Абай ауданының тумасы, ақын Тыныштықбек Әбдікәкімовтың туғанына 65 жыл (1953)
Өскемен қаласы «Востокмашзавод» АҚ-ның алғашқы балқытылған болат қорытпасын бергеніне 60 жыл (1958)
Абай ауданының тумасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Уәлхан Әбділмановтың туғанына 85 жыл (1933)
Абай ауданының тумасы, жазушы Ырысхан Мұсаұлының туғанына 85 жыл (1933-2012)
Ұзақ жылдар Семей қаласында қызмет еткен, ақын Вячеслав Кобриннің туғанына 80 жыл (1938)
Семей қаласының тумасы, Кеңес Одағының батыры П. Ф. Железняковтың туғаныа 100 жыл (1918-1951)
Жарма ауданының тумасы, әдебиет сыншысы, абайтанушы, Алаш қозғалысының қайраткері Ыдырыс Мұстанбаевтың туғанына 120 жыл (1898-1937)
Семей қаласының тумасы, тарихшы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессоры, Ресей саясаттану академиясының толық мүшесі Шырын Құрманбаеваның туғанына 60 жыл (1958)
Шемонаиха ауданының тумасы, Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем және Европа чемпионы, спортшы Н. В. Торлопованың туғанына 40 жыл. (1978)
«Семей силикат заводының» іске қосылғанына 60 жыл (1958) (қазіргі «Силикат» ЖШС)
55 жыл бұрын Париж қаласындағы француздың ең ірі «Галлимер» баспасынан М. О. Әуезовтың «Абай жолы» роман - эпопеясы «Абайдың жастық шағы» деген атпен жарық көрді. Аударған - А. Вите, алғысөзін жазған - Л. Арагон.