Е. Славский ескерткіші
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Өскемен қаласының Ертіс Жағалауына (№32 үйдің рекреациялық аймағы) үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Ленин және үш Мемлекеттік сыйлық лауреаты, КСРО орта машина жасау министрі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы – Ефим Павлович Славскийге (1898-1991) ескерткіш орнатылды. Ефим Павлович Қазақстан соның ішінде Өскемен қаласы үшін біршама игі істер атқарған. Ол кісінің бастамасымен және тікелей қатысуымен ШҚО мен облыс орталығының индустриялық дамуы қарқынды орын алды. Өскемен қаласының әлеуметтік нысандары мен жаңа құрылысының жартысына жуығы Орта машина жасау Министрлігінің қолдауымен пайда болды.
Мүсіннің пішінін өзіміздің шеберлер әзірлеп, ал фигурасын Алматы қаласында құйған. Ескерткіш биіктігі 1,6 метрлік қоладан қаланып, биіктігі үш метрлік гранит тұғырына орнатылған. Граниттің өңделмеген бөліктері әдейі алынған, өйткені тас бөліктері аязға төзімді болып келеді. Мүсіннің салмағы – 350 кг. Мүсіншілер – Хамитби Күлчаев (Өскемен қаласы) пен Александр Лягин ( Мәскеу қаласы). Жоба сәулетшісі Үлбі жоба-конструкторлық институтының жетекші сәулетшісі - Станислав Христофоров. Ескерткіштің ашылуына белгілі министрдің немересі – Славский Павел қатысты.
Ашылған уақыты: 25 тамыз 2011 ж.
Абай Құнанбаев ескерткіші.
Өскемен қаласының Республика алаңына орнатылған Абай ескерткішінің авторлары мүсіншілер Ескен Сергебаев және Бақытжан Әбішев. Абай ескерткішін Қарағанды қаласындағы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының облыстық ұйымы әзірлеп, жасады. Ескерткіштің биіктігі 5 метр 40 см. Тұғыры мен баспалдақтары - 7 метр 80 см. Ескерткіштің жалпы биіктігі 13 метр 20 см. Қола мүсіннің салмағы – 5 тонна.
·Ашылған күні: 29 тамыз 2009 ж.
·
А.С.Пушкин ескерткіші.
А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана алдына орнатылған А.С.Пушкин мүсінінің авторы өскемендік мүсінші Владимир Самойлов. Граниттен жасалған тұғырда (биіктігі 2,30 м) Пушкиннің қоладан құйылған мүсіні (биіктігі 1,60 м) орын алған. Орыс халқының ұлы ақынының мүсіні ақын есімімен аталатын кітапхана алдындағы саябақтан өзінің мәңгілік мекенін тапты.·
················································ Ашылған күні : 29 тамыз 2009 ж.
|
Р. Тагор ескерткіші.
Үнді елінің ұлы ақыны, Нобель сыйлығының лауреаты Рабиндранат Тагордың қоладан құйылған ескерткіш - мүсіні Өскемен қаласының «Жастар» саябағына орнатылды. Үнді халқының ақын ұлының ескерткішін мәдени байланыстар жөніндегі Үнді Кеңесі сыйға тартқан. Ескерткіштің· авторы-мүсіншісі Гаутамо Пало, мүсін Нью-Дели (Индия) қаласында құйылған.
Ашылған күні: 19 қазан 2009 ж
|
С.М. Киров ескерткіші
Ескерткіш авторлары· мүсінші Н.В. Томский, сәулетші Н. А. Троицкий. Ескерткіш· “ Жастар” саябағында орналасқан. Ескерткіш 1934 жылы Ленинград обкомының бірінші хатшысы С.М. Кировтың Өскемен қаласына келу құрметіне қойылған. С.М. Кировтың шойыннан құйылған мүсіні төрт баспалдақты сұрғылт мәрмәрмен қапталған· төртбұрышты сатылы тұғырға орнатылған. Тұғырында: “Шын мәнінде қол жеткізген табыстарымыз керемет. Адамзат тілімен айтсақ өмірге деген құштарлығымыз күннен-күнге артып келеді... ” деп· XVII сьезде сөйлеген сөзі жазылған. Мүсінде С.М. Кировтың балкон жиегіне сүйене, оң қолын жоғары көтеріп, Өскемен жұршылығының алдында сөз сөйлеп тұрған кезі бейнеленген.
················································ Ашылған күні: 1938 жылы 18 маусымда . |
И.П. Лихарев ескерткіші (Өскемен қаласының негізін қалаушыларға мүсіндік композиция) Ескерткіш авторлары-мүсінші В.С. Раппопорт, сәулетші· М.В. Козлов. Ескерткіш қала орталығында М. Горький мен С.М. Киров атындағы көшелер қиылысында орналасқан. Композиция қою сұрғылт мәрмәрдан құйылып, И. В. Лихаревтің бір желкенді әскери қайықпен Үлбі мен Ертіс өзендерінің құйылысында тұрған кезі бейнеленген. Қайық үш баспалдақты өзен толқыны бейнелеген гранитті тұғырға орнатылған. Тұғыр 8 бұрышты бұрқақтың ортасына орналасқан. Ашылған уақыты: 1990 ж.
|
Я.В. Ушанов ескерткіші
Ескерткіш авторлары мүсінші В.И. Огнев, сәулетші В.А. Кушнаренко, А.Н. Душкин. Құрылысшы - Белашев атындағы Мытищинск көркемдеп құю зауыты. Жоба Өскемен қалалық атқару комитетінің тапсырысымен орындалған. Қызыл мәрмәрдан жасалған, монументте Өскемен қаласының алғашқы Совдепінің төрағасы Я.Ушановтың барельеф-бейнесі ойылып салынған. Барельеф отқа оранып, Я. Ушановтың ерлікпен қаза тапқан сәтін бейнелейді. Болашақ ескерткіш орнатылатын алаңға алғашқы мәрмәр тас 1967 жылдың 2· қарашасында қойылған.
Ашылған күні: 1973 жылы 5 қарашада ашылды.
|
«Жеңіс» мемориалдық кешені
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан шығысқазақстандықтарға арналған ескерткіштің авторлары - мүсінші В.С. Раппопорт, сәулетші С.П. Христофоров. Кешен Ертіс пен Үлбі өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Кешеннің композициялық орталығы· көкке ұмтылған титан пластинасымен қапталған стела. Мәңгі алау қаза тапқандардың мәңгілік ұмытылмағанын еске салады. Көркем-сәулетті құрылыста мәрмәр, гранит, қола· сияқты қымбат материалдардың пайдаланылуы ерекше· рең беріп тұр.
························································· Ашылған күні: 1995 жылы. |
С. Аманжолов ескерткіші
Қола мүсін белгілі сәулетшілер Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Е.Сіргебаев пен Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты Б. Әбішевтің жобасы бойынша жасалған. Стилді тұғырға орнатылған· ашық кітапқа·· граниттен жазу жазылған, биіктігі 4,8 м. С.Аманжолов – белгілі тюрколог-ғалым, қазақ тілінің негізін қалаушылардың бірі, талантты педагог.· Ескерткіш Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің алдында орналасқан.
······································· Ашылған күні: 23 қаңтар 2007 жыл |
Мүсін “Семсерден соқа соғайық!”
Мүсін авторлары мүсінші Е.В.Вучетич, сәулетші Л.И.Маковеев. Ер адамның мүсіні шойыннан құйылып, 2 баспалдақты сұрғылт мәрмәрмен қапталған төртбұрыш тұғырға орнатылған. Мүсін Протазанов көшесіндегі отбасылық «Mesto» (бұрынғы Орталық мәдениет үйі) демалыс орталығының алдында орналасқан. "“Семсерден соқа соғайық!” мүсінші Е.В. Вучетичтің Кеңес үкіметінің· БҰҰ-на сыйға· берген, бүгінде Нью-Йорктағы БҰҰ ғимаратының алдына қойылған мүсіннің авторлық көшірмесі. Суретші өз жұмысында жер бетіндегі барлық халықтың жасампаздық қозғалысын бейнелеген. Қуатты қолдағы балғаның екпінімен иілген семсердің жүзінен көрініп тұрған соқаның түренінен жер бетіндегі тіршілік үшін барлық жерді жыртуға дайын екені байқалады.· Адамның қуатты бұлшық етті денесінен· күш-қуат пен құштарлық айқын сезіледі. Композиция Брюссель көрмесінде Гран-приге ие болған.
································································································ Ашылған куні: – 1962ж. |
Мүсін “Жұлдыздарға!” Мүсін авторлары мүсінші Е.В. Вучетич, сәулетші Л.И. Маковеев. Қыз мүсіні шойыннан құйылып, екі баспалдақты· төртбұрышты тұғырға орнатылып, сұрғылт мәрмәрмен қапталған. Мүсін жастардың бейбіт өмірге, жарқын болашаққа ұмтылысын, арман-қиялын бейнелейді. Протозанов көшесіндегі отбасылық «Mesto» демалыс орталығының (бұрынғы Орталық мәдениет үйі) алдында орналасқан.
Ашылған уақыты – 1962 ж.
|
Кеңес өкіметі үшін күрескерлердің бауырластар зираты 1918-1989.
Ескерткіштің авторлары-мүсінші П.Р.Столбов, сәулетші Н.Водозаборов. Ескерткіш бауырластар зиратының аймағында орнатылған. Бауырластар зиратында большевиктік жасырын топтың көтерілісіне қатысып қаза болғандар жерленген. Бұрын орнатылған ағаш ескерткіштің орнына· үшкіл ескерткішбаған орнатылған.· Ескерткішбаған тұғырбеттегі ірі пьедесталға орналасқан. Тұғырбеттің көлемі 82 кв.м., тұғырдың биіктігі 2,4 м.· Ескерткішбағанның жалпы биіктігі 5,28 м. құрайды. Жоғарғы жағында бесжұлдыз орнатылған. Кірпіш, бетон, тас сияқты құрылыс материалдары пайдаланылған. Іргесі табиғи тас сияқты слюдамен сыланған. ·
······································· Ашылған күні – 5 маусым 1951ж.
|
Интернационалист -жауынгерлерге арналған мемориальды кешен.
Ауғанстан жерінде болған соғыстың басталғанына 25 жыл, аяқталғанына 15 жыл толуына орай ашылған. Осы соғыста жүздеген жерлестеріміз қаза тапты. Мемориалды тақтада қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлердің есімі ойылып жазылып, соғыстың шын суреті бейнеленген. Кешен Ертіс өзенінің оң жағалауына орналасқан. ·
······································· Ашылған күні: 16 қараша 2004 жыл.
|
В. Н. Потаниннің суреті бейнеленген ҮМЗ-ның жұмысшыларына арналған сәндік монумент.
Авторлары – мүсінші А.Н.Бубель, В.Б.Самойлов, Х.М.Кульчаев, сәулетші С.П. Христофоров.
· Ескерткіш В. Потанин мен Дзержинский көшелерінің· қиылысында орналасқан.
·
Ашылған· күні:1997ж.
|