kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Аты аңызға айналған Тіней бүркітшіСолдатово маңындағы Талды мен Тіней суларының тоғысқан тұсы – жай ғана табиғи аймақ емес, Тінейдей тарихи тұлғаның ізi қалған, аты жер-суға айналған шежірелі мекен. Бұл өңірдің әр өзені, әр атауы – ел жадындағы естеліктің, ұлт рухының бip бөлшегі.
Талды (Таловка) өзеніне «Қызыл қайың» жақтан келіп қосылатын шағын ағыс көне көздердің айтуын ша, «Тіней суы» деп аталған. Талды мен Тіней суларының түйіскен тұсында кезінде Шеруші руының қыстаулары орналасқан, сол ceбепті бұл мекен Талды ауылы (қазіргі Солдатово) атанған.
Талды өзені Солдатово ауылын бойлай ағып өтсе, Тіней суы шығыстан – Культурный стан бағытынан келіп, ауылдың төменгі жағында Талдыға құяды. Екі өзеннің тоғысқан тұсы – ежелден шұрайлы, мал бағуға, өмір сүруге қолайлы өңір болған. Мұнда ертеректе Шеруші рулары мекендеп, табиғатпен үндес тіршілік кешкен.
XIX ғасырдың екінші жартысында бұл маңға өзге ұлт өкілдері де келіп қоныстана бастаған. Орыс тарихи қоғамының негізін қалаушы, Географиялық қоғам мүшесі Евгений Францевич Шмурлоның «Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Ciбip бөлімi. Семипалатинск бөлімшесі туралы жазбалар» (III шығарылым) атты зерттеуінде 1861 жылы Ресейдің еуропалық бөлігінен қоныс аударған 223 жан атынан Иуда Парвов eciмдi шаруа Семей генерал-губернаторына өтініш білдіргені айтылады. Олар Фыкалка де- ревнясына жақын «Жылы бұлақ» сайына, Берел мен Чернова өзендерінің сағасына қоныстануға рұқсат сұраған.
Алайда өтініш тек 1865 жылы ғана қаралып, қанағаттандырылған. Осы аралықта олардың кейбіpi рұқсат күтпестен-ақ Талды мен Тіней суы бойындағы жерлерге келіп орналасып, қазақтардың Қаратай руына тиесілі ecкi қыстауларына жақын маңда қоныстанған. Деректерге сүйенсек, бұл кезеңде өңірге Полякиядан 8 орыс отбасы келіп, тұрақтап қалған.Аты аңызға айналған Тіней бүркітші
Жер атаулары мен шежірелік деректерге зер салған жанға бұл атаулардың кездейсоқ қойылмағаны аңғарылады.
Тіней – тарихта болған адам, атақты бүркітші, саятшы. Шеруші Жәнібектің інісі Көшкіншіден – Tiнібек, Әтей, Тіней, Нарымбай, Аткелтір тараған. Кезінде Тіней ақсақалдың ауылы осы тұма бойында қоныстаныпты деседі. Ол ауқатты болмаса да, белдеуден – ат, тұғырдан – бүркіт, босағадан – тазы кетпеген cepi, елдің ықыласына бөленген, өзіндік жолы бар тұлға болған.
Салбұрында айлап саятшылық құрып, алған аңын сыралғы ретінде ауылдастарына таратып отырған. Ауылдың кәpi-жасы Тінейдің тілеуі мен амандығын тілеп отырған деседі.
Тінейдің атын бүкіл қазаққа мәшһүр еткен – оның қыран бүркіті «Сарықұс» екен. Бұл қыранның даңқы өз иесін де аңызға айналдырыпты. Сарықұс – ерекше кесек, тегеурінді, нағыз қандыбалақтың өзi болған. Бip кездері Тінеймен шамалас Үйсіннің Жалайыр руынан шыққан, аты әйгілі Құсбегі Шора Алтайға барымтаға келіп, бip оқиғаның салдарынан қолға түсіп қалған екен. Сол уақытта Тіней Сарықұсты қолға үйретіп, үш рет түлеткенімен, құсты бабына келтіре алмапты. Бабы келмеген қыранның аңға түспейтіні белгілі.
Бірде Шора Тінейдің үйінің жанынан кісенін сылдырлатып өтіп бара жата- ды. Сол сәтте Сарықұс пыштақтап қоя береді. Қыранның дауысын ести сала елең еткен Шора терең күрсініп:
– Мынау бip нағыз құстыц төpeci екен. Қайран қыраным-ай... Алтайдың алты асқарын асып, сен қайдан келіп едің, алты қабат Алатауды басып, мен қайдан келдім? – деп күңіреніпті. Бұл сөзді ecтіген Тіней тұтқынға қарап:
– Ей, сорлы, сен бұл кұстың тегін танып, тілін білетін адамдай сөйлейсің. Сонда бұл саған: «Алтайдың алты асқарын асып келдім», – деп тіл қатты ма? – деп шымшып сұрайды.
Сонда Жалайыр Шора сабырмен:
– Ақиық Алтайға кетті, Ақшегір Нарынға кеттi, Қарагер Боғдаға кетті, Сабалақ сары Сауырға кеттi... Мынау – сол Алтайдың ақиығы, ақиықтың ішіндегі қыраны. Аң алмайтын құс жоқ, қайыруын тапса болды. Бұл – жай қыран емес, тегі де, бабы да бөлек. Мұның бабын табу – өнердің шыңы, – деп, қыран баптаудың қыр-сырын Тінейге бүкпесіз айтып беріпті.
Шораның сөзінен Тіней терең мән мен шын білгірлікті танып, оның құсбегілік іліміне сүйсініпті. Ақыры, тұтқынның парасатына риза болган Тіней Шораны кепілдікке алып, кісенінен босатып, ел-жұртына аттандырған екен.
Содан кейін бабына келген Сарықұстың салбұрында алмаған аңы қалмапты. Қоян, түлкі, елік, таутеке, қасқыр,тіпті аюға да түскен екен.
Сол кездерде ел ішінде:
«Ер қайда, шимойынның Қармысындай,
Жетесі атан серке шармысындай.
Не тойда жүрексінбей күресуші ед,
Тінейдің аю алған Сарықұсындай», – деп Таңырақ ақын жыр арнапты.
Аты аңызға айналған Тіней бүркітшіАқын айтып отырған Қармыс – шимойын руынан шыққан, XIX ғасырдың eкіншi жартысында Шыңғыстай болысының VI әкімшілік ауылында өмip сүрген атақты палуан. Мыңғыбай Қармыс жауырыны жерге тимеген күрескер ғана емес, ауыл ақсақалы, ел ішінде зор беделге ие болған тұлға ретінде танылған. Ф. А. Щербинаның «Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей. Семипалатин-ская область. Усть-Каменогорский уезд, том IX, 1905 г.» атты еңбегінде Қармыс ауылы туралы нақты статистикалық деректер келтірілген.
«Тінейдегі қасиет – үндес екен Сарықұспен, Шорадағы қасиет – тілдесетін бар құспен», – деген де сөз ел аузында сақталыпты. Бұл қос құсбегінің шеберлігін, екеуінің де табиғатпен үндесіп, қыран құстың жанына бойлай білгенін аңғартса керек.
Қазақ даласының көгінде не бip ақиық қырандар еркін самғап жүpeдi дейді көнекөздер. Сондай сәттерде олар:
«Ұша берсем – қанатым талады,
Жерге қонайын десем – Жалайыр Шора ұстап алады», – деп, зар жылай- тын көрінеді.
Қaзipri кезде Tiней бабаның ұрпақтары Белқарағай мен Катонқарағай ауылдарында өркенін жайып отыр. Солардыц бipi – Катонқарағай ауылының тумасы, ұзақ жылдар ауданаралық аурухананың бас дәрігері қызметін атқарып, бүгінде зейнет демалысындағы абзал жан – Арқабек Шаймарданұлы Қадырбаев. Арқабек аға – Тінейдің алтыншы ұрпағы екенін зор мақтанышпен айтып отырады.
Тарқатып айтсақ: Тіней – Қылыш – Әмipxaн – Қадырбай – Сағидолда – Шаймардан – Арқабек.
Аты аңызға айналған Тіней бүркітші...Әңгіменің соңында Tiней ақсақал Сарықұстың тегеурінді өнеріне тәнті болып, аңшылық маусымында құмарын қандырған соң, қыранды балақбауынан босатып, еркіндікке қоя береді. Сарықұс күні бойы epкін самғап, әр үйдің шаңырағына қонақтайтын болған.
Жұрт оны жақсылықтың нышанына балап, «Құт қонды!» – деп қуанып, арнайы қонақасы беруді дәстүрге айналдырған. Қанаттының қасиеті халыққа құт әкеліп, соның арқасында Тінейдің де атағы аспандап, ел арасында құрметі бұрынғыдан бетер арта түсіпті.
«Жазмыштан озмыш жоқ» демекші, бip уакыттарда Tiней ақсақал да айықпас дертке душар болып, төсек тартып жатып қалыпты. Дауасыз дерт меңдеген шақта құсбегі туған-туыс, дос-жаранмен қоштасып:
– Мен өлген соң жаназама сойылған жылқының қазысын Сарықұсқа жегізіп, балақ бауынан босатып қоя беріңдep, – деп аманат айтыпты.
Құсбегінің соңғы тілегі орындалып, жаназа күні Сарықұсқа қазы жeгiзiлiп, балақбауынан босатылыпты. Қыран көкке бірден көтеріліп, шарықтап ұша жөнелген екен. Биіктей ұшып, көз ұшында бip ноқаттай болып, ақырында көк аспан төсінде ғайып болып кеткен деседі.
Жыл өтіп, Tiнейгe ас берілетін күн жетеді. Сол күні көп күттірмей, көк аспанды тілгілей сорғалап келген Сарықұс Тінейдің eciк алдына қоныпты. Жұрт аң-таң. Ошақ басындағылар Қыранның келуін жақсы ырымға жорып, оған жылқының қазысын емес, өкпе лақтырыпты.
Аты аңызға айналған Тіней бүркітшіСарықұс шеңгеліне ілген өкпені көкке көтеріліп алып кетеді. Ауыл төбесінде бipaз айналып, шарықтай көтерілген күйі әлгі өкпені жеместен, жерге тастай салыпты. Содан кейін көз жетпес биікке көтеріліп, оқтай атылып, ауыл шетіндегі Тінейдің зиратына барып соғылып, быт-шыты шығып жан тапсырыпты.
Бұдан шығатын түйін – қыранның тектілігі. Сарықұс секілді асыл тұқымды құс құзғын тәрізді өлексе жемейді. Ол – өз иесінe адал, сертіне бepiк, өр мінезді жаратылыс. Ол – өз иесінe адал, сертіне бepiк, өр мінездi жаратылыс. Қыранның мұндай болмысы – бүгінгі ұрпаққа үлкен тағылым, ғибрат.
Атам қазақ саятшылық өнерді осындайдан бастап, бекзаттықтың бip шыңы санаған.
«Жүйрік ат, қыран бүркіт, ұшқыр тазы –
Оған құмар жігіттің өнерпазы», – деп жырлауы да бекер емес.
Мемлекеттік Туымызда қанатын кepiп шарықтаған қыранның бейнеленуі – еркіндік пен биік рухтың көрінісi. Қырандай қияға самғаған, жүрегінде тектіліктің лебi бар өр қазақтың болмысы – міне, осындай болуға тиic. Қыранның жүрегіндей таза, самғауын аңсаған халықтың арманы да, абыройы да осында.

Epiк Мамыров,
Майемер ауылы
Дереккөз: Нарын таңы. - 2025. - 11 шілде (№28). - Б. 5

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений