kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Таяуда Орталық коммуникация қызметі алаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов аймақтың даму қарқыны жайлы баяндама оқыды. Өңірде қандай жобалар атқарылып, қай салаларда өзгеріс болып жатқанына көз жүгірттік.

Ең алдымен, аймақтың экономикалық көрсеткіштері сөз болды. Әсіресе, халықтың тұрмысын жақсарту бағытында атқарылған іс көп. Мәселен, облыста өнеркәсіп өндірісі – 129%, инвестициялар – 117%, құрылыс – 116%, ауыл шаруашылығы 115% өсім көрсеткен. Жеке кірістер көлемі де 113%-ға ұлғайып, 195 млрд теңгеге жетті. Сондай-ақ 23 мың жұмыс орны ашылған. Қазір өңірдегі жұмыссыздық көрсеткіші орташа республикалық деңгеймен тең (4,6%). Орташа жалақы биыл 9,5%-ға өсіп, 403 мың теңге болыпты. Жыл соңына дейін облыстың жалпы өңірлік өнімі 102%-ға артып, 5,5 трлн теңгеге жетеді деп күтіліп отыр. Шығыс Қазақстан облысы

Аймақ басшысы Президент тапсырмасы бойынша облыстың жаңа инвестициялық контуры қалыптасып жатқанын жеткізді. Портфельде жалпы құны бір трлн теңгеден асатын 81 инвестициялық жоба бар. Оның ішінде, 64 жоба – белсенді іске асырылу кезеңінде. Биыл 15 жобаны 55 млрд теңгеге іске қосу жоспарлануда, бұл 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығының ауқымы кеңеймек

Биыл аймақтың аграрлық секторы тұрақты өсім көрсетуде. Ас­тық өнімі – 101,5%-ға, майлы дақылдар 107%-ға артқан. Қайта өңделген экспорттық өнім үлесі 66%-дан 71%-ға дейін өсті.

Цифрлық жүйені пайдалану арқылы егістік жерлердің 40%-ы өнімділікті гектарына 30 центнерге дейін арттырады. Агрөөнеркәсіп кешенінде сыртқы ынтымақтастықты нығайту мақсатымен Қытай, Ресей және Өзбекстанмен өзара іс-қимыл жолға қойылған.

Қазір өңір балық шаруашылығында да өңір көш бастап тұр. Биыл 2,5 мың тонна балық өндірілмек. Балық өсіру ісі де 2,5 есеге ұлғайды. Сібір бекіресін қалпына келтіру үшін Қара Ертіске 61 мыңнан астам балық шабағы жіберіліпті.

Шағын және орта бизнес 152 мың шығысқазақстандықты жұмыспен қамтып отыр. Биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсіпкерлікті қолдауға 92 млрд теңге бөлінді.

Туризм саласының табысы мол

Туризм де өңір экономикасының өсіміндегі негізгі бағыттардың бірі болып келеді. Қыстың ерте түсуі және қардың көп болуы өңірде тау шаңғысы саласын дамытуға жағдай жасайды. Риддердің маңында жыл бойы жұмыс істейтін «Анатау» кешенін салуды жоспарланған. Ол тау туризмі мен спортшыларды даярлау орталығына айналады. Халықаралық Pana Asia қонақүй компаниясы халықаралық стандарттарға толық сай келетін заманауи қонақүйлер салатын болады.

Онкология және хирургия орталығының базасында медициналық туризм белсенді дамып келеді, онда ЧЕК-АП қызметтері ұсынылады. Кореяда 5-10 мың доллар тұратын бұл қызмет Өскеменде 500 долларға жасалмақ.

Туристерді тартуға AltaiFest, этномәдени фестиваль «Шығыс Салбұрыны–2025» секілді имидждік жобалар ықпал етеді. Биыл бұл іс-шараға Қазақстан, Ресей, Қытай, Испания, Венгрия, Моңғолия және Қырғызстаннан 148 бүркітші қатысты. 10 мыңнан астам көрермен жиналды.

Автожол желісін дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Биыл аймақта 98 млрд теңгеге 856 шақырым автожол жөнделді. Облыс орталығының көлік инфрақұрылымын кешенді дамыту үшін екі жолайрық салынуда, олар кептелістерді азайтып, жол желісінің өткізу қабілетін арттырады.

Сонымен қатар Өскеменде екі көпір салынады. Бұл көлік байланысын және транзиттік әлеуетті жақсартады. Келесі жылдан бастап Уба өзені арқылы өтетін, Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы бағытының бір бөлігі болып саналатын апатты көпірді реконструкциялау басталады.

Әлеуметтік саланың адымы

Биыл Шығыс Қазақстан облы­сында 380 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда, оның ішінде 29 көп қабатты үйден тұратын 2,3 мың пәтер, «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 350 пәтер салынбақ.

Президенттің халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы орындалуда: жыл соңына дейін 8 жаңа нысан іске қосылып, тағы 4 мыңнан астам адам сумен қамтамасыз етіледі.

Жүргізілген жөндеу жұмыстарының арқасында Риддер ЖЭО-сы «қауіптің қызыл аймағынан» шығарылды. Жабдықтың тозу деңгейін 3%-ға (46%-дан 43%-ға), ал жылу желілерінің тозуын 8%-ға (67%-дан 59%-ға) төмендетуге мүмкіндік берді.

Халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша да жүйелі жұмыс жалғасуда. Қазір халықтың 97%-ы интернетке қол жеткізген. Биыл тағы 56 ауыл қосылады, ал қалған 66 аз қоныстанған елді мекен республикалық Жол картасына сәйкес 2027 жылға дейін интернетпен қамтылады. Келесі жылы 22 антенна құрылғысын салу жоспарлануда.

Денсаулық сақтау саласында медициналық қызмет көрсету мен инфрақұрылымды жақсарту бойынша нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Ұлттық жоба аясында 36 ауылда медицина нысан құрылысы аяқталады. Ұлан ауданында бір ауысымда 150 адам қабылдайтын заманауи аудандық емхана ашылды. Риддерде аурухана кешенінің құрылысы аяқталуға жақын. Өскеменде Ана мен бала орталығы және Гематология орталығын біріктіретін заманға сай медициналық кластер құрылуда. Кейін оның құрамына 300 төсек-орындық көпсалалы аурухана кіретін болады.

Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары да жалғасуда. Биыл 118 маман оқытылды, оның ішінде 72 маман Түркия, Израиль, Германия, Қытай және басқа елдердің жетекші медициналық орталықтарында білім алды. Өңірдегі ғалымдар Ұлттық травматология және ортопедия орталығымен бірлесе отырып, импланттың алты түрін жасап шығарған. Омыртқа аралық кейдж және пластина орнату бойынша 137 ота жасалыпты. Қазақ онкология және радиология институтымен бірлесе отырып, онкологиялық ауруларды емдеуге арналған титан ұнтағынан имплантаттар шығарылған.

Экологияға да көңіл бөлініп отыр. Ауа сапасына экологиялық мониторинг жүргізу бағдарламасы аясында 25 бақылау бекеті желісін құру жобасы іске асуда. Алдағы уақытта бұл платформа кәсіпорындарда орнатылған тіркеу аспаптарын біріктіру арқылы кеңейтілмек.

Ірі кәсіпорындармен қолайсыз ауа райы жағдайында өзара бірлесіп әрекет ету туралы меморандумдарға қол қойылыпты. «Өскемен тынысы» қоршаған ортаны қорғау бюросы жұмыс істейді. Оның құрамына тәжірибелі эко­логтар, қоғам және мемлекеттік органдардың өкілдері кірген.

Қорыта айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы экономикалық өсім мен әлеуметтік саланың дамуына ерекше зер салып отырғаны байқалды. Бұл жобалар жүйелі түрде жалғаса берсе, тұрғындардың өмір сүру деңгейі де жақсаратыны даусыз.

М. ЖАЛҒАСҰЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылғандай, экономиканың құрылымын өзгерту және тұрақты дамуға бағытталған шараларды жүзеге асыру еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Тарбағатай ауданы

Тарбағатай ауданында кейінгі 3 жылда әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны үдей түсті. Іске асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауыл шаруашылығы саласы мен кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік салада жинақталған мәселелерді шешу. Бұл бастамаларға аудан әкімі Дархан Жөргекбаев ерекше көңіл бөліп отыр.

Білім сапасы бақылауда

2023-2024 жылдары ауданның Шеңгелді, Шолақорда, Тәуке ауылдарына жаңа мектептер салынып, қолданысқа берілген болса, биыл Сарыөлең ауылында жаңа мектептің құрылысы басталып, аяқталуға жақындады.

2025 жылы білім беру инфрақұрылымын жетілдіру, оқу процесінің сапасын арттыру және білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бағытында бірқатар нысандарда жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектебі Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саировтың қолдауымен, «Қазақстан халқына» қоры арқылы Назарбаев зияткер­лік мектебі базасында 250 млн тең­ге қаражатқа толықтай жабдықталды.

Нәтижесінде, оқу орындарының материалдық жағдайы жақсарып, оқушылар мен педагогтер үшін қолайлы білім беру ортасы қалыптасты. Тарбағатай ауданы бойынша жалпы білім сапасы артып, оқушылар облыстық, республикалық жарыстарда көптеп орын ала бастады. Мысалы, аудан оқушылары 2022-2023 оқу жылында облыстық кезеңде – 98, республикадан 10 жүлделі орын иеленсе, 2024-2025 оқу жылында облыстық кезеңде 284, республикадан 22 жүлделі орын алған.

Халық саулығы қадағаланады

2022-2024 жылдар аралығында ауданның 4 ауылында медициналық пункттер күрделі жөндеуден өтті. Ақжар ауылындағы аудандық аурухана ғимаратының ауызсу, кәріз және жылу жүйесі толықтай жаңаланды.

Аудан орталығындағы перзентхана бөлімі қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталып, күрделі жөндеу жүргізілді. Нәтижесінде, перзентхана бөлімшесі ІІ деңгейге өтті. Яғни, бұрын патологиясы бар әйелдер облыстық перинаталдық орталықта босанған болса, енді олар осы аудандық аурухананың перзентхана бөлімшесінде сәбиін өмірге әкеледі. Бұл аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызды.

Сонымен қатар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 9 ауылға медициналық пункттер салынып пайдалануға берілді.

2024 жылғы іске асқан ірі жобалардың бірі – аудандық ауруханаға 451,0 млн теңгеге компьютерлік томография аппараты алынды. Қазір халық игілігіне қызмет етіп тұр.

Аудандағы ең ірі елді мекен – Тұғыл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар Ақжар ауылындағы аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде жөндеу жұмыстары толықтай аяқталды. Нысан қазіргі санитарлық талаптарға сай жабдықталып, медициналық қызмет сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Қазір аудандық аурухананың емхана бөлімшесін күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. 300 млн теңгеден астам қаржыға сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жүйелері, 275,2 млн теңгеге мәйітхана мен алаңішілік желілерге күрделі жөндеу жасалады.

Аталған шаралар аудан тұрғындарына көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыруға, аурухана мен емхана инфрақұрылымын жаңартуға және қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Ауданда бұрын болмаған «Оңалту орталығы» ашылды. Жоба «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен жүзеге асырылды. Сонымен қатар «БАЛТНЕР ІІ-Ш 200 ПА» медициналық қалдықтарды дезинфекциялау және ұнтақтау жабдығы сатып алынды. Алдағы уақытта Қабанбай, Қарасу ауылдарының дәрігерлік амбулаториясын жаңадан салу жоспарлануда.

Қос салада қарқынды өсім бар

Тарбағатай спорттағы жеңістерімен де дараланады. Ағайынды Ералы және Дарын Әскербектер еркін күрестен, Айбол Слямбеков гір спортынан Қазақстанның атын әлемге әйгілі етті.

2023 жылы Маңырақ ауылының тумасы, меценат Бауыржан Қожахметов ауылына 300 млн теңгеге спорт кешенін салып, азаматтықтың биік үлгісін көрсетті.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Тұғыл ауылында 2024 жылы спорттық-сауықтыру кешені салынды. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында Ақжар ауылының орталық стадионын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, толықтай аяқталды. Қазір Ақжар ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Ауданда мәдениет пен өнер саласына қолдау көрсетіліп, ел руханиятына ауқымды көңіл бөлініп жатыр. 2022-2025 жылдары Жаңаа­уыл, Маңырақ, Жетіарал, Құйған, Жаңатілеу, Жаңаталап ауылындағы 6 мәдениет үйі жөнделді.

Қазір аудандағы барлық мәдениет үйі мен клубтарға сахна шырайын ашатын заманауи музыкалық дыбыстық құрылғылар, ұлттық музыкалық аспаптар, үйірмелер жұмысын жүргізуге домбыралар, LED экрандар сатып алынды. Бұл өнерді көркем әрі сапалы жеткізудің жаңа мүмкіндігі, мәдениетіміздің цифрлық дәуірге қадам басқанын білдіретін үлкен жетістік болып отыр. Тарбағатай өнер шеберлеріне қолдау көрсетіліп, ұлт аспаптар оркестрі, 3 фольклорлық ансамбль, 3-топтағы би ансамбльдері және театр өнерпаздары сахналық киімдермен қамтамасыз етілді.

Ауданда ұлттық және мемлекеттік мерекелер өткізуге тұрғындарды жаппай қамту, облыстық, республикалық деңгейдегі мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында жылжымалы LED экранды сахна кешені, концерттік гастрольдерге арналған «Газель» автокөлігі алынды. Ауданда кітапханаларға жаңа жиһаздар сатып алу, кітапхана қорларын толықтыру ісі де қарқынды жүріп жатыр.

Инфрақұрылым ел игіліне жарап тұр

Тарбағатайда кейінгі жылдары жол инфрақұрылымын дамытуға да аса мән беріліп келе жатыр. Жо­л жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен іске асып, жоғары сапалы автокөлік жолдарының үлесін арттыру жоспарымызда бар.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2022 жылы – 10,9 шақырым, 2023 жылы – 33,3 шақырым, 2024 жылы 116,91 шақырым жол жөнделсе, оның 45 шақырымының облыстық маңызы бар, ал қалған 71,91 шақырымы – аудандық маңызы бар автомобиль жолдары.

2025 жылы ауданда 1 млрд теңгеден астам қаржыға жалпы ұзындығы 18 шақырым болатын көше, аудандық және облыстық маңызы бар жолдар орташа жөндеуден өтті. Биыл аудандық маңызы бар ауылдық округ орталықтарына қатынайтын жолдарға 100% асфальт төселді. Аудандық маңызы бар, ауылішілік көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстары да үнемі жүргізіліп келеді.

Жол мәселесіндегі үлкен жаңалық – 2025 жылы аудан халқы көптен күткен шығыстағы ең маңызды көлік артерияларының бірі, республикалық маңызы бар «Қалбатау – Майқапшағай» автомобиль жолы толық аяқталып, салтанатты түрде пайдалануға берілді.

Ауданда тұрғын үй құрылысы да қарқынды артып келе жатыр. 2023-2024 жылдары қаржыландырудың барлық көзі есебінен 15,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 2023 жылы – 27 баспана, 2024 жылы 62 баспана салынды.

2025 жылы тұрғын үй құрылысына 268,6 млн теңге қаражат қаралып, 20 баспананың құрылысы басталған болатын. Қазір олардың жартысына жуығы пайдалануға берілді, қалғанының құрылысы аяқталу үстінде.

Ауданда шалғай орналасқан елді мекендерді орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылуда. 2024 жылы аудан бойынша су және кәріз жүйесі құрылыстарына 615,6 млн теңге қаражат қаралып, 8 жоба жүзеге асырыла бастаған. Оның ішіндегі 3 жобаның бірі 2024 жылы атқарылды, биыл 2 жоба ауыспалы кезеңде. 2025 жылы 6 жобаға 2,1 млрд теңге қаражат бөлініп, игерілуде.

Ауылдар абаттанып, инвестиция тартылды

Ауылдарды абаттандыру жұмыстарына 2023 жылы 149 млн теңге бөлініп, 25 жоба жасалса, 2024 жылы 57 жоба іске асырылды. Биыл 36 жоба бар. Атап айтсақ, ауылдық елді мекендерде балалар ойын алаңы, «стрит воркауттар», шағын футбол алаңдары көптеп салынды.

Ақжар, Құйған, Қарасу, Қабанбай, Жаңаауыл, Маңырақ ауылдық округтерінің бірқатар ауылында шағын футбол алаңдары сал­ынды. Ақжар, Жетіарал ауылдарында «стрит воркауттар» орнатылды. Ақжар, Құйған, Қабанбай, Жетіарал, Тұғыл ауылдық округтерінде балалар ойын алаңы салынды.

Соңғы жылдары ауданның инвестициялық әлеуеті те артып келеді. «Altai Invest 2025» форумы Тарбағатай ауданына жаңа мүмкіндіктер ұсынды. Форум аясында аудан әкімдігі мен «Тарбағатай Агро» арасында құны 1,9 млрд теңгеге, аудан әкімдігі мен «Бенто Технологии KZ» арасында құны 200 млн теңгеге жобалар бойынша меморандумдарға қол қойылды. Бұл жобалар аграрлық секторды жаңғыртуға, өндірістік қуаттарды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Ауданымызда жүзеге асырылатын ең үлкен жобалардың бірі – «Қызылқайың» кен орнында 2018-2026 жылдары барлау жұмыстары жүргізілуде. Кен қоры расталған жағдайда, 2027-2028 жылға қарай жобалау, инфрақұрылым жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 2028 жылға қарай комбинаттың құрылыс жұмыстары басталады деп күтілген. Өндіріс толық қуатына қосылған соң 1000 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды.

Жобаның мақсаты – кен орнының тереңдігін 600-750 метрге дейін барлап, С2 санаты бойынша қорларды растау, сондай-ақ мыс, молибден, полиметалл және алтын құрамдас кендерді өндіру мен өңдеуді жүзеге асыру. Бұл жоба іске асқан жағдайда жылына 25 млн тонна кен өңдей алатын заманауи таукен байыту комбинаты құрылады.

Шығыстың інжу-маржаны, құт қонып, ырыс дарыған, ілгеріден өзінің бірегей тұмса табиғатымен дүйім жұртшылыққа мәлім Катонқара­ғайдың аудан ретінде қайта жанданғанына екі жылдың жүзі болды.

Ел Президентінің Жарлығымен жүзеге асқан бұл айтулы оқиға болғанда, Төр Алтайдың баурайын жайлаған барша катонқарағайлықтар қуаныштан бөркін аспанға атты.

Осы бір азғантай уақыт ішінде жаңадан құрылған ауданның бойына қайтадан қан жүгіріп, екінші тынысы ашылды. Аудан орталығы мен елді мекендер тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, тұрмысын жақсарту жолында ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жұмыс атқарыла бастады. Катонқарағай ауданы

Қазір дамудың даңғыл жолына түскен жаңа ауданның тізгінін ұстаған аудан әкімі Данияр Дүйсембаев – Катонқарағайды Тәуелсіздік жылдарынан бері басқарып келе жатқан оныншы басшы. Ауданның бүгінгі жай-күйі мен болашаққа қойылған келелі істер жайында аудан әкімінің өзімен жүздесіп, сүбелі сұхбат құрудың сәті түсті.

– Данияр Бекқазыұлы, Катонқарағай ауданының басшылық тізгінін ұстағаныңызға бір жылдан асты. Жаңадан құрылған өңірге басшы болу толағай жауапкершілікті артады. Осы ретте ауданға әкім болып келген кезде өзіңізге қандай міндеттер жүктелді?

– Рақмет! Иә, расымен де, шығыстың киелі Катонқарағай жеріне басшы болу – маған облыс әкімі мен аудан тұрғындарынан көрсетілген жоғары мәртебе, сонымен бірге зор сенім мен жауапкершілік. Аудан әкімі боп тағайындалған соң маған осындағы халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру, экономикалық даму қарқынын арттыру міндеті жүктелді. Ең әуелі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын басшылыққа ала отырып, жергілікті халықпен тиімді байланыс орнатуға, олардың өзекті мәселелерін шешуге ерекше назар аудардым.

– Ауданның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы тоқталсаңыз.

– Осы жылдың тоғыз айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіші бойынша былтырғы жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда, әлдеқайда өсім байқалып отыр. Мәселен, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 млрд теңгеге жуықтады немесе өсім 164,5 пайызды көрсетті. Өңдеу өнеркәсібі 700 млн теңгеден асты немесе 175,5 пайызға өсті, негізгі капиталға 25 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды, былтырғы жылға қарағанда 192%-ға артқан (2024 жылы 13 млрд теңгені құ­рады). Оның ішінде негізгі капиталға салынған жеке инвестициялардың көлемі 2025 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 24,7 млрд теңгені құрады (2024 жылы 5 млрд теңге) немесе былтырғы жылғы деңгейден 5 есе артқан. Өткен 9 айда құрылыс жұмысының көлемі де өсті, 4 088 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді немесе өсім 164 пайызды көрсетті. Жоспарланған міндеттердің бірде-біреуі назарымыздан тыс қалмай, оңды атқарылып отыр деуіміз керек.

– Катонқарағай жеке дара аудан болысымен өңірде құрылыс жұмысы қарқын алды. Осы бағытта атқарылған жұмысты нақтылап өтсеңіз.

– Әуелі, Катонқарағай ауданының әкімшілік ғимараттары мен әлеуметтік нысандарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге Қазақстан Үкіметінің резервінен және облыстық бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, ауданның әкімшілік орталығы Катонқарағай ауылындағы аудан әкімдігі, полиция бөлімінің, сот, прокуратура, «Қазақтелеком», ветеринариялық зертхана ғимараттары, «Қаратай» спорт кешені күрделі жөндеу көрді.

Аудан орталығындағы көппәтерлі 3 үй қайта қалпына келтірілді. 2024 жылы Катонқарағай ауылында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында жалпы ауданы 1755 м² болатын 24 пәтерлік 12 тұрғын үй салынып, қолданысқа берілді. Биыл 12 пәтерлі 6 үйдің құрылысы аяқталды. Бұл үйлер аудан елді мекендерінде салынды.

2024 жылы Мемлекет басшысы өз Жолдауында тағы бір жаңалықты жеткізді. Ол аудан аумағындағы бұрын-соңды болмаған халықаралық әуежайдың салынуы. Бүгінде әуежайдың құрылысы қарқынды жүріп, тиісті жұмыс бір сәтке де толастаған жоқ. Келер жылы әуежай қолданысқа берілсе, еліміз бен алыс-жақын шетелден өлкемізді көруге асық қонақтарымызды көрер күн алыс емес.

Катонқарағай туристік өңір болғандықтан, Қаракөл көлі туризмді дамыту тұрғысынан үлкен әлеуетке ие, мұндағы Ақ Берел өзенінен өтер ағаш көпір 1974 жылы салынған. Катонқарағай ауданының тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «KF КТ-473 Қаракөл көліне кіреберіс автожолындағы Ақ Берел өзенінен өтетін көпірді реконструкциялау» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірледі. Жобаны іске асыру құны 592 млн теңгені құрайды. Бүгінде құрылыс жұмысын бастауға облыстық бюджеттен 176 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Қайта түлеген өңірдегі тұрғындардың тұрмысын жайлы, өмір сүру сапасын арттыру үшін әуелі әлеуметтік нысандар толыққанды жұмыс істеуі керек. Мәселен, Топқайың ауылында Республика күні қарсаңында ауызсу желілері қайта жаңғыртылып, тұрғындардың игілігіне берілді. Бұл нысанда жауапсыз мердігердің салдарынан бірер уақыт құрылыс жұмысы тұралап, қолданысқа берілуі мерзімінен кешеуілдеп қалған. Аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың тікелей бақылауының арқасында ауызсу нысанына тиесілі жұмыс биыл қарқын алып, сәтімен аяқталды. Нысандағы жұмысты SELuX ЖШС қолға алып, ауыл тұрғындарына елдік мереке қарсаңында айтулы сый жасады.

Катонқарағай ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешені де жақында пайдалануға берілді. Бұл нысанның құрылысы да бірнеше жылға созылып, белгіленген жұмыс тоқтап қалған еді. Кешеннің құрылысын қолға алған мердігерлік ұйым жауапсыздық танытып, жұмысын аяқсыз қалдырды. Кейіннен қалған құрылыс жұмысын жергілікті кәсіпкерлер ALASH QURYLYS QZ мердігерлік ұйымы өз жауапкершілігіне алып, соңына дейін атқарып шықты. Жаңа спорт кешені – салауатты өмір салтын насихаттауға және бұқаралық спортты дамытуға арналған маңызды әлеуметтік нысан. Ғимарат ішінде бірнеше спорттық зал, заманауи спорттық құрал-жабдықтар, көпшілікке арналған суда жүзу жабық бассейні де бар.

Сонымен бірге Катонқарағай ауылында су құбыры желілері мен нысандарын жаңарту бойынша ауқымды жоба аяқталуға жақын. Жобаның жалпы құны – 4,4 млрд теңге. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы – 76,792 шақырым. Аудан орталығында тартылып жатқан су құбыры желілері аяқталғанда мыңнан аса тұрғын таза әрі сапалы ауызсумен қамтылады.

– Көші-қон үдерісін тұрақтандыру және тұрғындар санын арттыру бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр?

– Иә, бұл бағытта да нәтижелі жұмыс бар. 2025 жылы қоныс аудару бағдарламасымен еңбек күші артық өңірлерден Катонқарағай ауданына аймақтық квота шеңберінде 9 отбасы, барлығы 24 адам қоныс аударды. 50 адам өңірімізге қоныс тебуге әзір, квота күтіп отыр. Аймақ басшысының тапсырмасымен шалғайдағы аудандарға дәрігер мамандарды тарту бағдарламасы аясында Астана, Шымкент қалаларынан аудандық ауруханаға 7 маман жұмысқа келді. Хирург, терапевт, акушер-гинеколог, жалпы тәжірибелі дәрігер, көз, реаниматолог дәрігерлер аудан медицинасының әлеуеті мен тұрғындар санының артуына үлес қосты. Мемлекеттік қолдау шараларынан бөлек, дәрігерлер жергілікті әкімдік тарапынан тұрғын үймен қамтылды. Биылғы қазанда Шым­кент қаласында өткен бос жұ­мыс орындары жәрмеңкесінің нә­тижесінде Шымкенттен 68 отбасы, Сарыағаш ауданынан 24 отбасы ауданымызға көшіп келуге ниетті. Аудандық Мансап орталығының осы бағыттағы нәтижелі жұмысы жоғары бағаланып, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша аймақта «Үздік Мансап орталығы» атанып, облыс басшылығы тарапынан Chevrolet Cobalt автокөлігіне ие болды.

– Халқымызда «Жол азабын жүрген біледі» деген ертеден қалған тәмсіл бар. Катонқарағай ауданында жолдардың жөнделуі бойынша қандай жұмыс атқарылды?

– «Жол мұраты – жету...» демекші, өңірлердегі барлық саланың дамуы, әсіресе сауда-саттықтың, сол арқылы экономикамыздың өркендеуі жолдарымызға да байланысты. 2025 жылы жолдарды жөндеу бойынша 6 жоба жоспарланған. Жобаларға барлығы 1,35 млрд тенге бөлінген. Атап айтқанда, аудандық маңыздағы автомобиль жолы туристік нысандарға кіреберіс және шығыстағы ең бірінші елді мекен Аршаты ауылына кіреберіс жолының 0-12,8 шақырымына асфальт төселді. Согорное – Барлық – Ақсу жолының 28-41 шақырымына, Жазаба ауылына кі­реберіс жолының 0-6 шақырымына жөндеу жұмысы жалғасуда. Катонқарағай ауданының Қо­ро­биха ауылына кіреберіс автомобиль жолының 16,5 шақырымының ағымдағы жөндеуі, Жаңа-Үлгі – Жамбыл – Берел жолының 0-12 ша­қырымына орташа жөндеуге дайындық жұмысы жасалып жатыр. Катонқарағай ауылының кө­ше­лерін орташа жөндеуге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 115 млн теңге бөлінді.

Республикалық маңызы бар Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары көлік жолының 437-450 шақырымдары орташа жөндеуден өтті. Атап айтарлығы, елімізге кеңінен танымал «Рахман қайнары» шипажайына дейінгі жол күрделі жөндеуден өтіп, келер жылы толықтай аяқталады.

Жол жөндеу жұмысын ілгерілету үшін биыл ауданымызда жаңа асфальт-бетон зауыты ашылып, іс­ке қосылды. Бұл зауыт сағатына 80 тонна асфальт шығарады.

Катонқарағай ауылында көше жарығын орнату жұмыстарына жалпы 30 миллион теңге қаражат бөлінді. Жалпы саны 34 қырлы тірек пен 60 қарапайым тірек орнату, сондай-ақ 78 орынға кабельдер мен шамдарды ауыстыру жоспарланған. Қазір жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.

– Катонқарағай ауданы туризмнің орталығына айналып келеді. Жыл­дан-жылға өңірге келетін де­малушылардың саны артып, туризмнің дамуына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Осыған орай аудандағы туризмді дамыту бағытында қандай іс тындырылды?

– Катонқарағай – еліміздегі көз тартар туристік аймақтың бірі. Ауданға келетін демалушылардың саны жылдан-жылға артпаса, ке­міген жоқ. Былтыр ауданымызға 150 мыңға жуық турист келді. Биыл туристік маусым бастал­ған­нан бері туристердің саны 200 мың­ға жетті. Жазда ауданымызда ауқымды халықаралық «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі, «Алтай – алтын бесігім» республикалық ақындар айтысы, одан бөлек, жерлес жазу­шы­лар Қалихан Ысқақ пен Дидах­мет Әшімханұлының мерейтойларына орай өткен шараларға 10 мыңнан аса қонақ ағылды.

Туризмді дамыту жолында биыл ауданда 4 бірдей ірі инвестициялық жоба қолға алынды. Атап айтқанда, Ақшарбақ ауылындағы «Верх-Катунь» пантымен емдеу шипажайын кеңейту, Аршаты ауылында Altay Resort курорттық кешенінің құрылысы, Өрел ауы­лын­да­ғы MuzTau эко-отелі аумағында мей­рамхана салу, Катонқарағай ауы­лында ALTAY TERRA RESORT ту­­ристік кешенінің құрылысы жүргізілді. Одан бөлек, биыл қыркүйекте Өскеменде өткен халықаралық инвестициялық форумда Altai Taihe Real Estate Development Company Ltd халықаралық компаниясымен 8 млрд теңгенің жобасына, Pana Asia компаниясымен 6 млрд теңгеге туристік қалашығын салу бойынша меморандумға қол қойылды. Аудандағы туризмнің гүлденуіне Мемлекет басшысының Катонқарағай ауданында әуежай салу туралы шешімі де үлкен сер­пін берді. Әуежай Астана, Алматы, Өскемен, Семей қалаларына ішкі рейстерді, сондай-ақ Алтай мен Қа­нас (Қытай Халық Республикасы, Баян-Өлгей (Моңғолия) бағыттарын қамтамасыз етеді. Туризмді дамытуда «Ауыл аманаты» бағдарламасы да көп септігін тигізді. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасымен туризм бағытында 18 жоба ма­құлданды. Бұл жобалардың жалпы құны 246,5 млн теңгені құрады.

Сұхбаттасқан: Мадияр Төлеуов

Марқакөл ауданы – Алтайдың жүрегі, Шығыстың шырағы. Шығыс Қазақстанның шекаралық өңірі, табиғаты көркем, әлеуеті мол аймақ, бір сөзбен айтқанда, табиғат пен тарихтың тоғысқан қасиетті мекені десек те болады.

Асқақ Алтайдың аппақ шыңдары аспанмен тілдесіп тұрса, етегінде мөлдір көл мен нулы орман жарасым тауып, адам жанын баурайды. Бұл өлке – тыныштығы мен тылсымы бірдей үйлескен, жаратылыстың жаны сезілер жер.

Қазір бұл ауданның экономикалық және әлеуметтік дамуында да ерекше серпін бар. Қазақстан Президентінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы №424 Жарлығымен 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Марқакөл ауданы төртінші рет құрылып, Күршім ауданының құрамынан бөлініп шықты. Бұл Мемлекет басшысының өте маңызды шешімі болды.

Қазір жас ауданды Рүстембек Кемешев басқарып отыр. Өңірде қарқынды жұмыстар жүргізіліп, 2024 жылы жергілікті бақару органдары мен орталық мемлекетік органдардың аумақтық бөлімшелерін әкімшілік ғимараттармен қамтамасыз ету мақсатында 1,7 млрд теңгеге 8 ғимарат пен әлеуметтік нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Және «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында 4 пәтерлі 2 үй салынып, көпбалалы және әлеуметтік жағдайы осал отбасыларға берілді. Марқакөл ауданы

Биыл 9 айда Марқакөл ауданында барлық негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика байқалды. Ауданның өнеркәсіп өнімінің көлемі 9,9 млрд теңгені құрап, физикалық көлем индексі 91,2% жетті. Оның ішінде тау-кен өнеркәсібінің көлемі – 4,6 млрд теңге (85,8%).

Өңдеу өнеркәсібінде физикалық көлем индексі 109,9%-ға өсіп, 4 332,2 млн теңгені құрады. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10,4%-ға артты, нәтижесінде 7 151,8 млн теңгеге жетті. Бұған қоса, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2 есеге өсіп, 2 180,6 млн теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялар 4 есеге өсіп, 1 549,8 млн теңге болды. Сонымен қатар құрылыс жұмыстары 6 есеге өсіп, 1 040,5 млн теңгеге жетті.

Биылғы жағдай бойынша, аудандағы халық саны – 6,7 мың. Ауданның әкімшілік құрылымы 5 ауылдық округ пен 23 ауылдан тұрады. Сонымен бірге, 2024 жы­лғы 27 ақпандағы облыс әкімдігінің №61 қаулысымен ауданның штаттық құрылымы бекітіліп, жалпы мемлекеттік қызметшілер саны 63-ке жетті (мәслихат аппараты – 6, аудан әкімінің аппараты – 11, тәуелсіз бөлімдер – 25, ауылдық округ әкімдіктері – 21 бірлікті).

Мемлекет басшысының бастамасы бойынша 2024 жылы әр өңірде талантты жастар арасынан жас басқарушылар пулын қалыптастыруға бағытталған өңірлік кадрлық резервтерге алғаш рет іріктеу жүргізілді. Қазір Марқакөл ауданында кадрлық резервтегі жас мамандар жұмыс атқаруда.

Аудан аумағында 562 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін жүзеге асыруда, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында 348 шаруа қожалығы және 25 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі жұмыс істейді.

Ауыл шаруашылығының негізгі бағыты мал шаруашылығы болып отыр. Барлық шаруашылық санаттарындағы ірі қара мал саны – 27,5 мың бас, ұсақ мал – 41 мың бас, жылқы – 17,5 мың бас, құс – 18,7 мың бас.

Жыл басынан бері мемлекеттік қолдау бағдарламалары арқылы 44 кәсіпкерге 423,5 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 4 жоба иесіне 69,3 млн теңге несие беруге құжаттары мақұл­данды; 13 жоба иесіне 20,5 млн теңге қайтарымсыз негізде грант бөлінді; 27 шаруа қожалығы лизингке 333,7 млн теңге тұратын 36 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Туризм бағытында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жалпы 34,5 млн теңге болатын 2 жоба мақұлданды: «Рахат Туризм» СПК 16 млн теңге – қажетті материалдар мен жабдықтарды сатып алу арқылы қонақүйді қайта құруды жүзеге асырды; «Айсаб» СПК 18,5 млн теңге – туристерге қызмет көрсету және тұру үшін Ақжайлау ауылында 8 киіз үйден этноауыл салды.

Биыл Markakol Lodge жобасы аясында Урунхайка ауылында жеке инвестициялар есебінен 6 глемпинг үй салынды. «Шығыс Қазақстан облысының үздік рекреациялық туристік аймағы» боп Урунхайка ауылы 200 млн теңге ұтып алды. 100,0 млн теңге инфра­құрылымды дамытуға бағытталды, қалған соманы игеру 2026 жылға жоспарланған.

Сонымен қатар 26 қыркүйекте өткен «Altai Invest – 2025» халықаралық инвестициялық форумында Марқакөл ауданының әкімдігі мен Aila Tau ЖШС арасында Шағанатты ауылында жалпы құны 600 млн теңге болатын марал шаруашылығына бағытталған сауықтыру кешенін ашу жөнінде келісім жасалды. Жобаны іске асыру 2026-2031 жылдарға жоспарланған.

Тұрғын үймен қамту мәселесі бойынша биыл «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 5 жеке үй немесе 10 пәтер салу жоспарланған. Осы мақсатта жыл басында мердігер ұйымдармен құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды толық жеткізуді қамтамасыз ету жөнінде меморандумдар жасалды.

Жоспарға сәйкес, қазан айында 4 пәтер құрылысы аяқталды, қазір бұл тұрғын үйлерді Отбасы банк арқылы кезекте тұрған (жалпы кезек – 89 адам, оның ішінде – 17 көпбалалы отбасы) Марқакөл ауданының тұрғындарына бөлу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Бұдан бөлек, аудан орталығында 1978 жылы салынған 6 көпқабатты үйдің қасбетін және шатырын жөндеу жұмысы жүр­гізілуде. Оған 207 млн теңге қарас­тырылған. Оның ішінде, екі 16 пәтерлік 2 қабатты және төрт 24 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйлер бар.

Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылы оффтейк келісімшарттар аясында екі инвестициялық жоба іске асырылмақ. Соның ішінде, Марқакөл ауылында 34 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үй салу және 24 пәтерлі 3 қабатты тұрғын үйді қайта жаңарту жобасы тұр. Ауқымды мақсаттың бірі – жаңа салынған, қайта жаңартылатын және әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтамасыз ету. Бұл мақсатта «Марқакөл ауылында орталықтандырылған қазандық пен жылу желілерінің құрылысы» жобасы әзірленуде. Қазандық қуаты – 6 Гкал, жылу желісінің ұзындығы 12 шақырым болмақ.

Әлеуметтік салаға да айрықша көніл бөлінуде, Марқакөл ауданында білім беру нысандарының жалпы саны – 21 (19 мектеп, 1 балабақша, 1 шығармашылық үйі). Аз қамтылған отбасылардан 868 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілді, оның ішінде бастауыш сыныптардың 460 оқушысы бар.

Оқу жылының нәтижесі бойынша, ауданның білім сапасы 71,2% құрады. Биыл мектептерге 79,1 млн теңгеге 7 кабинет сатып алынды. Офтейк келісім­шарт шеңберінде Игілік ауылында 500 млн теңгеге 50 орындық мектеп салынды. Сон­дай-ақ Қайнарлы ауылында 650 млн теңгеге 50 орындық және Төсқайың ауылында 960 млн теңгеге 100 орындық мектептің құрылысы басталды.

Қазір ауданда 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз мектеппен қамтылған. 2 жастан 6 жасқа дейінгілер – 98%. Соны­мен қатар 2025 жылы Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 467 жұмыс орнын (оның ішінде 196 – тұрақты, 247 – уақытша) құру жоспарланып, жылдық жоспар 106%-ға орындалды.

2025 жылы Марқакөл ауданына еңбек күші артық өңірлерден 8 отбасы (35 адам) қоныс аударып келді, осылайша жоспар 112%-ға орындалды. Оның ішінде, Ақбұлақ ауылына – 4 отбасы (19 адам), Марқакөлге – 1 отбасы (4 адам), Қалжырға – 2 от­басы (9 адам), Қазақстан елдімекеніне – 1 отбасы (3 адам) жіберілді. Қоныс аударушылардың барлығы бірреттік көшуге арналған субсидия алды.

2009 жылдан бастап республика бойынша дипломы бар мамандарды ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұрақты тұру үшін тартуға бағытталған жоба іске асырылуда. Жобаның мақсаты – денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіп кешені саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдық округтер, кенттер мен ауыл әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету.

Жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау екі бағыт бойынша көрсетіледі: 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы көтер­ме жәрдемақы төлеу (2025 жылы – 369 200 теңге) және тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік несие беру: аудан орталықтарында – 2 500 АЕК (9 230 000 теңге), ауылдық елді мекендерде – 2 000 АЕК (7 384 000 теңге).

Биыл жоба аясында 48 маманға жалпы сомасы 18,9 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленді. Сонымен қатар 10 маманға жалпы сомасы 90,4 млн теңге көле­мінде бюджеттік несие беру 2025 жыл­ғы қараша айына жоспарланған.

Жыл сайын ілгері дамыған Марқакөл өңірінің халқы Мемлекет басшысына, Үкі­метке және облыс әкіміне өздерінің шынайы алғысын айтып келеді. Тұрғындар кейінгі жылдары өңірде атқарылып жатқан игі істер мен даму қарқынын ерекше атап өтті.

Еліміздің шығысындағы Зайсан ауданы негізінен ауыл шаруашылығы басым аймақ болып саналады, қазір өндірісі де қатар дамыған аудан санатына қосылды.
Биылғы жылдың 9 айында аудан экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 20,4 млрд теңге болып, өткен жылдың сәй­кес мерзімінен 4,56 млрд теңгеге немесе 25%-ға артты. Өнеркәсіпте 6,8 млрд теңгенің өнімдері өнді­ріліп, 16%-ға өсті.
Ауданда өндірілетін негізгі өнім түрлеріне пайдалы қазба­ларды өндіру, тамақ өнімдерін шығару, электр энергиясын және жылумен, сумен қамтамасыз ету қызметтері кіреді. Өнеркәсіп өнді­рісінің негізгі көлемі «Тар­бағатай-Мұнай» ЖШС, ARNNA MINERALS ЖШС, «Шығыс АС» ЖШС, «СМУ-Шығыс» ЖШС және «Зайсан құрылыс компа­ниясы» ЖШС еншісінде.
Зайсан ауданының инвести­циялық тартымдылығы жыл са­йын артып келеді. Биыл 9 айда не­гізгі капиталға тартылған ин­вес­тициялар көлемі 35,3 млрд тең­геге жетіп, өткен жылмен са­лыс­тырғанда 58,4% өсті. Оның ішінде, жеке инвестициялар 32,2 млрд теңгені құрады. Зайсан ауданы
Құрылыс жұмыстарының көлемі 21 млрд теңгеге жетіп, 9,2% өсім көрсетті. 8 548 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылмен салыстырғанда 34,8%-ға артты.
Ауданда 3 947 шағын және орта бизнес субъектілері белсенді жұмыс істеуде. Бөлшек сауда ай­на­­лымының көлемі 12,4 млрд тең­геге жетіп, 11,6% артты. Бұған қо­са, 327 сауда және қызмет көр­сету нысаны жұмыс істейді, оның ішінде 194 дүкен, 5 базар, 20 дә­ріхана, 13 наубайхана, 54 қоғам­дық тамақтандыру орны бар.
2025 жылға арналған аудан бюджетінің меншікті кірісі 3,4 млрд теңге болып, биылғы 9 айда аудан бюджетіне 2,9 млрд теңге кіріс түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 29,4% көп.
Ауданның басты мақсаты – тұрақты өсімді қамтамасыз етіп, тұрғындардың өмір сапасын жақ­сарту. Есепті кезеңде аудан бо­йынша 8 548 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың осы мерзімімен салыс­тырғанда 2208 шаршы метрге немесе 34,8%-ға артты.
Ауданда өңірлік «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы нәтижелі жалғасын табуда. Бұл бағдарлама бойынша шекаралық ауылдық жерлерде халықты тұрақтандыру үшін көпбалалы отбасыларды, сондай-ақ әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандарды баспана­мен қамтамасыз етуде 2023 жылы 42 пәтер, 2024 жылы 68 пәтерлер берілсе, 2025 жылы 96 пәтердің құрылысы жүргізілуде.
Ауданда заманауи талаптарға сай цифрлық инфрақұрылымды жетілдіру және сапалы байланыс жүйесін қалыптастыру бағытында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Қазір Зайсан ауданы бойынша байланыс және интернет желісі­мен қамтылу деңгейі жоғары. Шал­­ғай ауылдарда байланыс са­па­сын арт­ты­руға және интернет жыл­дамды­ғын жоғарылатуға бағыт­талған жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Жуырда көптен күткен Қал­ба­тау-Майқапшағай жолының құ­ры­лысы аяқталып, қазір халық игілігін көруде. Жалпы, аудан бойынша 460 шақырым автомо­биль жолдары өтеді, оның 168 шақырымы – рес­публикалық, 81 шақырымы – об­лыс­­­тық, 211 ша­қырымы – аудан­­­­дық маңыздағы жолдар. Жыл са­­­йын жос­парға сәйкес қала, ауыл жол­­да­ры мен көшелері талапқа сай жөн­деліп, жарықтандырылып келеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туризмді жан-жақты дамыту, ішкі туризмнің инфрақұрылымын күшейту және өңірлердің әлеуметтік-экономи­калық әлеуетін толық ашу мақ­сатында Зайсан, Катон­қа­ра­ғай, Кендірлі секілді ку­­рорт­­­­тық аймақтарда жа­ңа әуежайлар салу туралы тапсырмасы жүзеге асы­рылып жатыр. Биылғы ма­мыр айында ауданымыздың Сәтпай аумағында басталған жаңа әуежайдың құрылысы қарқынды жүргізілуде, қазір ұшу-қону жолағының құрылысы жос­парлы мерзімде аяқталды. Бұл жоба арқылы келешекте туристер саны артып, шетелдік туристер үшін тікелей рейстер арқылы келуге мүмкіндік пайда болады. Жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті кәсіпкерлер үшін жаңа нарықтар мен серіктестіктерге жол ашылады, халықаралық және өңіраралық байланыстар артады.
Қазір ауданда 6 туристік опе­ратор, 8 туристерге қызмет ету ны­­сандары, оның ішінде 7 қонақ үй мен 1 демалыс базасы бар. Зай­сан қаласы мен ҚХР Жеменей қаласы арасында тұрақты автобус қатынайды. Туризмді дамыту ба­ғы­тында туристерге көрсеті­летін сервистік қызмет түрлерін жақ­сарту мақсатында жеке инвес­тор­лармен жобалар іске асырылуда.
Аудандағы балық зауыты қай­та жаңғыртылып, 20 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылған. За­уыт күніне 5 тонна балық түрлерін өңдейді. Зауыттың балық өнімдері аудан, облыс, республика көле­мін­де саудаланып қоймай, алыс-жақын шетелдерге де шығарылуда.
«Үйдене» су қоймасы арқылы суару үшін 155 шаруа қожалығы 8 608 гектар жерді игеруде. Су қой­­масына қатысты 4 магистралды канал және ұзындығы 113 ша­қырымды құрайтын 30 ішкі ша­руашылық канал бар. Ішкі ка­налдар мен «Үйдене» су қоймасын қайта жарақтандыру жұмыстары 2026 жылға жоспарланған. Жөн­деу жұмыстары аяқталғаннан кейін бұл су жүйесі арқылы 10 251 гектар суармалы жер толықтай қамтамасыз етілетін болады.
Жалпы, Зайсан ауданының эко­номикасында өнеркәсіп сала­сы ерекше орын алады. 2025 жыл­дың 9 айының қорытындысы бойынша, ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 6,8 млрд тең­ге­нің өнімдерін өндіріп, бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәй­кес кезеңімен салыстыр­ған­да 15,6 пайызға артық болды.
Білім саласында 28 мек­теп­те 6 486 оқушы оқиды, 21 ба­ла­бақша мен 12 шағын ор­та­лықтар­да – 1 883 бала, мек­­­тепалды даярлық сыныптарында 503 бала тәр­бие­ленуде, 3 пен 6 жас аралы­ғын­да­ғы балалар 100% мектепалды бі­лім­мен және тәрбиемен қам­тылған.
Білім беру саласында да цифр­ландыру ісі белсенді жүргізілуде. Ауданның 16 мектебіне жоғары жылдамдықты интернетті қамта­масыз ету мақсатында Starlink спут­никтік интернет жүйесі орна­тылған. Бұл бастама шалғай ай­мақ­тардағы мектептердің сапалы білім беру мүмкіндіктерін ке­ңей­тіп, онлайн оқыту мен қашықтан білім алуды қолжетімді етті.
Биыл Зайсан қаласында 300 орындық жаңа заманауи жабдық­тармен жабдықталған мектеп ашылды. Сонымен қатар Үлкен Қаратал, Сарыжыра ауылдарында жаңа мектеп құрылыстары жүру­де, алдағы жылы пайдалануға беріледі.
Аудан халқына барлығы 25 емдеу-сауықтыру мекемесі қыз­мет көрсетеді. Ауданның демогра­фиялық ахуалы тұрақты, табиғи өсім оң динамикада. Аудандық аурухана кадр тапшылығы жоқ. Бүгінгі күні емдеу-сауықтыру ме­кемелерінің материалдық-техни­калық базасын нығайтуда бірша­ма жұмыстар атқарылды. 2023 жылы аудандық аурухана Ком­пью­терлік томография аппараты алынып, Зайсан және көршілес аудандар­дың тұрғындары үшін сапалы қыз­мет көрсетуде. Былтыр «Ауыл­да денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шең­бе­­рінде Жаңатұрмыс, Саржыра ауыл­дарында 2 медициналық пункт және Жарсу ауылында фельд­шерлік-акушерлік пункт салынды.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарлама­сына сәйкес, Қаратал ауылында дәрігерлік амбулаторияның құ­ры­лысы жүргізілуде. Алдағы жылы Жалши, Бақасу елді мекендерін­дегі медициналық пунктіне күр­делі жөндеу жұмыстарын жүргізу жос­парланып отыр. Сондай-ақ биыл аудандық аурухананың жұқ­палы ауруларын емдеу бөліміне күрделі жөндеу жұмыстарын жүр­гізіліп, жыл соңына дейін аяқталады.
Ауданда 35 жасқа дейін 8826 жас бар. Жастардың бос уақыт­тарын тиімді пайдалануларына бар­лық жағдайлар жасалған. Ауданымызда 105 спорт нысаны, 11 мәдениет ошағы толыққанды жұмыс істейді.

Ауылдық елдi мекендердегі денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мә­дениет, спорт және агроөнеркә­сіптік кешен салаларына, ауыл­дық округтер әкімдері аппа­рат­тарының мемлекеттік қызметіне жұмыс iстеуге және ауылға тұ­ру­ға келген жас мамандар­ды тұ­рақ­тандыру мақса­тын­да әлеу­меттiк қолдау шара­лары жүйелі түрде жүргі­зіліп отыр. Соңғы үш жыл­да 52 жас маманға кө­терме жәрдемақы, 20 жас ма­ман­ға бюджеттік несие­лер бе­рілді. 6 денсаулық сақтау сала­сына келген жас маман дәрігерлер тұрғын үй­лермен қамтамасыз етіл­ді. Биыл 4 маман ауылдық жер­лерден тұрғын үй сатып алуға өті­нім беріп, құжаттарын рәсімдеуде.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Қа­зақстан халқына арнаған Жол­дауы негізінен елімізде эконо­мика­­лық жаңғыртуларға арналған. Осы бағытта ауданның алдағы жылдары атқаратын жұмысының бағыт-бағ­дары айқындалып, халықтың әлеу­меттік-экономи­калық жағда­йын жақсарту үшін жаңа мүмкін­діктерге жол ашып отыр. Алдағы уақытта ауданның еңбекқор, адал, отаншыл азамат­тары ел дамуына өз үлестерін қоса береді. Аудан тұр­ғындарының әрқайсысының қа­жыр­лы еңбегі, туған елге деген сү­йіс­пеншілігі – ортақ Отанымыздың өркендеуінің кепілі. Зайсан ауда­нының халқы, қоғамдық ұйым­да­ры, кәсіп­орын­дары мен мекемелері береке мен бірлікте, татулық пен тү­сіністікпен өмір сүріп, еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек ете береді.

Мадияр Төлеуов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений