2026 жылға арналған күнтізбенің толық нұсқасын жүктеп алуға болады.
Сіздердің назарларыңызға Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жарық көріп отырған «Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдарында Еңбек армиясы қатарында болған шығысқазақстандықтар» жинағын ұсынамыз.
Қаншама тар жол, тайғақ кешулі нәубеттерден өткен халқымыздың тарихи кезеңдері көп. Сондай тарих еншісіндегі қacipeтті жылдардың бipi – Ұлы Отан соғысы. Біршама жыл өтсе де сол соғыстың зерттелмеген беттері бар. Соның бірі – Ұлы Отан соғысы кезінде Еңбек армиясының қатарына алынғандар тағдыры, олардың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі. Көпшілік Еңбек армиясын тыл еңбеккерлерімен шатастырады. «Еңбек армиясы» деп Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери жағдайға байланысты жұмысшы отрядтар қатарына мәжбүрлі еңбек міндеттерін орындау үшін жұмылдырғандарды атады. Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Олардың тұтқындардан еш айырмашылығы болмады.
А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы https://anyz.pushkinlibrary.kz. порталына орналастыру үшін облысымыздың аңыз-әпсаналарын жинау жұмыстарынәрі қарай жалғастырады. Егер Сіздерде облысымыздың жер-су, өзен-көлдері мен тауларының атауларының шығу тарихы туралы қызықты әңгімелер болса («топонимикалық аңыздар» деп аталады); қасиетті орындар мен нақты тарихи тұлғалар туралы аңыз-әңгімелер;бір кездері біздің ауданда өмір сүрген таңғажайып кейіпкерлер туралы әпсаналар болса, бізбен бөлісулеріңізді сұраймыз. Аңыз мәтіндерінкелесі электронды поштаға жіберіңіз: spravka@pushkinlibrary.kz, хабарлама тақырыбына міндетті түрде «ШҚО аңыздары» деп жазуыңызды өтінеміз. Шығыс Қазақстан халықтық мәдениетінің ерекше туындыларын сіздермен бірге сақтап, бүкіл әлемге ежелгі таңғажайып өлке туралы паш етейік!