2003 жылы Шығыс Қазақстан облысы Шілікті елді мекенінің жанындағы көне қорғандардың бірінен алтынмен көмкерілген киімімен жерленген сақ патшасының сүйегі табылды. Мұны Қазақстандағы үшінші «Алтын адам» деп айтуға болады. Шілікті қорғандағы «Алтын адам» біздің дәуірімізге дейінгі VII ғасырдың аяғы менVIIІ ғасырдың басындағы жәдігерлердің бірі. Табылған «Алтын адам»- сақ патшасы. Есіктен табылған «Алтын адамнан» екі жарым үш ғасыр бұрын, Аралтөбе «Алтан адамынан» мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның үстіне, мұның алтынмен безендірілген киімдері тірі кезінде киіп жүрген киім екені белгілі болып отыр. Мұндағы алтын әшекейлер күрделі зооморфтык қалыптарға негізделе құйма алтындардан жасалған. Шіліктідегі 17 обаның ең үлкені және оқшау тұрғаны, мұның алдына шығарылып басқа оба салынбаған. Ғылымнан белгілі, тірі кезінде алтын бұйымдар тек патшалардың ғана киіміне жапсырылған.
Ал, о дүниеге алтын әшекей заттармен аттандыру оның өмірін мәңгілік ету идеясымен байланысты болған. Сақтар түсінігінде шірімейтін, тотықпайтын алтын зат мәңгіліктің символы болып есептелінген. Ертедегі сақтар өздерінің тектілігін аңдар бейнесінде көрсетуге тырысқан. Алтын бұйымдардың бәрі сол символмен жасалған.
Қорғаннан ұзын саны 358 алтын жапсырмалар табылған, 850-ші сынамалы алтыннан кем емес қасиетке ие екендігі анықталған. Яғни, аса қымбат алтын.
Материал С.Х.Текешованың «Тарих пәнін оқытуда өлкетану материалдарын
пайдалану және аймақтық компонент» әдістемелік құралынан алынды
Жалпы алаңы – 35 га
Солжағалық кешеннің аумағында мыналар бар:
1. Зообақ, алаңы 8 га
Мұражай-қорықтың Солжағалық кешені аумағына 2008 жылы көшірілген. Зообақта 2011 жылдың 1 желтлқсанына қарағанда барлығы 294 жануар болды.
Риддер—Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала , темір жол станциясы. Іргесі 1784 жылы орыс инженер-технигі Ф.Риддер осы маңнан полиметалл кенін ашуына байланысты қаланды. 1941 жылға дейін Риддер, 1941— 2002 жылы Лениногорск деп аталған. 1917 жылға дейін қала шетел капиталистерінің қолында болған.
Зырян – Шығыс Қазақстан облысындағы Зырян ауданының орталығы, Өскемен қаласының шығысында, тау биіктерiндегi ойпанда, Березовка өзенiнiң Бұхтырмаға құяр жерiне таяу жерге орналасқан. Қала 1791 жылы полиметалл кен орнының бай қорын ашқан жұмысшы Герасим Григорьевич Зыряновтың есiмiмен аталған. Қала тарихы Зырян кен орнымен тығыз байланысты. Зырян руднигi өте жоғары қарқынмен дамыды.