kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Шемонаиха ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Марқакөл ауданы 1928 жылғы 17 қаңтарда Зайсан уезінің Дарственный және Шекара болыстарының бөліктерінен құрылды (1928 жылы 3 қыркүйекте БОАК бекіткен).

Ауылдық кеңестері: Боран, Черняевка, Горный, Успенский, Чумекский, Алексеевка, Архиповский, ауылдық кеңестер: Чигировский, Қалжыр, Терсай.

БОАК-тың 1930 жылғы 23 шілдедегі Қаулысымен Қазақстанда аумақтық бөлініс жойылып, аудандық бөлініс енгізілді, оның негізіне ірілендірілген аудандар салынды. Осыған байланысты Марқакөл ауданы таратылып, оның аумағы Зайсан және Катонқарағай аудандарының құрамына кірді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1939 жылғы 16 қазандағы Жарлығымен Зайсан және Катонқарағай аудандарын бөлшектеу есебінен Марқакөл ауданы құрылды. Ауылдық кеңестер: Алексеевка, Архиповский, Горный, Қалжыр, Успен, Чигировский, Бобровский, Бугумуюзовский, Орловский, Пролетарский.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен келесі ауылдық кеңестер біріктірілді: Успенский және Алексеевский – Алексеевский, Бугумуюзовский және Орловский –Орловский, Қалжырмен Чигировский-Чигировскийге.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1957 жылғы 26 қыркүйектегі Жарлығымен келесі ауылдық кеңестер біріктірілді: Бобровский,ОрловскийжәнеПролетарскийБобровскийге, Бурановский және Чигировский -Бурановский, Горныймен Архиповский-Горный.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен аудантаратылып, аумақ Күршімауылдық ауданының құрамына енді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1964 жылғы 31 желтоқсандағы Жарлығымен ауылдық және өнеркәсіптік аудандарға бөлу жойылды. Жаңадан құрылған Марқакөл ауданына Күршім ауданының құрамынан Алексеевский, Бобровский, Бурановский, Горный ауылдық кеңестері берілді.

Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1967 жылғы 12 шілдедегі № 353 шешімімен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1967 жылғы 29 мамырдағы қаулысына сәйкес Черняев ауылдық кеңесі құрылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1972 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен Қарой ауылдық кеңесі құрылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен аудан таратылып, аумақ Күршім ауданының құрамына енді.

2023 жылғы 30 тамызда аудан орталығы Марқакөл ауылында орналасқан Марқакөл ауданы төртінші рет құрылды.

Марқакөл ауданының өткені мен бүгіні туралы А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының баспа және электрондық ресурстарынан таба аласыздар.

Қосымша әдебиеттерді Өлкетану кітапханасынан және Электронды каталогтан қараңыз.
Барлық сұрақтар бойынша 
Анықтама қызметіне хабарласыңыз.

Үлкен Нарын ауданы

Большенарым ауданы 1935 жылы 9 қаңтарда Зырян, Катонқарағай, Күршім аудандарының бөліктерінен құрылды (1935 жылы 31 қаңтарда БОАК бекіткен).

Ауылдық кеңестер: Большенарым, Боран, Жұлдыз, Егістөбе, Көкөзек, Малонарым, Малокрасноярск, Новополяковск, Новоберезовск, Огневск, Орджоникидзевск, Сенновск, Солоновка, Солдатовск, Трушниковск, Ульяновск, Усть-Нарым, Үштөбе, Хайрузовка, Укорский, Яранский.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен келесі ауылдық кеңестер біріктірілді:

Боран және Большенарым – Большенарым, Егістөбе, Көкөзек және Жұлдыз – Жұлдыз, Майемер, Үштөбе, Ярын, Орджоникидзе, Новоберезовск – Новоберезовск,Малонарым, Солоновка - Солоновка, Огневск, Ульяновск – Ульяновск, Үркер, Усть-Нарым, Хайрузовка – Хайрузовка

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Большенарым ауылдық ауданы Большенарым және таратылған Катонқарағай аудандарының базасында құрылды. Орталығы – Большенарым ауылы. Оның құрамына келесі ауылдық кеңестер кірді: Ақсу, Большенарым, Жұлдыз, Катонқарағай, Маркс, Медведка, Новоберезовка, Новополяковка, Сенновск, Солдатова, Солоновка, Ульяновка, Орал, Хайрузовка, Чернова.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1970 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығымен жаңадан құрылған Катонқарағай ауданына Ақсу, Жамбыл, Катонқарағай, Маркс, Медведка, Өрел және Чернова ауылдық кеңестері берілді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1976 жылғы 1 маусымдағы Жарлығымен Ульянов ауылдық кеңесі таратылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Большенарым ауданы таратылды. Оның аумағы Катонқарағай ауданының құрамына енді.

Аудан 2024 жылдан бастап Үлкен Нарын деген атпен қалпына келтірілді.

Үлкен Нарын ауданының өткені мен бүгіні туралы А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының баспа және электрондық ресурстарынан таба аласыздар.

Қосымша әдебиеттерді Өлкетану кітапханасынан және Электронды каталогтан қараңыз.
Барлық сұрақтар бойынша 
Анықтама қызметіне хабарласыңыз.

Аягөз ауданы
·
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Елтаңбасы

Аягөз ауданының тарихы 18 ғасырдың ортасынан басталады. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы кескілескен шайқастары аудан территориясында – Жоңғар мен Қазақ хандығының шекарасында болып өтті.

1754 жылы Мамырсу жерінде Абылай хан мен Қытай мемлекеті арасында бейбітшілік бітімгершілікке қол қойылды. Аудан өз аумағынан ағып өтетін өзен атауына байланысты Аягөз деп атанған. Осыған байланысты бірнеше деректер бар.

1822 жылы Сібір қырғыздары туралы Жарғы шығып, 7 ішкі округ құрылды: Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Құсмұрын, Көкпекті.Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының картасы

1830 жылы Аягөз сыртқы округы белгіленіп, бір жылдан кейін ауданды сырттан басқару бұйрығы жарық көрді.

1831 жылы – Аягөз станицасының негізі қаланып, орыстардың Жетісу бойындағы алғашқы тірек бекеті пайда болды.

1854 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторлығының құрамында Семей облысы құрылды.

1928 жылы Аягөз ауданы құрылды.

1932 жылы - Аудан жаңадан құрылған Алматы облысының құрамына енді.

1938 жылы 4 ақпанда Қазақ ССР Орталық Атқару комитеті Президиумының Қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы (ШҚО) ШҚ және Павлодар облысы болып екіге бөлінді, ал 1939 жылы 14 қазанда орталығы Семей қаласы болып, Семей облысы бөлініп шықты. ШҚО орталығы Өскемен қаласына ауысты.

1939 жылы - Аудан жаңадан ұйымдастырылған Семей облысының құрамына енді.

1997 жылдың мамыр айында Семей облысының таратылуына байланысты аудан Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді.

Аудан аумағы Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік батысына орналасқан. Аумағы - 49,6 мың шаршы км. Әкімшілік орталығы – Аягөз қаласы (1831).

Аягөз – аса маңызды автомобиль, теміржол, әуе жолдарының торабы. Халқы 74,6 мың адамды құрайды (2010 жылдың 1 қаңтары).

Ауданда 1 кент, 22 ауылдық округ бар. Экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы.

Қозы-Корпеш - Баян сұлу мавзолейі

Барақ сұлтанның мавзолейі

 Балтабек қажы мавзолейі

Аягөз ауданы абыздар елі, батырлар мекені. Мұнда Абай Құнанбайұлының, Шоқан Шыңғысұлының, П. Семенов-Тянь Шанскийдің, Г. Потаниннің, А. Янушкевичтің ізі қалған.

Аягөз ауданында 18 тарихи ескерткіш бар. Олардың ішіндегі ең үлкені халықтық архитектура үлгісінде салынған, әлемге әйгілі – Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесі.

Аягөз жері - аңыздар, абыздар елі. Бұл ауданнан оның тарихын жырлаған көптеген белгілі адамдар шыққан. Кешегі өткен ақын Дулат Бабатайұлы, Ақтамберді жырау, белгілі айтыс ақыны Әріп Тәңірбергенов осы өлкенің түлектері.

 
  А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана қорынан Аягөз ауданының өткені мен бүгінгі жағдайы туралы бай, шежіреге толы баспа және электронды ресурстарды таба аласыздар.

 

Интернет-ресурстар

Аягөз ауданы әкімінің ресми сайты

Аягөз ауданы // Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми интернет-ресурсы

 Әдебиеттер тізімі

Аягөз [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының энциклопедиясы. Т. 1 / суретші: Б. Серікбай, И. Серікбаева. - Алматы : Көркем, 2010. - 676 б.

Отан үшін от кешкендер [Электрондық ресурс] : [Ұлы Отан соғысында шайқасқан аягөздік ардагерлерге арналады.]. - [Б. м. : б. и.], 2005

Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно - Казахстанской области. - Өскемен, 2006. - 254 с.

***

Аткинсон, Л.     Воспоминания о степях Татарии и их обитателях /Л. Аткинсон // Первые английские путешественники в казахской степи. - Алматы : Санат, 2006. - С. 195-309. - (История Казахстана в западных источниках XII - XX вв.: т. 8).

Валиханов, Ч. Дневник поездки на Иссык-куль (1856 г.) // Ч. Валиханов,- Избранные произведения. – М., 1986. – С. 11-15.

Потанин, Г. Заметки о Сибирском казачьем войске // Г. Н. Потанин. Исследования и материалы. - Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – С. 303-330.

Справочник по истории административно-территориального деления Семипалатинской области 1939-1997 гг. / Управления архивами ВКО ; Центр документации новейшей истории ВКО. – Семипалатинск, 2006. - 238 с.

 

Қосымша әдебиетті Өлкетану кітапханасы мен Электронды каталогтан қараңыз.

Барлық сұрақтар бойынша Анықтама қызметіне хабарласыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

Катонқарағай ауданы

Катонқарағай ауданы 1928 жылы 17 қаңтарда Бұқтырма уезі мен Зайсан уезінің Шекаралық болысы бөлігінің  Катонқарағай, Поздняковскі болыстарынан құрылған (1928 жылы 3 қыркүйекте БООК-пен бекітілген).

1963 жылы 2 қаңтарда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен аудан таратылып, территория Үлкен Нарын ауданының құрамына енген.

1970 жылы 4 желтоқсанда Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Катонқарағай ауданы құрылып, орталығы –Катонқарағай болды.

Аудан құрамына 1997 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Үлкен Нарын ауданының территориясы еніп, орталығы – Үлкен Нарын болады. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жыл 16 қазандағы № 15/205-IV шешімімен Катонқарағай ауданында бірқатар елді-мекен мен ауылды жерлердің атауы өзгертілді.

Большенарым ауылы Үлкен Нарын болып өзгертіледі.

Әкімшілік-территориялық бөлу тарихы.

Аудан территориясы – 13,2 мың ш.шақырымды құрайды. Ауданда 13 ауылдық округ пен 51 ауылдық елді мекен бар. 2011 жыл 1 қаңтарға аудан тұрғындары саны – 29,2 мың адамды құраған. 

Экономикасының басты бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісі, орман шаруашылығы, ағаш өңдеу.

Ара шаруашылығы, марал шаруашылығы, туризм - аудан әрі Шығыс Қазақстан экономикасының өзіндік бренді болып табылады. Катонқарағай ауданының осындай келешегі зор салалары бір-бірімен тығыз байланысты әрі тәуелді. Панталы марал шаруашылығы Алтайда пайда болып, бастау алған. Бүгінгі күні коммерциялық фирмалар клиенттеріне – пантамен емдеу қызметін көрсетуде. Ауданда туризмді ары қарай дамыту мақсатында инфрақұрылым (жолдар, демалыс пен емделуге арналған қолайлы жағдай, мобильді байланыс) белсенді түрде жолға қойылған.

Аудан атауы бұрынғы Катонқарағай әкімшілік орталығынан туындаған (1871). А. Ислямованың «Топонимика Восточного Казахстана» еңбегінен Катонқарағай топонимінің пайда болуы туралы ақпарат алуға болады: «Катонқарағай ауылының маңында үлкен қарағай орман болған екен. Бұл жерді қазақ және қалмықтар «Котон» деп атаған. Осылайша «Катонқарағай» атауы пайда болған». «Топонимика Казахстана» энциклопедиялық сөздігінде: «Қазіргі атауын «Алтай» стансасымен біріккен соң алған және «қарағайлы орманмен қоршалған өлке» деген мағынаны білдіреді» делінген.

Катонқарағай ауданы – ерекше сұлу мекен. Оның Қазақстан, Ресей, Қытай, Моңғолия шекаралары тоғысқан жері, мәңгі мұзбен қапталған Мұзтау баурайы биік шың, алып балқарағайлар, өзен-көлдер, сирек кездесетін гүлі бар тамаша шабындықтарға толы.

Жазауа көлі, Көккөл, Арасан сарқырамалары, Берел қорғаны, ескі Австрия жолы, Мұзтау – бүкіл Қазақстанның байлығы.

2001 жылы 17 шілдеде республикадағы ең ірі Катонқарағай ұлттық табиғи саябағы құрылды.

Алтай – түркі өркениетінің бесігі. Дәл осы жерден әйгілі Ұлы Жібек жолының «Алтын тармақ» деп аталған Солтүстік тармағы өткен. Яғни, бұл керуен Батысқа Алтайдың алтыны мен қоласын тасымалдаған. 1998 жылы Берел ауылы маңынан Франция мен Италия ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы, Қазақстан Ғылым академиясы (А.Х.Марғұлан атындағы археология институты) әлемдік маңызы бар таңғаларлық жәдігерлер тапқан. Мұнда Бұқтырма өзені аңғарынан 1200 м биіктікте сақ князы жерленген қорған табылған. Б.э.д. IV ғасырдағы Берел қорғаны – Қазақстанда еш теңдесі жоқ керемет археологиялық ескерткіш (30 қорған) болып табылады.

2011 жылы тамызда Шығыс Қазақстанда алғаш рет – «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» Халықаралық форумы өткізілді. Оның қорытынды кезеңі Катонқарағай ауданының «Берел» мұражай-қорығында өтті.

Бұқтырма өлкесі – XVII-XVIII ғасырлардағы жер аударылушылар мен қаналушылар паналаған еркін де шұрайлы мекен.

Көрнекті жерлестер

Интернет-ресурсы

Катон-Карагайский район //  Аким ВКО. Структура власти. Исполнительная власть. - http://akimvko.gov.kz/ru/rule1_13.htm (01.03.2012).

Официальный сайт акима Катон-Карагайского района - http://katon-karagay.vko.gov.kz/ (временно не доступен) (01.03.2012).

Катон-Карагайский район //  Архивная служба ВКО. Краеведение. - http://www.arhiv.vko.gov.kz/region_14.htm (01.03.2012).

Катон-Карагайский район // Государственный архив ВКО. - http://e-arhiv.vko.gov.kz/Page.aspx?id=1522 (01.03.2012).

Катон-Карагайский район // Департамент статистики ВКО. Регионы. - http://www.shygys.stat.kz/reg/katon.html (01.03.2012).

Памятники Катон-Карагайского района // Официальный сайт Управления культуры. Общая информация об ОУК. Памятники. - http://culturevko.gov.kz (01.03.2012).

Рахмановские ключи // Altaytravel. - http://altaytravel.ru/ (01.03.2012).

Центр пантолечения. - http://katon.kz/?g=1&cid=3 (01.03.2012).

 

Библиография

Кітаптар

Боздақтар=Книга памяти [Текст] : 1941-45 ж.Ұлы Отан соғысы жеңісінің 50 жылдығына арналады = Посвящается 50-летию Победы в ВОВ 1941-1945г. / . - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 1998 - Т.3 : Шығыс Қазақстан облысы=Восточно-Казахстанская область. - 728 с. - ISBN 5-89800-106-9. - ISBN 5-89800-063-1 : 250.00 тен.

Бухтарминские старообрядцы [Электронный ресурс] : материалы комиссии экспедиционных исследований. Вып.17 / Бломквист, Е. Э., Гринкова, Н. П. ; Академия наук СССР. - Л. : Издание АН СССР, 1930. - 460 с. (Введено оглавление)

В краю Беловодья [Текст] : Опыт работы совхоза "Верх-Катунский" Катон-Карагайского района Восточно-Казахстанской области по решению продовольственной программы. - Усть-Каменогорск : Б. и., 1990. - 39 с.

Герасимов, Б. Г. Поездка на Рахмановские минеральные ключи // Герасимов Б.Г Избранные труды: факсимильное издание [Текст]. - Усть-Каменогорск : Шығыс баспа, 2000. – С. 12-83.

Ершов С.П. Кок-Кульское вольфрамо-молибденовое месторождение [Текст]. Т. 2 // Большой Алтай / АН СССР. - Л. : Изд-во АН СССР, 1936. -  С. 225-267.

Замятин С. И. Курорты Казахстана [Текст] / Замятин С. И. - Алма-Ата : Казахское гос. изд-во, 1962. - 263 с.

Лухтанов А. Г. Алтайское притяжение [Текст] : очерки по истории Восточно-Казахстанской области / Лухтанов А. Г. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2006. - 459 с.

Мусин, М. С катонских гор, с берегов Нарыма [Текст] / Мусин М. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2004. - 360 с. - ISBN 9965-727-14-7 : 500.00 тен.Самашев, Зайнолла. Берел [Мәтін] / З. Самашев . - Алматы : Таймас, 2011. - 236 с.

Очерки истории Рудного Алтая [Текст]. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 1970. - 200 с. - 85 к.

Справочник по истории административно-территориального деления Восточного Казахстана (1920-2002 гг.) [Текст]. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2005. - 590 с.

Стариков С. В. Некоторые итоги работ по инвентаризации орнитофауны Катон-Карагайского государственного природного парка [Текст] / Стариков С. В. // Региональный компонент в системе экологического образования и воспитания – 2005 / Департамент образования ВКО, Восточно-Казахстанский учебно-исследовательский "Экобиоцентр". - Усть-Каменогорск, 2005. - С. 29.

Шығыс Қазақстан облысы археологиялық ескерткіштерінің тізбесі = Cвод археологических памятников Восточно - Казахстанской области [Текст]. - Өскемен : б. ж., 2006. - 254 с.

Мақалалар

Жамигазин А. С чего начинается Родина... [Текст] : [24 марта 1962 г. в школе им. В. И. Ленина с. Катон-Карагай открылся историко-краеведческий музей] / А. Жамигазин // Луч. - 1988. - 6 февр. -  С. 2, 4.

[Текст] / Жумагулов Е. // Казахстанская правда һttp://www.kazpravda.kz. - 2003. -  17 мая. -  С. 1

Кнаус Р, Новохайрузовка живет и развивается [Электронный ресурс] : воспоминания : [история образования села Новая Хайрузовка Большенарымского р-на (1958)] / Р, Кнаус // Знамя труда. - 1991. -  С. 24 дек.

Путь становления [Электронный ресурс] : [история образования совхоза "Хайрузовский" Большенарымского р-на] // Знамя труда. - 1991. -  С. 20 дек.

Шевченко В. "Золотой" рог Катон-Карагая [Текст] Шевченко В. // Казахстанская правда һttp://www.kazpravda.kz. - 2003. -  26 августа. -  С. 5

Шевченко В. Путешествие на прародину [Текст] / Шевченко В. // Казахстанская правда һttp://www.kazpravda.kz. - 2003. -  28 нояб. -  С. 6

Ары қарай… (ссылка)

Абай ауданы

 
 

 «Жидебай-Бөрілі» – Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайыАбай ауданының тарихы ХХ ғасырдың 20 жылдарының аяғынан басталады. Оның алғашқы іргетасы 1927 жылы қаланып, оған Бұғылы, Шаған, Шыңғыс, Қызыладыр, Мұқыр болыстары біріктіріледі.

1928 жылықаңтарда Шыңғыстауауданының негізі қаланды.

1930 жылдың қараша айынан бастап олГолощекин болып ауыстырылды.

Осы жылдың желтоқсанында ауданға бұрынғы атауы қайтарылады.

1939 жылы Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) құрамында болған Шыңғыстау ауданы Семей облысының құрамына кіреді.

1940 жылдың 5 қазанында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының· Жарлығы бойынша қазақтың басақыны Абай Құнанбаевтың 95 жасқа толу мерейтойына орай Шыңғыстау ауданы Абай болып өзгертіледі.

1997 жылы Семей облысының таратылуына байланысты Абай ауданы ШҚО құрамына енген.

Аудан Шығыс Қазақстанның оңтүстік батысына орналасқан.

АШығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Елтаңбасыумағы – 20 мың шаршы км.

Ауданның әкімшілік орталығы – Қарауыл.

Құрамында 9 ауылдық округ, 11 ауыл бар:

Архатауылдық округі: Архат ауылы, Орда ауылы;

Қарауыл ауылдық округі: Қарауыл ауылы;

Қасқабұлақ ауылдық округі: Қасқабұлақ ауылы, Бөрілі ауылы;

Кеңгірбай ауылдық округі:Кеңгірбай би ауылы;

Көкбайауылдық округі: Көкбайауылы;

Құндыз ауылдық округі:Жүрекадыр ауылы;

Медеу ауылдық округі: Медеу ауылы;

Сарыжал ауылдық округі: Сарыжал ауылы;

Тоқтамысауылдық округі: Тоқтамысауылы.

Аудан экономикасының негізгі бағыты – мал шаруашылығы.


Шыңғыстаудың үш шыңыАбай ауданы- қазақтың ойшыл ақыны ұлы Абайдың
, кемеңгер Шәкәрімнің, ғұлама жазушы Мұхтар Әуезовтың отаны. Есімі ел тарихына алтын әріптермен жазылған батырлар мен сұңғыла ғалымдардың алтын ұясы.

Осы жерде ұлы Абайдың шығармашылығына арналған республикалық Абай оқулары, көрмелер, шолулар, оқырмандар конференциясы· өткізіліп, Абай әндері шырқалады. ШҚО халқы өздерінің атақты жерлестерінің әдеби мұраларын қорғаштап, ерекше қастерлейді.


А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхана қорынан Абай ауданының өткені мен бүгінгі жағдайы туралы бай, шежіреге толы баспа және электронды ресурстарды
таба аласыздар.


Интернет-ресурстар

Абай ауданы әкімінің ресми сайты
Абай ауданы // Шығыс Қазақстан облысы әкімінің ресми интернет-ресурсы

Әдебиеттер тізімі


Боздақтар=Книга памяти [Текст] : Семей облысы. Семипалатинская обл., 1995. - 390 с.

Елі - ерлерін ұмытпайды. 1941-1945 [Мәтін]. - Семей : [б. и.], 2015. - 336 б.

Медеуханұлы, Ә. Ұлы Абай елінде [Мәтін] / Ә. Медеуханұлы . - Өскемен : [б. и.], 2009. – б.ж.

Мұхамадиева, С.  Ұлылар туған мекен [Электрондық ресурс] / С. Мұхамадиева // ІІ-ші Нүсіпбеков оқулары . - 2014. - Б. 156-158.

***


Справочник по истории административно-территориального деления Семипалатинской области 1939-1997 гг. [Текст], 2006. - 238 с.


Справочник по истории административно-территориального деления Восточного Казахстана (1920-2002 гг.) [Текст], 2005. - 590 с.


Щербаков Б. В. Путь к Абаю [Текст] : путевые заметки / Щербаков Б. В., 2005. - 147 с.

Электронды ресурстар
Жидебай - ұлылықтың ұлы анасы. - [200?] 1 эл. опт. диск. – (
Абай мұрасы коллекциясы)

 

Қосымша әдебиетті Өлкетану кітапханасы мен Электронды каталогтан қараңыз.

Барлық сұрақтар бойынша Анықтама қызметіне хабарласыңыз.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений