Биыл жерлес ақын, ұлағатты ұстаз, Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының Құpметтi азаматы Төлеген Рақымжанұлының дүниеден озғанына 15 жыл толып отыр. Алтайдың арда ұлдарының бipi марқұм Төлеген ағамыз көзі тipi болса, биыл 87 жасқа толар eдi.Саналы ғұмырын білім беру iciнe арнаған ұлағатты ұстаз туа біткен ақын еді. Қазақтың ұлы қаламгері Мұхтар Әуезовтің сүйікті шәкіртінің бipi болған ол бар өмірін балаларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге арнады. Ұстаздық жол- да жүре ақындықты да өмірінe cepiк етіп, артында шығармашылық шалқар мұрасын қалдырды.Төлеген Рақымжанұлы 1938 жылы 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылында дүниеге келген. 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.1961 жылы Катонқарағай марал совхозындағы (қазіргі Ақмарал ауылы) аралас тілді орталау мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы болып жұмысқа орналасқан. 1962 жылы Еңбек сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушici, 1972 жылы осы мектептің директоры, 1978-1985 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет icтеген. 1985 жылы қайтадан директорлыққа бекітіліп, 2000 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Ақынның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып тұрды. 1999 жылы Алматыдан шыққан «Ағажай, Алтайдай жер қайда?!» жинағына көптеген өлеңдері енген. 2002 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Туған жер, сені жырлаймын», «Буырқанған бұқтырма» (2004), «Асылдарым» (2007), «Қаратай елінің ақындары» атты жинақтары жарық көрген.1998 жылы Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Құрмет грамота- сымен, 2000 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Төлеген Рақымжанұлы – өмірінің соңына дейін ұстаздық ете жүріп, өмірін өлеңмен өрнектеп өткен жан. Кіндік қаны тамған топырағында шәкірт тәрбиелеп, жұртының қалаулысы, Қаратай елінің қадірменді шежіре қарты, қабырғалы жампоз ақыны атанды. Оның әр жылдары жарық көрген «Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Туған жер, сені жырлаймын», «Буырқанған Бұқтырма», «Асылдарым» «Өлеңімнің өзегі – өр Алтайым» атты өлеңдер жинақтары қалың оқырман қауымға кеңінен таныс.
Төлеген Рақымжанұлы
Жарияланбаған жырлардан
Мен - Абай бола алмаспын:
Бұл – асылық;
Жібергенімді-ай cөзiмдi тым асырып.
Айтайын деп айтады деймісіңдер,
Ойымнан тұрар бұрын тіл асығып.
Және Сұлтанмахмұт та бола алмаспын,
Ойланатын күмілжіп соған бастың.
Өзімді осы жолда сынап көріп,
Жоғалмаспын, жоғалсам оралмаспын.
Сәкен болу қайда?! Оған жарамаспын.
Қамын күйттеп жүргенде қара бастың.
Базарлы дыр-думанға өмip атты,
Құдіретімен өлеңнің араластым.
Қасым болу тіптi де қолдан келмес,
Бақыт сыйлап, бұл тағдыр
сордан бермес.
Ұлылыққа бас иіп өтсем-дағы,
Ең абзалы өзіңмен болған дербес.
Төлеген боп қалармын: ол-дағы сын:
Өр Алтайдан тарайды зор дабысым.
Тіршілік диссертациясын жазып келем,
Төлеген дейтін атағымды қорғау үшін.
* * *
Бар мінім – бойымдағы шашау мінім;
Термеймін бәрін жинап қашанғының.
Көшеден сылдыр өсек жинамаймын,
Жайқалтып жан-дүниемнің ашам гүлін.
Бар мінім – бойымдағы шашау мінім,
Ол – менің бас білмейтін асаулығым.
Ол – менің аңқаулығым, аңғалдығым,
Ол – менің осы өмірге масаңдығым.
Ол – менің батыл, әpi нашарлығым,
Жиналсам, жау алмайтын жасаулы күн.
Keшірек сезедi ылғи, аңғал басым,
Қастықтың қара қайыс қасаңдығын.
Бар мінім – жұмсақтығым,
босаңдығым,
Ол – менің дұшпандыққа тосаңдығым.
Oл – менің өжеттігім, өткірлігім,
Oл – менің қапы соғар осалдығым.
Көп менің бұған тағы қосар мінім,
Беделін түсірмейтін дос алдының.
Үстімнен берекесіз арыз түciп,
Барады бастан асып ошарлы күн.
Бар мінім бойымдағы ерек мінім,
Қазбаймын доңыз болып терек түбін.
Жосылып өсек қардай бораса да,
Білемін тек шындықтың керектігін.
Керуендей өсек көшіп, үні бар сын,
Ит үрсін, өсектемей бiліп үрсін.
Шындық пен достық мәңгі жасай берер,
Доссыз өмip сүргеннің күні құрсын!
* * *
Бейнеттің көрем зейнетін,
Тәңірім, маған бер он жыл.
Ентелеп жетер кейде тым
Еркелеп шекер өлең-жыр.
Меңдетіп алған дертпенен
Кемпірім баяу әрең жүр.
Кетеміз атпен ерттеген
Оған да қиып бер он жыл.
Он жылда төрт ұл үйленіп,
Немере сүйіп кететін.
Көрге де сонсоң үйреніп,
Асығып тұрса, жететін.
* * *
Талап қылып жаза алдым ба
ойлы өлең,
Талант болып тудырдым ба дүрбелең?!
Ызғар шақтан, мұздар шақтан
өтсем 6ip,
Көктемеде қалар едім бүрлеген.
Жазсам деуші ем бас шұлғыған
ойлы өлең,
Адам біткен тек сол жайлы сөйлеген.
Серпілейін көктемеге жетіп ап,
Құрысынан жазылар ма бой-денем?
Арманымдай болсын деймін
отты өлең,
Алтайымдай өрге қарай көктеген.
Маңдайыма қонған бақыт сол болар:
Көктемеден шыға алмасам көппенен.
Тізе берсем айтатындар көп менде,
Тұтқиылдан ақын болған от-кеуде.
Тәуекелмен жоғалады өкініш:
Тұрақтанып қалып қойсам көктемде.
Қыркүйек, 1985 жыл
Оңқай оралымдар
Отырса, опырып жейді;
Жайса, жапырып жейдi;
Тұрса, бақайшығына дейін кетеді.
Өзгеден ұялғаннан өзіңнен ұялған қиын.
– Бұл – табиғаттың айласы:
Бала – жанұяның айнасы.
Сұмдығын сұлулықпен көмкерген.
Арамшөптің алқабы ауладан басталар.
Айқайлап әкім болса болар, ақын болмас.
Баланың қабілетi ата-ананың әділетіне байланысты.
Бipey қызығып сөйлеп құтылады,
Бipey қызынып сөйлеп тұтылады.
Көп күлген – көңілдің соры, тозады,
Өткірлер – өмірдің шоғы, озады.
Әркім-ақ қызықтайды ой тереңін;
Тұңғиығына батырса қайтер едің?!
Күлкі – көңілдің патшасы, өмірдің шипасы.
Ешкім өтірік айтайын демейдi,
Ауызға сөз түседi.
Біреудің өткірлігіне бергісіз өтімділігің бар.
Ұсыныс жасау оңай ғой, бірақ тұщымды пікip айту керек.
Жаяудың шаңы шыққанша, жалғыздың жаны шығар.
Ұрының сумақы аты бар.
Ұрының көзi сұғанақ, қолы сумақы.
Жарыста өзің болдырма,
Жолдастарыңды да жүлдеден
қалдырма.
Жібектей сөз жүрекке жұғымды.
Жалғызбын деме, жарың бар,
Жарлымын деме, жаның бар.
Бipeyдi шындық шырқыратып
шырылдатады,
Бipeyдi өсек өрлетіп өсіреді.
Атаңда алты аласың болса да,
Балаңа бес бересің барын ұмытпа.
Машина мінген мұрат емес,
Жаяу жүрген ұят емес.
Ұстаз да үйретушіге мұқтаж.
Көңілі өскеннің нәпcici ашылар,
Желігі өшкеннің апшысы қуырылар.
Жасырып жүріп, жан сақтағанша,
Ашығып жүріп, ар сақта.
Ақымақ бас атпал аяқты суға да түсіредi,
Отқа да күйдіреді.
Дереккөз: Арайлы Катонқарағай. - 2025. - 4 шілде. - Б. 4