1. Жалпы Ереже
1.1. Ереже « Еңбек Армиясына қатысқан шығысқазақстандықтар»атты облыстық өлкетану зерттеулерін (әрі қарай Зерттеу) .....
А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы дайындаған жоба негізінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.
1.2. Өлкетану зерттеулері авторлық эссе, жазба түрінде қабылданады.
Зерттелетін тақырып - «Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдарында Еңбек Армиясына қатысқан шығысқазақстандықтар»
Өскемен қаласында ашылған тұңғыш қазақ бастауыш мектебіне (қазіргі дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты) 105 жыл (1920)
Биыл Жамбыл атындағы гимназия-мектеп өзінің 105 жылдығын атап өткелі отыр. Бұл Шығыс Қазақстандағы ғана емес, Қазақстан Республикасындағы құрылу тарихы тереңде жатқан байырғы ордалардың бірі де бірегейі болып табылады. Бір ғасыр жас өркенге сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан Өскемендегі қазақтың бірден-бір қара шаңырағы саналатын бұл мектептен түлеп ұшқан алғашқы түлектер Ұлы Отан соғысына қатысып, елі мен жерін жаудан қорғаса, олардан кейінгі буын өкілдері бейбіт еңбекте белсенділік танытты. Аталмыш мектептен небір мамандар, ғалымдар, ақын-жазушылар, журналистер шығып, туған халқына адал, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы үшін тер төгіп жүрген түлектер аз емес.
1920 жылы Өскеменде қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашылады. Бұл мектептің ашылуына бастамашы болған белгілі жазушы Павел Бажов еді. Кейін осының негізінде жетіжылдық мектеп ашылып, артынан Ұлан ауданына көшіріліп, Киров атындағы шаруа-жастар мектебі құрылады.
Жетіжылдық мектеп Ұлан ауданына көшірілгеннен кейін Өскеменде бастауыш мектеп қалды. Бұл мектепте 30-40 оқушы болды. Бала саны жылдан-жылға көбейе түскеннен кейін жетіжылдық мектепке айналып, оған Республика Халық комиссарлар Кеңесінің сол тұстағы төрағасы Ораз Исаевтың есімі берілді. 1938 жылы мектепке Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Мектептің алғашқы директоры Құсайын Орынтаев болған. Енді міне дарынды балаларға арналған гимназия - интернат атанып отыр. Еліміз тәуелсіздік алған кезде ол Өскемендегі қазақша білім беретін жалғыз мектеп болған.
Қазақстан тәуелсіз мемлекет аталғаннан кейін еліміздің білім саласында ірі реформалар қолға алына бастады. Гимназия, лицей, колледж сияқты білім берудің жаңа жүйелері өмірге келді. Мұндай жаңашылдықтан Жамбыл мектеп-интернатының ұжымы да бас тартпады. 1992-1993 жылдары мектепте тұңғыш гимназия сыныптары ашылды. Ал 1993-1994 оқу жылында эстетикалық-гуманитарлық бағытта білім беретін жаңа тұрпатты гимназия болып құрылды.
Жамбыл атындағы мектеп-гимназияның түлектері Ә. Бектыбаев, З. Самашев - академик, Бітібаева Қанипа - құрметті академик, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР еңбегі сіңген ұстаз, генерал атағын алғандар Қойшыбаев Ж., Жұмағұлов Ш, Белгібаев Ә, Бегенов О, Шарбану Бейсенова-жазушы, ғылым докторлары-Сәбетқазы А, Дүйсембаев К, А. Қартаева, Ш. Болатова, А.Құлназаров.
А. С. Пушкин атындағы кітапхананың
кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі : Уалханова Ракия Нуралиновна
Байтоғасов К. С. Соқпақсыз қия кезеңдер: ғұмырнамалық естеліктер мен ой -толғаныстар/ К. С. Байтоғасов. - Өскемен, 2020.-296 б.
Құрметті оқырман қауым!
Атасын сыйлаған, анасын құрметтеген елдің баласымыз. Осы тағылым ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатыр. Алдыңғы толқын ағалардың атқарған істерін, бітірген жұмыстарын мақтан тұтатынымыз сондықтан. Кеңес Байтоғасов елдің еңсесін көтеруге, ілгері басуымызға, ел жұрттың биік мәртебеге ие болуына бір кісідей үлес қосқан азамат ретінде таныдық.
Ұсынылып отырған кітап бес бөлімнен тұрады. Бірінші, екінші бөлімдер Кеңес Серғазыұлының кіндік қаны тамған ауылы мен шежіреден сыр шертсе, үшінші бөлімде шығармашылық сапарлары әңгіме болды. Ал төртінші бөлім туған туыстарды қамтып тарих жазылса, бесіншісі қазақ кім ? Қазақ халқының ғұламаларының даналық ойлары мен шешендік сөздері жинақталған үлкен этнографиялық бөлім.Әр бөлімді тақырыптарғав бөліп, қарапайым тілмен оқырманға жеткізуге тырысқан.
Кітапты оқи отырып, Кеңес Серғазыұлының қызметтегі жетістіктеріне сүйсініп, өмірдегі ерекше қабілетіне тәнті боласыз. Кітаптан керегіңізді табатыңыңызға сенімдіміз.
Кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі : Уалханова Рақия Нұралықызы
Жерлес ақын Құлмағамбет Жарасбайдың "Алаштың асылдары" атты кітабы кітапхана қорында.
Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Алаш қайраткерлерінің өмір жолына арналған шығарма дастандармен өздерінің шығармаларынан келтірілген дана, қанатты сөздері.
Екінші бөлімде ақынның ой пікірлері мен өлеңдері, үшінші бөлімде Ұлы Абайдың нағашысы Тонтай шешеннің ел аузында сақталған мысқыл-әңгімелері топтастырылған.
Кітап сіздің еншіңізде.
#Pushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #лашқайраткерлері #алаштыңасылдарыі #қанатты сөз #мысқыләңгіме
Ұлы Абайдың 84 жыл бұрын жарық көрген кітабы табылды
Кеше ғана Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтой жылының шымылдығын ашқан біздің кітапхана ұжымы бүгін күтпеген қуанышқа кенелді. Кітапхананың қарт оқырманы Николай Мырзақанұлы Оспанов ақын Абайдың 1936 жылы латын харпінде жарық көрген «Таңдамалы өлеңдерін» кітапхана қорына сыйға тарты.
Кітап Алматы қаласындағы «Көркем әдебиет» баспасынан 1936 жылы басылып шыққан екен. Осыдан 84 жыл бұрын жарық көрген кітаптың тозығы жеткенімен, біз үшін аса құнды. Кітаптағы ұлы ақынның көп өзгеріске ұшырамаған өлеңдерімен қуана қауыштық. Өз дәуірінен сыр шертіп көңілге қуаныш ұялатқан кітапта әр өлеңнің қай жылы жазылғаны көрсетілген. Кітап иесі Н. Оспанов: «Осы кітапты әкем Мырзақан көзінің қарашығындай сақтап, қолына жиі алып отырушы еді. Мен арапша, латынша оқи білмеймін. Бірақ әкем қадірлеген осы кітапты ол кісі өмірден өткен соң 36 жыл бойы сақтадым. Биыл Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, қолым
а алып, облыстық кітапханаға сыйға тартуды жөн көрдім. Сіздер бұл кітапты жоғалтпай, қажеттеріңізге жаратады деп сенемін»- деп ағынан жарылды. Кітапты көпшілік оқырман назарын ұсына отырып, «Біздің Абай» электрондық кітапханасы арқылы әлемдік желіге қоятынымызды айттық.
«Халық –қазына» деп халқымыз бекер айтпаған-ау. Әр отбасында көненің көзі болып сақталып қалған құнды жәдігерлер баршылық. Бірақ соны бағалай біліп, халық игілігіне ұсынатындар жоқтың қасы. Қарт оқырман Николай Мырзақанұлына алғысымыз шексіз. Ол кісіден үлгі алып, сандығыңызда жатқан көне кітаптар болса екінші өмір сыйлауға біз дайынбыз!
Құрметті оқырман қауым!
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы тың жобаны – «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы еңбек армиясында болған шығысқазақстандықтар (1941-1945)» өмірін зерттеуді қолға алды. Кітапхана сайтында жобаның ережесі берілген (http://kray.pushkinlibrary.kz/ru/kraevedenie-vko/2794-kraevedcheskoe-issledovanie-vostochnokazakhstantsy-v-trudovoj-armii)
Біз, кітапхана қызметкерлері, аталар ерлігіне бас ие отырып, барша халықты осы жобаға қатысуға шақырамыз. Еңбек Армиясы қатарында қызмет етіп, ерен еңбек үлгісін көрсеткен әке -аталарыңыз, туыстарыңыз туралы қандай да бір дерек білсеңіздер (эссе, очерк, фотосурет, т.б.) кітапхананың электронды поштасына (spravka@pushkinlibrary.kz; iimaspushkina@mail.ru) жіберулеріңізді сұраймыз.
Қан майданға қатысқан, тылдағы ауыр еңбекке араласқан, бүгінге азайып қалған ардагерлердің жүрегін сыздатып, жанын жаралап жатқан ұмытылмас естеліктері, толық зерттелмеген тарихы бар. Тарихтағы сондай ақтаңдақтардың бірі – Ұлы Отан соғысы деп аталатын зұлмат жылдары еңбек армиясын алынғандар тағдыры. Еңбек армиясы дегеніміз не?
Еңбек Армиясы – жұмыс күшін адамның еріктен тыс пайдалану кеңес экономикасының ажырамас бөлігі болып табылады, кеңес өкіметінің алғашқы күндерінен басталған. Осы кезеңде құрылған еңбек армиялары кеңес дәуірінде азаматтарды еріксіз түрде әскери қара жұмыстарға мәжбүрледі.
Соғыс кезінде еңбек армиясы қатарында болғандар екі категорияға бөлінді. Бірінші категория моральдық-саяси белгілері бойынша майданға шақырылмаған, арнай қоныстандырылған халық өкілдерінен құрылды. Екінші категория бойынша көпшілігі ұжымшар тұрғындары болып табылатын 200 мыңдай қазақтар да шақырылған екен
Еңбек армиясындағы адамдардың тұрмыстық-материалдық жағдайы өте ауыр болды. Арнайы қоныстандырылғандардың көп бөлігі ауру мен аштықтан қырылды. Мыңдаған қазақстандықтар еңбек армиясы құрамында металл балқытатын мартен пештерінде, канал қазу жұмыстарында, өзге де адам төзгісіз жанкешті еңбекті қажет ететін қара жұмыстарды атқарды.
Моральдық – әлеуметтік жағынан өте төмен саналған осы аянышты тағдыр иелерінің Ұлы Жеңіске қосқан үлесі өлшеусіз. Әлі күнге дейін қоғамда лайықты бағасын ала алмаған осы «трудобойлар» туралы ащы шындықты білгіңіз келсе,»Бәрі де майданды» оқыңыз! (Бөкей О. Шығармалары [Мәтін]. Т. 2 / Бөкей О. - Алматы : Ел шежіре, 2013. - 384 б. )
Бүгінгі жас ұрпақ соғыстың шын тарихын, қолына күрек пен қайла алып жүріп, Ұлы Жеңіске орасан зор үлес қосқан аға ұрпақ өкілдерінің еңбегін біліп, құрметтеуі керек. Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы жақындап қалды. Ерлер есімі қандай да құрметке лайық! Атсалысыңыздар!
Тарбағатайлық ақын Әрімбек Мәселұлы 1940 жылы дүниеге келген.
Өнеріме тамыр-таныс, жұрт сыншы,
Оқырмандар бетті бері бұрсыншы.
Жер жүзіне таңдамалым таралып,
Том-том болып сөрелерде тұрсыншы!- деп жырлаған ақын кітапхана қорына үш томдық таңдамалы жинақтары мен «Тағдыр», «Тұлға» атты кітаптарын сыйға тартты. Таңдамалыға ақынның әр жылдар жарық көрген кітаптарынан үздік өлеңдері, баллада поэмалары мен толғаулары, сатиралық новеллалары мен шымшыма шумақтары, үшінші томына Тарбағатай өңіріндегі өнегелі отбасылар туралы деректер берілген.
«Тағдыр» жинағында заман рухын, дәуір тынысын сездіретін өлеңдер мен елге елеулі азаматтар жайында арнаулар топтастырылған. «Тұлға» жинағында ел мен жердің қарапайым адамдарын, ел тұлғасы- ел тұғыры дәрежесіне көтергісі келген ақынның өзі де Тұлғаға айналып кеткен зерделі оқырман сезетіні даусыз.
Туған жердің кіндігіне байланып,
Жатырмын мен жақсы жайлы ойланып,
Туған жердің «Тұғырына» тұрып ап,
Тұлғасына кеттім бүгін айланып!- деп жырлаған Әрімбек ақынның поэзия әлеміне қош келдіңіздер!