БҰҰ Бас Ассамблеясы «Халықаралық Наурыз мерекесі» қарарын бірауыздан қабылдап, 21-інші наурыз күнін әлемдік мереке ретінде белгілеген болатын. Әз-Наурыз алғаш рет бір ұлттың немесе мәдениеттің мерекесі ретінде ғана емес, бүкіл адамзат мұрасының құрамдас бір бөлігі ретінде аталып өтуде.
17 наурыз А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Наурыз –түркі әлемі халықтарының мерекесі» атты кездесу өткізілді...
Ерекше безендірілген кітапхана фойесінде ұйымдастырылған «Наурызым- жүректерге нұр сепкен» атты кітап көрмесі биылғы түркі әлеміндегі· наурыздың· ерекше сән-салтанатын айшықтап – ақ тұр. Наурыз сөзі «наусарсыз», «нардуғаш», «наусарджи», «су мейрамы» деген түркі тілдерінде жазылып ілінген.
Кітапхана қызметкерлері Наурыз тарихына, әр халықтың ұлттық тағамдарына тоқталып, кітапхана ресурстарына саяхат· жасады.· Қазақтың «наурыз көжесі» сияқты· азербайжан халқының бидай өскіндері, түріктердің «сүмелегі» мен боялған жұмыртқасы, әртүрлі дән дақылдары т.б. наурыз дастарханына қойылатын ас мәзірінің жасалу жолдарын айтып өтті.·
Халықтар достығы үйінен келген қонақтар-азербайжан, татар, өзбек ұлт өкілдері·· өз ұлтының· ерекшелігіне қарай,· наурызды тойлау дәстүрлеріне тоқтала отырып,· мерекелік шашуын ұсынды, өз тілдерінде тілек айтты.·
Қаламыздығы әскери бөлімнен келген қонақтар да құралақан емес, өз қонақкәдесін ала келіп, көрермендерді тәтті әнге бөледі.
«Қайта оралған өрнектер» атты қолөнер көрмесіндегі ұмыт бола бастаған қолөнер бұйымдары жұртшылық назарына ұсынды. Көрмеге қойылған жәдігерлердің көбі Өскеменнің іргесінен қоныс тепкен «Шығыс» кентінің тұрғындарынан алынды. Қадиша Лақай, Гүлнұр Зұлқаршын, Сайрангүл· т.б. қолынан шыққан тұскиіз, көрпешенің өрнектері тамаша-ақ.· Ал Бақытбек Қабидолданың отбасы берген кестеленген жылқының суреті, шынтақ жастықтардың ою- өрнектері мен бояулары анадайдан көз тартады. Көненің көзіндей ұлттық дәстүрді дамытушылар қатондық Күлжазиға Әбішқызы мен марқакөлдік Мәрзия Оралханқызының кестелері көрмені одан әрі толықтыра түсті.
Жиналған жұрт сағынышқа толы сыбызғы сарынымен, қобыздың мұңлы әуенімен жұртшылықты ұйытқан· сегіз қырлы бір сырлы Әмәлият Боқастың талантына тәнті болды. Әр халықтың тілінде ән салған кішкентай Ақерке Әмәлият қа жұршылық ақжол тіледі. Ұлыстың ұлы күні –наурыз мерекесі көрермендер көңілінен шығып, жиналған жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтып, жылылықпен қауышып жатты. Қонақтарғы жаңа жылдық шашу ретінде кітаптар таратылып, кеш соңы қаражорға биіне ұласты.·
·
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |