kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласы көшелеріне есімдері берілген тұлғалар
Ескерткіштер
Стрит-арт: муралдар, граффитилер...
Өскемен тарихы фотосуретте
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Еңбек пен жерге адалдық – Ұланның өрісін кеңейткен күш

 Ауданның экономикалық дің­гегі – агроөнеркәсіп. Ұланның жері құнарлы, суы мол, ең бас­ты­сы, еңбектен қашпайтын адам бар. Бүгін бұл аймақ облыстың ет өн­дірі­сінің 60 пайызын, сүт өндірісі­нің басым бөлігін қамтамасыз етеді. Қазірдің өзінде мұнда 8 сүт-тауар фермасы мен 9 бордақылау алаңы тұрақты жұмыс істеп тұр.

Жаңбырлатып суару техноло­гиясы енгізілген алқаптар жыл сай­ын ұлғайып, 2 мың гектар жер суар­малы айналымға қосылмақ. Бұл – жай сан­дар емес, ауылдың болаша­ғы мен табысының кепілі. Әр гек­тар – жаңа жұмыс орны, жаңа мүмкіндік. Ұлан ауданы
«Ауыл аманаты» бағдарламасы да Ұланда өз жемісін беріп отыр. Кейінгі үш жылда 50 жобаға 674 мил­лион теңге бөлініп, ондаған от­басы өз кәсібін дөңгелете бас­тады. Бірі ет, сүт өндірісін жолға қойса, бірі жылыжай ашып, көкө­ніс өсіруді кәсіпке айналдырған.

Ұландықтардың тағы бір ерек­шелігі – біріккен істің бағасын білуі. Кооперативтер саны көбей­іп, ауыл экономикасы тек малмен емес, өндірілген өнімді қайта өң­деумен де айналыса бастады. Бұл – ауылды өмір сүру ғана емес, өмір сапасын арттыру кеңістігіне ай­нал­дырудың нақты көрінісі.

 Өңдеу мен өнеркәсіп – экономиканың жаңа беті

Айта кетерлігі, Ұлан қазір тек ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен ғана шектелмейді. Обл­ыстағы ауыл шаруашылығы өнімі­нің қайта өңдеу көлемінің басым бөлігі Ұлан ауданында өңделуде. «Өскемен құс фабри­касы», «Багра­тион Ұлан» сынды кәсіпор­ын­дар жаңа техно­логия енгізіп, өнім сапасын көтер­іп келеді.

Келесі жылы іске қосылатын жылу оқшаулау материалдарын өндіретін зауыты – өңірдің құры­лыс саласына жаңа қарқын беретін жоба.
Бүгінде сирек кездесетін ме­тал­дардың кен орындарында бар­лау жұмыстары атқарылуда. Атал­ған жұмыстар аяқталғаннан кейін Ұланның қойнауындағы байлық енді тек қазылып қана қоймай, өң­де­ліп, мемлекетіміздің «жасыл экономикасына» қосылған құн рет­інде қайтып оралады деп жос­парлануда.
Алдағы бес жылда өңірдің ин­вестициялық портфелі 345 мил­лиард теңгеге жуықтайды. Бұл – жеке капиталдың ауданға сенімінің өлшемі. Кәсіпкер үшін тұрақты саясат, инфрақұрылымы дайын орта керек. Ұлан дәл сондай ай­мақ­қа айналып отыр.

 Туризм – табиғат пен табыстың тоғысы

Ұланға келген адам міндетті түрде Сібенің айнадай көлдеріне көз тастайды. Көктем мен күзде мұнда ауада алтын түстес балқым бар. Осы табиғи сұлулықты эко­но­микалық мүмкіндікке айналдыру – ауданның ең табысты шешімдері­нің бірі.

Қазір Ұланда туризм саласы жос­парлы түрде ілгері дамуда, ал келетін туристердің саны жыл сайын артуда. Осыған серпін беріп отырған бесінші жыл қатар өт­кізіліп келетін – Бозанбай ауылын­дағы дәстүрлі «Шығыс салбурыны» халықаралық фестивалі. Бұл іс-шара Ұланның ғана емес, кілең Шығыстың нағыз рухани брендіне айналды. Әлемнің он елінен кел­ген бүркітшілер мен туристерді қа­был­даған ұлттық сайыс бүгінде Қазақстанның мәдени күнтізбесіне еніп, ұлттық өнердің жаһандық диалогқа айналған үлгісі болды.
Сондай-ақ осы жылы Ұланда Шанхай ынтымақтастық ұйымы­ның жас көшбасшыларының кез­десуі жоғары деңгейде өтті. Сібе көлінің жағасында өткен этнофес­тивальге алты елдің жастар делега­циясы қатысып, Ұланның табиға­ты мен мәдениетін халықаралық деңгейде танытты. Бұл кездесу – ауданның географиялық шекара­дан асып, рухани брендке айнал­ғанының дәлелі.
Осы орайда туристік аймақ­тардың инфрақұрылымын дамы­туға қомақты инвестиция сома­лары тартылу жоспарлануда – заманауи талаптарға сай демалыс кешендерін салу, жол жөндеу және жол бойы сервистері, ин­тер­нет тарту. Бұл туристердің жайлы дем­алуы­на ықпал етеді.

 Инфрақұрылым мен тұрмыс: сапа мен сенімнің тепе-теңдігі

Ауданда бүгінде жолдар да, су жүйелері де жаңарып келеді. Көп жылдар бойы ауылдық елді мекен­дердегі көшелерге және кіреберіс көлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары қарқынды атқарылуда. Аталған шаралар адамдардың жол қауіпсіздігі мен жол қозғалысына қатынасуына қолайлы жағдай жасалды.

Аудан тұрғындарының 93 пай­ы­зы таза ауызсумен қамтылған. Жыл соңына қарай Отрадное, Боз­анбай, Асубұлақ елді мекен­дерінде су құбырларын салу және қайта жаңғырту құрылысы аяқта­лып, бұл көрсеткіш толығымен орындалады. Бұл – мемлекеттің ауылдағы өмір сапасын қала дең­гейіне жақындату міндетінің нақты көрінісі.

Тұрғындар үшін өзекті бағыт­тың бастысы – жылумен қамта­ма­сыз етуде де жаңа белес бар: Қасым Қайсенов кентінде жылу жүйе­сі қайта жаңғыртылып, Таврия ауылында жаңа қазандық іске қосылды.
Ал баспана мәселесінде «Бір­қабатты Шығыс» жобасы аясында бес жыл көлемінде 208 көпбалалы отбасы­лар және әлеуметтік топ­тар­дағы тұрғындар баспаналы бол­ды. Қазір бұл бағдарлама ба­ғытында қос­ымша 60 пәтердің құры­лысы аяқ­талуда. Мұның бәрі – ауылдың болашағына сенім мен тұрақтылық ұялатқан нақты саясат.
Аудан басшылығының ай­ту­ын­ша, интернет пен байланыс та назардан тыс қалған жоқ. Қазір аудан тұрғындарының 92 пайыздан астамы интернетке қосылған. Қалған ауылдар 2028 жылға дейін жоспарлы түрде интернет және ұялы телефон байланысымен тол­ық­тай қамтылады.

 Адам капиталы – ауданның басты байлығы

Ұланда жаңа мектептер, ден­сау­лық нысандары мен спорт кеш­ендері ашылып жатыр. Қасым Қай­сенов кентіндегі жаңа емха­на – осының дәлелі. Нысан зама­науи диагностикалық жабдық­тар­мен қамтамасыз етілді.

Жаңа музыкалық мектеп, спорт кешендері мен балалар ал­аңдары – жастардың дамуына ба­ғыт­талған инвестиция. Мектеп­тер ағым­дағы және күрделі жөн­деу­ден өтіп, заманауи робото­тех­ника кабинеттері орнатылып, бі­лім беру сапасы цифрлық фор­матқа көшіп келеді.
Мұндай нысандардың ашылуы ауылдан қалаға көшу ағынын азайтады. Себебі адам тек тұрмыс­қа емес, ортаның сапасына қарап өмір сүреді. Ал Ұлан дәл сол сапа­ны ұсынып отыр.
Расымен, бұл өлкенің құнды­лы­ғы – ұлылықты ұранмен емес, еңбекпен дәлелдеуі. Бүгінгі Ұлан – тарихқа тағзым етіп, техноло­гия­мен алға ұмтылған өңір.
Алтайдың баурайындағы бұл аудан – шығыстың, тұтас еліміздің серпін аймағы. Ұланның даму тәжірибесі үлгі болары анық. Мұн­да халықтың ұсыныстары нақты жүзеге асып, жетістіктер сөзбен емес, іспен және нақты нәтижемен дәлелденіп келеді.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2026
Besucherzahler
счетчик посещений