімен жан-жағына барлай қарауы, маңғаз жүрісі кербұғының кербездігін еске түcipep еді. Мен оны білгенде, Үлкен Нарын аудандық «Еңбек туы» газетінде алғашкы журналистік қадамын бастаған кез еді.
Көктерек орта мектебінде Заутдин eciмдi жас пepi ақындығымен көзге түсіп, жұрт аузында өлеңдері жарқ етіп шыққан шақтар болатын. Қайратты шашы қаудай боп тікірейіп, отты жанары жайнаң қағып, жүгіре басып келе жатқан жүрісінен-ақ алыстан Заутдин екенін бағамдайтынбыз. Арықша келген жігіттің тыртыстырып киіп алған стиляга шалбары өзін ерекшелендіріп тұратын. Сол Заутдинге Оралхан кеп жүруші еді.
Бip күні үзілісте біздің оқу кабинетіміздің қасынан оқушыға ұқсамайтын ересектеу бейтаныс жүріп өтті. Бойы тіп-тік, әcipece желкесін жапқан шашы көзге оғаштау көрініп, назарымыз соған ауды.
– Оралхан ғой, Заутдинге келген, – деді жанымда тұрған сыныптасым Қайырбек.
Мен елең ете қалдым. Артынан мойнымды соза қарасам да, анықтап көре алмай, пұшайман болғаным eciмe түседі.
Кейіннен, 70 жылдар болса керек, әуежайда ұшатын ұшағым бөгеліп, екінші қабатта төменге қарап тұрғам. Иіліп көз салсам, басқа жолаушылардай отырмай, әpi-бepi баяу басып, басын сәл кекжитіп, қалың ойдың шырмауындағы Оралхан, Ор ағаны көрдім.
Оралхан Бөкей Толысқан, бұрынғы балаңдық жоқ. Тек... тек шашы ғана сол қалпы. Жан- жағына қарар емес, өз ойымен арпалысқан, өз әлемінде қалқып ұшқан жұмбақ бейне, жұмбақ жан.
Сәлден соң Алматыға кететін ұшақты хабарлаған қыздың дауысы естілгенде сәл тұрып, шығар eciккe қарай беттеді. Іштей сәт сапар тілеп, ағаның соңынан қара-а-а-п тұрдым. Оны соңғы көруім екен.
Қазақтың кермиығы,
Алтайы – өз биігі,
Мұзтауы – мұнар шыңы ұшырған
Мұзбалағы – Оралхан туған елден аяғымен кетіп, табытпен оралатынын кім білген?! «Қалай»? «Неге»? деген сұрақтар әлі күнге мазалайды.
Ор ағаның 70-ке толғанын Катонында ата жұрты атап өтті. Ол іс-шараға менің де жолым түсіп, бардым. Оның тас мүсініне тәу етіп, қу тірлікті тәрк етіп, тұғырына жансыз бейне боп оралған Ор аға туған жерінің ауасымен кеудесін кере жұтып, тыныстап тұрғандай көрінді.
Ол жалғыз ед,
Жалбызы eдi Бөкейдің,
Ерте туып, ерте тұрып, eceйдi.
Мен де келдім.
Сол жағаға тың-тыңдап.
Естімек боп, құлағымды төсеймін.
Сағат тілі санап, зулар уақытты
Жылдар өттi.
Күн шығып, Ай батыпты.
Шексіздікті жарып өткен сәуледей
Ғасыр ұлын туғызған жұрт бақытты, – деген өлең жолдары ойыма оралды.
Қай шығармасын оқысаң да, Ор ағаның өзіне ғана тән пәлсапасы, өзіндік пайымы, сөздің парқын бағамдауы ерек еді.
Ор ағаның «Атау кере» романы ұлтына бip нәубеттің төніп тұрғанын ескертуі icпеттi.
Атау кере – символикалық атау. Адам фәниден бақиға аттанар сәтте ұрттайтын бip жұтым суы. Бұл жерде орыстардың келуімен көзге көрібейтін апаттың, яғни қолдан ашытып, бабына келтірген бал сыраның адам ағзасын улайтын қасиеті қacipeткe әкелетінін Мақажан ақынның немepeci, Көкеннің ұлы – Таған арқылы келістipe келтіреді.
Таған – күрделі образ. О баста қазақ тарихын зерттеп, ғылыми жұмысын қорғамақшы болып, көп еңбектенген, Мәскеу асып, Петербор барып, ондағы архив материалдарын жинап, сонау 30-40 жылдардағы қазақтың қаймақтарын қынадай қырған кеңес НКВД үкіметінің саясатын әшкерелемекші болған жас ғалымның соңына шам алып түсіп, ақыры атаукересін ішпece, тұра алмайтын маскүнемге айналдырады. Автор Таған арқылы тегін ұмытқан міскіндi сонау Алтай аңғарын мекендеген Ерікке жолықтырып, Нүрке кемпіp Тағанның есін жидыру үшін тәуекелге барады. Роман соңында өмірін қайта бастамаққа бел буған Таған, сүреңсіз тipлiктeн баз кешкен Айнаны көреміз.
Романдағы Ерік образы арқылы аралас некеден туған, мінезі томырық, ешкімде жұмысы жоқ, пысықтығымен дүние жинап, бас пайдасын ойлаған пенделік қасиеті басым жанды сипаттайды. Оның өзi сияқты будан аралардың қарекетін шебер астастыра беру арқылы Оралхан Бөкей бізді терең пайымдарға жетелейді.
Яғни, қазақы болмысынан айрылған ұрпақтың болашақта қазақтың ұлт ретінде жойылу каупінде тұрғанын меңзейді. Ор ағаның осыдан 30 жыл бұрын жазып кеткен бұл пелсапалық шығармасы оның көрегенділікпен қалдырып кеткен ecкepтпeci icпеттec.
Оралхан Бөкей Автордың сөзімен айтсақ, «Тағанның көңілi ойран-асыр. Досының мінезін тағы 6ip қырынан таныды, алайда кім екенін, қай ұлттың ұлына жатқызатын білмеді. Білyi мүмкін де емес еді. Оның білетіні – осындай дүбәра жандардың XX ғасырдың соңғы ширегінде жер бетінде тым көбейіп бара жатқаны ғана ...
Амал не, ауырмай eciнен жаңылып, шатасып, шаң жұтып жүрген өзi секілділер де аз емес eдi бұл дүниеде...»
Сол шатасып, шаң жұтқан Тағаннан үміт күткің келеді. Ұлтының жоғын жоқтап, бас көтеретін азаматтың барына сенесің!
Оралхан Бөкейдің «Бура» әңгімесіндегі Бураның ic-әpeкeтi – оның өзi өмip сүрген заманға деген қарсылығы деуге де болар.
Қарабураның жануарға тең қимыл-қозғалысы, психикалық тірлігін сипаттай отырып, оның соңғы бұлқынысын өз бойындағы қалыпқа сыймайтын өршіл мінезімен қатар суреттегендей көрінеді.
«Қанша жерден көнбіс көрінген бураның бойындағы жалғыздық, торығу оны тосын әрекетке апарады. Бipaқ шойын жолдағы темip отарбаның күшi хайуаннан әлдеқайда жойқын eкeнін білмейді.
Тарпаңдап кеп таптап тастамак болды, мынау зу-зу, гу-гу еткен дәу қараны. Шаптығып кеп, кеудесімен бірдi қойып еді, өзін сонадай жерге итше бұрап, лақтырып жiбepдi де, бip қышқырып, зытып отырды. Бураның кеуде сүйегінің быт-шыты шықты. Езуінен қанды көбік ағып, бipaзғa дейін тырбаңдап жатты. Бұдан соң аяғын қатты бip cepпіп, жан тәсілім бepдi.
Қимылсыз қара көзден жып-жылы жас, таза әpi күнәсіз жас ағып жатты».
Қатыгез заманның қасіретін терең ceзінген Ор аға қарабура сияқты өзi де өмірден ерте озды.
«Елім» деп соққан жүрегі осындай ауыртпалықтарды көтере алмады ма, кім білсін?!
Сағынғанда Алтайдың қия, шыңын,
Сағынғанда гүлдерін жырасының.
Парақтар ем өзіңді, сырласушы ем,
Іздегендей ішінен шын асылын.
Шолақ дүние шорт сынып тарылғасын,
Білгендеймін жауынның арылмасын.
Құлазып тұр құба жон Шәңгіштайың,
Жоғалтқанын таппай жүр қарындасың.
Зайра Қалиасқарқызы, ақын,
Майемер ауылының тумасы
 
Дереккөз: Арайлы Катонқарағай. - 2025. - 11 шілде. - Б. 4 
 
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений