2012 ж. еске алынатын күндер күнтізбесінің тұсаукесері жасалды. Қатысушыларды бұл күнтізбемен А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының бас библиографы – З.М. Слямова (Өскемен қ.) мен Абай атындағы ШҚ облыстық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі (Семей қ.) – Г.Т. Мағауина таныстырды.
Барлық қатысушылар саны – 12 адамды құрады. Өз жұмыстарын тәжірибелі және ғылыми жұмысын жаңадан бастаған өлкетанушылар ұсынды. Олардың қатарында: ШҚ облыстық мемлекеттік мұрағаты, ШҚ тарихи-өлкетану мұражайы, ШҚ сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы, Абай атындағы ШҚ облыстық кітапханасы, ШҚ облыстық балалар кітапханасы, аудандық кітапханалардың ОКЖ қызметкерлері болды.
Баяндамалар тақырыбы: Кеңес Одағының Батыры Ізғұтты Айтықовтың 90 жылдығы, әйгілі саяхатшы, ғалым, зерттеуші П. П. Семенов-Тян-Шанскийдің 185 жылдығы, Шығыс Қазақстан облысы негізінің қалануына - 80 жыл (1932), Бесқарағай ауданы Башкөл ауылының негізі қалануына – 175 жыл, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, өнер қайраткері, ақын Н.Баймұратовтың 125 жылдығы, жазушы Г.Д.Гребенщиковтың 130 жылдығы, ақын М.И.Чистяковтың 95 жылдығына арналды.
«Әртүрлі ...» бөлімінде ШҚ мұражай-қорығының орыс этнографиясы бөлімінің маманы - Р.Ю.Нечаевтің баяндамасы тыңдалды. Оның тақырыбы - «ШҚ сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының үтіктер топтамасы».
Конференцияға қатысушылардың барлығы дерлік өз баяндамалары барысында· слайд, фильм, мұражай экспонаттарын пайдаланды.
Жұмыс қорытындысы бойынша мақалалар жинағы·құрастырылып (электронды нұсқасы), барлық қалаушыларға табыс етіледі. Авторлық құқықты ескере отырып, мақала мәтіні А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы веб-сайтының «Автор рұқсат етеді» айдарына орналастырылады.
Фоторепортаж