kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

TugylТарбағатай ауданының оңтүстік-шығысында орналасқан Тұғыл ауылының тарихы әлемдегі ең ipi 5 су қоймаларының бірінен саналатын Бұқтырма ГЭСІ нің салынуымен өзектес. Баршаға мәлім өткен ғасырдың 50-жылдары Кенді Алтай аймағында түсті металлургия мен ауыл шаруашылығы өте тез қарқынмен дами бастады. Бұл салалар аса мол, арзан электр қуатын қажет етті. 1952 жылы КСРО Министрлер кабинетінің Ертіс өзені бойында Бұқтырма су электр стансасын салу туралы шешімі осы түйінді мәселені шешудің ұтымды жолы болды. 1966 жылы бұл жоба жүзеге асырылды. Бұқтырма бөгеуі Қара Ертіс өзеніне дейін жетіп, Зайсан көлінің табиғи деңгейін 5-6 метрге арттырып, көлемін үш есеге ұлғайтып жіберді. Көл алып су қоймасының бip бөлігіне айналды. Осы кезде су басу аймағында қалған елді мекендердегі халықты болашақта жаңа қоныс түсетін Кемер деген ескі мекенге көшіру басталды.

Сол кезде Кеңес өкіметі жаңа қонысты салуға ерекше көңіл бөліп, оны «бүкілодақтық екпінді құрылыс»,- деп жариялады. Оған Одақ құрамындағы барлық ұлт өкілдері белсене қатысты. 1955 жылы «Новостройка» деген ел ішінде бейресми атауға ие болған қоныстың алғашқы құрылысшылары - «Астық кабылдау кәсіпорны ipгeciн қалауға келген В. Лещенко бастаған мамандар тобы өндірістің негізгі базасы болып табылатын нысандарды салуды қызу қолға алып, бұл жұмысқа жергілікті тұрғындарды кеңінен тарта бастады. Кейіннен олардың арасынан шыққан М.Байгереев, К.Байгереев, Б.Дайырова, К.Ахметов, М.Сагдолова, О.Сейтпақов, А.Нурекенова, И.Маршалкин сынды еңбек озаттары осы өндірістің өркендеуіне өзіндік үлестерін қосып, жұрт құрметіне бөленді.

Санаулы уақыт ішінде астық қоймалары, өндіріс цехтары, тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараты, клуб, балабақша салу жұмыстары аяқталды. 1962 жылы өндірістің негізгі нысаны - диірмен іске қосылып, өз өнімін шығара бастады. 1959 жылы cәуір айында «Гидроспецстрой», «СМУ» (басшысы-А.Қасайынов) сияқты ipгелі мекемелердің «Новостройкаға» келуі құрылыс жұмысына жаңа серпін берді. Жаңа қоныста әлеуметтік, өндірістік нысандарды салу оның инфрақұрылымын қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіле бастады.

Tugyl Сол кезде келген құрылысшылардың алғашқы легі қажырлы еңбек етті. 1962 жылы тұңғыш рет жаңа жобамен салынған қазіргі Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің пайдалануға бepiлyi аудандағы елеулі оқиғалардың бipi болды. Мектептің алғашқы директоры болып тәжірибелі басшы А.Е. Кравцов тағайындалды. Ол уақытта мектепте Э.Райымбеков, Н.Дауытов, Ж.Китапова (оқу ісінің меңгерушілері) Э.Сартқожин, Б.Нурабаева, А.Баширов, К.Жайкенова, З.Оразғалиева, М.Шапорева,         Г.Шайытова, К.Шмурыгина, А.Савчуков, Н.Подойникова, М.Шестаков, Р.Шыдғаева сынды ұлағатты ұстаздар еңбек етті. Осы аға буын ұстаздардың жолын олардың шәкірттері С.Ниғыметова, К.Тлебалғанова, Г.Масенова, Г.Камаева, Н.Матвеева, Б.Ерғалиева, Ш.Қожаев, З.Бижігітов, Б.Қашқынов, T.Kepiмxaнов, З.Керімханова,   Б.Солтанова, Г.Сабиталина, Б.Садықанова, Ф.Мухамеджанова, С.Демеуова, Е.Камиева, А.Қожаева, А.Шалкеновалар абыроймен жалғастырды. Білім ұясынан түлеп ұшқан Тұғылдың тұңғыш ғалымы, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақ онкологиялық және радиологиялық ғылыми зерттеу институтында өмірінің соңына дейін абыройлы қызмет атқарған абзал азамат Г.Қанапиянов, халықаралық дәрежедегі сарапшы, Қазақстан Республикасы бойынша теңіз кемелерін сараптаудан өткізудегі санаулы маманның бipi, «Қазмұнайгаз» компаниясының жауапты қызметкері, «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін медалінің иегері, еңбек ардагері Ө. Бәкітаев, Ақжар аймағынан шыққан алғашқы генерал, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Е.Саденов, ҚР ІІМ қылмыстық-аткару жүйесі комитетінің жауапты қызметкері, өмірінің соңына дейін осы комитеттің ардагерлер кеңесі төрағасы болған полковник М.Кәрібаев, Ресей ұшқыштар академиясының тулегі, жоғары санатты ұшқыш, ҚР Азаматтық авиация саласының ардагері Г.Қасымов, ШҚ облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы болған Н.Түсіпова, республикалық маңызға ие «Зайсанбалық» өндірістік бірлестігінің бас директоры, білікті басшы, еңбек ардагері Қ.Ногайбаев, «Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы», ауданаралық балық инспециясының басшысы, есімі «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына енген еңбек ардагері А.Рақышев, мектеп директоры, ұлағатты ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері Б.Қиялбаева, көп жылдар мәдениет және білім саласында жемісті еңбек еткен тәжірибелі басшы, еңбек ардагері Г.Ботабаева, Тарбағатай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қосқан, мектеп директоры С.Марданов сынды азаматтарды Тұғыл жұрты мақтан етеді. Өткен ғасырдың 60-жылдарының соңы мен 70-жылдардың ортасында «Новостройкадағы» жылдар бойы үздіксіз жүргізілген құрылыс өз мәресіне жетті. Осы кезде «Зайсанбалық өндірістік бірлестігі» (алғашкы директоры - Қалиев), «Тұғыл айлағы» (А.Савчуков), «ПМК-2408» (С.Иванов),«УМС» (С.Сороки), «Заготзерно» (В.Лещенко) «Казсельхоэтехника» (А.Медведев), «Ет комбинаты» (Г.Дзебисов) «Мұнайбазасы» (И.Козлов), «Автокөлік» (И.Баранов) кәсіпорындары, жол жөндеу, «Алтайэнерго» мекемесі филиалдары, мектеп, тұрмыстық-қамту комбинаты, 80 орындық аурухана, 500 орындық мәдениет үйі, 400 орындық кинотеатр, 5 балабақша, сауда дүкендері, орталық сауда үйі, асхана, наубайхана, әye, автокөлік, өзен жайлары барлық қуатымен жұмыс істей бастаған еді. «Новостройка» облыстағы ipi портты мекендердің біріне айналды. Сонымен қатар Тұғыл - Өскемен бағытында тікелей әye, су, автокөлік жолы қатынастарының ашылуы қоныстың әлеуметтік-экономикалық дамуына игі ықпалын тигізді. Осы жылдар аралығында су алған аймақтан көшіп келген қалың ел жекеменшік үй салуға белсене кірісті. Халқымыздың киелі дәстүрінің бipi асармен үй көтеру кеңінен өpic алды. Бұл ата дәстүр адамдардың өзара ынтымағын арттырып, қиыншылықтарды бірлесіп жеңуге үлкен күш-қуат берді. Жыл өткен сайын жаңа үйлердің қатары көбейіп, қоныс қанатын кең жая түсті. Осылайша адамдардың мақсатты, қажырлы еңбегінің нәтижесінде қарт Барқытбел баурайындағы Зайсан көлі жағасында айшықты ажарымен көз тартатын, көрікті қала типтес Тұғыл кенті пайда болды.

Қоныспен бірге есіл, бірге жасасқан бүгінгі аға буын мен одан кейін жас толқын туған жерді түлетуге белсене атсалысты. Орденді балықшылар К.Тоқашев, О.Қаракөзов, Қ.Шуленов, З. Қалышев, Б.Карменов, С.Разиев («Зайсанбалық өндірістік бірлестігі»), автокөлік жүргізуші Мананбаев, Касымов, Сібенов, Уақитов, Аққазин, Канапиянов, Батталов, электрик Тәжібанов, («Автокөлік» кәсіпорны), Жетібаев, Ахметов, Халитов, Нұрғалиев, Тлебалғанов, Дабиолданов, Шыңғаев, Құмарбеков, Өкенов («Казсельхозтехника»), Карибаев, Шукеев, Қарабаев, («УМС») құрылысшылар Тыныбаева, Әбиханов, Қамшыкенова- Тантаева (ПМК- 2408) сынды азаматтар eceлi еңбектерімен ел құрметіне бөленді. Көшбасшылық қабілеттерімен көзге түскен Қ.Қисанов, («Казселхозтехника») Б.Добрынски, Б.Мухаметрахимов, М.Жжетов (ПМК-2408) Ә.Тайынов, Қ.Мешінбаев, М.Сейтханов (ПМК-47), А.Ниғметжанов, Б.Байгереев, К.Рустемов, Р.Инкебаева,  А.Айдарғалиев, А.Сәдуақасов, Ж.Миронов («Зайсанбалық бірлестігі»), С.Пак («УМС»), М.Оразғалиев, («Ет комбинаты») Б.Ахметқалиев (Тұғыл айлағы) Т.Демесинов («Алтайэнерго») Е.Сейілханов, Н.Қанапиянов, («Автокөлік» кәсіпорны) А.Хамзин, (Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп) Б.Оразгалиева, С.Батталова («Рабкооп») сияқты білікті мекеме басшылары ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік қолтаңбасын қалдырды.

Әңгіме Тұғыл туралы болған кезде осы кенттің дамуына сүбелі үлес қосқан екі тұлға жайында сөз қозғамау мүмкін емес. Олардың бipi - ауылдық кеңестің төрағасы болған еңбек, соғыс ардагері, жаңа қоныстың іргесін қалау, оны сәулетті, көрікті кентке айналдыру жолында қажымай еңбек етіп, өзін қабілетті ұйымдастырушы ретінде көрсете білген Т.Боқанаев, ал eкіншісі - 20 жылдан астам Приозерный кеңесі атқару комитетіне үздіксіз басшы облыстағы сәулетті кенттердің бірінен саналды. Жерлестерінің ерекше ықылас, құрметіне бөленген бұл eкі тұлга шын мәнінде ауылына қамқор, жанашыр, халқына адал қызметші бола білді. Еліміз нарықтық қатынасқа бет алған шақта бip кездері қайнаған еңбектің көрігіндей болған көптеген мекеме, кәсіпорындар жабылып, талан-таражға түсіп, жойылып кетіп, адамдар жұмыссыз қалды. 10 мыңнан аса тұрғыны бар кент халқының саны 5 мыңға дейін кеміп кетті. Кенттің бip кездегі келісті келбеті өзгеріп, көмескі күйге түсті. Алайда, өзен жағалағанның өзегі талмайды» дегендей, ырысын көлден, несібесін еңбектен тапқан еңбекқор жұрт уақытша басқа түскен ауыртпалықты артқа тастап, заман талабына орай бейімделіп, жеке кәсібін ашып, қарекет жасауға көшті. Балық аулау cepiктестіктері, шаруа қожалықтары құрыла бастады. Серіктестік жетекшілері Б. Ахметов, Қ.Ахметов, Е. Мухаметрахимов. С.Мешінбаев, Ө.Рустемов, Б.Шетекбев т.б. бipiгіп «Зайсан балықшылары» атты ipгелі кооперативтің негізін қалады. Бұл жаңа құрылымды қабілетті басшы, білікті маман Е.Мұхаметрахимов басқарды. Балық аулауды үлкен кәсіптің көзі деп тани білген Қ.Қабдығали. Е.Мұхаметрахимов, К.Мамболов, Е.Қатаев, М.Қабиев сияқты іскер азаматтар балық өңдейтін шағын зауыттар ашып, өнімдерін алыс- жақын шет елдерге шығаруга жежетісті. Kәсіпкерлікті жете меңгерген А.Кабиева, Ж. Рамазанова, К.Нуранова, А.Каракөзов, Б.Қабылбаева, К.Садықанова, Э.Садуақасова, Б.Шетекбаева, Г.Асанова т.б. - бүгінде ауыл жұртшылығы сұранысын қанағаттандырып отырған айтулы сау-да орындарының иегеpi.

Еңбек ардагері, өлкетанушы Қ. Тлебалғанов

(Семей таңы.-2020.-3 қараша.-Б. 3)

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений