|
|
Өскемен қаласында Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұловаға арналған мурал салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Бұл жоба қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асты. Мурал 25 қазанда – Республика күні және Ә. Молдағұлованың туған күнінде ашылды. Мурал авторы - суретші Асхат Орынбасаров. Қазақтың қаһарман қызының бейнесі Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов көшесі, 88-ші көпқабатты тұрғын үйдің қасбетінде салынған. Ашылу күні: 25 қазан 2025 жыл.
|
 |
Өскемен қаласында қызметте жүріп ерлікпен қаза тапқан полицейлерге арналған мурал ашылды. Арт-объект «Ер есімі – ел есінде» деген жазумен бейнеленген (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Мурал – қызмет бабында қаза тапқан 29 шығысқазақстандық полицейлерге арналған. Арт-нысан Полиция департаменттің бастамасымен және қала әкімдігінің қолдауымен жасалды. Мурал Гагарин бульвары, 12-ші үйде орналасқан. Ашылу күні: 19 қыркүйек 2025 жыл.
|
 |
Өскемен қаласында металлургтерге арналған мурал салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Муралда металлургтың портреті салынып, жанына «Металлургтер қаласы» және «Город металлургов» деген жазулар жазылған. Сурет – қарапайым еңбек адамдарына деген құрметтің белгісі. Сонымен бірге еліміздің дамуына металлургияның қосқан үлесін көрсетеді. Мурал Н.Назарбаев даңғылы, 33-үйдің қабырғасына салынған. Ашылу күні: 3 қыркүйек 2025 жыл.
|
|

|
Алтай қаласы Горький көшесіндегі тұрғын үй қабырғасындағы мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Жобаның бастамашысы - Алтай ауданының әкімдігі. Муралмен «СТРОЙОСНОВА ПЛЮС» ЖШС мамандары жұмыс істеді. Ашылу күні: 8 тамыз 2025 жыл.
|
 |
Зайсан қаласындағы тұрғын үй қабырғасындағы мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан)
Ашылу күні: 8 тамыз 2025 жыл.
|
 |
Өскеменде құтқарушыларға арналған мурал ашылды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Арт-нысан ҚР ТЖМ 30 жылдық мерейтойына орай ашылды. Композицияның негізгі фигурасы – қолында баланы ұстап тұрған ТЖД қызметкері, артында арнайы техника бейнеленген. Ал басты идея қысқаша түрде былай жазылған: «Құтқару – батырлардың ісі». Нысан қала әкімдігінің қолдауымен, ШҚО ТЖД бастамасымен құрылды. Мурал Крылов көшесі, 106-шы тұрғын үйдің қасбетіне салынды. Ашылу күні: 14 шілде 2025 жыл.
|
|

|
Өскемен қаласында Астана символдары бейнеленген мурал салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Қала әкімдігінің бастамасымен жүзеге асқан муралдың жалпы аумағы 150 шаршы метр. Онда елорданың басты сәулеттік нысандары – Ақорда, Бәйтерек, Хан Шатыр және заманауи қазақ қызы бейнеленген. Туынды авторы – Темірлан Әбенов. Елорда күні қарсаңында ашылған арт-нысан Әміре Қашаубаев көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынды. Ашылу күні: 1 шілде 2025 жыл.
|
|

|
Өскемен қаласында қар барысының муралы салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Қар барысы – еліміздің мемлекеттік және мәдени символикасында ерекше орын алатын киелі бейне. Ол – тәуелсіздік, күш-қуат пен еркіндіктің символы. Муралдың аумағы 150 шаршы метрді құрайды. Авторы – кәсіби суретші Асхат Орынбасар. Мурал Н.Назарбаев даңғылындағы 11-ші тұрғын үйдің қасбетіне салынған. Ашылу күні: 1 маусым 2025 жыл.
|
|

|
Өскемен қаласында ұлттық нақыштағы «Қазақ аруы» муралы салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Муралда қазақ аруының бейнесі, құлпыра жайнаған қызғалдақтар мен кең дала көрініс тапқан. Әрбір элемент – халқымыздың табиғатпен тығыз байланысын, рухани байлығын және ұлттық құндылықтарын көрсетеді. Жоба Өскемен қаласы әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылды.Туындының көлемі – 150 шаршы метр. Авторы – кәсіби суретші Асхат Орынбасар. Арт-нысан Әуезов даңғылы, 16-үйдің қабырғасына салынды. Ашылу күні: 19 мамыр 2025 жыл.
|
|

|
Өскемен қаласында Кеңес Одағының батыры, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына арналған мурал салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай ашылған муралда Б. Момышұлының әйгілі сөзі бейнеленген: «Отан үшін отқа түс –күймейсің...». Бұл сөздер бүгінгі ұрпаққа патриотизм мен елге адал қызмет ету ұғымын терең сезіндіреді. Бейненің аумағы –150 шаршы метрді құрайды. Мурал Қабанбай батыр көшесі, 136-шы үйдің қасбетінде бейнеленген. Ашылу күні: 08 мамыр 2025 жыл.
|
 |
Өскемен қаласындағы Шәкәрім даңғылы, 182 тұрғын үйдің қасбетіндегі мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) «Өскемен» деген сөзді жазу үшін түрлі-түсті әріп-парақшаларды іліп тұрған қыздың суреті. Әрбір парақша – кішкентай жарқын мағына, туған қала туралы жылы ой сияқты. Көркем нысан қаланың – біз екенін, әр адам өз «әріпін», өз бояуын, өз тарихын қосатынын еске салғандай. Ашылу күні: 2025 жыл.
|
 |
Өскемен қаласындағы тұрғын үй қабырғасына «Бәрі жақсы болады» муралы салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Үй қабырғасынан биікке самғағандай, әткеншекте тербелген қыз. Мұндай суреттер адамға үміт сыйлап, болашаққа деген сенімді күшейтеді. Туынды авторлары қазақстандық арт-суретшілер Ержан Танаев пен Али Закир. Мурал 19 шағынауданы, «Ана мен бала орталығы» жанындағы Көкжал Барақ, 7/1 мекенжайында орналасқан. Ашылу күні: 13 шілде 2024 жыл.
|
 |
Өскемен қаласында Қазақстан полициясы күніне арналған арт-нысан ашылды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан)
Муралда суретші кірпіштен жасалған «кенепте» баланы қолында ұстап тұрған полиция қызметкерін бейнелеу арқылы тәртіп сақшыларының азаматтардың тыныштығын қорғауды қамтамасыз ететінін көрсеткен. Нысанда #Біздің полиция деген жазу бар.
Ашылу күні: 20 маусым 2024 жыл.
|
 |
Өскемен қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері және ІІМ ардагері Құрмат Рахимовтың бейнесі салынған мурал ашылды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Муралда "Міндет, Абырой, Ерлік" деген жазу бар. Мурал Қаныш Сәтпаев даңғылы,2 тұрғын үй қабырғасында бейнеленген. Ашылу күні: 17 маусым 2024 жыл.
|
 |
Өскемен қаласындағы Қазақстан және Мызы көшелерінің қиылысында көз тартар сәнді мурал бой көтерді (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Муралда Қазақстанның мемлекеттік туының жанындағы қыздың бейнесі көрініс тапқан. Муралдағы қыз сұлулық пен жастықты білдіреді, ал желбіреген мемлекеттік ту – ұлттық рух пен бірліктің асқақ белгісі. Осындай арт-нысан қаланың көркін ашып қана қоймай, тұрғындардың жүрегінде отансүйгіштік сезімін оятады. Муралды жасауға қабілеттілігі мен көркемдік талғамы жоғары шебер суретшілер тобы қатысты. Олар әрбір бояу мен сызыққа аса мұқият қарап, туындының жан дүниесін, терең мағынасын және эмоциялық қуатын айрықша талғаммен бере білді. Ашылу күні: 24 мамыр 2024 жыл.
|
 |
Өскемен қаласында Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы бейнеленген мурал ашылды (Шығыс Қазақстан, Қазақстан) Туындыда А. Байтұрсынұлының «Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның – атасы» деген сөзі жазылған. Ұлтым деген ұлтжанды азаматқа ой салатындай сөз. Мурал Н. Назарбаев даңғылы, 25/1 тұрғын үй қабырғасына салынған. Қабырғаларды безендірумен Алматы қаласынан келген "Tigrohaud crew" шығармашылық тобы айналысты. Ашылу күні: 2024 жыл.
|
 |
Өскемен қаласындағы тұрғын үй қабырғасына Шығыс Қазақстанның белгілі көрікті жері – Мұзтау (Белуха) шыңы бейнеленді (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Мурал авторлары – суретшілер Ержан Танаев пен Али Закир. Мурал Ә. Қашаубаев,6 мекенжайында орналасқан. Ашылу күні: 2024 жыл.
|
 |
Өскемен қаласындағы Қазақстан көшесі, 65 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің қабырғасындағы мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Қазақстанның мемлекеттік рәміздері бейнеленген әуе шары бар мурал елдің дамуы мен жаңа биіктерге ұмтылысын, еркіндік идеясын, бірлігі мен болашаққа бағытталған мақсаттарын көрсетеді. Ашылу күні: 2024 жыл
|
 |
Өскемен қаласында Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханға арналған мурал салынды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Муралда «Ұлтына, жұртына қызмет ету білімнен емес, мінезден!» деген Әлихан Бөкейханның өз сөзі жазылған. Бұл мурал – Өскемен халқы үшін ерекше феномен болды, себебі ұлт көсеміне арналған қаладағы ең алғашқы композиция. Жоба қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Әлихан Бөкейхан бейнесі Көкжал Барақ, 2/1 тұрғын үй қабырғасына салынған. Авторлар: Ержан Танаев, Али Зәкир Ашылу күні: 12 шілде 2023 жыл.
|
 |
Өскемен қаласындағы «Жас хоккейші» муралы (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Жас хоккейшінің бейнесі бар мурал – қаланың хоккейге деген сүйіспеншілігінің нышаны және мұзға қуана шығатын әрбір жанның арманын бейнелейді. Бұл туындының кейіпкері «Торпедо» хоккей клубындағы БЖСМ-де хоккей бойынша оқитын бала болды. Аталмыш жұмысты қазақстандық «Tigrohaud crew» шығармашылық тобының талантты суретшілері Ержан Танаев пен Али Закир орындаған. Жарқын бейне жастарды шабыттандырып, спортты және алға ұмтылу құндылығын насихаттайды. Мурал М. Горький көшесі, 82 көпқабатты тұрғын үй қабырғасына салынған. Ашылу күні: 07 шілде 2023 жыл.
|
 |
Өскемен қаласында Жалау ұстаған ұл - патриоттық тақырыбындағы мурал ашылды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Мемлекеттік туды жоғары көтеріп тұрған бала бейнесін суретшілер Ержан Танаев пен Али Закир салған. Мұндай туындылар ұлттық рухты, елге деген сүйіспеншілікті насихаттайды. Мурал Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 43-ші тұрғын үй қабырғасында бейнеленген. Ашылу күні: 28 маусым 2023 жыл.
|
 |
Өскемен қаласы Абай даңғылындағы тоғыз қабатты үйдің қабырғасындағы мурал (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) Абай қолында кітаппен бейнеленген. Муралдың төменгі жағында суретшілер ұлы ақынның «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» деген сөзін әдемі жазумен жеткізген. Абай Құнанбайұлы суретінің авторы - Алматы көркем сурет академиясының магистранты Айбек Нұрбеков. Ашылу күні: 26 қыркүйек 2017 жыл.
|
 |
Өскемен қаласында үздік хоккейші Талғат Жайлауовқа арналған мурал ашылды (Шығыс Қазақстан облысы, Қазақстан) "Торпедо" хоккей клубының ең нәтижелі шабуылшысы Талғат Жайлауов 2005-2007 жылдардағы Қазақстан чемпионы, 2011 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы, 2007 жылғы Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Алматыдан шақырылған суретшілер муралды стрит-арт стилінде салған. Мурал Н.Назарбаев даңғылы, 71-ші үйдің қабырғасында бейнеленген. Ашылу күні: 30 шілде 2017 жыл.
|
| |
|