5 қараша сағ. 15.00 - де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхананың Мәжіліс-залында «Қазақстан – бейбітшілік елі» атты фильмнің тұсаукесері өтті. Деректі фильмде Семей ядролық полигонының 1947 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихына шолу жасалады. Мұнда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанды ядросыз мемлекетке айналдырудағы шешуші рөлі көрініс тапқан.
XX ғ. аяғында, уақыттан оза шауып,
Ядролық қаруды өз еркімізбен тастап,
Біз XX I- ғасырдың қандай болуы керектігін көрсеттік .
Н.Ә. Назарбаев
Фильмнің авторы – «Полигон-29 тамыз» халықаралық қоғамдық қоры кеңесінің Төрағасы, Семей аймағы бойынша мекемеаралық басқару комиссиясының мүшесі, әке жолын жалғастырушы Нұрлан Бозтаев. Фильмді көрсетуші Қор төрағасының кеңесшісі Иван Николаевич Половинкин.
«Полигон-29 тамыз» қоры 1996 жылы Қазақстанның көрнекті қоғам қайраткері Кешірім Бозтаевтың басшылығымен құрылды. Ол - алғашқылардың бірі болып ядролық сынақты тоқтатуға ат салысып, бірнеше жылдар бойы Семей ядролық полигонын жабу саясатын жүргізген, елінің нағыз патриоты.
Фильмді талқылауға Кешірім Бозтаевтың пікірлестері, жергілікті ақын-жазушылар, педагогикалық қауым, студенттер мен БАҚ шақырылды. Кездесу соңында барлық баспасөз өкілдеріне қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі фильмнің дисктері табыс етілді.
Марина Максимова