kl kz



>
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

KokpektiКөкпекті ауданы Шығыс Қазақстан облысының құрамында 1997 жылы Самар және Көкпекті аудандарының біріктірілуі арқылыKokperki tau құрылған. Аудан аумағы Қалба жотасының Зайсан көлі мен Ертіс өзенін көмкеретін жиегіндегі аңғарда орналасқан. Қалба тауының құнарлы қойнауындағы Сарыбел, Палатцы, Миролюбовка, Самар, Маринагорка, Аққала, Преобрженка, Үлкенбөкен, Көкпекті ауылдық округтері орналасса, Зайсан қазаншұңқыры аумағында Теректі, Шұғылбай, Үлгілімалшы, Улкенбөкен, Көкжайық, Тассай ауылдық округтері орын тепкен. Биғаш ауылдық округі Қалба тауының Тарғыбатай тауына дейін созылатын бұйратты белдерінде орналасқан. Көкпекті ауданының ең биік нүктесі Қалба тауының 1606 м құрайтын жотасы.

Халық саны – 27800 адам, облыс орталығы Өскемен қаласынан 201 км, климаты кенет континентальды, ауа температурасы қыста -48, жазда +43-ке жетеді.

Көкпекті ауданының тарихы ежелгі Биғаш кратерінен басталады. Бұл кратер 250 млн жыл бұрын құлаған метеориттің орны. 1954 жылы Кеңес астрофизиктері зерттеп астрономиялық реестрге кіргізген. Орналасқан жері Биғаш ауылдық округіндегі Көкпекті және Қарғалы өзендері арасындағы жазық. Аумағы 7 шаршы шақырымды құрайды. Алғашқы тың игеру кезіндегі науқанда метеориттің орны жыртылып, егістік жер ретінде қолданылып кеткен.

Көкпекті ауданы аумағында ежелгі адамдардың Құлажорға, Баты, Бөкен қоныстары мен тұрақтары анықталып зерттелген. Құлажорға мен Бөкен мәдениеті адамзат тарихында белгілі мұралар.

Көкпекті ауданы аумағында ежелгі адамдардың қонысымен қатар ежелгі металл өңдеу орындары, кеніштер де бар. Қола дәуірі кезіндегі кеніштерді жерлесіміз белгілі қазақ ғалымы, академик Халел Беспаев зерттеген. Алғашқы алтын өндірісінің де іздері аудан аумағынан табылады.

KokpektБүгінгі күні елімізге мәшһүр алтын адамдардың әбзелдерінен табылған алтындар осы Қалба тауының кеніштерінде өндірілгені баршаға аян. Адамзат тарихындағы ең бірінші болат қортылғаны, Қалбатауынан табылған болат шеге екені Кеңес ғалымдарының еңбектерінде жарияланған.

Орта ғасырларда Көкпекті ауданы аумағында қоныс тепкен қазақтың Керей, Найман руларының да тарихы Көкпекті ауданының тарихынан бөлек қаралмайды. Қазақ хандығын құрушы төрт рудың екеуі болған Керей мен Наймандардың ізі аудан аумағында сайрап жатыр.

Бүгінде Көкпекті ауданы қарабұжыр Қалба тауларынан басталып, қоңыраулы Бейнетеңіз Зайсан дейінгі, Ертіс пен Бұқтырма су қоймасының жағалауына жапсарлай жатыр. Атам заманында үш жүздің басын қосқан Абылай хан осы жерде жорық шатырын тігіп, қаракерей Қабанбай, қанжығалы Бөгенбай уақ Бармақ, қараужасық Сатыпалды, қыржы Бостан, мұрын Боранбай, мырзас Нарбота, жәмбике Тоқтағұл, тоқабай Жомарт батырлармен кеңес құрған.

1756-57 жылдары аралығында болған ірілі-уақты «Қызылбұлақ шайқасы», «Қаракезең қырғыны», «Толағай тұрысы», «Қалба қақтығысы» қалмақ-қазақ соғысының шешуші майданы «Шорға шайқасына» дайындық болған. Дәл осы Шорға шайқасының дайындық барысындағы кеңесте Бұхар жырау атақты толғауын айтып Қабанбай батырдың ұсынысымен келіседі. Осы ұрыстарда ерен ерлік көрсеткен матай Қалыбай батырдың, уақ Бармақ, Жансары батырдың, қарауылжасақ Сатыпалды батырдың мәңгілік тұрақтары осы Қалба тауында жатыр.

Ел іргесі бекірде қалың керей Алтай асып кеткесін матай қараужасық Мақтабай би, жанай Назар би, кыржы Қыстаубай би, жәмбике Тоқтағұл би, тоқабай Кегенбай билер осы жерге жеті Жолымбеттің баласын, матай қараужасықты, қыржыны орналастырып жазда жайлау, күзде күзеу мен қыста қыстауларын бөліп берген екен. Қалба тауының басында Өскемен қаласының шығыс бөлігі мен Самар, теріскейін Ұлан, орта шенін Көкпекті, аяғын Жарма, Шар мен Таврия аудандары алып жатыр. Осы күндерде төрт ауданға біріктірілген бұл жерлерде 120-150 мыңдай ел тұрып жатыр.

Хандық тарап, ел біржолата ақ патшаға қарағанда аудан төңірегінде алғаш салынған елді мекен, дуанның орталығы ретінде Көкпекті ауылы болыпты.

Дуанның тарихы

Ұлы дала да хандық таратылғаннан соң орта жүз 7 дуанға бөлініп, 1844 жылы Аякөз дуанынан Көкпекті дуаны бөлініп шығады. Сол кезде қаракерейдің Мұрын руы орысқа да, қазаққа да, қытайға да бағынбай Тарғыбатай-Қалба арасында еркін жүреді. Дәл осы кезді пайдаланған Әбілпейіз ханның ұрпақтары мен басқа да төрелер қазақтың белді билерімен кеңесіп өз алдына жеке сегізінші дуан құру жөнінде ақ патшаға өтініш білдіріп Дала генерал губернаторлығының жандаралдарына хат жазады.

meshet kokpert1822 жылы ақ патша жариялаған Жаңа мизамға байланысты 1844 жылы Көкпекті дуаны ашылып, аға сұлтан болып Қисық Тезекұлы сайланады. Қисық Тезекұлы үш мәрте сайланып бүгінгі Зайсан ауданынан Жаңасемейге дейінгі терроторияға жайылған жарты облыстың жерін басқарады. Сол елдің орталығы Көкпекті (Көктерек) қаласы болады. 1780 жылы ірге тасы қаланды деп есепке алынған. Дуан орталығы Көкпектінің нақты салынған жылы 1763 жыл екен. Бұл туралы деректер орыс-казактардың «Ертіс белдеуі» казактарының құрылуы кезіндегі тарихтарында көрсетілген. 1757-58 жылы жоңғар соғысы аяқталып, Қытай мен орыс патшалықтары, қазақ-қалмақ хандығы өз ара бітімге келіп шекара бекітіседі. Сол кезде Найман-Керей рулары Алтай, Тарғыбатай, Қалба тауына орнайды. Керей руларлы Сауыр – Сайқан мен Алтайға ауып ешкімге бағынбауға бел буып, Әбілпейіз ұлы Көгедайды 12 жасында Көкпекті бойында хан көтеріп алады.

Айқап журналының 1915 жылғы 6 санында: «Абылай хан «Толағай» тауы түбіне шатырын тігіп, қолбасыларды кеңеске шақырады. Жаудың ендігі барары «Шорға» бекінісі. Ол бүгінгі Тарғыбатай ауданының жерінде. Қаракерей қабанбай «Шорғаға» әскерді тұтас барып соғысуын ұсынады. Мұның керісінше Қанжығалы қарт Бөгенбай қолдың екіге бөлінун, сөйтіп, жауды сыртынан қаусырмалай кең көлемде тиісуді жөн санайды. Қабанбай бұған келіспейді. Бөлінген қолдың күші кемиді. Жау бізді жеке-жеке соғу ықтимал деп, қарсы дау айтады. Абылай хан Бөгембайды қостапты. Сонда Бұхар жырау :

- Әй, Абылай, Абылай – деген атақты толғауын толғапты». «Айқап» журналы осы аңызды баяндай келіп «Толағай» тауы Көкпекті ауылынан 19 шақырым жерде депті. Толағай маңындағы «Қалба шайқасы» 1755 жылдары болған екен Осы шайқаста уақ Бармақ батыр шейіт болған. Найманның қаракерей, төртуыл рулары Қалба мен Тарғыбатайға қоныс тебеді. Дәл осы тұста Мақтабай Би Қараштан Бөкен өзеніне дейін қарауылжасақ елін орналастырып, Кенже Матаймен жапсарлас қоныстанады. Қарақол мен Қараштың теріскейінде Бура Алтайды кенерелей Ертісті бойлай терістаңбалы мен сарыжомарт баласымен аралас жайылады. Қаракерей жеті жолымбеттің баласы Ертістің екі жағын ала Күршім Көкпекті өзендері жағасына тоқтайды. Сол кезде араларына Қасаболат, Сатыпалды, Бура, Атан, Тайлақ есімді батырлар шығып, Қалба тауының шұрайлы тұсына өзгеден бұрын орналасқан. Қасаболат, Сатыпалды батырлардың есімі қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың «Елең-алаң» романында басқа да найман батырларымен бірге аталған. Осы күні Көкпекті дуанының құрамын осы рулардың халқы құрайды.

Дуанның ашылуы хан-төрелердің аға сұлтандық билікке таласып, өз-ара кикілжіңге түсе бергенінен кейін, орыс генерал-губернаторы мен қытай чиновниктері олардың әрқайсысын жеке қолдап аяғында Сыбанқұл Ханғожинннің бастаған көтеріліске ұласады. Бұл көтеріліс бір жағынана қалың бұқара бодандыққа қарсы ұмтылып қолдаса, бір жағынан хан-сұлтан ұрпақтары билікке жету жолына пайдаланды. Дәл осы кезде далада Кенесары хан көтерілісі әліде жалғасып жатқан болатын.

Көкпекті дуаны Аякөз округінен 1844 жылы Мұрын болыстары, Төртуыл қожамбет болыстары, терістаңбалы Сарыжомарт болыстарының халқын біріктіру барысында құрылды.     1844 жылғы сайлауда қарадан хан шығып Тезекұлы Қисық аға сұлтан болып сайланды. Одан кейін Абылай Әділов, Ханқожа Тәтенов сияқты төре тұқымы аға сұлтандыққа сайланады.

Дуан 1868 жылға дейін ғана қызмет етіп, 1868 жылы Көкпекті округі таратылып, Көкпектіелді мекені жаңадан құрылған Семей губерниясының штаттан тыс қаласы ретінде тіркеледі.

1870-1918 жылға дейін патша үкіметінің  Қытаймен шекарасындағы сауда, дипломатиялық нүктесі болды. Шәуешек пен Үрімжіге баратын керуендер осы Көкпекті қаласы арқылы өтті. Көкпекті округінде, Әлхан Тлеубердіұлы, аға сұлтан болды, бас имамдары Ғұбайдолла Сүлейменов, Дәуіт Ғұбайдоллаұлы болса, алты алашқа әйгілі бай-манап Тана мырза Тілемісұлының өмірі өткен жер осы Көкпекті өңірі болды.

Ең соңында жүргізілген бұл реформа небәрі 24 жылға созылған. Белгілі аға сұлтандар – Қисық Тезеков, Абылай Әділов, Ханқожа Тәтенов, Әлхан Тлеубердин. Қалған екеуі белгісіз.

Қалба бойындағы алтын іздеу заманы

1826 жылдан бастап Орыс-Француз соғысы аяқталысымен ішкі ресейден Қалба мен Алтайға кен іздеушілер ағылып келе бастайды. Ескі кен орындарымен қорғандар түгелдей қазылып, кезбе кеншілермен тонала бастайды. Қалбадағы «Сартбұлақ», Бердібай бұлақтарынан, Бөкен өзенінің Ертіске құяр тұсынан, Ағынықатты өзені жағасынан алтын өндіреледі. 1832 жылы Алтай-Қалбадағы алтын кен орындары 450 жетеді. Бұлардан жыл сайын 27 пұт, немесе тура 500 кг алтын өндіріледі екен. Алғашында өзендер жағалауының құмын елеу, су үстіне жүнін сыртына қаратып тері тастау, қап пен тері ыдыстарға салып, құм тасу секілді бутарлық ежелгі заман әдістері қолданылған. Ерте замандағы кеніштердің ішінен Сынтас – Удалый кеніші өте бай. 1907 жылы 19 пұт 30 фунт алтын алынған. Көкпекті ауданы аумағында Құмды мен Қарашта, Жұмбада, Құлынжонда, Толағай мен Балажалда болған алтын кеніштерді орыс–қазақ байлары иемденіп, алтын рудасын өндіріп отырған. 1920 жылдан бастап мемлекет қарауына өткен алтын кеніштері «Алтай алтын» трестіне бағынып Көкпекті аумағында «Құлынжон» өнеркәсіп кеңсесі ашылды.

Кейіннен, Кеңес өкіметі заманында «Каз Золота» кеңсесінің «Алтай алтын» комбинатына Егінбұлақ ауылының тумасы Ақан Нұрсұлтанов басшы болды. Кеніш басына кәсіп іздеп келген қазақ шаруалары кеніштер басында жинала бастады. Көкпекті станицасының маңайында «Бас жатақ», «Аяқ жатақ» деген қазақ қоныстары пайда бола бастады. Кеніштердің бәрінде жалдамалы жұмысшылар ретінде қазақтар еңбек етті.

Қазан төңкерісі

Қазан төңкерісінен кейін Көкпекті жерінде Кеңес үкіметі 1918 жылы орнайды. Көшпенді ел 1928 жылы көшуін тоқтатып ауыл ауылдарға біөлініп бұрынғыдай жайлауға көшу, күзекке сырғы, қыстауға қону тыйылып. Барлық жұрт ауылдардағы жатақтарға бөлінеді. Ертістен өтіп Алтай асатын, Қызыл су – Шарға жетіп Бие мен Әлейге жететін қазақ ауылдарының көштері бір-ақ күнде сап тиылады. Қалбаның қойыны қысталып қалған ел әр жерлердегі қыстаулырын жатаққа айналдырып, отырықшы ауылдар құра бастайды. Жергілікті жазушы Ратбек Арынұлының жазуынша киіз үйден қала салынып, ауқатты байлар тәркіленгенде тек қана қазақ ұлтының байлары жойылыпты. Орыс, татар, казак шонжарлары НЭП заманында байлықтарын алып, ауа көшіп қашып кетсе керек. Аудан көлеміндегі ең бай ауыл Тана мешіті ауылы болған екен. 1932 жылы соңғы 2 пароход қазан айында келіпті. Ол кезде Ертіс бойлап Омбы мен Томға дейін барады екен кемелер. Ислям Ғұбайдуллиннің кемелері Ақжар айлағына таяй береді тоқтайды. Қайықтарын түсіріп, матростары мен кеме басшылығы палубаға жиналады. Бір кезде кеменің үсті аппақ болып кетеді. Сөйтсе «елге жеттік» - деп қуанған команда, саудагерлер үстеріне шампан атып, құйып жатыр екен. Екі күн тойлатқан елді Слям, Жақып бастатқан елағалары тоқтатып, ауданда жүріп жатақан кәмпеске, отырықшыландырудың шарпуынан сақтау үшін, енді ел ауаныны басқа арнаға бұрады. Отырықшы елді таратып, Үлгілімалшы, Еспе, Бастаушы, Самар, тіпті Ертістің аржағындағы Құмашкен мен Дарственныйға аударып көшіріп жібереді. Сол кезде тіпті Баби дегеннің ұрпағы Қытай асып Түркияға кетіп қалған екен.

Қазан төңкерісіне дейін ауданымыз аумағында Баты, Құлажорға, Екпін, Құлынжон, Шұғылбай, Қарақас, Тана мешіті, Тентекқала- Преображенка, Үлкенбөкен, Қаражар-Черноярка, Үкілі қыз–Воздвидженка, Тассай, Самар, Көкпекті-Көктерек, Петропавловка ауылдары болыпты. Осы елді елді мекендер жанында қазақ ауылдарының жатақтарыpamiatnik kokpekti мен қысқы қыстаулары да болған. 1912 жылығы патша санағы бойынша осы ауылдар маңында 14 мың қыстаулар мен жатақтар болған. Сонымен қатар Сынтас пен Толағайда, Балажал мен Удалый, Хороший кеніштері маңында да қазақ ауылдары болған. Кеңес үкіметі орнағанда екі аудан Самар мен Көкпекті болды. Екі ауданда 60 мың тұрғын болыпты, Зайсан оязына қарайтын 2 болыс, Өскемен оязына қарайтын екі болыс болады. Бір қала болды – Көкпекті. 1928 жылы Губерния таратылып, облыс құрылғанда 1930 жылы Көкпекті ауданы құрылған. Самар ауданы Өскеменге, Көкпекті ауданы Семейге қарапты. 1991 жылға дейн екі ауданнан 9 Социалистік Еңбек Ері, 9 Кеңес батыры шыққан. Оның ішінде жазушылар - Қалихан Алтынбаев, Меңғали Мусин, Виталий Комов, Нәкен Серікбаев, Ратбек Арынұлы аудан тарихын еңбектерінде арқау еткен. Сонымен қатар, академик Халел Беспаев бастаған 30 ғылым докторы, 50 ғылым кандидаты шықққан.

Егемендік алған жылдардағы отыз жылдың жылмасы бойынша ауданда құрылған 18 ауылдық окургтің кәсіпкерлері мен қожалық басшылары еліміздің жаңа өмірдегі жылнамасын алтын әріптермен жазу үстінде. «Көкпекті» энциклопедиясы еліміз Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған тамаша тартуымыз болып басылуда.

aitys kokpekti KulturaKultura kok  

Мұхамедола Сағидоллаұлы Ағзамов

Айбек Тлеуханұлы Сапышев

Қайрат Мәлікаждар

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений