24 қаңтар - Катонқарағай ауданының тумасы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, С. Аманжолов атын. ШҚМУ-нің Құрметті профессоры, жазушы Әлібек Асқаровтың туғанына 65 жыл (1951). http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/a-yn-zhazushylar/86-as-arov.html
2009 жылдың 25 қарашасы ... белгілі режиссер, ақын, актер, шығыстың маңдайына біткен арда ұлы - Рүстем Есдәулеттің өмірден өткен күні.
Достар!
Сіздердің назарларыңызға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегін ұсынамыз. Күнтізбеде Шығыс Қазақстаннан шыққан ақын-жазушылардың, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, ғалымдар мен спорт саңлақтарының, сонымен қатар біздің өлкемізге қатысты маңызды тарихи оқиғаларға байланысты мерейтойлар көрсетілген.
Сіздерден ұсыныстар мен толықтырулар күтеміз!
Толық ақпарат мұнда.
spravka@pushkinlibrary.kz! - Эл.поштасына жазыңыз!
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын-демократ Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Біздің Абай» электрондық кітапханасы жобасын жүзеге асыруда.
Алматының «Дәстүр» баспасынан шыққан Шығыс Қазақстан жас ақындарының «Алтай айшықтары» атты жаңа жыр жинағымен таныс болыңыздар.
Кітапхана сайтындағы «Өлкетану» бөлімінің «Аудиотоптама» айдарына назар аударсаңыз, Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы - 400-ге тарта дәстүрлі ән мен күйді үйде отырып –ақ интернет арқылы тыңдай аласыздар.
Өскемен қаласының тұрғындары, Ребровтар отбасы біздің кітапханаға отбасылық жәдігерді, атап айтсақ, Мұхтар Әуезовтың 1945 жылы басылып шыққан «Абай» романын сыйға ұсынды.