16 наурыз - Зайсан өңірінің тумасы, суретші, ҚР суретшілер Одағының мүшесі - Ғұмар Ескендірұлы Макаровтың туғанына 65 жыл (1951).
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұрасы және қайраткерлік тұлғасы» атты республикалық «G-global» форматындағы ғылыми семинар өтті.
Халықтың есінде ерекше орын алған Ауған соғысы атты қасіретті оқиға жылдар тізбегімен алыстап барады. 15 ақпанда Кеңес Армиясы Шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 27 жыл толады. Ауғанстанда 2 500-ден аса жерлесіміз әскери борышын абыроймен атқарды. 87 жауынгер бауырлас халықтың еркіндігі жолында қаза тапса, 2-і хабарсыз кетті. Біз олардың әрбірінің есімін жадымызда сақтаймыз. Азалы кітап осы боздақтарға арналады.
Жүктеу: "Азалы Кітап- Книга памяти"
Кітап қоры «Құнанбай : дара тұлға және көркем бейне» атты өлкетану кітабымен толықты. 2014 жылы Ұлы Абайдың әкесі - Құнанбай Өскенбайұлының туғанына 210 жыл толуына орай Семейдің Абай мұражайында өткен конференция материалдары.Қайшылыққа толы Құнанбай тұлғасы тарихшылар мен әдебиетшілердің, Абай өмірбаянын зерттеушілердің назарын өзіне аударуда. Конференция материалдары Құнанбай бейнесін жан-жақты ашып, оның кісілік келбеті мен адами парасатын көрсете отырып, қоғам қайраткері дәрежесіне көтерген.
Кітаптың сандық нұсқасын «Біздің Абай» электронды кітапханасынан таба аласыздар.
24 қаңтар - Катонқарағай ауданының тумасы, ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, С. Аманжолов атын. ШҚМУ-нің Құрметті профессоры, жазушы Әлібек Асқаровтың туғанына 65 жыл (1951). http://imena.pushkinlibrary.kz/kz/a-yn-zhazushylar/86-as-arov.html
2009 жылдың 25 қарашасы ... белгілі режиссер, ақын, актер, шығыстың маңдайына біткен арда ұлы - Рүстем Есдәулеттің өмірден өткен күні.
Достар!
Сіздердің назарларыңызға Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2016 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбегін ұсынамыз. Күнтізбеде Шығыс Қазақстаннан шыққан ақын-жазушылардың, мәдениет пен өнер қайраткерлерінің, ғалымдар мен спорт саңлақтарының, сонымен қатар біздің өлкемізге қатысты маңызды тарихи оқиғаларға байланысты мерейтойлар көрсетілген.
Сіздерден ұсыныстар мен толықтырулар күтеміз!
Толық ақпарат мұнда.
spravka@pushkinlibrary.kz! - Эл.поштасына жазыңыз!
Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ақын-демократ Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Біздің Абай» электрондық кітапханасы жобасын жүзеге асыруда.