"Қайран біздің аналар арды ойлаған..."
деп Мұқағали ақын жырлағандай соғыс жылдарында еңбек етіп, ер- азаматтың қайратын қажет ететін «қара жұмыста» жүріп бой жеткен, азаматтарды жоқтатпаған қайсар аналарымыз туралы сөз айтып, олардың ерен еңбегін жас ұрпаққа жеткізуді· жөн көрдік. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек еткен кешегі арулар, бүгінгі әжелер әр ауылда бар, алды бақилық болып кеткен қайсар аналардың соңы бүгінде сексеннің сеңгіріне шығып отыр. Солардың бірі күршімдік Зейнеп Құрманғалиқызы.