kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2025
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Қателік
  • Failed deleting 4caaeb6fbf6ceeae4d9caaf8813ce1b3.png

AktagysШежіреші Сағди Қапасұлының «Ақтағыстар-Ата наймандар» атты кітабын сыйға тартты. Автор бұл кітабында киіздей тұтасқан қалың Найман елінің негізгі бір бұтағы саналатын-Терістаңбалы табының тарихи әдебиеттер мен халық шежірелерінде көп таңбалана бермейтін Ақтағыс (кейбір тарихи материалдарда Ақтаза аталады» атасының қысқаша тарихына және осы атаның тұғырлы тұлғалары мен ұлықты ұлдары төңірегінде бұрын- соңды ел құлағына естілмеген, жазбаша, ауызша шежірелерде түсінік таппаған, сирек ұшырасатын тарихи деректер мен көне аңыз-әңгімелерде айтылатын нақтылы болған оқиғаларды негізге алған. Тарихи тақырыпты шығармашылығының өзегі санайтын жазушы туындысының бірінші тарауын тұтастай шежіре мен тарихқа арнаған. Ас беру ата баба мұрасы, дәстүрлі де қасиетті қазынамыз атты бөлімде. Қазақтың дәстүрі мен салтымен таныс боласыз.

Оқырман бұл тақырыптардан жалпы қазаққа шежіре мен тарихтың қасиеті, қажеттілігі төңірегінде іздеген көкейкесті сауалдарының жауабын табарыңа кәміл сенеміз.

Кітап тарих сүйер қауымға, жоғары оқу орындарының студенттері мен мектеп оқушыларына арналған.

                                   Кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі Уалханова Рақия Нұралықызы

KamalievЗайсандық жерлесіміз Көкенай Камалиев «Өнерлі елім Зайсаным» атты кітабын сыйға тартты. Бұл кітап деректі очерктер жинағы. Автор 1956 жылы Зайсан ауданындағы «Благодарнен» он жылдық орта мектебін бітіргеннен кейін, Қазақтың Мемлекеттік Абай атындағы академиялық опера және балет театры жанынан тұңғыш ашылған студияға түсті. 1958 жылы бітірген соң, Зайсан қаласына шақырылып, аудандық Мәдениет үйінің директоры, 1968-1972 жылдары Өскемен қаласындағы музыка училищесін бітіріп, Шығыс Қазақстан облыстық халық шаруашылығы үйінде, әдіскер, одан соң директор болды.

1977-1997 жылдары республикалық қазақ радиосында Саяси хабарлар бас редакциясында музыкалық көркемдеуші, дыбыс режиссері, режиссер қызметтерін басқарды.

Автор кітабында осы бір өнер өлкесінде көрген-білгендерін, өнеге тәлім алған өнер дүлділдері мен жұлдыздары, талантты достары, облыс, аудан сахналарында көрсеткен өнерлері, әрқилы жолсапарлары жайында автор егжей-тегжейлі толық баяндайды.

                                  Құрметті оқырман, кітаппен таныс болыңыз.

Дайындаған: Кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі Уалханова Рақия Нұралықызы

sembaeva oblБіздің кітапхана қорына ұстаз Сембаева Күлмай «Ардагерлер ұмытылмайды» атты кітабын сыйға тартты.

Бұл шағын кітапшаға 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында болған Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұранхай (қазіргі Аблакетка) ауылдық кеңесі аймағындағы «Қызыл Ту» және «Қызыл Жұлдыз» колхоздарына қарасты бұрыңғы Тоқсанбай, Қошанай, Баулық, Төлеке, Шөже, Алдай, Медведка, Көпбала, Бестерек т. Б. Шағын ауылдардан аттанған соғыс ардагерлерінің, бақилық болған жерлес аталарымыздың, қандастарымыздың аты жөні, біраз деректері жинақталған.

Оқырман, келешек ұрпқ өз ауылында да осындай батыр аталары бар екендігін мақтан етсін, үлгі тұтсын. Аталарының қаны төгіліп алынған бейбітшілік шыңын, Жеңіс туын жоғары ұстасын, адал еңбек етіп, Отанын, туған елін, жерін жанындай сүйсін, қорғасын, өркендетсін дегім келеді.

Оқырман кітап сіздің еншіңізде!

Құрметті оқырмандар және ұстаздар!

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Сіздердің назарларыңызға А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы сайтының Өлкетану бөлімінде және YouTobe арнасында «Туған өлкем – тұнған тарих» атты дәрістер циклі ай сайын ұсынылады. Дәрістер Шығыс Қазақстан Өлкетануы, өлкеміздің тарихы, жер-су атаулары, зерттелуі т.с.с. тақырыптарды қамтиды. Дәріскер - С. Аманжолов атындағы ШҚУ «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі – Калимолдина Жаннета Амангелдіқызы.
Аталған дәрістер циклінің өлкетанушылар, жас зерттеушілер, мамандар, ұстаздар мен қалың тыңдарман қауым үшін танымды әрі пайдалы болары сөзсіз. Ендеше, баршаңызды туған өлкеміз жайлы толығырақ мәлімет алуға шақырамыз!
http://kray.pushkinlibrary.kz/kz/tarih-betterinde/tu-an-lkem-t-n-an-tarikh-d-rister-tsikly.html

https://www.youtube.com/channel/UCG0c3j2pEcCBAh06yxUnPGQ

Kashkinbaev bastauА.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының кітап қорына жерлесіміз Талғат Қашқынбаев «Тұнық бастаулар» атты 2021 жылы баспадан шыққан кітабын сыйға тартты.

«Тұнық бастаулар» кітабы Талғат Қашқынбаевтың ой-толғаулардан тұратын естеліктер жинағы деп айтуға болады. Кітаптың аты айтып тұрғандай, автор өз өмірінің өзегіне нәр берген бұлақ көздері, яғни кіндік кескен туған жері, шаңын бұрқыратып, жалаңаяқ жүгірген ауылы, білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебі, бала күнгі достары мен ұстаздары және өзінің ет жақын туғандары жайлы сыр шерткен. Жинақта әр туынды оқырманды бауырмалдыққа, бірлікке, сыйластыққа, ағайын арасының татулығына жетелейді. Адамдарды өзіне берілген қысқа ғұмырды бағалай білуге, өмірді мәнді де сәнді етіп өткізуге баулиды.

Tunyk bastaular

Кітаптың авторы Талғатты, сонан соң оның ниеттері аппақ қардай таза, тау бұлағындай мөлдір кейіпкерлерін сағынып отырғаныңызды пайымдайсыз.....

«Тұнық бастаулар».... Кітап тоғыз бөлімнен тұрады екен. Әрине бөлімдердің дәл осындай мөлшерде көбейтпесе де болушы еді. Кітап авторы алғашқы «Туған өлкем –атамекен, ақ мекен» атты бөлімінде, қазақтың шет-шегі жоқ дархан даласы, жаңағы даланың өзіне қымбат бір пұшпағы Төр Алтай, кіндік қаны тамған алақандай ауылы Шыңғыстай, сол түйнемдей мекеннің суын сулап, жерін жерлеп жүрген аяулы да, жанкешті жерлестері хақында тебірене сыр шертеді.

Жер бетінде дәл Талғаттың әкесіндей әке, дәл Талғаттың анасындай ана, дәл Талғаттың аға-бауыр-қарындастарындай кіндіктестер мүлдем жоқ сияқты. Таусыла жырлайды, таусыла сағынады. Берікбол, Серікбол, Жанұзақ ағаларымыздың соқтықпалы-соқпақсыз ғұмыр жолдарын толқымай, жүрек дірілінсіз оқу-аса қиын. Талғат осы жинағында бірнеше әулеттің шоң шежіресін жазып шығыпты.

Кітап сізді адамзатты өлердей сүюге, өлердей сағына білуге тәрбиелейді. Неге десеңіз, бұл кітап - Сағыныш сабағы ! Ендеше, кітап сіздің еншіңізде !

                                                                                         Уалханова Рақия Нұралықызы

front pism

Ұлы Жеңіс мерекесіне орай А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Майдан хаттарынан» виртуалды акциясын ұйымдастырады.

Акцияның мақсаты - жеңімпаз сарбаздардың ұрпақтарына жеткен майдан хаттар арқылы Ұлы отан соғысының тарихын айта отырып, жас ұрпақтың бойына 1941-1945 жылдардағы ұмытылмас оқиғалардың каһармандарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Акцияға өлке тарихына бейжай қарамайтын, барлық шығысқазақстандықтар қатыса алады

Қатысушыларға:

-Отбасылық, т,б, мұрағат көздерінен, музейлерден, кітапханалардан( кітап немесе мерзімді басылым беттерінен,мүмкіндігінше шығысқазақстан тумасының) майдан хаттарын табу;

-Хат иесін, хаттың кімге жазылғанын жариялай отырып, майдан хаттарын оқуды бейнежазбаға түсіру (костюмдер, декорациялар, музыкалық сүйемелдеу және т.б шығармашылық тәсіл құпталады:.). Бейнероликті өз бетінше жазуға немесе кітапхана қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге болады;

-Бейнежазбаны 2021 жылдың 22 маусымына дейін pushkinlibrary@yandex.kz электронды мекенжайына

«Майдан хаттарынан» деген тақырыбын көрсетіп жіберуіңіз керек. Мүмкіндігінше бейнероликпен бірге майдан хаттарының сканерленген нұсқасы мен хат авторының, яғни жауынгердің суретін жіберу қажет


-Модерациядан өткеннен кейін бейнероликтер (мазмұны тақырыпқа сәйкес болса) Facebook-тегі кітапхана тобына орналастырылады.

Майдан хаттары орасан зор құндылығы бар құжаттар. Түтін исі аңқыған жолдардан соғыс тынысы, ерен ерліктер мен оған қатысушылардың айбыны сезіледі.

Бүгінгі күні майдан хаттарын оқи отырып, оларды жазған аға ұрпақ өкілдерінің ерлігіне бас иіп, рухына тағзым етеміз. 

Байланысшы: Кемешева Меруерт,

тел.: +77052819343

Oblozhka sarsekeСәрсеке, М. Сексен бестің төрінен : таңдамалы туындылар / М. Сәрсеке. - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2020. - 700 б.

Автордың ой толғанысы: Әрбір қаламгердің өмір бойы толғаған еңбегін қайыра оқып, хал қадірінше іріктейтін межеулі уақыты болады.

Medeu sarseke

 Сол кезең маған сексен жастың өрінен өткенде туып, содан былай тыңнан шығарма толғаудан тыйылып, алпыс жылдан астам уақыт жазған және жариялаған әдеби еңбектерімді екшеп, Семейдегі мемлекеттік қорға өткізерде соларды тағы бір мәрте сұрыптауға отырдым. Нәтижесінде он томға жуықтаған қомақты жазбаларымды және солар үшін өмір бойы жиған терген деректерімді тақырыбына қарай іріктеп, тергізіп, солардың екі данасын Семейдегі мемлекеттік арнайы қорға, Абай атындағы және Орталық кітапханаға тапсырдым.

Сол жұмысты қамдау кезінде төтенше ой туып, кейбір жазбаларымды, таңдаулы туындыларымды, әлбетте көлемі қомақтыларын емес, солардың да қажет-ау деген үзінділерін және кейбіріне жазылған әдеби қауым пікірлерін іріктеп әр кезде баспасөз бетінде жарияланған сұхбаттарды немесе басымнан кешкен оқыс та мәнді оқиғалар баяндалған жазбалардың кейбірін қорытынды жинақ ретінде жариялауға ой туды.

Қолыңыздағы соңғы жинақ сол себептен де «Сексен бестің төрінен» таңдамалы туындылардан құрастырылды......

Құрметті оқырман қауым, сексен бес жастың өрінде отырып, іңкәр көңілмен дайындаған осы туындымды өзімді қадір тұтатын оқырманға сый ретінде ұсындым. Ендеше кітап сіздің еншіңізде.

Abaidyn kiely dalasyАбайдың киелі даласы = Степная планета Абая = The steppe planet of Abai : фотоальбом. - Өскемен : ИП Бейсембаева С.В., ИПФ Артекс, 2020. - 148 б.

Абайдың киелі даласы атты фотоальбом жоба негізінде шығарылды. Жоба-жазушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында іске асырылды. Жоба бастамашысы-Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, жобаны әзірлеушілер -жоба жетекшісі жазушы Щербаков Б. В., жобаның тең жетекшісі кітапхана директоры Шағиева Б. Ж., кординаторы Сакпанова Ж. С.

Фотоальбом - ұлы жерлесіміз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы әңгімелеудің тағы бір мүмкіндігі. Осы күнге дейін ақын туралы 2 мыңнан астам кітап, очерк пен мақала жазылды, қазір ол жайында жаңа дерек айту -оңай іс емес. Ақын тұлғасы қай дәуірдің абайтанушылары үшін болмасын, сыры әлі толық ашылмаған асыл қазына, мүмкін, алдағы уақытта ақын Қара сөздерінің халқының тарихы мен мәдениетіне әсері жайлы әлі де көп жаңалықтар ашылар. Ұлы даланы жан жүрегіңізбен сезінсеңіз, дала өзі жайлы емес, өз төсінде қанат қаққан қазақтардың өмірі, ұлттың асыл перзенті Абай, киелі жердегі Ұлы тұлғалардың өмірі жайлы сыр шертеді.

Кітап сіздің игіліңізде. Келіңіз кітаппен таныс болыңыз.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2025
Besucherzahler
счетчик посещений