kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Дарменов Қадылбек - Күршім ауданы Топтерек ауылының тумасы. 1941 жылы соғысқа аттанып 9-ерекше байланыс ротасында пулеметші болған, Дон, Сталинград, Оңтүстік батыс, 2-ші Украина, 3-ші Украина, Батыс майдандарында соғысып, Румыния, Бухарест, Венгрия, Югославия, Будапешт, Молдавия қалаларын азат етіп, Прут өзенінен өтуге қатысқан.
1945 жылы соғысты аяқтап қайтқан ардагер:
"Украина жақта бір деревняда немістер қоршап алып, соғысып жатқанбыз, байланыс болмай қалып, бағана басындағы сымды жалғау керек деген бұйрық берілді. Сымды жалғау үшін бағана басына шыққан солдатты немістің мергені атып, екі солдат мерт болды". Содан «енді сен шығасың» деді. Алдында аяғым жараланып, ақсап жүретін мен, бұйрық берілді шығу керек, құрал-жабдықтар салынған сөмкені іліп, қазақша барлық дұғамды ішімнен оқып, бағана басына шыға бастадым. Көз алдыма елім, туған жерім елестеп, қазір өлемін ғой деп, бағана басына шыққанға дейін ешкім атпады. Сымды жалғап қайта бастадым,ешкім атпайды, төмен түсе бастағанда астында тұрған қаруластарым· «секір-секір» деп қағып алып, "той жасайсың" деп жатыр. Сөйтіп, бір өлімнен қалдым.· Соғыс кезінде пулеметшілердің қай жерде болсын көзін бірінші құртуға тырысады ғой. Екі рет жараландым, құдайға шүкір, балалардың көрер жарығына аман-есен қалдым!”

Темірбай· Ақтайлақов - Күршім ауданы Жиделі ауылы. Соғыс ардагері, III дәрежелі Отан соғысы ордені, "Әскери ерліктері үшін", "За отвагу", "Ленинградты қорғағаны үшін" медальдарының иегері, II топ мүгедегі.
Соғыс басталғанда 16 жаста едім. Соғыстың көп ұзамай аяқталатынына сенімді едім. Өйткені Совет армиясының күшіне· және алып елдің мызғымастығына сенім күшті еді.1943 жылдың мамыр айында 18 жасымда майданға аттандым..
Мұрты тебіндемеген жүздеген бозбаланы Зайсан қаласындағы шақырту пунктіне жинап, Тополев мүйісі айлағынан пароходпен Өскемен қаласына жеткізді.Мұнан кейін Қиыр Шығысқа Лозо станциясына бет алдық. Мұнда артиллериялық курстан өттік. Үш ай бойы минометшілер жаттығу ротасынан кейін біз Калинин майданына аттандық. Соғыстың қайғы-қасіретін мол көрдім. Біздің жолымызда күл болған жер, жермен-жексен болған ғимараттар, Ресей қалаларының көшелері. Алғаш рет Новгород қаласын алғаннан кейін мойнымнан жараландым, сол жақ иығыма оқ тиді. Госпитальда жатып шығып, қайта қатарға қосылдым. Екінші рет Псков түбінде ауыр жараландым. Үшінші рет Германияда Одер өзенінен өткеннен кейін аяғымнан жараландым. Көп ұзамай қайта бөлімге оралдым. Соғыста басымыздан нелер өтпеді, күні бүгінге дейін сол отты күндерді жаным түршіге еске аламын.
Блокададағы Ленинградтағы мына көрініс те есімде: 1944 жылдың 14 қаңтарында блокадалық тұйықты бұзып, үйлердің әр пәтерін аралаумен болдық. Бірінен көз жұмған қарт пен тіршілік нышанынсыз ет пен терісі қалған· 12-13 жастағы екі қыз баланы тауып алдым. Көтеріп алып шығып, санбөлімге жеткіздім. Олар тірі қалды.”

Нұрмұхамет Рақышев - Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты селосынан "Қызыл Жұлдыз",· "Даңқ", "Праганы азат еткені үшін"· орденімен марапатталған. Жеңісті 9-мамырда Чехословакияның Прага қаласында қарсы алды.
"Сол кезде жас болып, қорқыныш дегенді білмедік, -дейді қарт майдангер алпыс бес жылдай артқа шегініс жасап, - Украина жерінде соғыс жүріп жатыр. Кешкісін екі жақтың әскерлері дамылдайды. Біз өңкей жас жігіттер жиналып алып, немістер басып алған деревняларды нысанаға алатынбыз. Жергілікті украиндықтар қамыстан тұрғызған жеңіл кішкене үйлер біршама оқ боратқасын лап етіп жана жөнелетін. Өртенген үйлерден қашып шыққан неміс жауынгерлерін оттың жарығымен атқылап құлатып мәз болысатынбыз.
45,57,76 миллиметрлік зеңбіректерде көздеуші бола жүріп, талай жауды жер жастандырдым. Бірде Украина жеріндегі кезекті бір қалашықты алу кезінде немістер шегініп кетіп, қала шетіндегі орманға бекініп алады. Ізінше өкшелеп барған біздікілерді оқ боратып орманға жолатпайды. Көлікке зеңбірегін тіркеп екі-үш шақырым жердегі орманға жеттік. Жағдайға қанық болғасын, дереу қару-жарағын құрып, қалың орманды нысанаға алдық. Сөйтіп жаяу әскерлерге қолдау көрсеттік. Сол жолы жау 1 бронды машинасынан, 112 солдатынан айырылады. "Мұның бәрін мен өлтірген жоқ шығармын" деп сенбедім,· сол соғыста болған әскери тілшілер мұнша шығынның бәрі тек бір ғана, менің зеңбірегінен болғанын дәлелдеп береді. Осы ерлік туралы майдандық "Воевой листок" газетінде суретіммен басылды. 1944 жылдың қысында Дронь қаласын жаудан азат етіп жатқанда сол аяғымның қара санына снаряд жарықшағы тиіп, жарақаттандым. Майдан даласындағы емханада біраз жатқасын, госпитальға бармай қашып шығып, өзінің бөліміме қайта қосылддым. Бұл 1944 жылдың ақпаны болатын".
Соғыс ардагері туралы.
Ұлы Отан соғысы әлдеқашан аяқталғанымен,   соғыстың  естелігі таусылар емес. Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымыз бен аналарымыздың  естеліктері бүгінгі ұрпаққа ой салып, бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелейді  деген ойдамыз. Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп – гимназия – интернатының тәрбиешісі Гүлнар Нұрмұхамбетқызы  - әкесі  Нұрахмет Рақышевтің өмір жолын өрнектейтін слайд  әкеп тапсырды. Ұлы Отан соғысының ардагері,  ІІІ- дәрежелі “Даңқ” ордені, “Қызыл жұлдыз”, ІІ- дәрежелі  “Отан соғысы” ордендерімен, «За победу над Германией», “Ерлігі үшін”,  “Жеңіс медалі”, “Праганы азат еткені үшін”,  Чехославакияның  “Батылдығы үшін”, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың  және мерекелік  медальдарымен марапатталған.Нұрмұхамет Рақышев - Ұлан ауданы Жоғарғы Тайынты селосында тұрады. Толығырақ

Мағауия Мұқашев - Ұлан ауданы, Жоғары Тайынты ауылынан: “За победу над Германией”, "Кенигсбергті алғаны үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін”, “За отвагу”медалдарымен· марапатталып, Сталиннен алғыс хат алған.
"Соғыста алуан түрлі сезімдерді бастан кешіресің", - дейді ақсақал. - Соның ішінде қорқыныш пен аяушылық сезім біздің де бастан өтті. Литва жерінде Вильнюсте байланысшы болып жүргенімде бірде орталық нүктеде отырған үшеуімізге радистерге тамақ апару қажет болды. Жолдасым новосібірлік Василий Селезнев екеуіміз екі термосты алып аттандық. Біз баратын жердің есігі немістер жағында, одан кіруге келмейді. Не де болса қоршаудан қарғып түсу керек.
Алдымен мен секіріп түстім. Жолдасым енді көтеріле бергенде дәл қасынан мина жарылды. Оның жан даусы шықты. Қасына жетіп барсам серігімнің оң қолы терісіне ғана ілініп қалыпты. Оны қатты аяғаным соншалық, көзімнен жас ыршып кетті. Қолын лақтырып тастап, Василийді кейін жөнелтуге тура келді. Артынан бір жыл өткенде одан ауылға аман-есен жеттім, тірімін деген хат келді маған. Қорқынышты сезімді басымнан өткергенім, немістер соғыс кезінде радистерді ұрлап кететін. Үнемі автоматымыз қолымыздан түспейді. Бір жолы үзілген сымды жалғауға Борис Четверков деген азамат екеуіміз шықтық. Түн. Айнала қорқы-нышты, үрей туғызады. Үзілген жерге жақын келгенімізде жолдасым алдымен маңайды атқылап, тексеріп алуға кеңес берді. Өйткені, жау жағы адамдар келетінін біліп аңду қоятын. Сол маңайға оқ боратқанымызда, ойлағанымыздай-ақ, екі неміс бақырып-шақырып ары қарай қаша жөнелді. Егер бұлай етпегенімізде сол арада талқанымыз таусылар ма еді, кім білсін.
М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2023
Besucherzahler
счетчик посещений