Шежірешілер Майемер ауылының атауын Мая бимен байланыстырады
Олардың айтуынша, Мая би және Қаратай елінің тағы бip белді адамы, байы Есбол Құратайұлы мен батыры Жәнібек Шақабайұлы үшeyi 1750 жылдары бip шоғыр елді бастап әкеліп, оларды осы өңірге қоныстандырады. Kөшi-қонмен жүдеп-жадап келе жатқан елдің малын Нарынды бойлап, өрлей айдап, бip жасыл жазықтың шетіне іліне бергенде көшті тоқтатып, түнемелге кідіреді.
Ыңыршағы шыға бастаған малға ертеңгілік өң бiтiп, құлпырып сала бергенін байқаған Мая би:
- Аш-арығың тойынатын жер екен, өңшең семіз сойылатын жер екен, бip-aқ күнде шыр қонатын жер екен, көздеріне нұр қонатын жер екен, өpic күнде құлпыратын жер екен, жұмбағы мол сыр тұнатын жер екен, ат соңынан тай еретін жер екен, ал адамдар май еметін жер екен, осы ара Майемер болсын, - деген екен.
Мая бидің осы өңір туралы: «Қолшатыры басында, жанторсығы қасында, осыдан артық жер ұйығы бар ма?» дегені де қазір ел арасында қанатты тіркеске айналып кетіпті.
Гүлбаршын Әбілғазинова
Нарын таңы. - 2025. - 17 қаңтар (№2). - Б. 8