kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

QabyrgaАудан орталығы Катонқарағай ауылынан шығысқа бет түзеп, Алтай тауларының қойнауына сапарласаңыз, ең бірінші аядай ғана Қабырға ауылы кездеседі. Ауылға кіре берісте республикалық жолдың бойына қойылған арка болмаса сол жақ қапталда қалатын шағын ауыл байқалмай қалуы да мүмкін. Ауыл тұрғындары алыс-жақында жүрген жерлестерімен бірлесе отырып қомақты қаржы жинап, 2021 жылы осы арканы орнатып, ауыл жанындағы зираттарды қоршап, ата-бабаларына құран бағыштап, ат бәйгесін, волейболдан жарыс өткізген болатын. Қаратайдың абыз да аңыз болған ақсақалы, Социалистік Еңбек Ері Бошай Кітапбаев атамыз Қабырға ауылының төріне сонау 1985 жылы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 40 жылыдығына орай майдан даласынан оралмай қалған боздақтарға арнап Алтайдың көк тасынан ескерткіш орнатқан. Бұл ескерткіш те көп дүниеден сыр шертеді. Қабырға ауылы шағын болса да береке-бірлігі таймаған, ынтымағы жарасқан ұйымшыл ауыл. Ауылда Керей руынан тараған Шимойын руының өкілдері көп қоныстанғандықтан Шимойын ауылы деп те аталып жатады. Ауылдағы шағын жинақты орталау метепте, Катонқарағай ұлттық паркінде және аудан орталығына қатынап қызмет істейтіндерден басқа ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен айналысып өз күндерін өздері көруде. Ауданымыздағы басқа ауылдардағыдай Қабырға ауылынан да біршама тұрғындар қалаға көшіп, жастар жағы азайған. Көшіп кетті дегені болмаса сыртта жүргендердің ауылға деген сағыныштары мен сезімдері ерекше. Жаз айларында ауылға келіп аунап-қунап жатады. Жинаған деректеріме байланысты осы ауылдың атауы жайлы біраз ойымды ортаға салмақпын.
Бүгінгі ұрпақ өткен ғасырдағы балалық шағымызды әңгімелеген кезде ертегі тыңдағандай болады. Ол кезде шалғай ауылдардың балалары аудан орталығына, қалаларға баруы некен саяқ, кейбіреуі есейіп ер жеткен кезде ғана ауылдан ұзап шығатын. Бүгінгідей саулап жатқан автокөліктер жоқ, Өрел ауылынан күніне бір рет қана аудан орталығына автобус қатынайтын. Бастауыш сыныптардарта оқып жүрген кезімде неше күн тісім қақсап, әкем аудан орталығындағы тіс дәрігеріне әкелгені есімде. Жолай бірнеше ауылдарды басып өтіп, аудан орталығына алғаш келуім еді. Катонқарағайда бір қонып, тісімді жұлдырып қайтар жолда әкемнен ауылдар жайлы сұрап білген едім. Сонда әкемнің Қабырға ауылы туралы «Ауыл тау бөктеріне қабырғалай орналасқандықтан Қабырға деп аталған» деген сөзі жадымда сақталып қалыпты. Ия, мағанасы келіп тұрған тамаша атау, әлі де осы пікірді қош көремін. Қазақта «Әйел - ер адамның қабырғасынан жаралған», «Қабырғаммен ақылдасайын» деген сияқты сөз тіркестері де бар.
Қабырға ауылының пайда болуы жайлы нақты деректер таба амадым, менің пайымым бойынша ауылға қазақтар революциядан кейін келіп қоныстана бастаған сияқты. Оған дейін қазіргі ауылдардың көпшілігін орыстар жайлап, қазақтар жаз жайлауда, қыс айларынада орыстардан қалған жерлерді шет-пұпақтап қыстап отырған. 1907 жылғы Семей губерниясы Өскемен Уезі мен Томск Губерниясы Змеиногорск уездерінің топографиялық картасында Қабырға ауылы жоқ. Оның орнында тері өңдеу зауыты деген белгі қойылған. Ауылдың оңтүстігіндегі орманды алқап «урочище Кабарга» деп, ал қазіргі зиратың орнында «маральник» деп жазылған белгілер бар.
Орыс оқымысты-өлкетанушысы, Герасимов Б.Г. 1905 жылы Семей қаласынан Рахман қайнарлырына саяхаттап барып, ол жайында «Поездка на Рахмановские источники» атты мақала жазады. Осы мақаласында Қабырға ауылының маңы жайлы төмендегідей деректерді келтіреді: «Чернова ауылына барарын жол Алтай станицасынан екі верстей жерде орналасқан Катонқарағай ауылы арқылы өтеді. Мұнда базар, кеден, мектеп, сот, маңдайшасында «Алтай тұтқындау үйі» деген жазуы бар «тауық аяқтарындағы» үй (избушка на курьих ножках) бар. Өскемен уезінің шаруалар басшысы да осында тұрады. Катонқарағайдан екі верстей жерде Катонка өзенінің екі саласы ағып өтеді. Алтай станицасынан 9 верст жерде Гусевтің тері өңдеу зауыты орналасқан. Зауыттың маңайы шабындық үшін кең етіп қоршалған, жақын жерде Гусевтің марал сатылары да көрінеді. Зауыт Кабарга өзенімен шектесіп жатыр, осы аумақ толығымен Кабарга деп аталады. 13-ші версте жолды Крутой лог деген өзен қиып өтеді. 16-шы версте жол екіге айрылады, сол жаққа бұрылатыны Томск губерниясының Чернова ауылына ал оң жаққа баратыны Семей обысының Шыңғыстай болысына апаратын жол. Чернова ауылына баратын жолда Бұқтырма өзенінің өткелінде екі паром қызмет етеді, оның бірі орыс шаруаларынікі болса, екіншісі қазақтардікі. Алғашында Черновалық орыс шаруаларының паромы ғана болыпты, сол паром қазақтар Бұқтырмадан өтіп жайлауға көшкен кезде мал-жандарын өткізуге қызмет еткен екен. Соңынан қазақтар паромның өткізу бағасының қымбаттығына шыдамай, 1905 жылы өздерінің паромдарын шығарған. Паромды Шыңғыстай болысы шығарады.»
Герасимовтың бұл жазбасындағы деректер 1907 жылғы топографиялық картадағы мәліметтермен сәйкес келеді, тек Кривой рог деген өзен картада Жалар деп көрсетілген, қазіргі Қиынжыра өзені. Сондай-ақ картада паромдардың орналасқан жерлері де көрсетілген, олар бірі жоғары, екіншісі төмен қазіргі көпірдің орнында болған екен. Сол кезде Шыңғыстай болысында болыс болған Әбдікерімнің еліне жасаған тағы бір игілікті істерінің бірін көреміз.
Жоғарыдағы «Кабарга» атауына оралар болсақ, кабарга деген сүтқоректі аң, ашатұяқтылар ішіндегі ең кішісі. Кабарга деген орысша атауы, қазақша атауы күдір (кей жерлерде құдыр деп те аталады), ойраттар тоборко, якуттар мекчеке, буряттар күдері (кудери) деп атайды. Латынша халықаралық атауы - moschus mosciferus. Күдір Кореяда, Моңғолияда, Шығыс Қытайда, Тибетте және Гималай тауларының шығысында тараған. Шығыс Қазақстан облысында Батыс және Оңтүстік Алтайды мекен етеді, олардың саны 1000-1200 шамасында.
Күдір - азығы жеткілікті, қорғануға ыңғайлы, қыста қары аса қалың емес өзінің өмір сүруіне қолайлы, белгілі бір аймақты ғана мекен етеді. Қабырға ауылыңың оңтүстігіндегі таулар күдірдің ерекше көп мекендеген аймағы болыпты, сондықтан бұл жерді ерте кезден орыс аңшылары «урочище Кабырга» деп атап кетсе керек.
Күдір - ғажайып, жұмбақ аң, оның сыртқы түрі де, мінез-құлқы да, биологиялық бітімі де ерекше. Денесінің ұзындығы 85-100 см, бойы 55-67 см, салмағы 10-17 кг, артқы аяқтары алыңғы аяқтарынан біршама ұзын. Аталықтарында ұзындығы 10 см дейін артқа қарай қайырылған қайқы, иек астынан шығып тұратын азу тістері (клыки) болады. Азу тістерін мүк, қыналарды қопарып жеуге пайдаланады.
Қүдір – өте сақ және үркек жануар. Мекендеген жерінен ұзамайды. Қауіп төнгенде жүгірісіне көз ілеспейді, жауынан қашып бара жатқан кезде 90 градусқа дейін жалт бұрылып кетеді. Жауы – құну мен сілеусін.Таңертең, ымыртта және түнде жайылып, күндіз тасаға тығылады. Қылқан жапырақты ағаштардың бүрлерімен, қыналарман, баданмен, қыстайтын қырықбуынмен, көкбүлдіргенмен және тағы да басқа көптеген өсімдіктермен қоректенеді.
QabyrgaКүдірді әйгілі еткен шап маңында орналасқан жұпар иіс бөлетін бездері, ол тек аталықтарында ғана болады. Осы бездерінен бөлінетін сұйық зат мускус ежелгі дәуірде - сонау V ғасырда белгілі болған екен. Мускус туралы 11 ғасырдағы араб дәрігерлері Серапио мен Авиценаның (Әбу Әли Хусейн ибн Абдаллах ибн Хасан ибн Али ибн Сина) жазбаларында кездеседі. Олардың алдыңғы буындары мускусты бағалы дәрілік өнім ретінде пайдаланған екен. Ол туралы 13 ғасырда әйгілі Венециялық көпес және саяхатшы Марко Поло да айтқан. Мускусты емдік өнім ретінде қолдану тибет дәрігерлерінің назарын аударады. Осылайша салдары жағынан табиғатқа өте зиянды, ауқымы бойынша бұрын-соңды болмаған күдірді аулау басталды. 1776 жылдың өзінде Шығыс Сібірден Қытайға күдірдің шыбығы (мускус) ағыла бастайды. Аңшылар тайганың ең шалғай түкпірлеріне дейін еніп, күдірдің ұрғашылары мен жастарын қажетсіз санап, аталықтарын ғана аулай бастайды. Оларды күдірдің еті де, терісі де қызықтырған жоқ, өйткені салмағы небәрі 40-50 г болатын бір күдірдің шыбығы үшін көпестер 6-дан 15 рубльге дейін алтын төледі. Бұл айуандықпен күдірді аулау 1855 жылы рекордтық көрсеткішке жетті, ол жылы аңшылар 811 200 күдір шыбығын жинады, бұл осыншама аталық күдір саны жойылды дегенді білдіреді. Мускус Еуропада емдік препарат ретінде танымал болмады, бірақ олар оны парфюмерия өнеркәсібінде, әсіресе қымбат әтірлерге қоса бастады, бұл олардың иістерінің беріктігін бірнеше есе арттырды. Арабтар мускусты басқадай мақсатта қолданылуын тапты. Шамамен 600 жыл бұрын Иранның көне қалаларының бірінде мешіт салынған. Оның құрылысында мускус қолданылған. Қасиетті мешіттің қабырғалары күні бүгінге дейін ерекше иіс шығарады, сондықтан оны «хош иісті» деп атайды. Шығыста және Тибетте мускус медицина саласында кеңінен пайдаланылып көптеген ауруларды емдеуге қолданылды, мысалы, Қытайда мускус негізінде 250-ден астам дәрі жасалды екен. Осы себептерге байланысты табиғатта күдір саны күрт азайып кетті. Күдір - әсем жануар, табиғатымыздың сәні, өте құнды аңшылық ресурс, адамдар оны қорғап, санын шектен тыс азайтпай, көбею қабілетін төмендетпей, ақылмен пайдалануы керек.
Орыстың «кабарга» сөзі сөз төркініне (этимологияға) байланысты түркі тілдерінен алынған, түпнұсқа мағыналары – «құстың төс сүйегі», «арық, көтерем мал», қазіргі түрікше «қабырға» дегенді білдіреді. Күдірге «кабарга» деп атау қоюы оның сойдиып тұрған азу тістерінің қабырғаға ұқсастығынан шыққан болар деп пайымдауға да болады. Қорыта келгенде ауданымыздағы Қабырға ауылының атауы да Маралды, Ақмарал ауылдары сияқты Алтай тауындағы әсем жануардың атына байланысты қойылған.
Ауданымызда туристік саланың кең қанат жайып дамуына байланысты жылма-жыл келетін туристердің саны да артуда. Туристерді ең бірінші қарсы алатын ауданымыздың, елді мекендердің атаулары. Олардың көкейлерінде ең алғаш аудан немесе елдімекен не себепті осылай аталды екен деген сұрақ пайда болатыны даусыз. Әрі соңғы жылдары көпшілік ауылдарға кіре беріс жерлерге тұрғындарының ұйымдасуымен әдемі етіліп ауыл аттары жазылып қойылған. Сондықтан ауданымыздағы ауылдардың атауларының шығу, пайда болу тарихтарын зерттеп, зерделеп, әлеуметтік желілерге, жолсерік кітапшаларына жазып, ауылдарымыздың тұрғындарына, мектеп оқушыларына кеңінен таныстырып қойсақ деген ойыммен бөліспекпін. Сондай-ақ сол ауылдардан шыққан атақты адамдар, тарихи жерлер, табиғи ескерткіштер жайлы да мәліметтерді жинақтасақ. Бұған «Менің Отаным – Қазақстан» патриоттық акциясы аясында мектеп оқушыларын да қатыстырсақ құба-құп болар еді.

Дүйсен Бралинов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений