29 қаңтар күні А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында жыл сайын дәстүрлі түрде мерейтойлық және атаулы күндер күнтізбесін ашатын, кітапхананың алдағы барлық іс-шараларына бастау болатын «Ұлы Даланың Ұлы тұлғалары: мерейтойлық энциклопедия-2026» кітап көрмесінің ашылуы өтті.
2026 жыл Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында өтеді. Бұл - тарихи естелік, бүгінгі болмыс және болашаққа деген ұмтылысты тоғыстырған, ел тарихындағы айрықша мәнге ие мерейлі кезең. Атаулы дата бүкіл мерейтойлық күнтізбенің мазмұнын айқындап, елдің тарихи және рухани негізін қалыптастырған тұлғаларға деген құрмет пен тағзым рухын тереңдете түседі.
Көрме республикалық және өңірлік маңызы бар негізгі мерейтойлық даталардың тұтас панорамасын ұсынады. Экспозицияда мемлекет және қоғам қайраткерлері, ойшылдар, жазушылар, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің мерейтойлары қамтылған. Атап айтқанда: Әнет баба Кішікұлы, Абылай хан, Жамбыл Жабаев, Әлихан Бөкейханов, Қайым Мұхамедханов, Ермек Серкебаев, Абдулла Қарсақбаев, Роллан Сейсенбаевтың мерейтойлары, сондай-ақ ел тарихындағы маңызды кезеңдер - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына - 40 жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне - 35 жылжәне Семей ядролық сынақ полигонының жабылғанына - 35 жыл.
Көрме мазмұны тарихи және мәдени жадының әр қырын ашатын тақырыптық бөлімдер жүйесі бойынша құрылған. «Ұлт Перзенті» бөлімі елдің стратегиялық даму бағытын айқындаған мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлерге арналған. «Өмір жырын шерте білген» бөлімі сөз өнерін уақыт пен халыққа қызмет етудің биік үлгісі ретінде таныстырып, классик және заманауи авторлардың мерейтойларын қамтиды. «Өнермен өрілген өмір» бөлімі өнер, музыка және театр саласындағы, Қазақстан мәдениетімен қатар халықаралық мәдени кеңістікте де танылған тұлғаларға арналды. Экспозициядағы ерекше бөлім – «Өр Алтайда ізі қалған тұлғалар...», онда Шығыс Қазақстанның әдеби және мәдени тарихы, соның ішінде республикадағы ең көне әдеби бірлестік – ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықтың символына айналған «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің тарихы баяндалады.
Көрме «Тарихтыадам жасайды» деген қағидатты дәлелдей түседі. Адам тағдыры, еңбегі мен ерлігі – мәдени естеліктің өзегі, ал кітап өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғайтын рухани көпірге айналады.
Көрме 2026 жыл бойы жұмыс істеп, кітапхананың мерейтойлық және естелік күндер күнтізбесімен үндесе отырып, ой мен жады, рухани сұхбат алаңы болып қала береді.
Баршаңызды аталған көрмені кез-келген уақытта келіп, тамашалауға шақырамыз!
Байланыс телефоны: 261-333
Анықтама-библиографиялық қызмет орталығы