kl r



>
Восточный Казахстан в Сети
Культура и искусство ВКО
Туристу
Историческое краеведение
Значимые события
История сёл ВКО
История улиц Усть-Каменогорска
Памятники Усть-Каменогорска
Паспорт региона
Восточно-Казахстанская область
Усть-Каменогорск
Риддер
Район Алтай
Глубоковский район
Зайсанский район
Катон-Карагайский район
Курчумский район
Маркакольский район
Самарский район
Тарбагатайский район
Уланский район
Улькен Нарынский район
Шемонаихинский район
Фольклор Золотого Алтая
Легенды ВКО
Музыкальное наследие ВКО
Фольклорные сборники
Природа
Природные ресурсы
Заповедные места
Уникальные места
Сакральная география ВКО
Ашутас
Пещера "Коныр Аулие"
Шиликтинская долина
Белуха
Мавзолей Ыргызбай Досканулы
Берель
Дом «Алаш арыстары»
Литературно-мемориальный музей Ф.М. Достоевского города Семей
Мемориальный комплекс «Абай-Шакарим»
Монумент «Сильнее смерти»
Мавзолей Козы Корпеш и Баян Сулу
Мавзолей Енлик - Кебек
Ак-Баур
Абылайкит
Святилище Сарыколь
Краеведческий альманах
Краеведческий альманах 2024
Краеведческий альманах 2023
Краеведческий альманах 2022
Краеведческий альманах 2021
Краеведческий альманах 2020
Краеведческий альманах 2019
Краеведческий альманах 2018
Краеведческий альманах 2017
Краеведческий альманах 2016
Краеведческий альманах 2015
Краеведческий альманах 2014
Краеведческий альманах 2013
Геология
Достопримечательности и памятники края
Исследователи края
История.· Этнография.· Культура
О тех, кто пишет
Образование
Ономастика
Религия
Искусство
Восточный Казахстан в годы войны
Герои Советского Союза
Партизаны подпольщики
Участники трудовой армии
В тылу как в бою
30-ая Гвардейская дивизия
Воспоминания о войне
Статьи "Восточный Казахстан в годы ВОВ"
Участники обороны Брестcкой крепости - восточноказахстанцы
Восточноказахстанцы в Трудовой Армии в период ВОВ (1941-1945)
Видеоколлекция
Восточный Казахстан литературный
Литературное объединение «Звено Алтая»
Фестивали и чтения
От первого лица
Литературные и памятные места Восточного Казахстана
Журнал фантастики Фэнзин
Виртуальные выставки
К. Мухамедханов: библиографический указатель
Экранный диктор

MaukenulyНұрлан Берғазиевтің – Нұрлан Мәукенұлы екенін әбден кейін білдім. Мерзімді басылым беттерінен жақсы өлеңдерді іздеп жүріп оқитын әдетім бар, кездестіре қалсам кәдімгі өзім жазғандай қуанып, айрықша сезімге бөленіп, рахаттанып қалатынмын. Әлі де солай. Сөз арасында айта кетейін, кезінде баспасөз беттерінде көзіме түсіп, ерекше қуантқан Зәкіржан Кәлкенбаевты, Мұқтархан Қалиұлын, Жамау Бұқарбаевты, Сабыр Досымбековтың жырларын ұшырастыра алмай жүрмін. Іздеп жүремін.

Дәл осындай өзіне деген айрықша сезімге бөлеген ақынның бірі Нұрлан Берғазиев болды. Ұмытпасам, осы ақын жөнінде Есенғали Раушанов болар, жылы пікір білдірген өлеңдер топтамасы әлдебір басылым беттерінде жарық көрді. Рахаттана оқыдым. Кәдімгі сонау өткен ғасырлардағы бабаларымыздың үніндей болып естілген еді. Ес білгелі «қазақтың қара өленінде бақ сынап жүрген» мені Нұрлан ақынның бұл өлеңдері өзгеге ұқсамайтын, бағзы жырау бабаларымыздың өршіл жырларымен үндестігі қатты таңғалдырды. Несін жасырайын, кітапханамдағы «Бес ғасыр жырлайдының» барлық томдарын ақтарып шықтым. Бұл «бөтен» нәрсе іздегенімнен емес, Нұрлан ақын қандай, қалай өзінің бағыт-бағдарын тауып алды екен деген кызығушылык еді. Ол өз сүрлеуін, ешкім қайталай алмайтын жолын тауып кетіпті. Тапқан емес өзінің Алла берген сәулелі сезімдерін кәдімгі жырауларша ақ қағаздың бетіне аямай-ақ төгіпті. Ұлы бабаларымыздың (оларды зар заман акындары деп жүр. Мен олай ойламаймын. Сол заманның шынайы келбетін өрнектеген ғажайып суреткерлер деп білемін) заңды жалғасындай сезілді. Өзіміз өмір сүріп жаткан заманның ешкім көре алмай жатқан құпияларын көркем тілмен, айшықты суреттермен ақтарып салыпты. Осы сырттай танысудан бастап Нұрлан ақынның өлеңдерін іздеп жүріп оқитын болдым. Алайда Нұрлан Берғазиевті көп ұзамай жоғалтып алдым. Есесіне Берғазиевпен үндес Нұрлан Мәукенұлы деген мықты ақынның жырларымен жиірек жүздесетін болдым.

Құдайшылығымды айтайын, Нұрлан Берғазиевті Нұрлан Мәукенұлы деп ойлаған жоқпын. Сол ақын қайда кетті екен деп іштей алаңдайтынмын.

Арада біраз жылдардан соң Нұрлан ақынмен жүздесудің сәті түсті. Небәрі екі-ақ рет кездестік. Бірінші рет ол бас редактордың орынбасары болып кызмет істейтін «Ана тілі» газетіне жаңа өлендерімді ұсынғанда, ал екінші рет сол газетте «Тентек өлең» айдарымен жарық көрген «Бір кеңсе туралы ой» атты өлеңім жарық көргенде кездескен едім. Алғаш танысқанда ол мені сырттай білетіндігін айтып, қолжазбамды алып қалған еді. Екінші жолыққанымда өлеңдерімді дайындап, бас редактордың қарауына жібергендігін айтып қуантқан еді. Бұл сонау өткен XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғына таман болатын.

«Жазмыштан - озмыш» жоқ деген. Содан кейін арада біраз жылдардан соң Нұрлан бауырымыз ер жасы деп жүрген 50-ге де келместен өмірден өте шықты. Оның осынау шағын екі кездесудегі нұрлы бейнесі, ақ-адал көңілі есімде қалып қойды.

Менде оның 1995 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Бойтұмар» атты шағын өлеңдер жинағының бірнеше данасы бар. Қалай екені, осы жыр жинағы кездесе қалса алмай кетпеймін. Қолым қалт еткенде шағын жыр жинағын қайтара-қайтара оқып тұрамын. Бір керемет сезімге бөленемін. Ұлы Абайдың «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы Өлмейтұғын артында сөз қалдырған» дегендейін, Нұрлан Мәукенұлының өлмейтін сөзі, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса беретін өршіл жырлары бар.

Алтайдың хас қыраны

(Нұрлан Мәукенұлының рухына)

Ой тастады жыр арна деп дос-Ғалым,

Алатаудың бұлт аунады басынан.

Өр Алтайдың мұң түнеді тасына,

Жүректегі жас қосылды жасыма.

 

Ғұмыр-ай деп, ғұмыр-ай деп қас қағым.

Шерге толды қу көңіл де шерленген,

Жүрегімнің у жиналды басына.

Табансыздау пенде толды қасыма,

Ғұмыр кешем амалсыздан ашына -

Хан-Тәңірдің ұланы едім өр кеуде.

 

Өр Алтайдың хас қыраны сен едің,

Түнергенде қаһарынан жұрт ығар.

Қуанғанда Алтай, Атырау құлпырар,

Алатаудың көктей өтіп бұлтын әр,

Қиыр шеттен қол бұлғайтын Өлеңің.

 

Туу алыстан өр үніңе табынғам,

Қарт жыраудай қалай-қалай толғадың.

Өз үніңді ұлылыққа жалғадың,

Қиялыма қанат байлап арманың.

Көрмей-білмей мен болармын сағынған.

 

Мұнар, мұнар, мұнар тау деп,

                           мұнар жұрт,

Заманыңмен сырластың-ау Бұқардай.

Ғұмыр кештің төмендемей, жұқармай,

Төрелердің тепкісіне мұқалмай,

Өн-бойыңа өнеріңді тұмар ғып.

 

Кездеспедік, көп пе еді сыр айтылар,

Өзі де өлген сөзі де жоқ, жан қанша ?!

Жазғыштарды, қайтем оны бар болса,

Жүрек тоқтап, жанар сөніп қалғанша.

Нағыз досым жыр кітабың - «Бойтұмар»

 

Ой тастады бауыр, досым Ғал-ақын,

Мұңайғандай, қуарғандай сәл өңі.

Жанарында сағыныштың әлемі,

«Мәңгілікке жол бастайды Өлеңі», -

Деген еді, айтпағым сол болатын.

Серікжан Қажи, ақын

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений