kl kz



>
Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.
Аудан паспорттары
Шемонаиха ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Өңірлік мерзімді басылымдар
Шығыс Қазақстан Интернетте
Қала мен аудан әкімшіліктері
Мәдениеті мен өнері
Облыс басқармалары
ШҚО жұмыс орындары
Солдатты қалай іздеу керек?
Туристерге
Тарих беттерінен
Ескерткіштер
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Маңызды оқиғалар
ШҚО ауылдарының тарихы
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
Тәуелсіздік хроникасы
1991
1992
1993
1994
1995
1996
1997
1998
1999
2000
2001
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2020
2021
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Сұрапыл жылдар хроникасы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер
#Әуезов125

Қазақстан - Ұлы Дала Елі

ulydala ru

Алтай өңірі туралы аңыз деректер «тарих атасы» атанған Геродоттан басталады. Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың ортасына қарай ежелгі дүние ғұламаларына Алтайды мекендейтін жұмбақ тайпалар, «Алтын қорыған самұрықтар» туралы түрлі аңыз-әңгімелер жетеді.

Тарихи деректерге сүйенсек, Алтай өңірінде ежелгі заманда, біздің жыл санауымызға дейінгі уақыттарда да сақ, ғұн бабаларымыздың ұрпақтары тарихи дамудың әртүрлі кезеңдерінде түрлі атаулармен өмір сүргенін байқаймыз. Берелдің ғажайып қорғандары, одан табылған керемет дүниелер өлкеміздің өткен тарихында бай да қуатты бабаларымыздың болғанын дәлелдейді. Сондықтан ежелгі көшпенділер өркениетінің алтын бесігі - Алтайдың биік таулы аңғарындағы жан-жағынан қалың орманмен көмкерілген, табиғаты ғажап Берел ауылының тарихы ертеден басталады деуге толық негіз бар. Қойнауы құпияға толы Берел қорғандары арқылы ата-бабаларымыз өз жерінің шекарасын белгілеп кетіп отырған.

Ал орыс зерттеушілері Берел тарихы жайлы не айтады?

«1861 жылы крепостнойлық құқықты жойған әйгілі реформадан кейін еркіндік алған орыс шаруалары жан-жаққа үдере көшкені белгілі. Сол ұлы көштің бір легі Алтайға ағылды. Сөйтіп, 1865 жылы Шу-Чернова ауылы, 1866 жылы Терісбұлақ-Медведка, 1870 жж басында Берел ауылы пайда болды. Артынша Бұқтырма аңғарындағы ең соңғы нүкте - 1392 метр биікте жатқан Аршатыға да адамдар қоныстанды.

Бұл мекендерде переселендер келгенге дейін де, яғни сонау сақ пен ғұн заманынан бері де ел мен жұрт болған. Бұл мекендердің бәрі де ру-руымен көшіп-қонып жүрген жергілікті халық - қазақтардың жаз жайлауы, қыс қыстауы еді.

Берел ауылын саяхатшы-ғалым П.П.Семенов-Тянь-Шанский (1827-1914) былайша суреттейді: «Деревня Берель заселена крестьянами в 1873 году. Жители занимались разведением маралов, скотоводство и земледелием. Отсюда идет дорога на Рахмановские теплые ключи. Село названо, как и протекающая река (Берел), хотя раньше казахи называли эту речку Акбулкак, а аул - Карашокы. Местные жители рассказывают быль о том, что название Берел происходит от слова «Берги ел» – «ближнаяя земля», «наша, своя земля».

1871 жылы Сарымсақты өзенінің бойында, қайыңды қарағайлы тоғайдың ішінде Алтай станицасы бой көтерді». (Өлкетанушы Г.А. Шербиктің жазбаларынан).

MaralnikАршаты ауылының тұрғыны, атақты аңшы, көкірегінде көзі бар, ерекше дарынды Арабайұлы Асылбай ақсақалдың (... - 1972 жылы қайтыс болған) айтқандарынан: -Берел ауылында Қытаймен сауда жасап, бұғы өсірген бай саудагер ағайынды Рахманов, Белоусов дегендер өмір сүріпті. Қазір Рахман қайнары делініп жүрген Арасан туралы патша өкіметіне арнаулы қағазбен бірінші мағлұмат берген осы Рахманов болғанымен, Арасан қайнарының бар екенін одан жүздеген жылдар бұрын жергілікті халық білген және оны пайдаланып келген. Жергілікті халық деп тек қазақтарды ғана емес, жергілікті халыққа ежелден Алтай тауын мекен еткен ойрат - төлеңгітті, ұранхайды, алтайлықтарды да жатқызуға болады. Осы күнге дейін жаз кезінде Алтай өлкесінің кейбір азаматтары салт атпен келіп, Арасан - қайнарда демалып, емделіп қайтады.

1928 жылы сол Рахманов, Белоусов бастаған байлар Берел ауылында Кеңес өкіметіне қарсы көтеріліске шыққан. Шетінен аңшы мерген, ағылшын қаруымен қаруланған көтерілісшілер бірнеше күн бойы Қызыл Армияның бөлімшелеріне қарсы соғысқан. Сол шайқаста қызыл әскер жағынан талай адам шығынға ұшырады.

- Мен,- деді Асылбай ақсақал, - ауылда комсомол белсендісі едім. Қызыл отрядтың командиріне бір айла - тәсіл айттым: «Берел ауылына қарсы тұрған биік таудың иығына түйеге артып зеңбірек жеткізейік. Сол жерден зеңбіректен атсақ снаряд жаудың төбесіне түседі». Қызыл отряд солай істеді. Көтерілісшілердің бекінісі тас - талқан болып, тірі қалғандары соғыса отырып Қытайға өтіп кетеді. Ал Берел ауылы түгел дерлік өртеніп кетеді. Міне біз мақтан тұтып, Рахман қайнары деп атын қойған адамның тарихы осындай.                                                                               (Жазып алған С.Шәкенов)

Берел ауылында кеңес өкіметі 1928 жылы орнады. Ауылда қазан революциясына дейін марал шаруашылығымен айналысып, Қытаймен сауда жасаған орыс байлары тұрған.Gora Berel Кеңес өкіметін орнату Берел ауылында қанды қырғынға ұласты. Жергілікті байлар Белоусовтар (Тимофей, Радион, Давид) және Толстоуховтар кеңес өкіметімен ымыраға келмей, оларға қарсы шайқасты. Қызылдармен шайқас нәтижесінде ауыл түгелдей өртеніп кетті. (Ауылдағы 200-ге жуық үйден 10 шақты ғана үй қалады).

1929 жылы «Серіктік» атты ауылшаруашылық артелі құрылады, орталығы Сахатушка ауылы болады. Сүлеймен Мунинов артелдің төрағасы болады. 1930 жылы «1 май» колхозы ұйымдастырылып, орталығы Берел ауылы болады. Колхоздың тұңғыш төрағасы Ф.Самойлов болса, 1931 жылы С.Горохов болады. Коммунистердің партия ұйымы 1927 жылы құрылып, оның хатшысы Михайл Кузнецов болады, ол сонымен қатар ауылдық кеңестің төрағасы міндетін де қоса атқарады.

1950 жылы «1 май» және «Күншығыс» (Аршаты) колхоздары ірілендірілген «Пограничник» колхозына біріктіріледі. Оның төрағасы болып К.Жәмиғазин сайланады.

1957 жылы колхоз «Алтай» қой совхозы болып қайта құрылады. Совхоз директоры Маслов. Кейінірек 1959 жылы «Алтай» совхозынан бөлініп, «Өрел» совхозы болып аталады. «Өрел» совхозының бөлімшелері: Өрел, Берел, Жамбыл, Аршаты ауылдары болды. Совхоз директоры Носик. (Берел сегізжылдық мектебі жас өлкетанушылары мен қызыл ізшілерінің 1967 жылғы жазбасынан).

1968 жылы орталығы Жамбыл ауылы болып Катонқарағай марал совхозы құрылады. Совхоз құрамына Жамбыл, Берел, Фадиха (Маралды), Шұбарағаш, Оленопарк (Ақмарал) ауылдары кіреді. 1968-1969 жж. совхоздың алғашқы директоры Хромков деген адам болады. 1969-1986 жж. совхозды Досымбаев Сайранхан басқарады.

1986-1989 жж. совхоз директоры Ауғанбаев Сайфолла болды. Осы жылдарда Берел ауылында орта мектептің құрылысы аяқталады.

1989 жылдан бастап совхоз директоры болып Райысов Толқын тағайындалады. Ол директор болған жылдарда ауылда көптеген тұрғын үйлер салынып, Ақбұлқақ өзеніне жаңа көпір салынды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Катонқарағай марал совхозы таратылып орнына «Маралды» ауыл шаруашылық кәсіпорны құрылады.

1996 жылы жекешелендіруге байланысты «Маралды» ауыл шаруашылық кәсіпорны таратылды.

1927 жылы алғашқы мектеп үйі Қандысу (Сахатушка) ауылының төменгі жағындағы «Түкпір» деген жерде ашылды.

1928 жылы мектеп үйі Берел ауылына көшірілді және орысша қазақша жылдық бастауыш мектебі болып ашылды. Мектеп директоры болып А. Құндызбаев тағайындалды. Осы мектепте Ү.Матаев, М.Ниғманов деген азаматтар мұғалім болды. Сол кездегі мектептің байырғы ұстазы Н.П.Рафальскийдің хатынан үзінді келтірейік:

«За мою 33 лет работу, я жил и работал во многих местах, но Берельская школа мне больше запомнилась. Приехал я в это село на 7 году своей работы, а именно в 1929 году осенью. Более отсталого, заброшенного и самой почти границе села, даже в то время не было. Был правда еще далее по Бухтарме, последний населенный пункт Арчаты, но это был поселок из нескольких дворов и школы там вообще не было, как и сельского совета. Берельская школа при мне начала работать только второй учебный год. Помещалась она в недостроенным, напоминающим своим видом сарае. Продалжать работу методами своего предшественника я не собирался, который к стати сказать, много не доработал учебны дней и часов, часто уезжая «по делам» в Катон-Карагай».

1935 жылы жаңа мектеп үйі салынды. 1936 жылы «Міндетті жылдық білім беру» туралы заңына сәйкес қазақша 7 жылдық, орысша 4 жылдық бастауыш мектеп болып құрылды.

Mektep1958 жылы ағаштан жаңа мектеп үйінің құрылысы басталып, 1960 жылы пайдалануға берілді. Мектепте 7 сынып бөлмесі, мұғалімдер бөлмесі, лаборатория және пионер бөлмесі болды. Осы оқу жылында мектепте 259 оқушы оқыса, 16 мұғалім және 5 қамту қызметкері қызмет атқарды. Сабақтар екі ауысымда жүргізілді.

1961-1962 жылдары жаңа мектеп реформасына сәйкес 7 жылдық мектеп 8 жылдық болып құрылды.

1990 жылы ауылда типтік жобамен салған екі қабатты 384 орындық мектеп үйі пайдалануға берілді. Осы жылы орталау мектеп орта мектепке айналдырылды.

Мектеп директорлары болып әр жылдарда Ахмет Құндызбаев, Мүтәш Байғонақов, Қабдош Омаров, Шәмшия Топашева, Солтанбек Қибаров, Ернияз Ғайсин, Қожақпан Ахмергенов, Ж.Қашқынбаев, Қ.Бозжігітов, Құсайын Оңалбаев (15 жыл), Әжібек Шапкин, Әскерхан Молдаханов, Артықбай Әлиханов, Жомартхан Байғонысов, Лаура Молдахановалар қызмет атқарды.

1996 жылы жекешелендіруге байланысты «Маралды» ауыл шаруашылық кәсіпорнының таратылуы ауыл тұрғындары үшін ауыр тиді. Жұмыссыздыққа тап келген ауыл тұрғындарының көпшілігі жаппай қалалық аймаққа қоныс аударды. Тек 2001 жылы Катонқарағай ұлттық табиғи паркінің құрылуы Берел ауылының тұрғындары үшін қуанышты жаңалық болды. Ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, ауылдың екінші тынысы ашылғандай болды.

Қазіргі күні ауылда 141 отбасында 533 адам тұрады, орта мектепте 101 оқушы білім алуда. Ауыл табиғаты өте керемет және ауыл туризмін дамытуға қолайлы жерMektep1 болғандықиан, ауылда ауыл туризмін дамыту қолға алынуда.   Ауылда 15 отбасы туристерді қабылдап, оларды жергілікті халықтың өмірі, салт-дәстүрімен таныстырып, қалалықтардың жайлы демалуына жағдай жасауда. Ауылды абаттандыруда көптеген жұмыстар атқарылды. Ауыл көшелері асфальтталып, жарықтандырылып, су құбырлары тартылды.

Шетелдіктердің тәжірибесінде агротуризм ауылдық өңірдің туристік тиімділігін арттырып қана қоймай, сол өңірдің әлеуметтік экономикалық ахуалын жақсартуға да үлес қосады. Сондықтан ауылдағы халықтың әл-ауқаты бұдан әрі де жақсара түсетініне сенім мол.

Жұмағұлова Гүлзира Дәулетханқызы,

кітапхана ісінің ардагері, зейнеткер.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений