«Как прекрасна земля и на ней человек!» С. Есениннің осы жолдары «Борис Щербаков пен Владимир Нетисовтың шығармашылығы өңірлік әдебиеттің мәні » атты 2015 жылдың 10 ақпаны күні Белоусовка орта мектебінде өткен облыстық ғылыми –практикалық конференцияның эпиграфы іспеттес болды.
Конференцияға С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің профессорлары мен оқытушылары, облыстық тарихи - өлкетану мұражай қызметкері, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің мүшелері, қаламгерлердің достары қатысты. Атақты жерлестерімізге арналған конференцияға ұсынылған ғылыми баяндамалар арасында А.С.Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы анықтама –библиографиялық қызмет көрсету орталығының жетекшісі Харламова Наталья Борисовнаның «Табиғаттың парасатты әлемі» баяндамасы ерекше көзге түсті.
Өз шолуында Наталья Борисовна жазушылардың барлық шығармаларын зерделей келе, олар туралы танымал натуралист –жазушылардың пікірін келтіріп, Бория Васильевичтің шығармалары туралы өз аннотациясын ұсынды. Щербаковтың әдеби еңбектері туралы кең көлемді шолуда оның әдеби талантының өсу деңгейін көрсете білді. Ұйымдастырушылар пікіріне қарағанда оқу жылы шырайда, шын пейілде өтті. Кездесу жерлестеріміздің сарқылмайтын талантына деген сенімді арттырып, көңілде әдемі әсер қалдырды.