kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Zaisan qЗайсан тарихы көне қытай, орыс, моңғол, грек, араб, парсы жазбаларында аз емес. Археологиялық қазбаларда, фольклорлық, ғылыми, географиялық зерттеулерде анықталған құнды деректер, құжаттар, мағлұматтар көп.

Мәселен, бұдан 15 ғасыр бұрын жасалған Орхон-Енисей тас жазбаларындағы батыр, саясаткер, дипломат, қолбасы Тоныкөк Қара-Ертістің төменгі сағасын мекендеген Сәбек тайпасынан шыққан екен. Ол бүкіл өмірін туған жеріне, елін қорғауға арнаған есіл ер. Халқымыздың қаһармандығы, өршілдігі сол бабаларымыздан бастау алған.

Әлем тарихында өшпестей болып аты қалған атақты жиһангер Шыңғыс ханның Керуленнен кейінгі мекені Қара Ертістің Зайсан ауданындағы аңғары болған, малға, жанға аса қолайлы бұл жерде көреген Шыңғысхан жете пайдаланбай калмасы анық. Моңғолдарды4 1219-1221 жылғы Орта Азияға жорығы тұп-тура қазіргі Зайсан қаласы тұрған жерден өткен (тарихшылар жасаған көне карталардан анық, көрінеді).

«Зайсан» - деген сөз қазақ, моңғол, қытай тілдерінде жайсаң, құт, молшылық, қоймалы деген ұғымды білдіреді. Осыған қарағанда бұл өңірге қызығу Азиядағы талай халықта болған. Оның қаншама шапқыншылыққа ұшырауының біp сыры осында жатыр. Apғыны былай қойғанда бepгi мың жылда ол ұлы керуен жолына, Батыс Еуропа мен Күн шығыс Азия арасында қақпаға айналған. Зайсан қаласының ipгeci қаланған 130 жылдан бepi ол Ресей, Қытаймен арадағы қарым-қатынастың бip бекеті болған. Қaзip де Майғапшағай кедені тәуелсіз Қазақстанның Қытаймен шебіндегі тығыз байланыстың өткелі болып отыр.

XIII ғасырдың басында найман Таян ханның хатшысы болған, кейін Шыңғыс xaнға тұтқынға түсіп,оған ескі ұйғыр жазуын үйреткен Тата-тұнға Зайсан өңірінде туып өскен дала данасы Тоныкөктің бесінші ұрпағы екен. Тоныкөктің өзi 17 жыл Пекинде тұрып оқыған, Қытай елінің болмысын, саясатын жете білген ғұлама екенін ескерсек, оның қанынан шыққан ұрпағы Тататұнғаның аса білімдар, сауатты адам ретінде кімнің кім екенін жазбай танитын алып тұлға Шыңғысханның бағасына ие болуы, оған тіл үйренуші болуының өзі Зайсан жерінің қасиетті, киелі екендігін керсетпей ме.

Zaisan111Сол атам заманнан таратылған желі күні бүгінге дейін үзілген жоқ. Зайсаннан ауыл шаруашылығы ғылымының 2 академигі (Шәкен Жарасов, Тілеуберді Сайдолдин), 30-дан аса ғылым докторы мен кандидаты, 6 профессор шықты. Біздің ғалымдар тарих, математика, физика, техника, филология, экономика, медицина ғылымдарын дамытуға айтарлықтай үлес қосуда.

Әрқашан бостандықты, еркіндікті аңсаған, туған жері мен елін қасыққаны қалғанша қорғаған қаһармандық Зайсан өңірінде туып өскен халықтардың қанында бар қасиет. Бұдан 780 жыл бұрын 25 жыл ат үстінен түспей Шыңғысханмен өле-өлгенше шайқасқан, моңғол шапқыншылығына тосқауыл қойып, зығырданын қайнатқан меркіт Тоқтабектей ешкім болмаған. Аты тарихта қалған осы бip ғажап тұлға зайсандықтар үшін аса қастерлі. Ерлігін, қайтпас қайсарлығын көзсіз ер, дара туған Шыңғысхан мен оның ұлдары мойындаған Тоқтабектей батырдың өнеге, тәрбиесі оның ұрпағынан өшкен емес.

Осы Зайсан аймағын жат жұрттан қорғау қазақ елінің оның хандары мен батырларының қасиетті ici, парызы саналған. Бұл өңірдің сынық сүйемін eшкімге бермеген. Зайсан жерінде болмаған қазақ хандары, батырлары кемде-кем.

1620 жылы Қара Ертістің оң қапталында қазақтардың жоңғарлармен қиян-кескі шайқасы болған. Қазақ жасақтарын Есімханның өзі ұйымдастырған. Ол қолбасшылықты жас батыр Қарасайға жүктеген. Бұл соғысқа қазақтың аты әйгілі Жиембет, Алатау батырлары қатысып, таңғажайып ерлік көрсеткен. Сол жау журек батырлардың өзі Қарасай мен Eciмханның қаһармандығына таңдай қағысқан екен. Осы шайқастағы ғажайып ерлігі үшін Eciм хан Еңсегей бойлы ер Eciм деген атқа ие болса, Қарасайға қазақтың Қарасай батыры атағы беріліпті.

Міне, Зайсан жерінде Зайсан тарихындағы қайталанбас ipi тұлғалар Eciм хан мен Қарасай батырға қасиет дарып, шежіpeмiздe алтын әріппен жазылған атаққа жеткен.

Zaisan rЖоңғарлармен болған 2 ғасырлық соғыста Зайсан жері жан алып, жан беріскен нeбip аласапарынды көрген. Мұнда Абылай бастаған батырлардың бәpi болған. Қабанбай, Бөгенбай, Барақ, Дәулетбай, Байғазылар тізе қосып шайқасса, қалың қолға қаз дауысты Қазыбек ақылшы болған, ел мақтанышы Бұқар жырау рухтандырып тұрған.

Басқыншылармен шайқаста Зайсанның өз тумарлары да қол бастап, ерлік көрсеткен, батыр атанған. Арқалық, Сәтбай, Баймұрат, керей Жәнібек батырлардың қаһармандығы халық жадында жатталып, жыр, толғауларда мәңгілікке қалды. Абылай ханның өзі Баймұрат батырға қазақтың төрт қосынының бipiн сеніп тапсыруы оның ерекше танылғанын көрсетеді. Бұл күндері қазақ тарихында жат eлдiк шапқыншылықтармен шайқаста тамаша ерлік көрсеткен 100-ден аса батырлар аталады. Баймұрат, Барақ батырлар осы қолбасылардың легінде екен. Ал батыр қыз Жәнделінің қаһармандығы оны Гулбаршын, Гауһар, Назымдармен қатар қоюға лайық. Халық өзінің батыр қызын ерекше құрметтеп үлкен сайға оның eciмін берген, Жәнделі атауы 300 жыл ұмытылмай ұрпақтан-ұрпаққа сақталып, бүгінгі дәуірге жетті.

Eciм, Қарасай, Абылай, Қабанбай, Баймұраттардың ерлігін паш ететін тас обалар, зираттар, жартаста ойылып жазылған белгілер Зайсан жерінде өте көп. Тұлпарлардың тасты ойған табан белгілері бертінге дейін бар еді. Сынтас деген жердегі (Шуршітсу маңындағы) тастағы ат тұяғының оймыш белгісі жанынан өткенде үлкен-кіші бас киімін алып, тағзым ететін дәстүр болған. Жаңатұрмыс ауылына жақын Айдапкел жазығында 7 батырдың (аты-жөні белгісіз) зираты жанынан қариялар құран оқымай өтпейтін еді.

Исі қазақ мақтан тұтқан хас батырлардың қасиеті кейінгі ұрпаққа дарыды. Бертінде Мырзаш, Садырбай батырлар осы өңірдің қорғаны, асыраушысы болды.

Бұл ерлік сабақтастығы «Сасық бұғы» шайқасында Әлібайдың ерекше қаһармандығынан көрінді. Ұлы Отан соғысында зайсандықтар Eciм, Абылай, Баймұрат, Қабанбай, Қамбарлардың рухын жүректеріне түйіп, қол бастады. Батальон командирлері Қыдырбатша Боқажанов, Елубай Бексейітов тек қолбасыларға берілетін Александр Невский орденімен марапатталды. Василий Головненко Кеңестер Одағының Батыры атанса, Манап Әубәкіров «Данқ» орденінің толық иerepi атанды. Ержүрек офицерлер Нүкен Егінбаев, Халел Қайырсынов, Солтанбек Биқадамов командирлкті ойдағыдай атқарған. Қызыр Аманжанов, Рахымжан Ахатов, Уәлихан Иманғалиев, Әзбай Байжасаров, Николай Иванович Старченко, Петр Андреевич Шевченко, Зейнелғабден Қасейінов, тағы басқалар от пен оқты кеудесіне төсеген ерлер еді. Біз бүгін жаужурек танкист Сәдуақас Әбдірахмановтың ерлігін ұмыта алмаймыз. Зайсанның ұлағатты ұстаздары Сәукен ақсақал, Әнуар Кенжебаев, Жүсіпхан Сәрсенов, Қыдырбай Қиқабаев, Ризабек Сарбасов, Бекет Саусақбаев, Оразбай Есдәулетов, Баяхмет Камалов және т. б. Бұл ұстаздардан тәлім алған оқушылар әртүрлі салада қажырлы еңбек етуде.

Бейбіт заманда Зайсаннан талай қолбасшылар шықты. Бүгінгі қазақ армиясының генералдары Болат Зәкиев, Нұрғали Асылов,Өмірбек Төгісов әке, aғa жолын жалғастырып, әскери өнердің биік тұғырына шықты. Кеше Сейтқазы Зәкиев, Мұхаметқали Асылов майданда ерлік көрсетсе, бүгін олардың ұл, бауырлары елін даңққа бөлеуде. Зайсан жұртшылығы Отан соғысынан оралып, 30-40 жыл еңбек көрігін қыздырған, Зайсанның ен байлығын жасаған Түсіпбек Ежебаев, Құмарбек Шитеков, Зағыпар Бапиянов, Нәби Атымтаев, Мусілім Ыбыраев, Қаман Аманшалов, Оспан Байсейітов, Әкрам Өтебаев, Халел Салахов, Кенжебай Мұсанов, Кадылбек Терлікбаев, Тұрсын Өкісханов, В.В. Вершинина, А. М. Бойко, Кәрім Ертісбаев, Мінәпия Шалатаев, тағы басқаларды мақтан тұтады.

Бұл Зайсан деген жер ежелден дүние жүзі ғалымдарының, саясаткерлерінің, елбасыларының назарын аударған екен. Орыстың ұлы патшасы Петр I бұдан 280 жыл бұрын Зайсан жағынан бекініс салуды міндеттеп, әскери экспедиция жіберген. Оның бұл мақсаты 140 жылдан кейін жүзеге асты, 1860 жылдарда Зайсан қаласының ipгeci қаланды. Содан бepi ел мемлекеттің аса маңызды стратегиялық орны болып саналады.

Осы өңірге Батыстың әйгілі саяхатшы ғалымдары А. Гумбольд, А. Брем, О. Финш, орыс ғалымдары Н.М. Пржевальский, Г.М. Потанин, С.С. Семенов-Тянь-Шаньский, тағы басқалар сапар шегіп, зерттеген, еңбектер жазған. Зайсанды қазақ ғұламалары Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Ахмет Жұбанов зерттеп, ел тарихына үлкен мағлұмат қалдырған. Зайсан жерінде қазақтың біртуар азаматтары Сұлтанмахмут Торайғыров, Жұмат Шанин тамаша туындыларын жазған. Қазақ мақтанышы Әсет, Естайлар ән шығарған, Тайыр Жомартбаев, Әріп Тәңірбергенов, Әли Еспембетов тәрізді ақындар тұрып, бала оқытқан. Атақты Кәрібай, Ақыт ақындар Зайсан жерінен бақыттарын тауып, қолдау көріп, мақтан тұтқан.

Зайсан жерінің өзi де дарындылардан ешқашан кенде болмаған. Бізде ел басқарған Халит, Бұтабай, Зейнолла, Ақбай тәрізді болыстар, Шұлғаубайдай шешен, Бұланбайдай палуан, Қоңыр, Ақыштай қажылар, елді аузына қаратқан билер шыққан. Жыр алыбы Жамбылдың өзі Шөжемен қатар қойған Ноғайбай ақынды Мәскеу университетінің профессоры Ивановский бүкіл Ресейге әйгілеп, талантына тәнті еткен. Ал бүгіндер Зайсан тумалары Есет, Әубәкір, Тоқтарбек, Ұлықбек, Асқар,Нурлан, Марат, Кәдірбек, Гүлнәр, Советхандар қазақ әдебиетінің алғы легінде тұр. Зайсан тумасы Леонид Хохлов Парижде дүние жүзіне әйгілі ғалым Пастердің лабораториясында қызмет icтеген, ақын Павел Васильевтің eciмi орыс әдебиетінің алыптары Сергей Есенин, Владимир Мажовскиймен қатар аталады. Жарсу ауылында туып өскен Гулнәр, Эльвира Сахатовалар дүние жүзіне танылған шахматшылар. Салтанат Камалиева дүние жүзі сулуларының байқауында жеңімпаз атанған. Зайсан тумасы генерал ұшқыш Қамза Ерзінұлы Зайсанов Моңғол мемлекетінің әуе күштеріне қолбасшылық жасаған.

Аудан құрылған алғашқы жылдардағы ауыртпалықты айтып сұрамаңыз. 1929-30 жылдары аудандағы 15 кеңес (совет), 46 ұжымшарда бірде-бір техника болмаған. Оны қойып, арба, шана аз. Астықты ағаш күрекпен ұшырған, жерді күрекпен қашаған, барлық жұмыс қолмен атқарылған. Сол жылдары аудан шаруашылықтарында 6366 бас жылқы, 14336 бас ipi қара, 108170 бас қой-ешкі, 258 бас түйе болған. Шаруашылықтар бipтe-бipтe нығайып, үкімет көмектесіп, машина-трактор станциялары құрылып, ел тынысы кеңейе түсті. Сол жылдары жергілікті кеңестердің төрағалары, ұжымшарлардың бастықтары болған Н. Қалиев, А. Мусин, Ә. Біткенбаев, М. Оспанов, Н. И. Абыраев, С. Самбаев, Т. Қыстаубаев, тағы басқалар еңбекшілерді биік мақсатқа жұмылдырып, жігерлендіре білді, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.

Халық шаруашылығын өркендетудегі ерен еңбегі үшін 4 майталман: Оспан Байсейітов, Тұрабай Тұраров, Шаймардан Мұқанов, Зада Сепсекеновке Социалиста Ецбек Epi атаыы берілді. 20- дан аса еңбеккер Кеңестер Одағының ең жоғары наградасы Ленин орденімен марапатталды.. Ферма басқарушысы Мусин Ыбыраев, механизатор Қыдырхан Қалиев, шопан Сіләмбек Жуанханов, тағы басқалар Отан азаматтарының қатарына шығып, құрметке бөленді. Соғыстан кейінгі қайта қалпына келтіру жылдарында жасөспірім бұзаушылар Бопа Байғаранов, Қожақапан Жақыпбеков Ленин орденін кеуделеріне тақты.

Ауданымыздың ардагері Байғанбек Будабаев тәуелсіз Қазақстанның «Құрмет» орденімен марапатталды. 18 рет қалалық, аудандық, облыстық Кеңестердің депутаты болып сайланыпты, ол кісінің депутаттық өтілі 40 жылдан асады.

Зайсан ауданының жер көлемі 10,4 мың шаршы шақырым, 1 миллион 48,7 мың гектар.

Қазір ауданда жалпыға бірдей білім беретін 30 мектеп жұмыс істеуде. Ауданда орталық аурухана, Tepi аурулары, туберкулезден емдеу диспансерлері жұмыс icтen тұр.

Зайсан Қазақстанның қиыр шығысындағы шуақты, шырақты аудан ретінде әрқашан көріне беретініне күмән жоқ.

Қолданылған әдебиеттер:

Зайсан асулары: Тарихи публицистикалық очерктер. Б. Жапаров, Р. Түлкин, Б. Құдабаев, М. Байкөбекова.-Алматы: баспа, 1998

Байбатыров Ғ. Зайсан тарихы.-Өскемен:2003.-180 б.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений