Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қысқаша физика-географиялық сипаттамасы.
Орналасқан орны:
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (КҚМҰТП) Шығыс Қазақстан облысындағы Катонқарағай ауданында орналасқан. Ұлттық парктің аумағы теңіз деңгейінен 3000 метрден жоғары және мәңгі қарлармен көмкерілген көп жоталы таулы өңір, Оңтүстік Алтай ірі таулы аймағының шегінде орналасқан.
Зайсан ауданындағы «Қаратал құмы» қорығы (1300 га) 1978 жылы6 сәуірде құрылған. . Айғырқұм шөліндегі аймақ негізінен күшті шымдалған шоқша құмнан тұрады. Өсімдіктерінің арасында бұталы ну өсімдіктер жүзген, теріскен, шеңгел бар. Шығыс Қазақстан облысы бойынша осы қорықта құнды өсімдіктердің ең ірі массиві топталған.
Қорық 1998 жылдың 21 сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы (Үржар ауданы) аумағында ұйымдастырылды және 20,0 мың.га. жер көлемін алып жатыр. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған.
Қорық 1978 жылы 6 сәуірде Зырян ауданы аумағының Тұрғұсұн, Бобровка және Бұқтырма өзендері аралығында құрылды. Қорықтың жер көлемі 2200 га. Оның сипатына лавр жапырақты тобылғы, үшқат, таңқурай, шәңгіш, бүлдірген, мойыл тәрізді ағашты - талды өсімдіктер дүниесі тән. Қорықты құрудағы мақсат - алтай доланасы, қоңыр, селдір, тікенді итмұрын тәрізді құнды дәрілік өсімтіктерді қорғау.
1967 жылы 29 қарашада бұрынғы Самар, қазіргі Көкпекті ауданында ұйымдастырылған және 46 000 га. жер көлемін алып жатыр. Қорық аумағы Қызылқұм құмының негізгі бөлігін және Зайсан қазан шұңқырының солтүстік-батысындағы Құлынжүн өзенінің төменгі ағысына орналасқан.Үстіңгі рельефі екі типті. Біріншісі - тұнба қабаттарының шоғырлары,