100 жыл бұрын Өскемен қаласында «ақтар» режиміне қарсы көтеріліс басталып, күшпен басылды. (1919)
Шемонаиха ауданының Құрметті азаматы, әуесқой суретші Аркадий Гаврилович Козловтың туғанына 90 жыл (1929)
Семей қаласының тумасы, Өскемен құрылыс- жол институтының ректоры(1986-2000), Өскемен қаласының Құрметті азаматы, экономика ғ.-ның докторы, Юрий Васильевич Баталовтың туғанына -80 жыл (1939)
Шемонаиха ауданының тумасы, заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ еңбек пен әлеуметтік қатынастар академиясы қылмыстық-құқықтық тәртіптер кафедрасының меңгерушісі Әмерханов Руслан Айтқалиұлының туғанына 40 жыл (1979)
Ұлы Отан соғысына қатысушы, журналист, ақын, аудармашы «Казахстанская правда» газеті атындағы халықаралық майдан клубының президенті, Балалық жастық шағын Аягөз қаласында өткізген Леонид Васильевич Скалковскийдің туғанына 95 жыл (1924-2012)