«Ғылыми дода: көзқарас» өлкені танып-білу жөніндегі зерттеулер мен еңбектерге арналған олимпиада, өлкетану әлеміне зерттеулер жүргізу арқылы жастар мен балаларды туған өлкені сүюге, батыл патриотизмге тәрбиелеу және олардың ғылыми-зерттеу жұмысына қызығуы мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Бүгiнгi ұрпақтың жүрегiне отаншылдық сезiмiн ұялатып, атадан жалғасқан батырлық дәстүрдi дәрiптеу бас тартпас парызымыз саналады. Абылаймен тiзе қоса шайқас жүргiзген Ер Жәнiбек Бердәулетұлының туғанына биыл 300 жыл толды.
7 мамыр күні сағат 11.00-де Өскемен қаласына кіре берісте (Ново-Явленко ауылы) қазақ халқының ұлт ретінде сақталып қалуына сүбелі үлес қосып, ұлан–байтақ жерімізді жоңғар шапқыншылығынан аман алып қалу үшін ерен ерлік үлгісін көрсеткен батыр бабамыз Қаракерей Қабанбай ескерткішінің салтанатты ашылуы болады.
Көрнекті қоғам қайраткерлері, партизан-жазушылар Қасым Қайсенов пен Әди Шәріповтың есімдерін білмейтін қазақ кемде-кем. Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған жерлестеріміздің Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналған кітаптарын назарларыңызға ұсынамыз:
23 сәуір - кітапты және автор құқығын қорғаудың дүниежүзілік күні. Бұл мерекені 1996 жылы ЮНЕСКО Уильям Шекспир (1564-1616), Мигель де Сервантес (1547-1616) және жазушы – тарихшы Инко Гарсиласо де ла Веганы (1539-1616) еске алу мақсатында бекітті. Бұл үш жазушыны біріктіріп тұрған олардың өмірден қайтқан күндері. 1616 жылғы сәуірдің 23-і. Қазір барлық өркениетті елдерде кітап жәрмеңкелері, көрмелер мен фестивальдер өткізіледі