kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Қазіргі Катонқарағай ауданының Өрел ауылдық округіне қарасты Еңбек деген ауыл бар. Қазір ауылда 90 шақты үй, оларда 200-дей адам тұрады. Орта мектеп бар, бірақ ондағы балалар саны жылдан жылға азайып барады. Бұрын, дәлірек айтсақ, кеңестер үкіметі тұсында Шәңгіштай болысы 10 старшындық ауылға бөлініп, ауылдар рет санымен аталған. Сонда қазіргі Еңбек (бұрынғы Таңба) үшінші ауылға жатқан екен.

Ол Бұқтырма өзенінің екі жағалауын ала Қаражердегі Қарасудан бастап, Өрелге жетпей орналасқан шағын көлге дейінгі аралықты алып жатқан көрінеді. Осы Үшінші ауылда Қаратайдан тараған бірнеше атаның балалары тату-тәтті тұрып келген, қазір де солардың ұрпақтары тұрып жатыр. Ауыл ежелден татулық, ынтымақтылығымен аты шыққан берекелі, бірлігі зор ауыл. 

Осы ауылдан кезінде көптеген колхоз бастықтары, бөлімше басқарушылары, совхоз директорлары, құқық қорғау органының мамандары, құрылысшылар, дәрігерлер және басқа да мамадық иелері шықты. Олардың ішінде есімдері ел арасында кеңінен танымал болған Шанақ Ауғанбаев, Сейтқазы Тұрбаев, Берікбол, Серікбол, Сәкко Қашқынбаевтар, Қаби Жәмиғазин, Нұқтарбай, Мұхтархан, Бабағұмар, Толқын Райысовтар, Қазбек Әбенов, Оралбай Бердіғожинов, Зейнолда Төлегенов, Тохтархан Сақпанов және басқалар бар.

Академик Төлеухан Бияров, Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері Баламер Сахариев, Төлеген Рахымжанұлы, Ермек Сахариев, Бақытжан Райысова секілді әдебиетші, ақын-жазушылар да осы ауылдың түлектері.

Ауылдың қыстауы Бұқтырма өзенінің бойында, екі жағалауда, жайлауы бөлек-бөлек Шабанбайды, Ешкіөлген, Қаратастан бастап Жуантөбе, Арыаққан, Беріаққанға дейінгі аралықты жайлаған. Кейіннен Тарбығатай жайлауын пайдаланған. Сәбік,Таңатар, Бозжігітте отырған. Совхоздар болған кезде Алатай, Астаушаға дейін жайлаған. Қой, жылқы, түйе малын ұстаған ертеректе.

Енді Үшінші ауылдың «Таңба» аталуын бажайлап көрсек, қазіргі ауылдың батыс жағында жер астынан шығып жататын су қайнары – бастау бар болатын. Жергілікті халық оны «Тұма» деп атайтын. Көктемде Бұқтырма тасып, лайланып жатқан кезде ауыл адамдары тұмадан таза су алып ішіп отыратын. Сол тұманың тұсындағы тау беткейінде үлкен жартас бар еді. Оның бетінде әртүрлі жануарлардың суреті және жазуға ұқсас таңба белгілері байқалатын. 1960-70 жылдары Бұқтырма өзені оңтүстікке қарай ауып, ауылдың бұрынғы орнын алып кеткен кезде, ауыл үйлері бірте-бірте шығыс жақтағы қазіргі отырған орнына қарай көшіп, күре жолды тау бөктеріне көтеріп салған болатын. Әлгі таңбасы бар тасты жол жөндеушілер

сол кезде дәрі қойып қопарып, бұзып, тас-талқанын шығарған деседі білетіндер. Ауылдың бір кезде Таңба атауына осы тас тікелей себепкер болған болуы керек десіп айтысып жүретін. Осы жерде отырып жүрген Бәйтеннің Жанкісіден тарайтын он шақты үйін кеңес үкіметі орнамай-ақ «Таңба» ауылы деп атай бастаған.

Жиырмасыншы жылдардан кейін сол маңдағы ел осы араға келіп қоныстанып, отырықшылыққа көшкен. 1922 жылы Садық Түкебаевтың ұйымдастыруымен Қойшыбай ақсақалдың қос бөлмелі үйіне бастауыш мектеп ашылған. Ол да Таңба бастауыш мектебі деп аталған. Онан кейін мектеп ұзақ уақыт орталау мектеп, онан кейін сегізжылдық мектеп аталып келіп, тек 1994 жылы ғана орта мектепке айналдырылған. Осы жылы ақпан айының басында 102 жасқа келіп өмірден өткен Шыңғыстайдан шыққан атақты ұстазымыз Зәбила Алпысова өзінің өмірбаянында: «1942-1944 жылдары Таңба орталау мектебінің бесінші-жетінші сыныптарына физика, математика пәндерінен сабақ бердім», – деп жазыпты.

Менің өзімнің 1963 жылы сегізжылдық мектепті бітіргенім туралы аттестатымда Таңба сегізжылдық мектебі деп жазылған. Ал менің «Туу туралы куәлігімде» туған жері «Эңбек» колхозы», «Таңба» ауылы деп жазылған. Бұл 1947 жылы Таңба ауылдық кеңесі берген құжат.

Колхоздар 1957 жыдың наурыз айында совхоздарға айналған кезде Жұлдыз бен Березовка Бұқтырманың оң жағындағы совхоздың бөлімшесіне, Еңбек «Алтай» совхозына беріліп, ал 1959 жылы «Өрел» совхозына қарайтын бөлімше болды. Таңба ауылдық кеңесі таратылып, Еңбек ауылы Өрел селолық кеңесіне қаратылды.

Қазақ тілі мен әдебеті пәнінен сабақ беріп, бүкіл саналы ғұмырын тек осы ауылда өткізген, көп жыл мектеп басшысы болған, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы, марқұм Төлеген Рахымжанұлының туған ауылы туралы жазғандары аз емес.

...Ауылымды «Таңба» дейді, «Еңбек»дейді,

Осынау алып жатқан кең беткейді.

Басқаның талғамында жұмысым жоқ,

Мен үшін бұл араға жер жетпейді, –

деп жазады Төлеген бір өлеңінде.

Төлеген Рахымжанұлының 2011 жылы баспадан шыққан «Өлеңмен өрілген өмір» деген кітабының 38-бетінде Тұмадағы таңбалы тас туралы ап-анық жазылған. Ауылдың бұрынғы аты Таңба болғандығы туралы айта берсе, бұдан басқа да дәлелдер жетерлік. Кейінірек кеңес үкіметі кезінде ауылға ат қоярда басты көп ауыртпай, бұрын болған осындағы колхоз атына тартып, Еңбек деп қоя салғанына ешқандай күмән жоқ. Дегенмен, бұл сөздің ешқандай жамандығы да, ерекшелігі де жоқ. Бірақ, ауылдың о бастағы аты бұл емес екенін жоғарыда айттық. Ендеше, қазір еліміз егемендік алып, бәрі бұрынғы орын-орнына келіп жатқан кезде ауылымыздың бұрынғы атауын қалпына келтірсек, одан ешкімнің ештеңесі кете қоймас деп ойлаймын. Пәлендей тым үлкен шығын да бола қоймайды.

Ауданымыздағы ешқандай мән-мағынасы жоқ Белая, Чернова, Парк, Березовка, Печи, Фадиха секілді ауылдардың аты өзгертіліп, тілге жеңіл, жүрекке жып-жылы естілетін әп-әдемі есімдер берілді емес пе?

Құрметті ауылдастар, жерлестер! Біз де өзіміздің ауылдың бұрынғы тарихи атауын қалпына келтірсек, қалай болар еді? Не айтасыздар?

Бұл енді соншама үлкен мәселеге айналдырып бас ауырта қоятындай дүние бола қоймас. Қазір ауылдан қартайған адамдар қаладағы балаларына кетіп жатыр. Қыс кезінде қалада солардың қолында тұрып, шамалары барлар жазда қайтып келіп, ауылдағы үйлерінде күзге дейін тұрып кетіп жүр. Сонымен бірге ауылдағы тұрақты тұрғындардың және мектептегі балалардың саны азайып барады. Бұл да өз кезегінде проблемаға айналары сөзсіз. Тіпті осы ауданның өзінде адамдар кетіп қалған соң жабылып қалған ауылдар да бар деп естиміз. Бұл енді заман, уақыт әкелген өзгерістер ғой, ешқайда қашып құтыла алмайсың, болашақта ауылдарымыздың келешегін не күтіп тұр? Әзірге болжау қиын. Дегенмен, бұл мәселенің талайларды шындап толғандыратынына ешқандай күмән жоқ.

Қайырды Назырбаев,

ауыл түлегі, баспагер-жазушы, 

ҚР Баспа және полиграфия ісінің

қайраткері, Катонқарағай ауданының 

Құрметті азаматы 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений