Самар ауданы — Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік.
Орталығы Самар ауылы болып Семей округі құрамында 1928 жылдың 17 шілдесінде Семей губерниясындағы Бұқтырма уезінің Тимофеев болысы, Зайсан уезінің Көкпекті болысы, Өскемен уезінің Бөкен болысы бірігуімен құрылды. Оның құрамына 24 ауылдық Кеңес (Александов, Батан, Братск, Бөкен, Қазынақ, Көкпекті, Малороссиск, Мариногорск, Меновновск, Миролюб, Мәскеу, Ново-Архангельск, Олегов, Пантелеймонов, Петропавловск, Подгорный, Преображенский, Прохладненский, Розовск, Самар, Славянск, Тимофеев, Шегелек, Чистоярск) кірді.
1930 жылы 23 шілдеде Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің қаулысымен Қазақстан автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасындағы округтік бөлініс жойылып, ірілендірілген аудандық бөліністер құрылды. Самар ауданы таратылып, оның аумағы 1930 жылғы 17 желтоқсаннан республикалық бағыныштылықтағы Көкпекті және Күршім аудандары құрамына енді.
Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің 1935 жылғы 24 ақпандағы қаулысымен Көкпекті және Күршім аудандарын ірілендіру барысында құрамында 15 ауылдық кеңесі бар Самар ауданы қайта құрылды.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1954 жылғы 13 тамыздағы Жарлығымен ауылдық кеңестерді ірілендіру жұмыстары жүрді.
Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1963 жылғы 2 қаңтардағы Жарлығымен Өнеркәсіптік және ауылдық жерлерді бөлу бойынша әкімшілік-аумақтық реформа аясында құрамында сегіз ауылдық кеңесі бар Самар ауылдық ауданы болып қайта құрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен Самар ауданы таратылып, оның аумағы Көкпекті ауданының құрамына енді.
2022 жылғы 7 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Көкпекті ауданы құрамынан бөліну арқылы Самар ауданы қайта құрылды.
Өр Алтайдың күретамыры
Бұқтырма, буырқанып бұлқынасың,
Асығып Ақ Ертіске ұмтыласың.
Баяулап ақпаймысың жайбарақат,
Неліктен терістікке ынтығасың?!
Төлеген Рақымжанұлы
Су — тіршілік көзі. Су бар жерде өмір бар. Тіршілікке қажетті бес жағдайдың бірі су. Жер шарының төрттен үш бөлігі судан құралған. Ол - мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер, сарқырамалар. Көптеген мифологиялық аңыздарда су жердің анасы ретінде де, атасы ретінде сипатталады. Дөңгеленген дүниедегі барша халықтың суға деген құрметі ерекше. Бүгінде бізге мәлім әйгілі әрі көне өркениеттердің дамуы, қалыптасуы да суға жақын, сәтті орналасқандығына байланысты. Көптеген археолог-тарихшы ғалымдардың тапқан деректері мен ашқан жаңалықтарына жүгінсек, әлемдегі тіршіліктің пайда болып, ары қарай дамуына өзендер себепші болған екен. Олар басқа елдерге қарағанда ертерек танымал болған, сондай-ақ әлем мәдениеті дамуының алдыңғы қатарында тұрған тіршілік иелері ұлы өзендердің жағалауларын мекен еткен.
Біздің туған жеріміз – Катонқарағай ауданы да тұщы су қорына өте бай. Әр сайда сылдырай аққан мөлдір бұлақтар, сарқырай аққан өзендер, айдынды көлдеріміз аспанмен астасқан тауларымызға ерекше көрік береді. Бұның бәрі Табиғат-ананың бізге берген қайталанбас, әрі баға жетпес, тамаша тартуы.
Менің туған жерім Катонқарағай ауданындағы Жамбыл ауылы, ауылым Өр Алтайдың күретамырындай болған Бұқтырма өзенінің бойында орналасқан. Балалық шағым тұтастай осы өзеннің жағасында өтті, үйіміз Бұқтырма өзенінің жағасында қабақтың үстінде болды. Кішкентай кезімде Бұқтырмадан үлкен өзен жоқтай болып көрінетін. Оның қашан жаратылғанын, қайдан бастау алатынын, қайда барып құйатынын, қайда барып сиятынын да білмейтінбіз, бірақ білуге құмататынбыз. Назар салып қараған адам Бұқтырманың басқа өзендерден әжептәуір айырмашылы барын байқар еді. Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, өн бойы сыңсыған ағаш, жағасы жаз шыға жасыл желекке бөленіп ерекше жайнап кетеді. Жылда мамырды аяқтай бере ернеуінен асып тасиды, осы кез оның ең дәуірлеген, шанағынан асып, шалықтаған кезі. Осы кездегі өзеннің сарыны ерекше, түсі өте сұсты болып көрінеді, ақөркеш толқындары жағасындағы иін тірескен қайың, қарағай, самырсын, тал, теректерді көпсінгендей тамырынан қопарып қаңбақ құрлы көрмей ағызып кетіп жататын. Шамасы келмеген үлкен ағаштарды қайраңға апарып қалдырып кететін. Тасыған кездегі күркіреген дауысы, азан-қазан үні күншілік жерден естіліп, тұтас аңғарды күңірентіп жатады. Оның осы күркіреген дауысынан балалық шақтағы тәтті ұйқыдан талай рет селт етіп оянған шақтарымыз болды.
Жаздың алғашы айларында Бұқтырманың көктемгі қарқыны бәсеңси қоймайды, суы мол болып, аттылыға өткел бермей тектілігін тентек мінезімен байқатады. Тек тамыз аяқтала бере Бұқтырма мүлдем өзгереді. Суы мөлдірленіп түбіндегі малта тастар мен балдылдырлар айқын көрінеді. Көктемде кемеріне келген кең арна күз жақындаған сайын қоңылтақсып босап қалады. Тасыған кезде күркіреген қуатымен басып алған жерлерді тас шөгінділері мен салындылар басып қалады. Бұқтырма бұрынғыдай буырқанбайды, қоңыр күз келе жуасып, момақан күйге енеді. Бұқтырманың осы бір момақан тартқан кезінің де өз сұлулығы бар, жайлап аққан айдындарына құстар мекендеп әсем табиғатқа ерекше көрік береді.
Қаһарына мініп кәрі құда қыс келгенде өзенннің бетін көк тайғақ мұз құрсаулап, табиғат-тағдырдың ырқына біржола көнгендей болады. Осылайша қырсаулы мұз астында жадыраған көктемнің ораларын тосып ұзақ ұйқы құшағына енеді.
Бұқтырма алқабы ежелден адамзаттың мекендеген аймағы, оның дәлелі өзенінің жағалауындағы жатқан қорғандар тізбегі. Өткен 19-20 ғасырлардың өзінде өзенді бойлай талай қазақ-орыс елдімекендерінің болғандығын тарихтан білеміз. Қазіргі кезде Бұқтырма өзенінің бойында Катонқарағай және Алтай аудандарының сандаған ауылдарының қайнаған өмірі өтуде.
Бұқтырма өзені Шындығатай жерінде үш өзеннің қосылуынан пайда болады, олар: сотүстіктен Бұқтырма (Шәңген) көлінен ағып шыққан Алғыжақ бұлақ өзені, солтүстік-шығыстан Шындығатай өзені және оңтүстік шығыстан Ақбұқтырма өзені. Нақтырақ айтсақ Алғыжақ бұлақ Шындығатай өзенінің оң жақ саласы, біраз жерден кейін Шындығатай өзені Ақбұқтырма өзенімен қосылып Бұқтырма өзені болып ағады. Жергілікті тұрғындар Бұқтырма көлін Шәңген көлі деп атайды. Бұл атау 1786 және 1796 жылдары Алтай тауларын зерттеуші орыс саяхатшысы, Колывано-Воскресенск заводының маркшейдері Петр Иванович Шангиннің құрметіне қойылған деген деректер бар. Бұқтырма көлі теңіз деңгейінен 2064 метр биіктікте орналасқан, оған үлкенді-кішілі 6-7 өзен, бұлақтар құяды. Оның ең үлкені Шәкендара бұлағы (картада Шәндеге бұлағы деп жазылған). Көлден бір ғана өзен ағып шығады, оның атауы жоғарыда айтқадай Алғыжақбұлақ өзені.
Шындығатай өзені басын Қосағаш ауданындағы Ақалақа көлінің оңтүстүгіндегі Молибден тауынан алады. Оның жалпы ұзындығы 34 шақырымды құрайды. Шындығатай өзеніне Алғыжақ бұлақтан өзге Мұқыр және Қаратүйе өзендері келіп құяды.
Ақбұқтырма өзені жайлы оның бастау алар жерін зерттеген ғалымдар мен саяхатшыларға тоқталып өтейін. Әрине, Бұқтырма ғасырлар бойы жасап келе жатқан өзен, ол жайлы ең алғаш кім білді деген сұрақ қолайсыз болар, оның бойына бізің де ата-бабаларымыз ертеден келіп, оның суын ішіп, малын суарып, жағасын жайлағаны даусыз.
Бұқтырма өзенін зерттеушілер туралы жазушы-натуралист, этнограф, фотограф Лухтанов Александр Григорьевич өзінің «Исследование истоков Бухтармы» атты еңбегінде нақтылап жазады. Бұқтырма аймағына ең бірінші 1786 және 1796 жылдары Алтай тауларын зерттеп кеген орыс саяхатшысы, Колывано-Воскресенск заводының маркшейдері Петр Иванович Шангин, одан кейінгі 1826 жылы Дерпт университетінің ұйымдастыруымен ботаник Карл Фридрих Ледобурдың басшылығымен келген экспедиция Шыңғыстай жеріне дейін келіп қайтады. 1833-1835 жылдары натуралист, географ, Алтайды зерттеуші Ф.Геблер Қатын және Ақбұлқақ өзендерінің бастау алар жерлеріне дейін келеді. Бұқтырма және оның салалары туралы алғаш нақты ғылыми мәліметтерді Ресейдің бас штабының офицері топограф Мирошниченко мен тау-кен инженері Малевский береді. Олар 1869 жылы Қытай мен Ресей арасындағы Шәуешек келісімі бойынша П.Бабков бастап келген шекараны барлау комиссиясының құрамында болып, жерлердің координаталарын, теңіз деңгейінен биіктіктерін анықтап, аумақтың географиялық және геодезиялық сипаттамасын береді. Сонымен қатар Бұқтырма өзені мен оның салаларының орнын схемалық картаға түсірді.
Олардың жазбаларында Бұқтырма өзенінің басталуы былай суреттеледі: «Шындығатайдан ары Ақбұқтырманың оң жағалауымен жол тік көтеріледі, сол жағалауы 8 шақырымға созылған балқарағайлы орманмен жабылған, одан кейінгі жол тасты, батпақты болып ауыр жүк артқан аттардың жүруіне қиын болды. Орман біткесін алпілік өсімдіктер басталды. Одан әрі алдымызда кең көсілген үстірт созылып жатты, өлшеуімізше үстірт биіктігі 2200 метрге таяу болып шықты. Моңғол тіліндегі Табын-Богдо-Ола деп аталатын, биіктігі 4000 метрден асатын қарлы шыңдардың тұтас тобы Үкек үстіртінен асып жатты. Тікелей жолымыздың оң жағында Ақбұқтырма өзенін тудыратын күміс бұлақтар мен ақ мұздықтар көрінді.»
1905 жылдың жазында орыс саяхатшысы, географы, ботанигі В.В.Сапожников өзінің үш серігі – студенттерімен бірге Ресей шекарасына жақын Моңғол Алтайының мұздықтарын зерттеу үшін Қосағаштан оңтүстікке қарай жолға шығады. Оны Алтай жоталары түйісетін Үкөк үстіртіндегі Табын-Богдо-Ола тау жүйесі қызықтырған еді. Қалғұтты, Алаха, Қанас өзендерінің бастауларын зерттеп, Өрелге барар жолда Бұқтырманың жоғарғы ағысындағы мұздықтарды байқап, былай деп жазды:
«15 шілде. Таңды аспаптық барлаумен бастадым... Осы түсірілім арқылы мен Қанас, Алаха, Үкөк және Бұқтырма көздерін біріктіріп, жотаның осы бөлігінің 3300-ден 3600 метрге дейін жеткен шыңдарының биіктігін анықтадым. Бұқтырманың басындағы қар басқан негізгі шыңдарды бергі таулар көмкеріп, биіктігі белгісіз болып шықты. Мұздықтардың өздеріне жақын бара алмадым, сондықтан тек олардың орны мен жалпы ұзындығы ғана анықталды. Қалай болғанда да, мұнда мұздықтарды егжей-тегжейлі зерттеу үшін көптеген материалдар қалды».
Келесі сипаттауында:
«...Бір қызығы, Алаха мен Үкөкті бөліп тұрған шың Үкөк пен Бұқтырманы бөліп тұрған екінші шыңға өте ұқсас. Екі шыңның да төбесінде ойпаң, дәлірек айтсақ, қарға толы кең ойпат бар. Шыңның ойпаңында бір-біріне қатарлас жатқан екі мұздық бар, оның шығыс жағындағы S әрпі сияқты қисық үлкен мұздық. Ол артқы қар шыңынан басталып жартасты айнала иіліп, екінші кіші мұздықтың басына келеді.» - деп жазады.
Сапожников Бұқтырма мұздықтарына барлау жүргізіп, олардың Табын-Богдо-Олаға жақын болғанымен, ол бұл тау жүйесінен емес, Оңтүстік Алтай жотасының Ағайырық таулары деп аталатын шығыс бөлігінде орналасқанын анықтайды.
Алтай мұздықтарының келесі маңызды зерттеушілері ағайынды Михаил мен Борис Тронов болды. Олар таулы жолдармен жалықпай, батыл саяхаттап, аспаптық және басқа да ғылыми бақылаулар жасап қана қоймай, қиын асуларды бағындырды, Мұзтау шыңына бірінші болып шығып, Табын-Богдо-Ола тобының басты шыңына көтерілді.
Ағайындылар кездейсоқ ғалым, саяхатшы атанған жоқ. Олардың әкесі Владимир Дмитриевич, дәрігер, Алтайды көп аралаған, кәнігі өлкетанушы болған. Бұқтырманың көздерін де аралап, Сапожников сияқты (1895, 1896) жылдары Оңтүстік Алтайдың мұздықтарын зерттеп, Рахман қайнарларын сипаттағаны үшін екі рет Орыс географиялық қоғамының күміс медальдарымен марапатталған. Алтай мұздықтарын зерттеу ағайынды Троновтар үшін отбасылық дәстүрге айналды деп айтуға да болады.
1915 жылы Орталық Алтайдың мұздықтарын зерттей отырып, олар Бұқтырма мұздықтарының жанынан өтіп кете алмайды. Нақтырақ айтсақ, 28 маусымда олар 3650 метр биіктіктегі қарсы шыңға көтеріліп, оны Көкжиек (Кругозорной) деп атайды. Бұл жерден Бұқтырманың көздері алақандағыдай көз алдарында тұрды. Келесі күні олар бүкіл мұздықты басып өтіп, мұздық ағып жатқан одан кейінгі Ақайрық шыңына көтерілді. Осылайша Ақбұқтырма екі мұздықтан басталатыны, оның бірінің ұзындығы 3 км, екіншісінің ұзындығы 1 км, ал ең жақын сол жақ саласы Ақүлген мүлде елеусіз мұздықтар тобынан ағып жатқаны анықталды. Олардың өздері мұздық экскурсиясын былай сипаттайды:
«29 маусым күнгі екі экскурсияны – Бұқтырма мұздығына және Кругозорная тауының мұздығына арнадық. Мореналар (мұздық таситын тасты-кластикалық материал) бойымен Бұқтырма мұздығының ортасындағы қырға жеткенде, оның екі жағында бір-біріне қосылмаған Үлкен және Кіші Бұқтырма мұздықтары бар екендігі анықталды. Үлкен мұздық екі негізгі ағыспен басталып, әлсіз морена түзеді. Сол жақ морена, бұрынғы ортаңғы, мұздардың айтарлықтай массасын жасырып біздің тұрған жерімізден бастап соңғы моренаға дейін созыла қосылып, ұзын бойлық жоталарды құрайды. Құрып бара жатқан бұл мұздықтың бөлігі төрт верстке созылып жатыр... Сол жақтағы Бұқтырма мұздығы кішкентай, шамасы, жойылу үстінде тұр. Одан шыққан бұлақ алдымен қорымдар арасымен, содан кейін мореналардың астымен ағады.
Бұқтырма толығымен лайлы екі бұлақтан ағып шығады және мұздықтан жарты верст жерде оң жақтағы Кругозорная тауының мұздығынан тағы бір лайлы бұлақ келіп қосылады. Бұл таудың ең жоғарғы жағындағы қардан және тік мұзды жағалаулары бар қорымдардан басталып, судың ағысынан түзілген шатқалға ағып түседі. Мұздықтың төмен жағының биіктігі 2850 м. Төменде мореналар үйіндісі түзілген».
Ақбұлқақ сияқты Бұқтырма өзенінің басы да тастардың үгітілуінен пайда болған ақ шөгінділеріді шайып өтіп, ақ түсті болады, сондықтан Ақбұқтырма деп аталады.
Бұқтырма өзеніне сандаған өзендер мен бұлақтар келіп құяды, оның ірі-ірі дегендеріне тоқталып өтпеске болмайды. Бұқтырманың оң жақ салалары Катонқарағай ауданында: Шындығатай, Сарыкөл, Тасдіңгек, Абырғанбұлақ, Төртбиебұлақ, Аршаты, Семечиха (Шымыр), Колмачиха (Ойсыптың суы), Ақберел (Ақбұлқақ), Сахатушка (Қансу), Фадиха (Барынду), Березовка (Қайыңды), Черновая (Шу), Каменушка (Мойылды), Ақсу, Язовая (Жазаба), Бобровка, Алтай ауданында: Черновая, Игнашиха, Хамир, Тұрғысын. Сол жақ салалары: Күрті, Таутекелі, Өрел, Күлмес, Коробиха, Сенное, Осочиха.
Өзеннің қос жағасында Катонқарағай ауданының: Шындығатай шекаралық заставасы, Аршаты, Берел, Жамбыл, Өрел, Қайыңды, Еңбек, Қызылжұлдызды, Аққайнар, Шыңғыстай, Жаңаүлгі, Мойылды, Барлық, Коробиха, Сенное ауылдары, Алтай ауданының: Жоғарғы және Төменгі Быково, Богатырево, Лесная Пристань, Зубовка, Парыгино, Снегирево, Тұрғысын ауылдары орналасқан.
Бұқтырма өзенінде (жоғарыдан төменге қарай) бірнеше көпірлер салынған: Шындығатайдан Аршатыға дейін - 2 ағаш көпір, Аршаты ауылының басы мен аяғында екі бетонды көпір, Берел, Жаңаүлгі, Барлық, Лесная Пристань, Зубовка, Парыгино және Тұрғысын ауылдарының маңында бетонды көпірлер, Жамбыл мен Өрел ауылдарының арасына жеңіл автокөліктер өтетін аспалы көпір салынған.
Бұқтырма өзені атауының шығу тарихы жайлы сан түрлі нұсқалар кездеседі, оларды оқи отыра дәл мына нұсқа дұрыс, мынасы бұрыс деп айту қиын, бұл әлі де зерттеп-зерделеп, дәлелдеуді қажет ететін мәселе.
Ж. Болатов пен А.Əбдрахманов өзеннің бұлай аталу себебін жергілікті халық ағысы қатты, асау тау өзені болғандықтан, түсіп кеткен нәрсені, мал, адам т.б болсын қайта тұруға шамасын келтірмей, бас көтертпей бұқтырып алып кететіндігімен байланыстырады. Өзеннің қатты ағысын, жұлқына, бұқтыра ағуын негізге алып жергілікті халық оны «Бұқтырма» деп атайды дейді. Бұқтырма гидронимін бұқ (етістік) + тыр (өзгелік етіс жұрнағы) + ма (етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ) деп талдайды да мағынасын суға түскен нəрсені тастан тасқа соғып, бұқтырып əкететін касиетінен шығарады.
С.Аманжолов атындағы ШҚУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты, Өр Алтайдың топонимдерін зерттеуші ғалым Бияров Бердібек Нұралдаұлы орыс тіліне ауысқан көне түркі сөздерін зерттеген Е.Н.Шипова Дальдің сөздігіне сүйеніп: «Бахтарма-бухтарма» (архаизм) внутреняя сторона шкуры, прилегающая к телу животного» деген түсініктеме береді. Бізде өзеннің аты осы көнерген сөзден жасалған деп есептейміз, өйткені жаңа сойылған малдың терісін аударып қарағанда, қан тамырларының ізі тарам-тарам болып көрініп тұрады. Бұқтырма өзені де дəл солай сала-салаға бөлініп ағады. Ұқсату арқылы жасалған атаудың түбірі бүк, бүктеу сөздерінен шығып, кейін жуандаған секілді. Бүк+тір+ме >Бұқ+тыр+ма. –деген тұжырымдама келтіреді.
География ғылымының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Сапаров Қ.Т. «М Қашғари сөздерінде буктир (бөктер) «тау етегі» дегенді білдіреді. Біздің пікірімізше, Бұқтырма тауды бөктерлеп ағатын өзен мағынасына саяды.» - деген пікір білдіреді.
Уикипедия ашық энциклопедиясында Бұқтырма өзені туралы былай жазылады: Бұқтырма өзені Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай, Алтай аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 336 км, су жиналатын алабы 12 660 км2. Сағасындағы жылдық орташа су ағыны 214 м3/с. Оңтүстік Алтай жоталарындағы мұздықтардан бастау алып, Ертістегі Бұқтырма бөгеніне құяды. Өзен аңғарының беткейлері тік жар, терең шатқалды, аңғарының ені 5 — 6 км, тар жері 0,3 — 0,4 км. Қар, жаңбыр және жер асты суымен толығады. Көктемде, жазда тасиды. Мұзқұрсау қарашаның 2-жартысында қалыптасып, әдетте 80—200 күнге созылады. Мұздың қалыңдығы 50—80 см болады. Суы өте жұмсақ әрі тұщы (100—250 мг/л). Өзен арнасымен ағаш тасымалданады, салалары егін суаруға пайдаланылады.
Бұқтырма жаратылғалы зымырап талай уақыт өтті, оның бойымен өлшеусіз су ақты, талай ғасырларға куә болды. Жағасын жайлаған адамзат қауымы мен жануарлар, өсімдіктер әлемін өз нәрімен қоректендіріп анадай аялап, әкедей қамқорлық етуде. Бұқтырма - төсінде қазбауыр бұлттар жүзген асқар тауларымызға көрік беріп, әлі де талай ғасырдың куәсі болары шүбәсіз.
Соңғы жылдары Бұқтырама бұрынғыдай шанағынан асып тасымайтын болды, суы айтарлықтай азайғанын байқауға болады. Өткен жылғы (2020) көктем, жаз айларында Бұқтырма мүлдем тасымады десе де болғандай, оған қыстағы қардың аз түсуі, көктем айларында жауын-шашынның аз болғаны да әсер еткен болар. Дегенмен, оның басқа да себептері жоқ емес. Табиғат тепе-теңдігінің бұзылуы көбіне адам қолы жасаған техногендік апаттардан пайда болып отырғаны белгілі. Жер бетіндегі экожүйенің бұзылуы, жаһандық жылынудың салдары қайда апаратыны белгілі. Ғалымдардың дәлелдеуінше соңғы жүз жылда жер бетіндегі орташа температура бір градусқа артқандығы және жаһандық жылыну жылдам жүретін болса алдағы 50 жылда мұздықтар еріп бітетіндігі айтылуда. Жаһандық жылынудың салдарынан жер бетіндегі мұз қабаттары еруде. Бұқтырма өзені өзінің бастауын биік шыңдардағы мұздықтардан алатындығын ескерсек, оның суының азаюының бір себебі осыдан екендігі анық. Адамзатқа тек бүгінгі саяси және экономикалық жағдайды ғана ойламай, экожүйенің бұзылуының соңы қайда апаратынын ойлайтын да кез келгендей...
Өлкетанушы Дүйсен Бралинов
2023 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша
аталып өтілетін және еске алынатын күндер
1 қаңтар |
Мәдениеттанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтың туғанына 80 жыл (1943) |
1 қаңтар |
Әскери қайраткер, генерал-майор, Кеңес Одағының батыры Панфилов Иван Васильевичтің туғанына 130 жыл (1893-1941) |
17 мамыр |
ҚР Президенті, саяси ғылымдар докторы, Қ.К. Тоқаевтың туғанына 70 жыл (1953) |
24 шілде |
Ақын, философ, ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл (1858-1931) |
25 маусым | Алаш қозғалысының мүшесі, ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл |
2 қазан |
Жазушы, драматург, детектив жанрын алып келген қаламгер Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл (1923-1986) |
25 қазан |
Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Мемлекет сыйлығының лауреаты жазушы, драматург Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл (1923-1994) |
28 қазан |
Ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл (1893-1920) |
|
Айы, күні белгісіз аталып өтілетін даталар |
125 жыл |
Мемлекет қайраткері, Түркістан мен Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату және нығайту жолындағы күреске қатысушы Темірбек Қараұлы Жүргеновтің туғанына (1898-1938) |
200 жыл |
Күйші, композитор домбырашы Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына (1823-1896) |
300 жыл |
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама – қазақ халқының тарихындағы ащы қасірет, тарихи оқиғасына (1723) |
355 жыл |
Жырау, Бұхар жырау Қалқаманұлының туғанына (1668-1781) |
360 жыл | Қазақтың қоғам қайраткері, шешен Төле би Әлібекұлы (1663 – 1756) |
|
Қаңтар |
2 қаңтар |
Абай ауданының тумасы, ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сариннің туғанына 45 жыл (1978) |
17 қаңтар |
Зайсан ауданының құрылғанына 95 жыл (1928) |
|
Алтай (Зырян) ауданының құрылғанына 95 жыл (1928) |
|
Катон-қарағай ауданының құрылғанына 95 жыл (1928) |
|
Күршім ауданының құрылғанына 95 жыл (1928) |
|
Тарбағатай ауданының құрылғанына 95 жыл (1928) |
|
Ұлан ауданының құрылғанына 95 жыл (1928) |
|
Шемонайха ауданының құрылғанына 95 жыл (1928) |
22 қаңтар |
Шемонайха кітапханасының құрылғанына 100 жыл (1923) |
30 қаңтар |
Алтай өлкесін зерттеуші Григорий Ефимович Щуровскийдің туғанына 220 жыл (1803-1884) |
қаңтар |
«Охотник Алтая» әдеби-көркем журналының тұңғыш санының жарық көргеніне 100 жыл (1923) |
қаңтар |
Өскемен қаласындағы алғашқы радио торабының іске қосылғанына 95 жыл (1928) |
|
Ақпан |
12 ақпан |
Зайсан ауданының тумасы, жазушы Асқар Алтайдың туғанына 60 жыл (1963) |
17 ақпан |
Жамбыл атындағы ШҚ облыстық драма театрының актері, режиссер, ҚР мәдениет қайраткері Олег Петрович Маципулоның туғанына 75 жыл (1948) |
ақпан |
«Абай» журналының шыға бастағанына 105 жыл (1918) |
|
Наурыз |
2 наурыз |
Қатонқарағай ауданының тумасы, жазушы Тоқтарбек Мағзұмовтың туғанына 65 жыл (1958) |
6 (19) наурыз |
Ұшқыш, Кеңес Одағының алғашқы үш мәрте Батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Александр Иванович Покрышкиннің туғанына 110 жыл (1913-1985) |
12 наурыз |
ҰОС қатысушы, Өскемен қалалық Халық депутаттары Кеңесінің төрағасы (1968080), Өскемен қаласының Құрметті азаматы Василий Севастьянович Карпенконың туғанына 100 жыл (1923-2013) |
15 наурыз |
Семей қаласында Невзоровтар отбасының бейнелеу және өнер мұражайының ашылғанына 35 жыл (1988) |
15 наурыз |
Өскемен телеорталығының алғашқы хабар бергеніне 65 жыл (1958 ) |
19 наурыз |
Журналист, әдебиеттанушы, ақын, композитор Сейтмұхамет Тәбәріковтың туғанына 95 жыл (1928-2016) |
20 наурыз |
Кеңес Одағының батыры Тимофей Петрович Васильевтің туғанына 105 жыл (1918-2004) |
21 наурыз
|
Кеңес Одағының батыры Федор Матвеевич Сафоновтың туғанына 100 жыл (1923-2008) |
22 наурыз |
Зайсан ауданының тумасы, балалар жазушысы, Х.К. Андерсен атындағы Құрметті Дипломның иегері Марат Қабанбаевтың туғанына 75 жыл (1948-2000) |
25 наурыз |
Өлкетанушы, ағартушы Прокофий Григорьевич Харламовтың туғанына 135 жыл (1888-1971) |
25 наурыз |
Кеңес Одағының Батыры Григорий Селиверстович Окуневтің туғанына 100 жыл (1923-2002) |
26 наурыз |
Семей қаласының тумасы, Қазақ радиосының дикторы, Қазақстанның Халық әртісі, Ұлы Отан соғысының ардагері Әнуарбек Нығметжанұлы Байжанбаевтың туғанына 100 жыл (1923-1989) |
|
Сәуір |
1 сәуір |
Кеңес Одағының Батыры Николай Евсеевич Луттың туғанына 105 жыл (1918-1944) |
10 сәуір |
«Рудный Алтай» газетінің шыға бастағанына 100 жыл (1918). Әр жылдары газет аты «Голос Алтая», «Известия», «Советская власть», «Смычка», «Крестьянский труд», «Прииртышский коммунар», «Большевик Алтая», «Знамя комунизма» болып өзгеріп отырды |
12 сәуір |
Казгипроцветмет (бұрынғы Алтайгипроцветмет) мекемесінің құрылғанына 75 жыл (1948) |
17 сәуір |
Күршім ауданының тумасы, суретші-карикатурашы Айдарбек Ғазизұлының туғанына 65 жыл (1958) |
20 cәуір |
Ақын, Зайсан ауданының тумасы Әубәкір Нілібаевтің туғанына 95 жыл (1928-2014) |
23 сәуір |
Қазақстанның Халық қаһарманы, партизан-жазушы, Ұлан ауданының тумасы Қасым Қайсеновтың туғанына 105 жыл (1918-2007) |
23 сәуір |
Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген ұстаз, соғыс ардагері Василий Крыгиннің туғанына 100 жыл (1923-2008) |
26 сәуір |
Ұлан ауданының тумасы, медицина ғылымының докторы, «Республикалық Диагностикалық Орталық» АҚ-ның Бас директоры Қадыр Тоқтамысұлы Омаровтың туғанына 75 жыл (1948) |
30 сәуір |
Глубокое ауданының тумасы, Өскемен педагогикалық институтының тұңғыш ректоры, Қазақ ССР Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, ҰОС қатысушы ШҚТУ-дың Құрметті профессоры Юмаш Кәрімұлы Увалиевтің туғанына 100 жыл (1923-2008) |
сәуір |
Өскемен қаласында Үлбі және Октябрь аудандарының құрылғанына 50 жыл (1973) |
|
Мамыр |
2 мамыр |
Ұлан ауданының тумасы, тілтанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚазССР ҒА мүше-корреспонденті Кәкен Ахановтың туғанына 95 жыл (1928-1978) |
4 мамыр |
Ұлан ауданының тумасы, филология ғылымының докторы, академик Зәки Ахметұлы Ахметовтың туғанына 95 жыл (1928-2002) |
5 мамыр |
Шемонайха ауданының тумасы, жазушы Анатолий Степанович Ивановтың туғанына 95 жыл (1928-1999) |
11 мамыр |
Өскемен қаласының тумасы, филология ғылымдарының докторы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ- нің профессоры Вера Андреевна Кудрявцеваның туғанына 70 жыл (1953) |
15 мамыр |
Зайсанның тумасы, ақын Гүлнар Салықбаеваның туғанына 60 жыл (1963) |
25 мамыр |
Кеңес Одағының Батыры Юрий Федорович Зарудиннің туғанына 100 жыл (1923) |
25 мамыр |
Күршім ауданының тумасы, әнші, шәкәрімтанушы, ҚР мәдениет қайраткері, Келденбай Раузаұлы Өлмесековтің туғанына 70 жыл (1953-2011) |
27 мамыр |
Шемонаиха ауданының тумасы, ақын, суретші Николай Игнатьевич Шушаковтың (1948) туғанына 75 жыл |
мамыр |
Қорғасын-мырыш комбинатының (қазіргі "Казцинк" ЖШС) ең көне партия және қоғам қайраткері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Додин Давид Наумовичтің (1898-2011) туғанына 125 жыл |
|
Маусым |
3 маусым |
Өскемен су электр станциясының бірегей бір камералы шлюзінің пайдалануға берілгеніне 70 жыл (1953) |
8 маусым |
«Алтайзолото» кен-байыту комбинатының негізі қаланғанына 90 жыл (1933) |
14 маусым |
Хайрузов ГЭС-інің іске қосылғанына 95 жыл (1928) |
15 маусым |
Өскеменде алғашқы өрт сөндіру командасының құрылғанына 170 жыл (1853) |
15 маусым |
ҰОС қатысушысы, корреспондент, жазушы Петр Макарович Седешевтің туғанына 105 жыл (1918) |
17 маусым |
Құрылысшы, "Алтайсвинецстрой" тресі басқарушысының орынбасары, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Павел Лукич Чижиковтың туғанына 110 жыл (1913) |
23 маусым |
Кеңес Одағының Батыры Иван Тихонович Гулькиннің туғанына 100 жыл (1923-1945) |
25 маусым |
Қоғам және мемлекет қайраткері, Аягөз ауданының тумасы бұрынғы Семей облысының бірінші хатшысы Кешірім Бозтаевтың туғанына 90 жыл (1933-1999) |
|
Шілде |
1 шілде |
Өскемен қаласының Құрметті азаматы Зәкәрия Джексеневич Джексеневтің туғанына 110 жыл (1913-2005) |
10 шілде |
Зайсан ауданының тумасы, Семей медициналық Университетінің профессоры, 117-ден астам ғылыми-зерттеу еңбегінің авторы Ахметқали Зайнолдаұлы Дюсуповтың туғанына 75 жыл (1948) |
12 шілде |
Кеңес Одағының Батыры Павел Тимофеевич Брилиннің туғанына 110 жыл (1913-1969) |
23 шілде |
Тарбағатай ауданының тумасы, Семей, Өскемен қалаларының бұрынғы әкімі, Тарбағатай ауданының, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Амангелді Қажыбаевтың туғанына 80 жыл (1943-2021) |
|
Тамыз |
5 тамыз |
Семей шаһарының ірге тасы қаланғанына 305 жыл (1718) |
12 тамыз |
Алаш ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі, Зайсан уезінің Нарын болысының тумасы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) Отыншы Әлжановтың туғанына 150 жыл (1873-1918) |
15 тамыз |
Кеңес Одағының Батыры Михаил Михаилович Медведевтің туғанына 105 жыл (1923-1977) |
15 тамыз |
Кеңес Одағының Батыры Матвей Кузьмич Меркуловтың туғанына 105 жыл (1918-1990) |
16 тамыз |
Алтай өлкесін зерттеуші Петр Александров Чихачевтың туғанына 215 жыл (1808-1890) |
25 тамыз |
Ұлы Отан соғысының қатысушысы (1941045), ғалым-тарихшы, зерттеуші, өлкетанушы Андрей Викторович Потаповтың туғанына 100 жыл (1923-1987) |
|
Қыркүйек |
2 қыркүйек |
Қатонқарағай ауданының тумасы, ҰОС қатысушы, Социалистік Еңбек Ері, қоғам қайраткері Бошай Кітапбаевтың туғанына 100 жыл (1923-2015) |
|
|
13 қыркүйек |
Жазушы Николай Андреевич Горбачевтің туғанына 100 жыл (1923-2000) |
13 қыркүйек |
Кеңес Одағының Батыры Виктор Васильевич Буторинның туғанына 125 жыл (1898) |
13 қыркүйек |
Өлке зерттеушісі Илья Сергеевич Зыряновтың туғанына 110 жыл (1913-2007 ) |
18 қыркүйек |
Совет Одағының батыры Михаил Терентьевич Хариннің туғанына 100 жыл (1923-1991) |
24 қыркүйек |
Зайсан ауданының тумасы, айтыскер ақын, Серік Құсанбаевтың туғанына 60 жыл (1963) |
27 қыркүйек |
Өскемен сыра зауытының іске қосылғанына 90 жыл (1933) |
28 қыркүйек |
Қатонқарағай ауданының тумасы, жазушы, Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл (1943-1993) |
28 қыркүйек (10 қазан) |
Алтай зерттеушісі Владимир Афанасьевич Обручевтің туғанына 160 жыл (1863-1956) |
қыркүйек |
Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Техникалық университетінің (бұрынғы Өскемен құрылыс жол иниституты) ашылғанына 65 жыл (1958) |
қыркүйек |
Өскемендегі экономика және қаржы колледжінің (бұрынғы кооператив техникумы) ашылғанына 80 жыл (1943) |
|
Қазан |
1 қазан |
«Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының мүшесі, Алашорда Үкіметі төрағасының орынбасары, Семей облысының (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) тумасы Халел Ахметжанұлы Ғаббасовтың туғанына 135 жыл (1888-1931) |
8 қазан |
Кеңес Одағының Батыры Петр Филипович Железняковтың туғанына 105 жыл (1918-1951) |
11 қазан |
Күршім өңірінің тумасы, мәдениеттанушы-ғалым, сыншы, философия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Сәбетқазы Нұржақияұлы Ақатаевтың туғанына 85 жыл (1938-2003) |
12 қазан |
Күршім ауданының тумасы, жазушы, Жүніс Ақатайұлы Ыбыраевтың туғанына 95 жыл (1928-2002) |
18 қазан |
Ұлан ауданының тумасы, бокстан СССР спорт шебері, ҚР кикбоксинтан еңбек сіңірген шебері, үш мәрте Европа чемпионы, көптеген халықаралық, республикалық кубоктердің жеңімпазы Ержан Шегеновтың туғанына 55 жыл (1968) |
20 қазан |
Катонқарағай ауданының тумасы, ҚР жазушылар Одағының мүшесі, ақын Қатонқарағай ауданының Құрметті азаматы Төлеген Рахымжанұлының туғанына 85 жыл (1938-2010) |
23 қазан |
Совет Одағының батыры Вениамин Михайлович Милецскийдің туғанына 105 жыл (1918-?) |
25 қазан |
Шемонаиха ауданының тумасы, екі дүркін Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы, әлем чемпионаттарының он екі дүркін жеңімпазы Яков Ануфриевич Рыльскийдің туғанына 95 жыл (1928-1999) |
26 қазан - қараша) |
Мемлекет қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, екі мәрте Сталин сыйлығының лауреаты, машина жасау министрі, СССР Жоғарғы Кеңесінің Шығыс Қазақстан облысынан депутаты, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Ефим Павлович Славскийдің туғанына 125 жыл (1898-1991) |
29 қазан
|
Лениногор қаласының тумасы, Риддер қаласының Құрметті азаматы, Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі, өлкетанушы Прасковья Семеновна Тихоновскаяның туғанына 105 жыл (1918) |
30 қазан |
Суретші, СССР, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-нің оқытушысы Сергей Петрович Шупляктың туғанына 70 жыл (1953) |
31 қазан | Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері Владимир Филиппович Минаевтың туғанына 85 жыл (1938-2016) |
|
Қараша |
4 қараша |
«Шығыс машина жасау зауыты» АҚ-ның алғашқы болат құймасын шығарғанына 65 жыл (1958) |
23 қараша |
Шемонаиха ауданының тумасы, Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Еуропа чемпионы, спортшы Надежда Викторовна Торлопованың туғанына 45 жыл (1978) |
қараша |
Осыдан 60 жыл бұрын Париждегі ең ірі француздық «Галлимар» баспасынан Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының «Абайдың жастық шағы» деп аталатын бірінші кітабы А. Витенің аудармасымен жарық көрді. Бұл басылымның алғы сөзін Луи Арагон жазған |
|
Желтоқсан |
10 желтоқсан |
Кеңес Одағының батыры, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Петр Иванович Логвиннің туғанына 105 жыл (1918-1995) |
10 желтоқсан |
Марқакөл ауданының тумасы, ақын Мұрат Тастағановтың туғанына 70 жыл (1953) |
15 желтоқсан |
Тарбағатай ауданының тумасы,актер, режиссер, сценарист Сахан Долдыұлы Әкелеевтің туғанына 65 жыл (1958-2021) |
20 желтоқсан |
Кеңес Одағының Батыры Өскемен қаласының құрметті азаматы Федор Савинович Кокориннің туғанына 105 жыл (1918-1997) |
23 желтоқсан |
Зайсан ауданының тумасы, жазушы Уақап Қыдырханұлының туғанына 90 жыл (1933) |
24 желтоқсан |
Кеңес Одағының Батыры Сергей Алексеевич Елистратовтың туғанына 100 жыл (1923-1947) |
27 желтоқсан |
Ғалым, түркітанушы Сәрсен Аманжолұлы Аманжоловтың туғанына 120 жыл (1903-1958) |
30 желтоқсан |
Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич Косенковтың туғанына 100 жыл (1923-2015) |
Айы, күні белгісіз аталып өтілетін даталар (тура хронология)
Өскемендегі Орталық әмбебап дүкеннің ашылғанына (1973) |
50 жыл |
Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық, табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының ашылғанына (1968) |
55 жыл |
Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының ашылғанына (1958) |
65 жыл |
Катонқарағай (бұрынғы Большенарым) ауданы Новая Хайрузовка ауылының іргесі қаланғанына (1958 |
65 жыл |
Өскемен қаласы Ертіс өзеніндегі теміржол көпірінің іске қосылғанына (1953) |
70 жыл |
Өскемен қаласындағы № 1 балалар музыкалық мектебінің ашылғанына (1943) |
80 жыл |
Лениногор қаласының (қазіргі Риддер) тумасы, суретші, СССР Суретшілер Одағының мүшесі,(1975) Абельден Ганиевич Сапуговтың туғанына (1938) |
85 жыл |
Кеңес Одағының Батыры Дмитрий Тимофеевич Камоликовтың туғанына (1923-1977) |
100 жыл |
Кеңес Одағының Батыры Федор Михайлович Мехниннің туғанына (1923-1944) |
100 жыл |
«Усть-Каменогорская жизнь» (1918) газетінің алғашқы санының шыққанына |
105 жыл |
Зайсан қаласындағы М. Әуезов атындағы мектептің ашылғанына (1913) |
110 жыл |
Бұрын Семей қаласында тұңғыш футбол командалары «Олимп», «Ласточка», «Орлята», «Ярыш» құрылды (1913) |
110 жыл |
Кеңес Одағының Батыры Николай Иванович Казаченконың туғанына (1913-1944) |
110 жыл |
Шығыс Қазақстан облыстық Жамбыл атын. Драма театрының әртісі, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі Виктор Иванович Красинский-Крупенниковтың туғанына (1913) |
110 жыл |
Ақын, жазушы, журналист, «Звено Алтая» әдеби бірлестігінің жетекшісі (1924-1928) Михаил Федорович Иванусьев-Алтайскийдің туғанына (1903-1937) |
120 жыл |
Кеңес Одағының Батыры Андрей Александрович Васильевтің туғанына (1898-1945) |
125 жыл |
Әнші Әміре Қашаубаевтың туғанына (1888-1934) |
135 жыл |
Өңдеу өнекәсібінің майталманы, Красин атындағы май зауытының директоры (1937-1958 жж), Өскемен қаласының Құрметті азаматы Иван Иванович Захаренконың (1888-1975) туғанына |
135 жыл |
Ғалым-астроном, күн құрылғыларын ойлап тапқан өнертапқыш, СССР гелиотехникасының пионері, 1921034жылдары Зайсан қаласында педагог болып қызмет істеген Владимир Николаевич Бухманның туғанына (1878-1962) |
145 жыл |
Зайсан ауданында Кендірлік селосының құрылғанына (1873) |
150 жыл |
Абай мұрасын тұңғыш бастырушы Құнанбаев Кәкітай Ысқақұлының туғанына (1868-1915) |
155 жыл |
Еліміздің Шығыс аймағында 1745-1755 жылдар арасында бірнеше ірі шайқас болғандығы тарихтан белгілі. Солардың бірі – 80 күнге созылған Шорға шайқасы. Оған бүкіл қазақ батырлары Қабанбайдың қолбасшылығымен қатысып жеңіске жеткен. Абылайхан да , Қазыбек би де болған ол шайқаста..
Атақты Шорға шайқасында Қалмақтың Балды батыры қолға түсіп, қаза табады екен. Қабанбайдың соғысқа машықтанып, әбден сақа болған кезі деседі. Барлық жиылған би, батырлар қолбасшы етіп Қабанбайды сайлапты. Ол кезде Бөгенбайдың шау таптып қалған кезі дейді. Қолбасшылыққа ұсынған бірден бір сол екен Қабанбайды.
Қандысу, Тайжүзген деген қазіргі жер-су атаулары Шорға шайқасынан кейін қалған атаулар.
Қалмақты қойша қырды дейді жиылған қазақ батырлары. Өзен бойлап қашқанын суға батырып, қылышпен шауып, ер кіндікті кетпесін деп барлығын қырып салды. Сонда өзен қызыл қанға боялып ақты. Содан бері Қандысу атанған деседі. Шұрайлы жермен қалмақтар зарлап қоштасты, алып қашқан көп жылқысы Ертіске ағып кетті деседі. Қолға түскен Балды батырға Қабанбай: - тұлымыңды өз қолыңмен кесіп бер, қарусыз атқа мінгізіп тірі жіберейін депті.
Сауытсыз Қабанбайдың алдында тізерлеп отырған намысшыл Балды сол жерде өзінің тамағын өз қолымен орып жіберген екен.