kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

  «Туған өлке –тұнған тарих»
Осы жылы қандай мерейтойлар аталып өтіледі? Шығыс Қазақстан өңіріне өшпес із қалдырған – қандай жазушы, музыкант, зерттеуші жерлестеріміздің есімдерін еске алып, атап өтеміз?  Осы тақырыптар жайында 28 қаңтар сағ. 16.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада өткен жыл сайынғы кездесуде айтылды.
2010 жылы аталып өтілетін басты мерейтой – Ұлы Жеңістің 65 жылдығы.
Жерлестеріміздің  жауға қарсы майдан мен тылдағы ерліктері, жеңіс үшін табанды күрестері 65 жыл бойы еш ұмыт болған емес. 109 шығыс қазақстандықтар Совет Одағының Батыры жоғары атағына, 24 адам - Даңқ орденінің иегері атанды. Бүгінгі күні облысымызда 2300-ден астам соғыс ардагерлері бар. Соғыс ауыртпашылықтарын өз мойындарымен көтерген бұл адамдар – еліміздің мақтанышы.
Келер ұрпақ өздеріңе арнадым...
Көп іздендім, өлке өмірін шарладым,
Бабалардың ойлы сөзін қармадым.
Ардақтылар есімдерін ұлықтап,
Келер ұрпақ өздеріңе арнадым.
                                      Қ. Алтыбаев.

Отан... Атамекен... Атажұрт...Тарих...  Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар.    Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды. Туған өлке тарихын әспеттеп, келер ұрпаққа жеткізу аға ұрпақтың қасиетті парызының бірі.
Қаңтардың қақаған аязында А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана өз оқырмандарымен жылы шырайда жүздесті.
Дәстүрлі “Туған өлке –тұнған тарих”өлкетану кездесуі 2010 жылы шығыс өңірінде аталып өтілетін айтулы күндерге арналды. Өлкеміздің тарихын тағы да бір шолып, естеліктер айтуға тарихшылар, мұғалімдер, студенттер, мұрағат, мұражай қызметкерлері жиналды.
Қазыналы өлкемізде салынған алғашқы зауыт, жаңа тарихи құжаттар орталығының, облыстық мемлекеттік мұрағаттың құрылуы, баспасөз тарихы туралы мұрағат қызметкері  И.В. Дурново келелі әңгіме қозғады.
2010 жылы атақты саяхатшы, географ, этнограф, өлке зертеушісі Григорий Потаниннің туғанына 175 жыл толмақ. Ал Орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімшесінің мүшесі, өлкетанушы-ғалым Хахловтар династиясының негізін қалаған Андрей Степанович Хахловтың туғанына 165 жыл толады.  Оның ұлы белгілі орнитолог, зоолог, Зайсан қазаншұңқырын зерттеуші Виталий Андреевич Хахловтың 120 жылдық мерейтойын ғылыми қоғам атап өтуде.
     Еліміздің мәдениеті мен ғылымының дамуына үлес қосқан ғалым-лингивист А. Ысқақов,  эколог-ғалым М.С. Панин,  әдебиеттанушы Р. Нұрғалиев, белгілі абайтанушы, профессор Е. И. Григорьев сияқты танымал жерлестеріміз - өлке мақтаныштары.
 Ұлы Абай бастаған бір топ ақын-жазушылар - П Васильев, С. Бегалин, А. Егеубаев, Е. Курдаков, Р. Нурғалиев, биылғы жылдың мерейтой иелері. 
 Ұстаз, этнограф - тіл білімі, абайтану, этнография, тарих, педагогика тақырыбына жазылған 200-ден астам басылым  авторы, Қазақ КСРО-ның еңбегі сіңген ұстазы С. Қасиманов ұмыт қалып бара жатқан тұлға. Ардагер ұстаздың есімін жаңғыртып, өлке тарихына қосқан үлесі туралы тың деректер оқырмандар назарына ұсынылды.
  ХХ ғасырда күркіреп өткен алапат қырғын соғыстағы Ұлы Жеңістің 65 жылдық мерекесіне орай М. Қайырбаев, И. Ландышев, П. Кольцов сынды шығысқазақстандық батырлар  есімі құрметпен еске алынып, ерлік істері баяндалды.  
  Қос өзеннің сағасында 1720 жылы іргетасы қаланған сүйікті қаламыз Өскеменнің 290 жылдық мерейтойы жақындап келеді.  Қала тарихынан сыр шертетін сирек кездесетін фотосуреттер, мұрағаттық құжаттар мен кітаптар, танымдық слайдтар, деректі  фильмдер  көпшілік назарына ұсынылды
  Даласы дархан, топырағы қасиетті, қойнауы қазыналы Шығыс өңірінің танымал      тұлғалары мен айтулы күндеріне арналған кітап көрмесі мен электронды ресурстар кездесудің шырайын ашып, көпшілік көңілінен шықты.


                                                                                                                                                                                                                                                                                        З. Слямова

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений