Шорға деп қалай аталған?
Ертеректе Шорға елді мекеніндегі Қырықпай қорысынан көлге дейін қалың тоғай болған деседі. Аңызда жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақтар Жоңғарлармен соғыстарда жеңіп, қайта қуғанда олар тоғайға от қойып өртеген. Қалың жоңғар түтіннің көмегімен қазақ жасақтарынан құтылған, қалың ағаштың орны шор-шор ағаш болып қалған екен дейді.
Жұмықұлы Тәукенің жұбайы үш ұлын қоныстандырған соң көлді жағалап өрт шалған тоғайдың орнын көріп, көл жақын екен, отқа жағар шор-шор ағаш бар баға жетпес байлығы болар, нәрлі жер жаратқан ием ұрпағымның өсуіне байлығы мол көліңді бердің, шор-шор отын мол жерді бердің, Шақаман мен Түкі шорды қопарып отқа жағыңдар, кейін орнына тамырынан қалың орман шығады деген екен. Халықтан қайдан барасың дегенде елдің бәрі отын алуға шорға барамыз деп, сол атаумен жердің атауы Шорға аталған деседі.
Сол жерге Тәукенің үлкен ұлы Өтептің ұрпағы мекендеп Шорғада қасиетті Ұлтарақ, Бөжей, Шаянбай, Нұреке, Әбділдабек даналар ұрпағы өсіп жатыр. Өтептен Ертіс, Бертіс, Байқоңыз, Үштума, Қошық туған, Ертістен Дабар, Дабардан Тотық оның 9 қызы болған. Ол кезде аққан өзен болмағандықтан 9 қызы құдық қаздырып су тасуға ыдыс жасап, Дабырдың зиратын жинаған 9 қыздың құдығы деп атаған. Бөжейден Ұлтарақ, Ұлтарақтан Күзембай, Тасболат, Байтоқа, Көшек, Сырым, Қарата, Жылқыбай, Шаянбай бабаларымыз тараған дейді.
Ел аузынан